ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: يونس
آية:
 

سورة يونس - сурату Юнус

الٓرۚ تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡحَكِيمِ
Әлиф, Ләм, Ра. Міне, осы - дана Кітаптың аяттары.
التفاسير العربية:
أَكَانَ لِلنَّاسِ عَجَبًا أَنۡ أَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ رَجُلٖ مِّنۡهُمۡ أَنۡ أَنذِرِ ٱلنَّاسَ وَبَشِّرِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَنَّ لَهُمۡ قَدَمَ صِدۡقٍ عِندَ رَبِّهِمۡۗ قَالَ ٱلۡكَٰفِرُونَ إِنَّ هَٰذَا لَسَٰحِرٞ مُّبِينٌ
Олардың ішіндегі бір адамға: «Адамдарға ескерт және иманға келгендерді оларға Раббысының алдында шын озушылықболатынымен сүйіншіле», - деп уахи еткеніміз, адамдарға таңқаларлық көрінді ме? Кәпірлер: «Әлбетте, бұл - анық сиқыршы», - деді.
التفاسير العربية:
إِنَّ رَبَّكُمُ ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ يُدَبِّرُ ٱلۡأَمۡرَۖ مَا مِن شَفِيعٍ إِلَّا مِنۢ بَعۡدِ إِذۡنِهِۦۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمۡ فَٱعۡبُدُوهُۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Ақиқатында, сендердің Раббың - Аллаһ, Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға көтерілді. Ол барлық істі басқарады. Ол рұқсат бергенге дейін, ешкім де / біреу үшін / ара түсе алмайды. Міне, осы - Аллаһ, сендердің Раббың, Оған құлшылық қылыңдар! Еске алмайсыңдар ма / ғибрат алсаңдар болмай ма / @مصحح
Ақиқатында, сендердің Раббың - Аллаһ, Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға истиуа еткен. Ол барлық істі басқарады. Ол рұқсат бергенге дейін, ешкім де / біреу үшін / ара түсе алмайды. Міне, осы - Аллаһ, сендердің Раббың, Оған құлшылық қылыңдар! Еске алмайсыңдар ма / ғибрат алсаңдар болмай ма /
التفاسير العربية:
إِلَيۡهِ مَرۡجِعُكُمۡ جَمِيعٗاۖ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقًّاۚ إِنَّهُۥ يَبۡدَؤُاْ ٱلۡخَلۡقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥ لِيَجۡزِيَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ بِٱلۡقِسۡطِۚ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَهُمۡ شَرَابٞ مِّنۡ حَمِيمٖ وَعَذَابٌ أَلِيمُۢ بِمَا كَانُواْ يَكۡفُرُونَ
Аллаһтың хақ уәдесі бойынша, сендердің барлығың Оған қайтасыңдар. Ақиқатында, О0л жаратылысты бастап жаратады, содан кейін иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйларын әділдікпен беру үшін оларды қайтарады. Ал, күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / күпірліктері үшін қайнап тұрған ыстық судан сусын әрі қинаушы азап бар.
التفاسير العربية:
هُوَ ٱلَّذِي جَعَلَ ٱلشَّمۡسَ ضِيَآءٗ وَٱلۡقَمَرَ نُورٗا وَقَدَّرَهُۥ مَنَازِلَ لِتَعۡلَمُواْ عَدَدَ ٱلسِّنِينَ وَٱلۡحِسَابَۚ مَا خَلَقَ ٱللَّهُ ذَٰلِكَ إِلَّا بِٱلۡحَقِّۚ يُفَصِّلُ ٱلۡأٓيَٰتِ لِقَوۡمٖ يَعۡلَمُونَ
Ол / Аллаһ / күнді жарық әрі айды нұр етіп жасаған. Әрі оны / айды / жылдардың санын және есепті білулерің үшін орындармен белгілеген. Аллаһ бұларды ақиқатпен жаратты. Ол, білетін адамдар үшін аяттарды анық етіп түсіндіреді.
التفاسير العربية:
إِنَّ فِي ٱخۡتِلَٰفِ ٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ وَمَا خَلَقَ ٱللَّهُ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَتَّقُونَ
Ақиқатында, түн мен күннің ауысып тұруында және Аллаһтың аспандар мен жердегі жаратқандарында, тақуалық ететін / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатын / адамдар үшін белгі-дәлелдер бар.
التفاسير العربية:

إِنَّ ٱلَّذِينَ لَا يَرۡجُونَ لِقَآءَنَا وَرَضُواْ بِٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَٱطۡمَأَنُّواْ بِهَا وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَنۡ ءَايَٰتِنَا غَٰفِلُونَ
Анығында, Бізбен жолығуды үміт етпегендер және осы өмірге / ғана / разы болып, оған көңілдері жай тапқандар әрі белгі-дәлелдерімізден қаперсіз болғандар, -
التفاسير العربية:
أُوْلَـٰٓئِكَ مَأۡوَىٰهُمُ ٱلنَّارُ بِمَا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
міне, солардың істеп жиғандары / күнәлары / үшін орындары - От.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ يَهۡدِيهِمۡ رَبُّهُم بِإِيمَٰنِهِمۡۖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهِمُ ٱلۡأَنۡهَٰرُ فِي جَنَّـٰتِ ٱلنَّعِيمِ
Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал істегендерді, олардың имандары себебінен, Раббысы тура жолмен жүргізеді. Нәъимбақтарында (жәннаттың бір аты) олардың астарынан өзендер ағып жатады. @مصحح
Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал істегендерді, олардың имандары себебінен, Раббысы тура жолмен жүргізеді. Нәъимбақтарында олардың астарынан өзендер ағып жатады.
التفاسير العربية:
دَعۡوَىٰهُمۡ فِيهَا سُبۡحَٰنَكَ ٱللَّهُمَّ وَتَحِيَّتُهُمۡ فِيهَا سَلَٰمٞۚ وَءَاخِرُ دَعۡوَىٰهُمۡ أَنِ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Олардың ол жердегі дұғалары: «Йа, Аллаһ, Сен - пәксің», ал ондағы сәлемдесулері: «Сәлем» / Амандық / және олардың дұғаларының соңы: «Барлық мақтау - әлемдердің Раббысы, Аллаһқа!» - деу болады.
التفاسير العربية:
۞وَلَوۡ يُعَجِّلُ ٱللَّهُ لِلنَّاسِ ٱلشَّرَّ ٱسۡتِعۡجَالَهُم بِٱلۡخَيۡرِ لَقُضِيَ إِلَيۡهِمۡ أَجَلُهُمۡۖ فَنَذَرُ ٱلَّذِينَ لَا يَرۡجُونَ لِقَآءَنَا فِي طُغۡيَٰنِهِمۡ يَعۡمَهُونَ
Егер де Аллаһ адамдарға жақсылықты тез бергеніндей, жамандықты да тездеткенде, олардың белгіленген мерзімдері шешілген болар еді. Бізбен кездесуді үміт етпейтіндерді, Біз адасуларында қаңғыртып, тастап қоямыз.
التفاسير العربية:
وَإِذَا مَسَّ ٱلۡإِنسَٰنَ ٱلضُّرُّ دَعَانَا لِجَنۢبِهِۦٓ أَوۡ قَاعِدًا أَوۡ قَآئِمٗا فَلَمَّا كَشَفۡنَا عَنۡهُ ضُرَّهُۥ مَرَّ كَأَن لَّمۡ يَدۡعُنَآ إِلَىٰ ضُرّٖ مَّسَّهُۥۚ كَذَٰلِكَ زُيِّنَ لِلۡمُسۡرِفِينَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Қашан адамға бір зиян тисе, ол жамбастап жатса да, отырса да немесе түрегеп тұрса да Бізге жалбарынады. Қашан Біз одан зиянын кетірсек, ол өзіне тиген зиян үшін Бізге жалбарынбағандай өте шығады. Осылай, ысырап етушілерге, істеп жүргендері көрікті етіп көрсетілді.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ أَهۡلَكۡنَا ٱلۡقُرُونَ مِن قَبۡلِكُمۡ لَمَّا ظَلَمُواْ وَجَآءَتۡهُمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ وَمَا كَانُواْ لِيُؤۡمِنُواْۚ كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلۡمُجۡرِمِينَ
Біз сендерден алдыңғы ұрпақтарды, - олар әділетсіздік еткенде және анық дәлелдермен келген елшілерге сенбеген кезде жойғанбыз. Біз қылмыскер адамдардың қайтарым жазасын осылай береміз.
التفاسير العربية:
ثُمَّ جَعَلۡنَٰكُمۡ خَلَـٰٓئِفَ فِي ٱلۡأَرۡضِ مِنۢ بَعۡدِهِمۡ لِنَنظُرَ كَيۡفَ تَعۡمَلُونَ
Кейін, олардан соң, қалай амал жасайтындарыңды көру үшін Біз сендерді жерде / олардың / орнын басушы еттік.
التفاسير العربية:

وَإِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَاتُنَا بَيِّنَٰتٖ قَالَ ٱلَّذِينَ لَا يَرۡجُونَ لِقَآءَنَا ٱئۡتِ بِقُرۡءَانٍ غَيۡرِ هَٰذَآ أَوۡ بَدِّلۡهُۚ قُلۡ مَا يَكُونُ لِيٓ أَنۡ أُبَدِّلَهُۥ مِن تِلۡقَآيِٕ نَفۡسِيٓۖ إِنۡ أَتَّبِعُ إِلَّا مَا يُوحَىٰٓ إِلَيَّۖ إِنِّيٓ أَخَافُ إِنۡ عَصَيۡتُ رَبِّي عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٖ
Оларға анық аяттарымыз оқылған кез­де, Бізбен жолығуды үміт етпейтіндер: «Сен бұдан басқа бір Құран келтір немесе мұны ауыстыр!» - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Маған оны өздігімнен өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Раббыма бойсұнбасам, ақиқатында, ұлы Күннің азабына ұшыраудан қорқамын», - деп.
التفاسير العربية:
قُل لَّوۡ شَآءَ ٱللَّهُ مَا تَلَوۡتُهُۥ عَلَيۡكُمۡ وَلَآ أَدۡرَىٰكُم بِهِۦۖ فَقَدۡ لَبِثۡتُ فِيكُمۡ عُمُرٗا مِّن قَبۡلِهِۦٓۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
Айт: «Егер Аллаһ қалағанда, мен оны сендерге оқымаған болар едім және Ол оны сендерге білдірмес еді. Негізінде, мен сендердің араларында бұдан алдын да / бірге / өмір сүрдім. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма?» - деп.
التفاسير العربية:
فَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّنِ ٱفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَوۡ كَذَّبَ بِـَٔايَٰتِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ لَا يُفۡلِحُ ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан немесе Оның аяттарын жалған санағаннан өткен әділетсіз кім бар? Негізінде, қылмыскерлер мақсаттарына жетпейді.
التفاسير العربية:
وَيَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَضُرُّهُمۡ وَلَا يَنفَعُهُمۡ وَيَقُولُونَ هَـٰٓؤُلَآءِ شُفَعَـٰٓؤُنَا عِندَ ٱللَّهِۚ قُلۡ أَتُنَبِّـُٔونَ ٱللَّهَ بِمَا لَا يَعۡلَمُ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَلَا فِي ٱلۡأَرۡضِۚ سُبۡحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Олар, Аллаһтан өзге өздеріне зиян да жеткізбейтін және пайда да келтірмейтін нәрсеге құлшылық етеді әрі: «Бұлар Аллаһтың алдында бізге шапағат етушілер», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сонда сендер Аллаһқа, аспандарда және жерде Ол білмейтін бір нәрсе бар деп, оның хабарын бермекшісіңдер ме?» - де. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосатындарынан пәк әрі жоғары.
التفاسير العربية:
وَمَا كَانَ ٱلنَّاسُ إِلَّآ أُمَّةٗ وَٰحِدَةٗ فَٱخۡتَلَفُواْۚ وَلَوۡلَا كَلِمَةٞ سَبَقَتۡ مِن رَّبِّكَ لَقُضِيَ بَيۡنَهُمۡ فِيمَا فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ
Адамдар бір үммет еді, кейін олар қарама-қайшылыққа түсті. Егер де Раббыңнан алдын ала бекітілген бір Сөз болмағанда, қайшылықта түскен нәрселеріне қатысты олардың араларына шешім шығарылған болар еді.
التفاسير العربية:
وَيَقُولُونَ لَوۡلَآ أُنزِلَ عَلَيۡهِ ءَايَةٞ مِّن رَّبِّهِۦۖ فَقُلۡ إِنَّمَا ٱلۡغَيۡبُ لِلَّهِ فَٱنتَظِرُوٓاْ إِنِّي مَعَكُم مِّنَ ٱلۡمُنتَظِرِينَ
Олар: «Неге оған / Пайғамбарға / Раббысынан бір белгі-мұғжиза түсірілмейді?»—дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында, ғайып-Аллаһтікі. Ендеше күтіңдер! Мен де сендермен бірге күтушілерденмін!» - деп.
التفاسير العربية:

وَإِذَآ أَذَقۡنَا ٱلنَّاسَ رَحۡمَةٗ مِّنۢ بَعۡدِ ضَرَّآءَ مَسَّتۡهُمۡ إِذَا لَهُم مَّكۡرٞ فِيٓ ءَايَاتِنَاۚ قُلِ ٱللَّهُ أَسۡرَعُ مَكۡرًاۚ إِنَّ رُسُلَنَا يَكۡتُبُونَ مَا تَمۡكُرُونَ
Адамдарға өздеріне тиген қиыншылықтан кейін мейірімімізден таттырсақ, олар аят-белгілерімізге байланысты айлакерлік істейді. Айт: «Аллаһ амал-тәсілде / бәрінен / жылдам», - деп. Ақиқатында елшілеріміз / періштелер / сендердің айла-шарғыларынды жазып отырады.
التفاسير العربية:
هُوَ ٱلَّذِي يُسَيِّرُكُمۡ فِي ٱلۡبَرِّ وَٱلۡبَحۡرِۖ حَتَّىٰٓ إِذَا كُنتُمۡ فِي ٱلۡفُلۡكِ وَجَرَيۡنَ بِهِم بِرِيحٖ طَيِّبَةٖ وَفَرِحُواْ بِهَا جَآءَتۡهَا رِيحٌ عَاصِفٞ وَجَآءَهُمُ ٱلۡمَوۡجُ مِن كُلِّ مَكَانٖ وَظَنُّوٓاْ أَنَّهُمۡ أُحِيطَ بِهِمۡ دَعَوُاْ ٱللَّهَ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ لَئِنۡ أَنجَيۡتَنَا مِنۡ هَٰذِهِۦ لَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلشَّـٰكِرِينَ
Ол / Аллаһ / сондай, сендерді құрылықтажәне теңізде жүргізеді. Сендер кемеде болғандарыңда әрі ол / кеме / бір жайлы желдің көмегімен оларды алып жүзгенде олар бұған қуанады. Оған бір дауылды жел соғып әрі әр тараптан толқындар келіп, олар өздерін қоршауда қалып, құрыдық деп ойлаған сәтте дінін / құлшылықтарын / тек Оған / cepiк қосу, риядан / тазартқан күйде: «Егер осыдан бізді құтқарсаң, шүкір етушілерден / берген игіліктеріңе алғыс білдірушілерден / боламыз», - деп Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады / .
التفاسير العربية:
فَلَمَّآ أَنجَىٰهُمۡ إِذَا هُمۡ يَبۡغُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّۗ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنَّمَا بَغۡيُكُمۡ عَلَىٰٓ أَنفُسِكُمۖ مَّتَٰعَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ ثُمَّ إِلَيۡنَا مَرۡجِعُكُمۡ فَنُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Ал, Ол / Аллаһ / оларды құтқарған кезде, олар жер бетінде / олай етуге / құқығы болмаса да әділетсіздік істейді. Ей, адамдар! Шын мәнінде, сендердің әділетсіздіктерің өздеріңе қайтады. Ол / істеген әділетсіздіктерің / осы өмірдің пайда, рахаты үшін ғана. Содан кейін, қайтуларың - Бізге. Сонда сендерге не істегендеріңнің хабарын береміз.
التفاسير العربية:
إِنَّمَا مَثَلُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا كَمَآءٍ أَنزَلۡنَٰهُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ فَٱخۡتَلَطَ بِهِۦ نَبَاتُ ٱلۡأَرۡضِ مِمَّا يَأۡكُلُ ٱلنَّاسُ وَٱلۡأَنۡعَٰمُ حَتَّىٰٓ إِذَآ أَخَذَتِ ٱلۡأَرۡضُ زُخۡرُفَهَا وَٱزَّيَّنَتۡ وَظَنَّ أَهۡلُهَآ أَنَّهُمۡ قَٰدِرُونَ عَلَيۡهَآ أَتَىٰهَآ أَمۡرُنَا لَيۡلًا أَوۡ نَهَارٗا فَجَعَلۡنَٰهَا حَصِيدٗا كَأَن لَّمۡ تَغۡنَ بِٱلۡأَمۡسِۚ كَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ ٱلۡأٓيَٰتِ لِقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ
Шын мәнінде осы дүниелік өмір - Біз аспаннан түсірген бір су секілді. Онымен адамдар мен малдар жейтін, жерден шығатын өсімдіктер араласа / өсіп / , жер жүзі түрленіп құлпырған кезде әрі оның тұрғындары оған / өнімге / қолдары жетті деп ойлаған кезде, Біздің әміріміз түнде не күндіз келіп, оны кеше мүлдем көркеймеген тәрізді, орылғандай еттік. Біз, ойланатын адамдарға аяттарды осылай анық етіп түсіндіреміз.
التفاسير العربية:
وَٱللَّهُ يَدۡعُوٓاْ إِلَىٰ دَارِ ٱلسَّلَٰمِ وَيَهۡدِي مَن يَشَآءُ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
Аллаһ амандық мекеніне / Дарус-Сәламға / шақырады әрі қалаған құлын Өзі тура жолмен жүргізеді.
التفاسير العربية:

۞لِّلَّذِينَ أَحۡسَنُواْ ٱلۡحُسۡنَىٰ وَزِيَادَةٞۖ وَلَا يَرۡهَقُ وُجُوهَهُمۡ قَتَرٞ وَلَا ذِلَّةٌۚ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَنَّةِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Жақсылықты ықыласпен істегендерге ең жақсысы / Жәннат / дайындалған және оған артығы қосылады. Олардың беттерінде шаң да, қорлық та болмайды. Міне, солар Жәннаттықтар. Олар - ол жерде мәңгі қалушылар.
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِينَ كَسَبُواْ ٱلسَّيِّـَٔاتِ جَزَآءُ سَيِّئَةِۭ بِمِثۡلِهَا وَتَرۡهَقُهُمۡ ذِلَّةٞۖ مَّا لَهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِنۡ عَاصِمٖۖ كَأَنَّمَآ أُغۡشِيَتۡ وُجُوهُهُمۡ قِطَعٗا مِّنَ ٱلَّيۡلِ مُظۡلِمًاۚ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Ал, жамандық жинағандардың қайтарым жазасы - сол жамандықтың өзіндей болады. Әрі оларды қорлық басады. Оларды Аллаһтан қорғайтын ешкім болмайды. Олардың беттері түннің бір түнектерімен қапталғандай. Міне, солар - От / тозақ / тұрғындары. Олар - ол жерде мәңгі қалушылар.
التفاسير العربية:
وَيَوۡمَ نَحۡشُرُهُمۡ جَمِيعٗا ثُمَّ نَقُولُ لِلَّذِينَ أَشۡرَكُواْ مَكَانَكُمۡ أَنتُمۡ وَشُرَكَآؤُكُمۡۚ فَزَيَّلۡنَا بَيۡنَهُمۡۖ وَقَالَ شُرَكَآؤُهُم مَّا كُنتُمۡ إِيَّانَا تَعۡبُدُونَ
Сол / есеп / Күні оларды түгелдей жинаймыз. Содан кейін Аллаһқа серік қосқандарға / мүшріктерге / : «Сендер және серік етіп қосқандарың, орындарыңда тұрыңдар!» - дейміз. Біз олардың арасын бөлдік. Сонда олардың серік етіп қосқандары оларға: «Сендер құлшылықты бізге істеген жоқсыңдар.
التفاسير العربية:
فَكَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدَۢا بَيۡنَنَا وَبَيۡنَكُمۡ إِن كُنَّا عَنۡ عِبَادَتِكُمۡ لَغَٰفِلِينَ
Аллаһ - біздің арамызға куәлікте жеткілікті. Негізінде, біз сендердің құлшылық етулеріңнен хабарсыз едік», - дейді.
التفاسير العربية:
هُنَالِكَ تَبۡلُواْ كُلُّ نَفۡسٖ مَّآ أَسۡلَفَتۡۚ وَرُدُّوٓاْ إِلَى ٱللَّهِ مَوۡلَىٰهُمُ ٱلۡحَقِّۖ وَضَلَّ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ
Сол жерде / есеп алаңында / әрбір жан алдын істегені үшін сыналады / сұралады / . Олар шын иелері - Аллаһқа қайтарылады әрі ойдан шығарған нәрселері олардан жоғалады.
التفاسير العربية:
قُلۡ مَن يَرۡزُقُكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ أَمَّن يَمۡلِكُ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡأَبۡصَٰرَ وَمَن يُخۡرِجُ ٱلۡحَيَّ مِنَ ٱلۡمَيِّتِ وَيُخۡرِجُ ٱلۡمَيِّتَ مِنَ ٱلۡحَيِّ وَمَن يُدَبِّرُ ٱلۡأَمۡرَۚ فَسَيَقُولُونَ ٱللَّهُۚ فَقُلۡ أَفَلَا تَتَّقُونَ
/ Ей, Мұхаммед!! Айт: «Сендерге аспаннан және жерден кім ризық береді? Есту және көру кімнің иелігінде? Тіріні өліден шығаратын және өліні тіріден шығаратын кім? Әрі істі кім басқарады?» - деп. Олар: «Аллаһ», - деп айтады. Айт: «Ендеше Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?» - деп.
التفاسير العربية:
فَذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمُ ٱلۡحَقُّۖ فَمَاذَا بَعۡدَ ٱلۡحَقِّ إِلَّا ٱلضَّلَٰلُۖ فَأَنَّىٰ تُصۡرَفُونَ
Міне, осы Аллаһ - сендердің шын Раббың. Ақиқаттан кейін адасудан басқа не бар? Сонда қалай бұрылудасындар?
التفاسير العربية:
كَذَٰلِكَ حَقَّتۡ كَلِمَتُ رَبِّكَ عَلَى ٱلَّذِينَ فَسَقُوٓاْ أَنَّهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ
Раббыңның бұзықтарға / бойсұнбаушыларға! байланысты: «Олар иманға келмейді», деген сөзі осылай шындыққа шықты.
التفاسير العربية:

قُلۡ هَلۡ مِن شُرَكَآئِكُم مَّن يَبۡدَؤُاْ ٱلۡخَلۡقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥۚ قُلِ ٱللَّهُ يَبۡدَؤُاْ ٱلۡخَلۡقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥۖ فَأَنَّىٰ تُؤۡفَكُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһқа серік етіп қосқандарыңның арасынан, жаратылысты әуел баста пайда етіп, кейін оны қайта жарататын біреу бар ма?» - деп. Айт: «Аллаһ жаратылысты әуел баста пайда етіп, кейін оны қайта жаратады. Сонда, қайда бұрылып барасыңдар?!» - деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ هَلۡ مِن شُرَكَآئِكُم مَّن يَهۡدِيٓ إِلَى ٱلۡحَقِّۚ قُلِ ٱللَّهُ يَهۡدِي لِلۡحَقِّۗ أَفَمَن يَهۡدِيٓ إِلَى ٱلۡحَقِّ أَحَقُّ أَن يُتَّبَعَ أَمَّن لَّا يَهِدِّيٓ إِلَّآ أَن يُهۡدَىٰۖ فَمَا لَكُمۡ كَيۡفَ تَحۡكُمُونَ
Айт: «Аллаһқа серік етіп қосқандарыңның арасынан ақиқатқа алып баратын біреу бар ма?» - деп. Айт: «Аллаһ ақиқатқа апарады. Ілесуге, ақиқатпен Жүргізуші құқылырақ па, әлде өзін тура жолға салып жүргізбесе, өзі тура жолмен жүре алмайтын біреу ме? Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар?
التفاسير العربية:
وَمَا يَتَّبِعُ أَكۡثَرُهُمۡ إِلَّا ظَنًّاۚ إِنَّ ٱلظَّنَّ لَا يُغۡنِي مِنَ ٱلۡحَقِّ شَيۡـًٔاۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِمَا يَفۡعَلُونَ
Олардың көпшілігі болжам-жорамалға ереді. Шын мәнінде, жорамал шындықтың бір бөлігін де алмастыра алмайды. Ақиқатында, Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Білуші.
التفاسير العربية:
وَمَا كَانَ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانُ أَن يُفۡتَرَىٰ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَلَٰكِن تَصۡدِيقَ ٱلَّذِي بَيۡنَ يَدَيۡهِ وَتَفۡصِيلَ ٱلۡكِتَٰبِ لَا رَيۡبَ فِيهِ مِن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Бұл Құран - Аллаһтан, оның ойдан шығарылуы / өтіріктен құрастырылуы / мүмкін емес. Ол, өзінен алдын болғандардың растауы және Кітаптың анық түсіндірмесі. Ол әлемдердің Раббысынан, онда күмән жоқ.
التفاسير العربية:
أَمۡ يَقُولُونَ ٱفۡتَرَىٰهُۖ قُلۡ فَأۡتُواْ بِسُورَةٖ مِّثۡلِهِۦ وَٱدۡعُواْ مَنِ ٱسۡتَطَعۡتُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Әлде олар ол оны ойдан шығарды дей ме? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, осы секілді бір сүре келтіріңдер әрі Аллаһтан өзге шақыра алатындарынды шақырыңдар», - деп.
التفاسير العربية:
بَلۡ كَذَّبُواْ بِمَا لَمۡ يُحِيطُواْ بِعِلۡمِهِۦ وَلَمَّا يَأۡتِهِمۡ تَأۡوِيلُهُۥۚ كَذَٰلِكَ كَذَّبَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۖ فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Негізінде, олар білімі жетпеген және өздеріне әлі түсіндірмесі келмегенді өтірікке шығарды. Олардан бұрынғылар да осылай өтірікке шығарған еді. Енді, әділетсіздердің соңы қалай болғандығына назар сал.
التفاسير العربية:
وَمِنۡهُم مَّن يُؤۡمِنُ بِهِۦ وَمِنۡهُم مَّن لَّا يُؤۡمِنُ بِهِۦۚ وَرَبُّكَ أَعۡلَمُ بِٱلۡمُفۡسِدِينَ
Олардың арасында оған / Құранға / сенетіндер де бар. Әрі олардың арасын­да оған сенбейтіндер де бар. Сенің Раббың - бұзушы-бүлдірушілерді жақсы Білуші.
التفاسير العربية:
وَإِن كَذَّبُوكَ فَقُل لِّي عَمَلِي وَلَكُمۡ عَمَلُكُمۡۖ أَنتُم بَرِيٓـُٔونَ مِمَّآ أَعۡمَلُ وَأَنَا۠ بَرِيٓءٞ مِّمَّا تَعۡمَلُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікші санаса: «Менің ісім өзіме, ал сендердің істерің өздеріңе. Сендер менің істеп жатқаныма қатысты емессіңдер әрі мен де сендердің істеп жатқандарыңа қатысты емеспін», - деп айт.
التفاسير العربية:
وَمِنۡهُم مَّن يَسۡتَمِعُونَ إِلَيۡكَۚ أَفَأَنتَ تُسۡمِعُ ٱلصُّمَّ وَلَوۡ كَانُواْ لَا يَعۡقِلُونَ
Олардың ішінде саған құлақ түретіндер де бар. Егер ақылдарын істетпесе, сен кереңдерге естірте аласың ба?
التفاسير العربية:

وَمِنۡهُم مَّن يَنظُرُ إِلَيۡكَۚ أَفَأَنتَ تَهۡدِي ٱلۡعُمۡيَ وَلَوۡ كَانُواْ لَا يُبۡصِرُونَ
Әрі олардың ішінде саған қарайтындар да бар. Егер көрмесе, сен соқырларға жол көрсете аласың ба?
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَظۡلِمُ ٱلنَّاسَ شَيۡـٔٗا وَلَٰكِنَّ ٱلنَّاسَ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ
Ақиқатында, Аллаһ адамдарға ешбір нәрседе әділетсіздік етпейді. Бірақ адамдар өздеріне-өздері әділетсіздік етеді.
التفاسير العربية:
وَيَوۡمَ يَحۡشُرُهُمۡ كَأَن لَّمۡ يَلۡبَثُوٓاْ إِلَّا سَاعَةٗ مِّنَ ٱلنَّهَارِ يَتَعَارَفُونَ بَيۡنَهُمۡۚ قَدۡ خَسِرَ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِلِقَآءِ ٱللَّهِ وَمَا كَانُواْ مُهۡتَدِينَ
Оларды жинаған сол / Есеп / Күні, олар / осы дүниеде / күндізден бір аз мезгіл ғана тұрғандай болады да бір-бірін тани бастайды. Аллаһпен кездесуді өтірік санағандар шынымен зиянға ұшырады. Әрі олар тура жолда жүрушілерден болмады.
التفاسير العربية:
وَإِمَّا نُرِيَنَّكَ بَعۡضَ ٱلَّذِي نَعِدُهُمۡ أَوۡ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِلَيۡنَا مَرۡجِعُهُمۡ ثُمَّ ٱللَّهُ شَهِيدٌ عَلَىٰ مَا يَفۡعَلُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Біз саған оларға Өзіміз уәде етіп отырғанның кейбірін көрсетсек те немесе сені дүниеден алсақ та - олар Бізге қайтады. Содан кейін Аллаһ олардың не істеп жатқандарына куә болады.
التفاسير العربية:
وَلِكُلِّ أُمَّةٖ رَّسُولٞۖ فَإِذَا جَآءَ رَسُولُهُمۡ قُضِيَ بَيۡنَهُم بِٱلۡقِسۡطِ وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ
Әрбір үмметтің Елшісі бар. Олардың елшілері келген кезде, олардың араларына әділдікпен шешім шығарылады әрі оларға әділетсіздік етілмейді.
التفاسير العربية:
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡوَعۡدُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Олар / имансыздар / : «Егер сендер шын сөзді болсаңдар, бүл уәде қашан / орындалады / ?» - дейді.
التفاسير العربية:
قُل لَّآ أَمۡلِكُ لِنَفۡسِي ضَرّٗا وَلَا نَفۡعًا إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُۗ لِكُلِّ أُمَّةٍ أَجَلٌۚ إِذَا جَآءَ أَجَلُهُمۡ فَلَا يَسۡتَـٔۡخِرُونَ سَاعَةٗ وَلَا يَسۡتَقۡدِمُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтың қалауынан басқа, мен өзім үшін зиян да, пайда да келтіре алмаймын. Әрбір үмметтің бір мерзімі бар. Мерзімдері келген кезде, олар оны бір сәтке кері ысыра да алмайды және ілгерілете де алмайды», - деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ أَرَءَيۡتُمۡ إِنۡ أَتَىٰكُمۡ عَذَابُهُۥ بَيَٰتًا أَوۡ نَهَارٗا مَّاذَا يَسۡتَعۡجِلُ مِنۡهُ ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Айт: «Айтыңдаршы! Егер сендерге Оның азабы түн ішінде немесе күндіз келсе, қылмыскерлер оның қайсыбірінің тез болуын сұрайды?» - деп.
التفاسير العربية:
أَثُمَّ إِذَا مَا وَقَعَ ءَامَنتُم بِهِۦٓۚ ءَآلۡـَٰٔنَ وَقَدۡ كُنتُم بِهِۦ تَسۡتَعۡجِلُونَ
Ол / азап / түскеннен кейін Оған сенесіңдер ме? Оларға: «Енді / сенесіңдер / ме, сендер осының тез болуын сұраған едіңдер», - делінеді.
التفاسير العربية:
ثُمَّ قِيلَ لِلَّذِينَ ظَلَمُواْ ذُوقُواْ عَذَابَ ٱلۡخُلۡدِ هَلۡ تُجۡزَوۡنَ إِلَّا بِمَا كُنتُمۡ تَكۡسِبُونَ
Содан кейін әділетсіздік еткендерге: «Мәңгілік азабын татыңдар! Сендерге қайтарым / ретіндегі / жаза істегендерің үшін ғана беріліп жатқан жоқ па?» - деп айтылады.
التفاسير العربية:
۞وَيَسۡتَنۢبِـُٔونَكَ أَحَقٌّ هُوَۖ قُلۡ إِي وَرَبِّيٓ إِنَّهُۥ لَحَقّٞۖ وَمَآ أَنتُم بِمُعۡجِزِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Олар сенен: «Бүл шындық па?» - деп сұрайды. Айт: «Әрине, Раббыммен ант етемін, бүл - ақиқат, сендер әлсірете / Аллаһқа кедергі келтіре / алмайсыңдар», - деп.
التفاسير العربية:

وَلَوۡ أَنَّ لِكُلِّ نَفۡسٖ ظَلَمَتۡ مَا فِي ٱلۡأَرۡضِ لَٱفۡتَدَتۡ بِهِۦۗ وَأَسَرُّواْ ٱلنَّدَامَةَ لَمَّا رَأَوُاْ ٱلۡعَذَابَۖ وَقُضِيَ بَيۡنَهُم بِٱلۡقِسۡطِ وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ
Егер де өзіне әділетсіздік еткен әрбір жанда - жер бетіндегі нәрселердің барлығы болғанда, ол оны / азаптан құтылу үшін / өтемге берер еді. Әрі олар азапты көргендерінде іштей өкінеді. Олардың араларына әділдікпен үкім етіледі әрі оларға әділетсіздік жасалмайды.
التفاسير العربية:
أَلَآ إِنَّ لِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۗ أَلَآ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Біліңдер, ақиқатында, аспандардағы және жердегі нәрселер - Аллаһтікі. Біліндер, шынында, Аллаһтың уәдесі - хақ. Бірақ олардың / адамдардың / көбі білмейді.
التفاسير العربية:
هُوَ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Ол тірілтеді және өлтіреді әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.
التفاسير العربية:
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ قَدۡ جَآءَتۡكُم مَّوۡعِظَةٞ مِّن رَّبِّكُمۡ وَشِفَآءٞ لِّمَا فِي ٱلصُّدُورِ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٞ لِّلۡمُؤۡمِنِينَ
Ей, адамдар! Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан насихат, көкіректегі нәрселерге шипа және имандылар / мүміндер / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі мейірім / Құран / келді.
التفاسير العربية:
قُلۡ بِفَضۡلِ ٱللَّهِ وَبِرَحۡمَتِهِۦ فَبِذَٰلِكَ فَلۡيَفۡرَحُواْ هُوَ خَيۡرٞ مِّمَّا يَجۡمَعُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «бұл - Аллаһтың кеңшілігі және мейірімі», - деп. Олар осыған қуансын, бұл олардың жиғандарынан қайырлы.
التفاسير العربية:
قُلۡ أَرَءَيۡتُم مَّآ أَنزَلَ ٱللَّهُ لَكُم مِّن رِّزۡقٖ فَجَعَلۡتُم مِّنۡهُ حَرَامٗا وَحَلَٰلٗا قُلۡ ءَآللَّهُ أَذِنَ لَكُمۡۖ أَمۡ عَلَى ٱللَّهِ تَفۡتَرُونَ
Айт: «Аллаһ өздеріңе түсірген ризықтың бір бөлігін - харам / тыйым салынған / , бір бөлігін - халал / рұқсат етілген / етіп алғандарың жайында не айтасыңдар?» - деп. Айт: «Сендерге / оны / Аллаһ білдірді ме, әлде сендер Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырып тұрсындар ма?» - деп.
التفاسير العربية:
وَمَا ظَنُّ ٱلَّذِينَ يَفۡتَرُونَ عَلَى ٱللَّهِ ٱلۡكَذِبَ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَذُو فَضۡلٍ عَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَشۡكُرُونَ
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастыратындардың Қайта тірілу күні туралы не жорамалдары бар? Ақиқатында, Аллаһ -адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді / .
التفاسير العربية:
وَمَا تَكُونُ فِي شَأۡنٖ وَمَا تَتۡلُواْ مِنۡهُ مِن قُرۡءَانٖ وَلَا تَعۡمَلُونَ مِنۡ عَمَلٍ إِلَّا كُنَّا عَلَيۡكُمۡ شُهُودًا إِذۡ تُفِيضُونَ فِيهِۚ وَمَا يَعۡزُبُ عَن رَّبِّكَ مِن مِّثۡقَالِ ذَرَّةٖ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا فِي ٱلسَّمَآءِ وَلَآ أَصۡغَرَ مِن ذَٰلِكَ وَلَآ أَكۡبَرَ إِلَّا فِي كِتَٰبٖ مُّبِينٍ
/ Ей, Мұхаммед! / Сен қандай да бір істе болсаң не Құраннан оқысаң немесе сендер бір амал жасасандар, оны орындап жатқан кездеріңде, әлбетте, Біз сендерге куә болып тұрамыз. Жердегі және аспандағы заттың ең кішкентай бөлігі де Раббыңнан жасырын қалмайды. Әрі одан кіші болсын не үлкені болсын барлығы анық бір Кітапта.
التفاسير العربية:

أَلَآ إِنَّ أَوۡلِيَآءَ ٱللَّهِ لَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ
Біліңдер! Ақиқатында, Аллаһқа жақын болғандарға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды.
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَكَانُواْ يَتَّقُونَ
Олар - иманға келген және тақуалық еткендер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар / .
التفاسير العربية:
لَهُمُ ٱلۡبُشۡرَىٰ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَفِي ٱلۡأٓخِرَةِۚ لَا تَبۡدِيلَ لِكَلِمَٰتِ ٱللَّهِۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ
Оларға осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / сүйінішті хабар бар. Аллаһтың сөздері өзгермейді. Міне, осы -ұлы жетістік.
التفاسير العربية:
وَلَا يَحۡزُنكَ قَوۡلُهُمۡۘ إِنَّ ٱلۡعِزَّةَ لِلَّهِ جَمِيعًاۚ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
/ Ей, Мұхаммед! / Олардың сөзі сені қайғыға салмасын. Ақиқатында, бүкіл үстемдік - Аллаһқа тән. Ол - бәрін Естуші, бәрін Білуші . @مصحح
/ Ей, Мұхаммед! / Олардың сөзі сені қайғыға салмасын. Ақиқатында, бүкіл үстемдік - Аллаһқа тән. Ол - әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-’Алим / бәрін Білуші / .
التفاسير العربية:
أَلَآ إِنَّ لِلَّهِ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَن فِي ٱلۡأَرۡضِۗ وَمَا يَتَّبِعُ ٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ شُرَكَآءَۚ إِن يَتَّبِعُونَ إِلَّا ٱلظَّنَّ وَإِنۡ هُمۡ إِلَّا يَخۡرُصُونَ
Біліңдер! Ақиқатында, аспандардағы және жердегі әркім де - Аллаһтікі. Аллаһтан өзгені Оған серік етіп шақыратындар не нәрсеге ереді? Олар ой - жорамалдарына ғана ереді әрі олар тек өтірікті ғана айтады.
التفاسير العربية:
هُوَ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ لِتَسۡكُنُواْ فِيهِ وَٱلنَّهَارَ مُبۡصِرًاۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَسۡمَعُونَ
Ол сендерге түнді тынығуларың үшін, ал күндізді көретін / жарық / етіп жасаған. Ақиқатында, Мұнда құлақ асатын адамдар үшін белгі-дәлелдер бар.
التفاسير العربية:
قَالُواْ ٱتَّخَذَ ٱللَّهُ وَلَدٗاۗ سُبۡحَٰنَهُۥۖ هُوَ ٱلۡغَنِيُّۖ لَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۚ إِنۡ عِندَكُم مِّن سُلۡطَٰنِۭ بِهَٰذَآۚ أَتَقُولُونَ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
Олар: «Аллаһ өзіне бала алды», - деді. Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Ол - әл- Ғани / бай, еш нәрсеге мұқтаж емес / . Аспандардағы және жердегілердің барлығы Онікі. Сендерде бұған / Аллаһтың бала иемденуіне / ешбір дәлел жоқ. Сендер Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрсені айтасыңдар ма?
التفاسير العربية:
قُلۡ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَفۡتَرُونَ عَلَى ٱللَّهِ ٱلۡكَذِبَ لَا يُفۡلِحُونَ
«Негізінде, Аллаһ туралы өтірікті құрастыратындар / жала жабатындар / мақсаттарына жетпейді», - де.
التفاسير العربية:
مَتَٰعٞ فِي ٱلدُّنۡيَا ثُمَّ إِلَيۡنَا مَرۡجِعُهُمۡ ثُمَّ نُذِيقُهُمُ ٱلۡعَذَابَ ٱلشَّدِيدَ بِمَا كَانُواْ يَكۡفُرُونَ
Осы өмірде / Оларға / пайдалану, рахат бар. Кейін олар Бізге қайтады. Содан кейін оларға күпірліктері / имансыздықтары / үшін қатты азап таттырамыз.
التفاسير العربية:

۞وَٱتۡلُ عَلَيۡهِمۡ نَبَأَ نُوحٍ إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦ يَٰقَوۡمِ إِن كَانَ كَبُرَ عَلَيۡكُم مَّقَامِي وَتَذۡكِيرِي بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ فَعَلَى ٱللَّهِ تَوَكَّلۡتُ فَأَجۡمِعُوٓاْ أَمۡرَكُمۡ وَشُرَكَآءَكُمۡ ثُمَّ لَا يَكُنۡ أَمۡرُكُمۡ عَلَيۡكُمۡ غُمَّةٗ ثُمَّ ٱقۡضُوٓاْ إِلَيَّ وَلَا تُنظِرُونِ
/ Ей, Мұхаммед! / Оларға Нұх жайлы хабарды оқы. Ол еліне: «Әй, елім! Егер менің араларыңда болуым және Аллаһтың белгілерін ескертуім сендерге ауыр келсе, онда мен Аллаһқа жүгініп, Оған өзімді тапсырдым / тәуекел еттім / . Сендер / қосқан / серіктеріңмен бірігіп, кейін маған байланысты ашық әрекет етіңдер әрі маған мұрсат бермеңдер.
التفاسير العربية:
فَإِن تَوَلَّيۡتُمۡ فَمَا سَأَلۡتُكُم مِّنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَى ٱللَّهِۖ وَأُمِرۡتُ أَنۡ أَكُونَ مِنَ ٱلۡمُسۡلِمِينَ
Егер сендер теріс бұрылсаңдар, мен сендерден / ол үшін / ақы сұраған жоқпын. Менің сыйым - Аллаһта әрі мен Мұсылмандардан болуға бұйырылдым», - деп айтқан еді.
التفاسير العربية:
فَكَذَّبُوهُ فَنَجَّيۡنَٰهُ وَمَن مَّعَهُۥ فِي ٱلۡفُلۡكِ وَجَعَلۡنَٰهُمۡ خَلَـٰٓئِفَ وَأَغۡرَقۡنَا ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَاۖ فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُنذَرِينَ
Сонда олар, оны өтірікші санады. Содан соң Біз оны және онымен бірге болғандарды кемеде құтқардық әрі оларды халифалар / алдыңғылардың орнын басушылар / еттік. Ал белгілерімізді өтірік санағандарды суға батырдық. Енді ескерту берілгендердің соңы қалай болғанына қара.
التفاسير العربية:
ثُمَّ بَعَثۡنَا مِنۢ بَعۡدِهِۦ رُسُلًا إِلَىٰ قَوۡمِهِمۡ فَجَآءُوهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَمَا كَانُواْ لِيُؤۡمِنُواْ بِمَا كَذَّبُواْ بِهِۦ مِن قَبۡلُۚ كَذَٰلِكَ نَطۡبَعُ عَلَىٰ قُلُوبِ ٱلۡمُعۡتَدِينَ
Одан / Нұхтан / кейін елшілерді өз елдеріне жібердік. Олар / елдеріне / анық белгілермен келді. Алайда олар / қауымы / , өздері алдын өтірікке шығарған нәрселерге сенуді қаламады. Біз шектен шығушылардың жүректерін осылай бітеп, мөрлейміз.
التفاسير العربية:
ثُمَّ بَعَثۡنَا مِنۢ بَعۡدِهِم مُّوسَىٰ وَهَٰرُونَ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ وَمَلَإِيْهِۦ بِـَٔايَٰتِنَا فَٱسۡتَكۡبَرُواْ وَكَانُواْ قَوۡمٗا مُّجۡرِمِينَ
Олардан кейін Мұса мен Һарұнды Фиръаун және оның уәзір, бектеріне мұғжиза-белгілерімізбен жібердік. Алайда олар өздерін жоғары санап, менменсіді әрі олар қылмыскер адамдар еді.
التفاسير العربية:
فَلَمَّا جَآءَهُمُ ٱلۡحَقُّ مِنۡ عِندِنَا قَالُوٓاْ إِنَّ هَٰذَا لَسِحۡرٞ مُّبِينٞ
Оларға Бізден ақиқат келген кезде, олар: «бұл - анық сиқыр», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ مُوسَىٰٓ أَتَقُولُونَ لِلۡحَقِّ لَمَّا جَآءَكُمۡۖ أَسِحۡرٌ هَٰذَا وَلَا يُفۡلِحُ ٱلسَّـٰحِرُونَ
Мұса: «Сендер өздеріңе келген ақиқат жайлы осылай деп айтасыңдар ма? Осы сиқыр ма? Сиқыршылар мақсатына жетпейді», - деді.
التفاسير العربية:
قَالُوٓاْ أَجِئۡتَنَا لِتَلۡفِتَنَا عَمَّا وَجَدۡنَا عَلَيۡهِ ءَابَآءَنَا وَتَكُونَ لَكُمَا ٱلۡكِبۡرِيَآءُ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا نَحۡنُ لَكُمَا بِمُؤۡمِنِينَ
Олар: «Сен бізді ата-бабаларымыздың ұстанғанынан бұру үшін және жер бетінде / жерімізде / ұлылық екеуіңе болсын деп келдіңдер ме? Біз екеуіңе сенбейміз», - деді.
التفاسير العربية:

وَقَالَ فِرۡعَوۡنُ ٱئۡتُونِي بِكُلِّ سَٰحِرٍ عَلِيمٖ
Фиръаун: «Маған барлық білгір сиқыршыларды әкеліңдер», - деді.
التفاسير العربية:
فَلَمَّا جَآءَ ٱلسَّحَرَةُ قَالَ لَهُم مُّوسَىٰٓ أَلۡقُواْ مَآ أَنتُم مُّلۡقُونَ
Сиқыршылар келген кезде, Мұса оларға: «Тастайтындарынды тастаңдар», - деді.
التفاسير العربية:
فَلَمَّآ أَلۡقَوۡاْ قَالَ مُوسَىٰ مَا جِئۡتُم بِهِ ٱلسِّحۡرُۖ إِنَّ ٱللَّهَ سَيُبۡطِلُهُۥٓ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُصۡلِحُ عَمَلَ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Олар тастаған кезде, Мұса: «Сендердің істегендерің сиқыр, күмәнсіз, Аллаһ оны бекер етеді. Аллаһ бұзушы-бүлдірушілердің амалын түзетпейді.
التفاسير العربية:
وَيُحِقُّ ٱللَّهُ ٱلۡحَقَّ بِكَلِمَٰتِهِۦ وَلَوۡ كَرِهَ ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Әрі Аллаһ, Өз сөздерімен шындықты орнатады, қылмыскерлер мұны жақтырмаса да», - деді.
التفاسير العربية:
فَمَآ ءَامَنَ لِمُوسَىٰٓ إِلَّا ذُرِّيَّةٞ مِّن قَوۡمِهِۦ عَلَىٰ خَوۡفٖ مِّن فِرۡعَوۡنَ وَمَلَإِيْهِمۡ أَن يَفۡتِنَهُمۡۚ وَإِنَّ فِرۡعَوۡنَ لَعَالٖ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَإِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلۡمُسۡرِفِينَ
Фиръаун және оның уәзір, бектерінің бүлік салуынан / жазалауынан / қорыққандықтан, Мұсаға оның елінен бір ұрпаққана сенді. Өйткені, Фиръаун / ол / жердеөктемшіл әрі ол ақиқатында шектен шығушылардан еді.
التفاسير العربية:
وَقَالَ مُوسَىٰ يَٰقَوۡمِ إِن كُنتُمۡ ءَامَنتُم بِٱللَّهِ فَعَلَيۡهِ تَوَكَّلُوٓاْ إِن كُنتُم مُّسۡلِمِينَ
Мұса: «Әй, елім! Аллаһқа сенсеңдер, онда Оған жүгініп, істерінді Өзіне тапсырыңдар / тәуекел етіңдер / , егер мұсылманболсаңдар», - деді.
التفاسير العربية:
فَقَالُواْ عَلَى ٱللَّهِ تَوَكَّلۡنَا رَبَّنَا لَا تَجۡعَلۡنَا فِتۡنَةٗ لِّلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Олар: «Біз Аллаһқа жүгініп, ісімізді Оған тапсырдық / тәуекел еттік / . Раббымыз, бізді әділетсіз елге фитна / сынақ / етпе.
التفاسير العربية:
وَنَجِّنَا بِرَحۡمَتِكَ مِنَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Әрі бізді Өз мейіріміңмен кәпір елден құтқара гөр!» - деді.
التفاسير العربية:
وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰ وَأَخِيهِ أَن تَبَوَّءَا لِقَوۡمِكُمَا بِمِصۡرَ بُيُوتٗا وَٱجۡعَلُواْ بُيُوتَكُمۡ قِبۡلَةٗ وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَۗ وَبَشِّرِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Біз Мұсаға және оның бауырына: «Қауымдарың үшін Мысырда үйлер алыңдар және үйлеріңді намаз оқитын орын етіп, намаз оқыңдар. Әрі имандыларды / мүміндерді / қош хабармен қуандыр», - деп уахи еттік. @مصحح
Біз Мұсаға және оның бауырына: «Қауымдарың үшін Мысырда үйлер алыңдар және үйлеріңді намаз оқитын орын етіп, намаз оқыңдар. Әрі имандыларды / мүміндерді / қош хабармен қуандыр», - деп уахи еттік.
التفاسير العربية:
وَقَالَ مُوسَىٰ رَبَّنَآ إِنَّكَ ءَاتَيۡتَ فِرۡعَوۡنَ وَمَلَأَهُۥ زِينَةٗ وَأَمۡوَٰلٗا فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا رَبَّنَا لِيُضِلُّواْ عَن سَبِيلِكَۖ رَبَّنَا ٱطۡمِسۡ عَلَىٰٓ أَمۡوَٰلِهِمۡ وَٱشۡدُدۡ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ فَلَا يُؤۡمِنُواْ حَتَّىٰ يَرَوُاْ ٱلۡعَذَابَ ٱلۡأَلِيمَ
Мұса: «Раббымыз! Ақиқатында, Сен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне бүл өмірде сән-салтанат және байлық бердің. Раббымыз! Олар оны жолыңнан адастырулары үшін / пайдаланды / Раббымыз, олардың дүниелерін жой және олардың жүректерін қатайт! Олар қинаушы азапты көргендерінше иманға келмесін», - деді.
التفاسير العربية:

قَالَ قَدۡ أُجِيبَت دَّعۡوَتُكُمَا فَٱسۡتَقِيمَا وَلَا تَتَّبِعَآنِّ سَبِيلَ ٱلَّذِينَ لَا يَعۡلَمُونَ
Ол / Аллаһ / : «Екеуіңнің тілектеріңе жауап берілді. Туралықты ұстаныңдар және білмейтіндердің жолына ермеңдер!» - деді.
التفاسير العربية:
۞وَجَٰوَزۡنَا بِبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱلۡبَحۡرَ فَأَتۡبَعَهُمۡ فِرۡعَوۡنُ وَجُنُودُهُۥ بَغۡيٗا وَعَدۡوًاۖ حَتَّىٰٓ إِذَآ أَدۡرَكَهُ ٱلۡغَرَقُ قَالَ ءَامَنتُ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱلَّذِيٓ ءَامَنَتۡ بِهِۦ بَنُوٓاْ إِسۡرَـٰٓءِيلَ وَأَنَا۠ مِنَ ٱلۡمُسۡلِمِينَ
Біз Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда Фиръаун мен оның әскері әділетсіздік әрі дұшпандықпен, олардың соңынан қуды. Ал, ол / Фиръаун / суға батар кезінде: «Исраил ұрпақтары сенген құдайдан басқа ешбір құдайдың жоқтығына сендім. Мен де Мұсылмандарданмын / бойсұнушыларданмын / », - деді.
التفاسير العربية:
ءَآلۡـَٰٔنَ وَقَدۡ عَصَيۡتَ قَبۡلُ وَكُنتَ مِنَ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
«Енді ғана ма? Ал бұрын бойсұнбаған едің әрі бұзушы-бүлдірушілерден болдың.
التفاسير العربية:
فَٱلۡيَوۡمَ نُنَجِّيكَ بِبَدَنِكَ لِتَكُونَ لِمَنۡ خَلۡفَكَ ءَايَةٗۚ وَإِنَّ كَثِيرٗا مِّنَ ٱلنَّاسِ عَنۡ ءَايَٰتِنَا لَغَٰفِلُونَ
Бүгін сені өзіңнен кейінгілерге бір белгі болуы үшін мүрдеңді / сенің тәніңді / құтқарамыз». Негізінде, адамдардың көбі Біздің белгілерімізден қаперсіз / ғибрат алмайды / .
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ بَوَّأۡنَا بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ مُبَوَّأَ صِدۡقٖ وَرَزَقۡنَٰهُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِ فَمَا ٱخۡتَلَفُواْ حَتَّىٰ جَآءَهُمُ ٱلۡعِلۡمُۚ إِنَّ رَبَّكَ يَقۡضِي بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُواْ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ
Біз Исраил ұрпақтарын игі мекенге орналастырдық және оларға жақсы нәрселерден ризық бердік. Әрі олар, өздеріне білім келгенге дейін қарама-қайшылыққа түспеді. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні қарама-қайшылыққа түскен нәрселері жайында олардың араларына үкім береді.
التفاسير العربية:
فَإِن كُنتَ فِي شَكّٖ مِّمَّآ أَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ فَسۡـَٔلِ ٱلَّذِينَ يَقۡرَءُونَ ٱلۡكِتَٰبَ مِن قَبۡلِكَۚ لَقَدۡ جَآءَكَ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكَ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمُمۡتَرِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Егер Біз өзіңе түсіргеннен күмәнда болсаң, алдын Кітап / түсіріліп / оқығандардан сұра. Саған Раббыңнан ақиқат келді, сондықтан күмәнданушылардан болма.
التفاسير العربية:
وَلَا تَكُونَنَّ مِنَ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ فَتَكُونَ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
Сондай-ақ, Аллаһтың аяттарын өтірікке шығарушылардан болма. Онда зиян көрушілерден боласың.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ حَقَّتۡ عَلَيۡهِمۡ كَلِمَتُ رَبِّكَ لَا يُؤۡمِنُونَ
Ақиқатында, Раббыңның сөзі тиісті болғандар иманға келмейді,
التفاسير العربية:
وَلَوۡ جَآءَتۡهُمۡ كُلُّ ءَايَةٍ حَتَّىٰ يَرَوُاْ ٱلۡعَذَابَ ٱلۡأَلِيمَ
сондай қинаушы азапты көргендеріне дейін, тіпті оларға қандай бір белгі - мұғжизалар келсе де.
التفاسير العربية:

فَلَوۡلَا كَانَتۡ قَرۡيَةٌ ءَامَنَتۡ فَنَفَعَهَآ إِيمَٰنُهَآ إِلَّا قَوۡمَ يُونُسَ لَمَّآ ءَامَنُواْ كَشَفۡنَا عَنۡهُمۡ عَذَابَ ٱلۡخِزۡيِ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَمَتَّعۡنَٰهُمۡ إِلَىٰ حِينٖ
Йунустың елінен басқа / азапты көргенде / иманға келген әрі имандары пайда берген бірде-бір елді мекен болды ма? Олар иманға келген кезде, Біз олардан осы өмірде қорлық азабын кетірдік әрі оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық.
التفاسير العربية:
وَلَوۡ شَآءَ رَبُّكَ لَأٓمَنَ مَن فِي ٱلۡأَرۡضِ كُلُّهُمۡ جَمِيعًاۚ أَفَأَنتَ تُكۡرِهُ ٱلنَّاسَ حَتَّىٰ يَكُونُواْ مُؤۡمِنِينَ
Егер Раббың қалағанда, жер жүзіндегілердің барлығы, түгелдей иманға келер еді. / Ей, Мұхаммед, / сен, адамдарды иманды / мүмін / болуға мәжбүрлейсің бе?
التفاسير العربية:
وَمَا كَانَ لِنَفۡسٍ أَن تُؤۡمِنَ إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ وَيَجۡعَلُ ٱلرِّجۡسَ عَلَى ٱلَّذِينَ لَا يَعۡقِلُونَ
Әрбір жан Аллаһтың рұқсатымен ғана иманға келеді. Ол, ақылдарын істетіп, ұғынбайтындарға рижс жібереді.
التفاسير العربية:
قُلِ ٱنظُرُواْ مَاذَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَمَا تُغۡنِي ٱلۡأٓيَٰتُ وَٱلنُّذُرُ عَن قَوۡمٖ لَّا يُؤۡمِنُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аспандар және жердегі нәрселерге қараңдаршы», - деп. Имансыз адамдарға дәлелдер мен ескертулерпайда бермейді.
التفاسير العربية:
فَهَلۡ يَنتَظِرُونَ إِلَّا مِثۡلَ أَيَّامِ ٱلَّذِينَ خَلَوۡاْ مِن قَبۡلِهِمۡۚ قُلۡ فَٱنتَظِرُوٓاْ إِنِّي مَعَكُم مِّنَ ٱلۡمُنتَظِرِينَ
Олар өздерінен бұрынғы өткендерге келген тәрізді күндерді күтеді ме? Айт: «Күтіңдер! Мен де - сендермен бірге күтушімін!» - де.
التفاسير العربية:
ثُمَّ نُنَجِّي رُسُلَنَا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْۚ كَذَٰلِكَ حَقًّا عَلَيۡنَا نُنجِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Содан кейін Біз елшілерімізді және иманға келгендерді құтқарамыз. Осылай, имандыларды / мүміндерді / құтқару - Біздің міндетіміз.
التفاسير العربية:
قُلۡ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِن كُنتُمۡ فِي شَكّٖ مِّن دِينِي فَلَآ أَعۡبُدُ ٱلَّذِينَ تَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَلَٰكِنۡ أَعۡبُدُ ٱللَّهَ ٱلَّذِي يَتَوَفَّىٰكُمۡۖ وَأُمِرۡتُ أَنۡ أَكُونَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, адамдар! Егер сендер менің дінімнен күмәнда болсаңдар, мен сендердің Аллаһтан өзге табынатындарыңа табынбаймын, алайда мен сендердің жандарыңды алатын Аллаһқа құлшылық етемін әрі мен имандылардан / мүміндерден / болуға бұйырылдым», - деп.
التفاسير العربية:
وَأَنۡ أَقِمۡ وَجۡهَكَ لِلدِّينِ حَنِيفٗا وَلَا تَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ
Ханиф (Аллаһты бірлеп, тура жолдан таймай, жалғыз Оған құлшылық етуші) болған түрде, жүзінді / хақ / дінге бұр. Әрі Аллаһпен қатар, өзгелерге табынушылардан / мүшріктерден / болма. @مصحح
Ханиф болған түрде, жүзінді / хақ / дінге бұр. Әрі Аллаһпен қатар, өзгелерге табынушылардан / мүшріктерден / болма.
التفاسير العربية:
وَلَا تَدۡعُ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُكَ وَلَا يَضُرُّكَۖ فَإِن فَعَلۡتَ فَإِنَّكَ إِذٗا مِّنَ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Аллаһтан өзге саған пайда да, зиян да келтіре алмайтын нәрсеге жалбарынба. Егер олай істесең, онда әлбетте әділетсіздерден боласың.
التفاسير العربية:

وَإِن يَمۡسَسۡكَ ٱللَّهُ بِضُرّٖ فَلَا كَاشِفَ لَهُۥٓ إِلَّا هُوَۖ وَإِن يُرِدۡكَ بِخَيۡرٖ فَلَا رَآدَّ لِفَضۡلِهِۦۚ يُصِيبُ بِهِۦ مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦۚ وَهُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ
Егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, оны Оның Өзінен басқа кетіруші жоқ. Ал, егер Ол саған бір жақсылық қаласа, Оның кеңшілігін қайтарушы жоқ. Ол, оны құлдарынан Өзі қалағанына нәсіп етеді. Ол - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді . @مصحح
Егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, оны Оның Өзінен басқа кетіруші жоқ. Ал, егер Ол саған бір жақсылық қаласа, Оның кеңшілігін қайтарушы жоқ. Ол, оны құлдарынан Өзі қалағанына нәсіп етеді. Ол - әл-Ғафур / өте Кешірімді / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді / .
التفاسير العربية:
قُلۡ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ قَدۡ جَآءَكُمُ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكُمۡۖ فَمَنِ ٱهۡتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهۡتَدِي لِنَفۡسِهِۦۖ وَمَن ضَلَّ فَإِنَّمَا يَضِلُّ عَلَيۡهَاۖ وَمَآ أَنَا۠ عَلَيۡكُم بِوَكِيلٖ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әй, адамдар! Сендерге өздеріңнің Раббыңнан ақиқат келді. Кім тура жолмен жүрсе, тек өзі үшін тура жолда жүреді. Ал кім адасса, тек өз зиянына адасады. Мен сендерге жауапты / кепіл / емеспін», - деп.
التفاسير العربية:
وَٱتَّبِعۡ مَا يُوحَىٰٓ إِلَيۡكَ وَٱصۡبِرۡ حَتَّىٰ يَحۡكُمَ ٱللَّهُۚ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلۡحَٰكِمِينَ
Әрі өзіңе уахи етілгенге ер, әрі Аллаһ үкім бергенге дейін сабыр ет. Ол - үкім берушілердің ең қайырлысы.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: يونس
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق