ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: الإسراء
آية:
 

سورة الإسراء - суратуль-Исраа

سُبۡحَٰنَ ٱلَّذِيٓ أَسۡرَىٰ بِعَبۡدِهِۦ لَيۡلٗا مِّنَ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِ إِلَى ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡأَقۡصَا ٱلَّذِي بَٰرَكۡنَا حَوۡلَهُۥ لِنُرِيَهُۥ مِنۡ ءَايَٰتِنَآۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡبَصِيرُ
Құлын бір түнде әл-Харам мешітінен белгілеріміздің кейбірін көрсетуіміз үшін, Біз төңірегін берекелі еткен әл-Ақса мешітіне алып барған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Күмәнсіз, Ол бәрін Естуші, әрбір нәрсені. @مصحح
Құлын бір түнде әл-Харам мешітінен белгілеріміздің кейбірін көрсетуіміз үшін, Біз төңірегін берекелі еткен әл-Ақса мешітіне алып барған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Күмәнсіз, Ол әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-Басир / әрбір нәрсені Көруші / .
التفاسير العربية:
وَءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ وَجَعَلۡنَٰهُ هُدٗى لِّبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ أَلَّا تَتَّخِذُواْ مِن دُونِي وَكِيلٗا
Біз Мұсаға Кітапты бердік әрі оны / Кітапты / Исраил ұрпақтарына / тура жолды ұстануға / басшылық етіп: «Сендер Менен басқаны өздеріңді сеніп тапсыратын Ие / Уакил / етіп алмаңдар!» - дедік.
التفاسير العربية:
ذُرِّيَّةَ مَنۡ حَمَلۡنَا مَعَ نُوحٍۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَبۡدٗا شَكُورٗا
Ей, Нұхпен бірге / кемеде / алып жүргендеріміздің ұрпағы! Негізінде, ол / Нұх / шүкір етуші / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдіруші / құл еді.
التفاسير العربية:
وَقَضَيۡنَآ إِلَىٰ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ فِي ٱلۡكِتَٰبِ لَتُفۡسِدُنَّ فِي ٱلۡأَرۡضِ مَرَّتَيۡنِ وَلَتَعۡلُنَّ عُلُوّٗا كَبِيرٗا
Біз Исраил ұрпақтарына Кітапта: «Сен­дер бұл жерде екі рет бұзғыншылық істейсіңдер және тым өрескел астамшылық етесіңдер», -деп алдын ала жаздық / белгіледік / .
التفاسير العربية:
فَإِذَا جَآءَ وَعۡدُ أُولَىٰهُمَا بَعَثۡنَا عَلَيۡكُمۡ عِبَادٗا لَّنَآ أُوْلِي بَأۡسٖ شَدِيدٖ فَجَاسُواْ خِلَٰلَ ٱلدِّيَارِۚ وَكَانَ وَعۡدٗا مَّفۡعُولٗا
Бұл екеуінің алғашқысының уәдесі келген кезде Біз сендерге қарсы өте қуатты құлдарымызды жібердік те олар үйлердің арасын шарлады. Сөйтіп ол орындалған бір уәде болды.
التفاسير العربية:
ثُمَّ رَدَدۡنَا لَكُمُ ٱلۡكَرَّةَ عَلَيۡهِمۡ وَأَمۡدَدۡنَٰكُم بِأَمۡوَٰلٖ وَبَنِينَ وَجَعَلۡنَٰكُمۡ أَكۡثَرَ نَفِيرًا
Содан кейін сендер үшін оларға қарсы қайта жеңіс беріп әрі сендерді байлық және ұлдармен қолдап, жасақтарыңды көбейттік.
التفاسير العربية:
إِنۡ أَحۡسَنتُمۡ أَحۡسَنتُمۡ لِأَنفُسِكُمۡۖ وَإِنۡ أَسَأۡتُمۡ فَلَهَاۚ فَإِذَا جَآءَ وَعۡدُ ٱلۡأٓخِرَةِ لِيَسُـُٔواْ وُجُوهَكُمۡ وَلِيَدۡخُلُواْ ٱلۡمَسۡجِدَ كَمَا دَخَلُوهُ أَوَّلَ مَرَّةٖ وَلِيُتَبِّرُواْ مَا عَلَوۡاْ تَتۡبِيرًا
Жақсылық жасасаңдар, өздерің үшін жасадыңдар. Ал жамандық жасасандар, ол да өздеріңе. Соңғы уәде келген кезде, жүздеріңе қайғы орнату үшін / жауларың / мешітке алдын кіргендей кіреді де, өздері басып алғанды қиратады.
التفاسير العربية:

عَسَىٰ رَبُّكُمۡ أَن يَرۡحَمَكُمۡۚ وَإِنۡ عُدتُّمۡ عُدۡنَاۚ وَجَعَلۡنَا جَهَنَّمَ لِلۡكَٰفِرِينَ حَصِيرًا
Сендерге Раббыңыз рақым етер. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Біз Жаһаннамды кәпірлерге қамалатын орын етеміз.
التفاسير العربية:
إِنَّ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانَ يَهۡدِي لِلَّتِي هِيَ أَقۡوَمُ وَيُبَشِّرُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٱلَّذِينَ يَعۡمَلُونَ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ أَنَّ لَهُمۡ أَجۡرٗا كَبِيرٗا
Анығында, бұл Құран ең тура / дұрыс / болғанға бастайды әрі ізгі амал істейтін имандыларға - оларға үлкен сый болатыны жайлы қуанышты хабар жеткізеді.
التفاسير العربية:
وَأَنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ أَعۡتَدۡنَا لَهُمۡ عَذَابًا أَلِيمٗا
Әрі соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер үшін қинаушы азап әзірледік.
التفاسير العربية:
وَيَدۡعُ ٱلۡإِنسَٰنُ بِٱلشَّرِّ دُعَآءَهُۥ بِٱلۡخَيۡرِۖ وَكَانَ ٱلۡإِنسَٰنُ عَجُولٗا
Ал, адам жамандықты жақсылықты тілейтіндей тілейді. Әрі адам баласы асыққыш.
التفاسير العربية:
وَجَعَلۡنَا ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ ءَايَتَيۡنِۖ فَمَحَوۡنَآ ءَايَةَ ٱلَّيۡلِ وَجَعَلۡنَآ ءَايَةَ ٱلنَّهَارِ مُبۡصِرَةٗ لِّتَبۡتَغُواْ فَضۡلٗا مِّن رَّبِّكُمۡ وَلِتَعۡلَمُواْ عَدَدَ ٱلسِّنِينَ وَٱلۡحِسَابَۚ وَكُلَّ شَيۡءٖ فَصَّلۡنَٰهُ تَفۡصِيلٗا
Әрі түн мен күндізді екі белгі еттік. Өздеріңнің Раббыңның кеңшілігін іздеулерің және жылдардың саны мен есепті білулерің үшін Біз түннің белгісін кетіріп, күндіздің белгісін жарық етеміз. Әрі Біз барлық нәрсені анықтап түсіндірдік.
التفاسير العربية:
وَكُلَّ إِنسَٰنٍ أَلۡزَمۡنَٰهُ طَـٰٓئِرَهُۥ فِي عُنُقِهِۦۖ وَنُخۡرِجُ لَهُۥ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ كِتَٰبٗا يَلۡقَىٰهُ مَنشُورًا
Әрі Біз әрбір адамның мойнына оның амалдарын ажырамайтындай етіп бекіттік және Қайта тірілу күні оған бір кітап шығарамыз, ол оны ашылған түрде көреді.
التفاسير العربية:
ٱقۡرَأۡ كِتَٰبَكَ كَفَىٰ بِنَفۡسِكَ ٱلۡيَوۡمَ عَلَيۡكَ حَسِيبٗا
/ Оған / : «Өз кітабыңды оқы, бүгін сен өз есебіңді есептеуде жеткіліктісің»,-делінеді.
التفاسير العربية:
مَّنِ ٱهۡتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهۡتَدِي لِنَفۡسِهِۦۖ وَمَن ضَلَّ فَإِنَّمَا يَضِلُّ عَلَيۡهَاۚ وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٞ وِزۡرَ أُخۡرَىٰۗ وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّىٰ نَبۡعَثَ رَسُولٗا
Кім тура жолмен жүрсе, тек өзі үшін / өз пайдасына / жүреді. Ал, кім адасса, өз зиянына адасады. Ешбір жан басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Әрі Елші жібермей тұрып, Біз ешкімді де азаптаушы емеспіз.
التفاسير العربية:
وَإِذَآ أَرَدۡنَآ أَن نُّهۡلِكَ قَرۡيَةً أَمَرۡنَا مُتۡرَفِيهَا فَفَسَقُواْ فِيهَا فَحَقَّ عَلَيۡهَا ٱلۡقَوۡلُ فَدَمَّرۡنَٰهَا تَدۡمِيرٗا
Ал, бір елді мекенді / күнәлары үшін / жоюды қаласақ, ондағы сән-салтанатта, рахатта шалқып / дәулетте мастанып / жүргендерін көбейтеміз, сонда олар бұзық істер таратып, оларға қатысты / жазылған / сөз жүзеге асады. Сөйтіп оны / күнәғабатқан елді мекенді / біржола күйретеміз.
التفاسير العربية:
وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا مِنَ ٱلۡقُرُونِ مِنۢ بَعۡدِ نُوحٖۗ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ بِذُنُوبِ عِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرٗا
Біз Нұхтан кейін де қаншама халықтарды жойдық. / Ей, Мұхаммед! / Раббың, құлдарының күнәларынан Хабардар болуда, оны көруде жеткілікті.
التفاسير العربية:

مَّن كَانَ يُرِيدُ ٱلۡعَاجِلَةَ عَجَّلۡنَا لَهُۥ فِيهَا مَا نَشَآءُ لِمَن نُّرِيدُ ثُمَّ جَعَلۡنَا لَهُۥ جَهَنَّمَ يَصۡلَىٰهَا مَذۡمُومٗا مَّدۡحُورٗا
Кім тез өте шығатынды / осы өмірді / қаласа, Біз Өзіміз бергіміз келгенге қалаған нәрсемізді осы өмірде жедел береміз. Кейін Біз оған Жаһаннамды әзірледік. Ол оған айыпталған, / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылған түрде түседі.
التفاسير العربية:
وَمَنۡ أَرَادَ ٱلۡأٓخِرَةَ وَسَعَىٰ لَهَا سَعۡيَهَا وَهُوَ مُؤۡمِنٞ فَأُوْلَـٰٓئِكَ كَانَ سَعۡيُهُم مَّشۡكُورٗا
Ал, кім соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / қаласа және иманды болған күйде оған лайықты түрде ұмтылса, міне, солардың талпынысы / Аллаһтың алдында / алғысқа бөленеді.
التفاسير العربية:
كُلّٗا نُّمِدُّ هَـٰٓؤُلَآءِ وَهَـٰٓؤُلَآءِ مِنۡ عَطَآءِ رَبِّكَۚ وَمَا كَانَ عَطَآءُ رَبِّكَ مَحۡظُورًا
/ Ей, Мұхаммед! / Біз Раббыңның сыйынан барлығына - аналарға да / осы өмірді көксегендерге / , мыналарға да / мәңгілік өмірді қалағандарға / береміз. Әрі Раббыңның сыйына шектеу қойылмайды.
التفاسير العربية:
ٱنظُرۡ كَيۡفَ فَضَّلۡنَا بَعۡضَهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖۚ وَلَلۡأٓخِرَةُ أَكۡبَرُ دَرَجَٰتٖ وَأَكۡبَرُ تَفۡضِيلٗا
Біз оларды / бұл дүниеде / бір-бірінен қалай артық еткенімізді қара. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / , күдіксіз, дәрежелер тұрғысынан да өте үлкен әрі артықшылықта да ең үлкен.
التفاسير العربية:
لَّا تَجۡعَلۡ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتَقۡعُدَ مَذۡمُومٗا مَّخۡذُولٗا
Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алма. Онда айыпталып, көмексіз қалдырылған боласың.
التفاسير العربية:
۞وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعۡبُدُوٓاْ إِلَّآ إِيَّاهُ وَبِٱلۡوَٰلِدَيۡنِ إِحۡسَٰنًاۚ إِمَّا يَبۡلُغَنَّ عِندَكَ ٱلۡكِبَرَ أَحَدُهُمَآ أَوۡ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُل لَّهُمَآ أُفّٖ وَلَا تَنۡهَرۡهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوۡلٗا كَرِيمٗا
Әрі Раббың Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді және ата-анаға жақсылықты ықыласпен жасауларыңды бұйырды. Егер сенің қасында олардың біреуіне не екеуіне де кәрілік жетсе, оларға «уһ», - деме / көңіл толмаушылық білдірме / , әрі оларға зекіме және оларға жылы сөз сөйле.
التفاسير العربية:
وَٱخۡفِضۡ لَهُمَا جَنَاحَ ٱلذُّلِّ مِنَ ٱلرَّحۡمَةِ وَقُل رَّبِّ ٱرۡحَمۡهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرٗا
Әрі оларға, мейіріммен кішірейе қанатыңды иіп: «Раббым! Мені' кішкентайдан бағып, тәрбиелеп өсіргендеріндей оларға мейірім ет», - де.
التفاسير العربية:
رَّبُّكُمۡ أَعۡلَمُ بِمَا فِي نُفُوسِكُمۡۚ إِن تَكُونُواْ صَٰلِحِينَ فَإِنَّهُۥ كَانَ لِلۡأَوَّـٰبِينَ غَفُورٗا
Сендердің Раббың жан-дүниелеріңдегіні жақсы біледі. Егер түзу болатын болсаңдар, күмәнсіз, Ол - күнәсынан қайтатындарға өте Кешірімді.
التفاسير العربية:
وَءَاتِ ذَا ٱلۡقُرۡبَىٰ حَقَّهُۥ وَٱلۡمِسۡكِينَ وَٱبۡنَ ٱلسَّبِيلِ وَلَا تُبَذِّرۡ تَبۡذِيرًا
Сондай-ақ жақындарға, кедейлерге және / жолда қалған / жолаушыға хақысын бер, бірақ тым шашылма,
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلۡمُبَذِّرِينَ كَانُوٓاْ إِخۡوَٰنَ ٱلشَّيَٰطِينِۖ وَكَانَ ٱلشَّيۡطَٰنُ لِرَبِّهِۦ كَفُورٗا
негізінде, ысырапшылар - шайтанның ағайындары. Ал, шайтан Раббысының игіліктерін мүлдем мойындамайды.
التفاسير العربية:

وَإِمَّا تُعۡرِضَنَّ عَنۡهُمُ ٱبۡتِغَآءَ رَحۡمَةٖ مِّن رَّبِّكَ تَرۡجُوهَا فَقُل لَّهُمۡ قَوۡلٗا مَّيۡسُورٗا
Ал, егер олардан Раббыңның мейірімін үміт еткен халде бет бұратын болсаң / бір нәрсе бере алмасаң / , оларға жұмсақ сөз сөйле.
التفاسير العربية:
وَلَا تَجۡعَلۡ يَدَكَ مَغۡلُولَةً إِلَىٰ عُنُقِكَ وَلَا تَبۡسُطۡهَا كُلَّ ٱلۡبَسۡطِ فَتَقۡعُدَ مَلُومٗا مَّحۡسُورًا
Әрі қолыңды мойныңа байлаулы етпе және оны барынша жайып та жіберме. Онда жазғырылып, тарыққан хәлде қаласың.
التفاسير العربية:
إِنَّ رَبَّكَ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقۡدِرُۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِعِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرٗا
Ақиқатында, Раббың ризықты кімге қаласа кеңітеді не шектеп қояды / тарылтады / . Ол - құлдарынан Хабардар және Көріп тұрушы. @مصحح
Ақиқатында, Раббың ризықты кімге қаласа кеңітеді не шектеп қояды / тарылтады / . Ол - құлдарынан Хабардар және Көріп тұрушы.
التفاسير العربية:
وَلَا تَقۡتُلُوٓاْ أَوۡلَٰدَكُمۡ خَشۡيَةَ إِمۡلَٰقٖۖ نَّحۡنُ نَرۡزُقُهُمۡ وَإِيَّاكُمۡۚ إِنَّ قَتۡلَهُمۡ كَانَ خِطۡـٔٗا كَبِيرٗا
Әрі балаларыңды жоқшылықтан қорқып өлтірмеңдер. Оларға да, сендерге де ризықты Біз береміз. Ақиқатында, оларды өлтіру үлкен - күнә.
التفاسير العربية:
وَلَا تَقۡرَبُواْ ٱلزِّنَىٰٓۖ إِنَّهُۥ كَانَ فَٰحِشَةٗ وَسَآءَ سَبِيلٗا
Әрі зинаға жақындамаңдар, өйткені ол жиіркенішті іс және жаман жол.
التفاسير العربية:
وَلَا تَقۡتُلُواْ ٱلنَّفۡسَ ٱلَّتِي حَرَّمَ ٱللَّهُ إِلَّا بِٱلۡحَقِّۗ وَمَن قُتِلَ مَظۡلُومٗا فَقَدۡ جَعَلۡنَا لِوَلِيِّهِۦ سُلۡطَٰنٗا فَلَا يُسۡرِف فِّي ٱلۡقَتۡلِۖ إِنَّهُۥ كَانَ مَنصُورٗا
Әрі құқықты / заңды / түрде болмаса, Аллаһ / өлтіруге / тыйым салған жанды өлтірмеңдер. Кім әділетсіздікпен өлтірілсе, Біз оның / өлгеннің / ең жақын туысына билік бердік. Бірақ ол өлтіруде / кек алуда / шектен шықпасын. Негізінде, оған жәрдем беріледі.
التفاسير العربية:
وَلَا تَقۡرَبُواْ مَالَ ٱلۡيَتِيمِ إِلَّا بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُ حَتَّىٰ يَبۡلُغَ أَشُدَّهُۥۚ وَأَوۡفُواْ بِٱلۡعَهۡدِۖ إِنَّ ٱلۡعَهۡدَ كَانَ مَسۡـُٔولٗا
Және жетімнің дүниесіне ең жақсы жолмен болмаса, ол балиғатқа толғанша жоламаңдар. Келісімді орындаңдар. Өйткені уәдесұралады.
التفاسير العربية:
وَأَوۡفُواْ ٱلۡكَيۡلَ إِذَا كِلۡتُمۡ وَزِنُواْ بِٱلۡقِسۡطَاسِ ٱلۡمُسۡتَقِيمِۚ ذَٰلِكَ خَيۡرٞ وَأَحۡسَنُ تَأۡوِيلٗا
Сондай-ақ, өлшеген кездеріңде өлшемді толық орындаңдар және тура таразылармен тартыңдар. Бұл қайырлы әрі нәтиже тұрғысында да жақсы.
التفاسير العربية:
وَلَا تَقۡفُ مَا لَيۡسَ لَكَ بِهِۦ عِلۡمٌۚ إِنَّ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡبَصَرَ وَٱلۡفُؤَادَ كُلُّ أُوْلَـٰٓئِكَ كَانَ عَنۡهُ مَسۡـُٔولٗا
Әрі өзіңде білімі болмаған нәрсеге ерме. Анығында, есту, көру және жүрек - бұлардың әрқайсысысұраққа тартылады.
التفاسير العربية:
وَلَا تَمۡشِ فِي ٱلۡأَرۡضِ مَرَحًاۖ إِنَّكَ لَن تَخۡرِقَ ٱلۡأَرۡضَ وَلَن تَبۡلُغَ ٱلۡجِبَالَ طُولٗا
Әрі жер бетінде өзіңді жоғары санап, кердеңдеп жүрме, өйткені сен жерді тесіп жібере алмайсың және биіктікте де тауларға жете алмайсың.
التفاسير العربية:
كُلُّ ذَٰلِكَ كَانَ سَيِّئُهُۥ عِندَ رَبِّكَ مَكۡرُوهٗا
Осылардың / қайтарылған амалдардың / барлығы жаман, Раббыңның алдында жеккөрінішті.
التفاسير العربية:

ذَٰلِكَ مِمَّآ أَوۡحَىٰٓ إِلَيۡكَ رَبُّكَ مِنَ ٱلۡحِكۡمَةِۗ وَلَا تَجۡعَلۡ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتُلۡقَىٰ فِي جَهَنَّمَ مَلُومٗا مَّدۡحُورًا
/ Ей, Мұхаммед! / Бұл - Раббың саған уахи еткен даналықтан. Аллаһпен қатар басқаны құдай етіп алма, онда жазғырылып,ь / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылған түрде Жаһаннамға тасталасың.
التفاسير العربية:
أَفَأَصۡفَىٰكُمۡ رَبُّكُم بِٱلۡبَنِينَ وَٱتَّخَذَ مِنَ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةِ إِنَٰثًاۚ إِنَّكُمۡ لَتَقُولُونَ قَوۡلًا عَظِيمٗا
Сендердің Раббың ұл балаларды тек сендерге беріп, ал Өзіне періштелерден қыздар алды ма? Негізінде, сендер өте үлкен / ауыр / сөз айтудасыңдар.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ صَرَّفۡنَا فِي هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ لِيَذَّكَّرُواْ وَمَا يَزِيدُهُمۡ إِلَّا نُفُورٗا
Ақиқатында, Біз осы Құранда / үкімдер мен насихаттарды / олар еске алулары үшін түсіндірдік. Бірақ бұл олардың безінуін ғана арттырды.
التفاسير العربية:
قُل لَّوۡ كَانَ مَعَهُۥٓ ءَالِهَةٞ كَمَا يَقُولُونَ إِذٗا لَّٱبۡتَغَوۡاْ إِلَىٰ ذِي ٱلۡعَرۡشِ سَبِيلٗا
Айт: «Егер де олар айтып жүргендей, Онымен / Аллаһпен / бірге басқа құдайлар болғанда, ол құдайлар Аршының иесіне қарай бір жолды / табуды / қалар еді.
التفاسير العربية:
سُبۡحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يَقُولُونَ عُلُوّٗا كَبِيرٗا
Ол / Аллаһ / - олардың айтып жатқандарынан пәк әрі өте жоғары.
التفاسير العربية:
تُسَبِّحُ لَهُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ ٱلسَّبۡعُ وَٱلۡأَرۡضُ وَمَن فِيهِنَّۚ وَإِن مِّن شَيۡءٍ إِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمۡدِهِۦ وَلَٰكِن لَّا تَفۡقَهُونَ تَسۡبِيحَهُمۡۚ إِنَّهُۥ كَانَ حَلِيمًا غَفُورٗا
Жеті аспан мен жер және онда болғандар Оны / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді. @مصحح
Жеті аспан мен жер және онда болғандар Оны / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды / Халим / , өте Кешірімді / Ғафур / .
التفاسير العربية:
وَإِذَا قَرَأۡتَ ٱلۡقُرۡءَانَ جَعَلۡنَا بَيۡنَكَ وَبَيۡنَ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ حِجَابٗا مَّسۡتُورٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Сен Құранды оқыған кезіңде сені мен соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер арасында көрінбейтін бір шымылдық жасадық.
التفاسير العربية:
وَجَعَلۡنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ أَكِنَّةً أَن يَفۡقَهُوهُ وَفِيٓ ءَاذَانِهِمۡ وَقۡرٗاۚ وَإِذَا ذَكَرۡتَ رَبَّكَ فِي ٱلۡقُرۡءَانِ وَحۡدَهُۥ وَلَّوۡاْ عَلَىٰٓ أَدۡبَٰرِهِمۡ نُفُورٗا
Біз олардың ұқпаулары үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Сен Құранда Раббыңның жалғыз екенін еске алған кезіңде, олар жиренген күйі арттарына бұрылады.
التفاسير العربية:
نَّحۡنُ أَعۡلَمُ بِمَا يَسۡتَمِعُونَ بِهِۦٓ إِذۡ يَسۡتَمِعُونَ إِلَيۡكَ وَإِذۡ هُمۡ نَجۡوَىٰٓ إِذۡ يَقُولُ ٱلظَّـٰلِمُونَ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَجُلٗا مَّسۡحُورًا
Біз, олардың сені тыңдаған кездерінде нені тыңдайтындарын жақсы білеміз. Олар құпия сөйлескендерінде, әділетсіздер: «Сен­дер сиқырланған кісіге еріп жүрсіңдер», -дейді.
التفاسير العربية:
ٱنظُرۡ كَيۡفَ ضَرَبُواْ لَكَ ٱلۡأَمۡثَالَ فَضَلُّواْ فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ سَبِيلٗا
Олардың саған қалай мысалдар келтіргенін назар сал. Олар сөйтіп адасты, енді жол таба алмайды.
التفاسير العربية:
وَقَالُوٓاْ أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمٗا وَرُفَٰتًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ خَلۡقٗا جَدِيدٗا
Әрі олар: «Біз сүйек және күйреп қоқым болып кеткен кезімізде, жаңадан жаратылып, қайта тірілтілеміз бе?» - деді.
التفاسير العربية:

۞قُلۡ كُونُواْ حِجَارَةً أَوۡ حَدِيدًا
/ Ей, Мұхаммед! / Оларға: «Тас не темір болыңдар,
التفاسير العربية:
أَوۡ خَلۡقٗا مِّمَّا يَكۡبُرُ فِي صُدُورِكُمۡۚ فَسَيَقُولُونَ مَن يُعِيدُنَاۖ قُلِ ٱلَّذِي فَطَرَكُمۡ أَوَّلَ مَرَّةٖۚ فَسَيُنۡغِضُونَ إِلَيۡكَ رُءُوسَهُمۡ وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هُوَۖ قُلۡ عَسَىٰٓ أَن يَكُونَ قَرِيبٗا
не көңілдеріңде үлкен көрінген бір жаратылыс болыңдар / бәрібір тірілтілесіңдер / », -де. Олар: «Бізді кім қайта тірілтеді?» дейді. Айт: «Өздеріңді алғашқы ретте жаратқан», - деп. Олар саған бастарын шайқап: «Ол қашан?» - дейді. Айт: «Ол жақында болады », -деп.
التفاسير العربية:
يَوۡمَ يَدۡعُوكُمۡ فَتَسۡتَجِيبُونَ بِحَمۡدِهِۦ وَتَظُنُّونَ إِن لَّبِثۡتُمۡ إِلَّا قَلِيلٗا
Ол сендерді шақырған / Есеп / күні, сен­дер Оған мақтау айтып жауап бересіңдер әрі / дүниеде / аз ғана болдық деп ойлайсыңдар.
التفاسير العربية:
وَقُل لِّعِبَادِي يَقُولُواْ ٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُۚ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ يَنزَغُ بَيۡنَهُمۡۚ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ كَانَ لِلۡإِنسَٰنِ عَدُوّٗا مُّبِينٗا
Құлдарыма айт, олар ең жақсыны сөйлесін. Шын мәнінде, шайтан олардың арасына наз'ғ қылады / іріткі салып, бұзады / .Анығында, шайтан адам баласына анық дұшпан. @مصحح
Құлдарыма айт, олар ең жақсыны сөйлесін. Шын мәнінде, шайтан олардың арасына наз'ғ қылады / іріткі салып, бұзады / .Анығында, шайтан адам баласына анық дұшпан.
التفاسير العربية:
رَّبُّكُمۡ أَعۡلَمُ بِكُمۡۖ إِن يَشَأۡ يَرۡحَمۡكُمۡ أَوۡ إِن يَشَأۡ يُعَذِّبۡكُمۡۚ وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ عَلَيۡهِمۡ وَكِيلٗا
Сендерді Раббың жақсы біледі. Қаласа, сендерге мейірім етеді, қаласа азаптайды. Біз сені олар үшін жауапты етіп жібермедік.
التفاسير العربية:
وَرَبُّكَ أَعۡلَمُ بِمَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۗ وَلَقَدۡ فَضَّلۡنَا بَعۡضَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ عَلَىٰ بَعۡضٖۖ وَءَاتَيۡنَا دَاوُۥدَ زَبُورٗا
Сондай-ақ, сенің Раббың аспандардағы және жердегілерді жақсы біледі. Біз пайғамбарлардың кейбіріне өзгелерінен артықшылық бердік. Әрі Дәуітке Забурды бердік.
التفاسير العربية:
قُلِ ٱدۡعُواْ ٱلَّذِينَ زَعَمۡتُم مِّن دُونِهِۦ فَلَا يَمۡلِكُونَ كَشۡفَ ٱلضُّرِّ عَنكُمۡ وَلَا تَحۡوِيلًا
/ Ей, Мұхаммед / / Оларға: «Одан өзге / құдай деп / ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың сендерден зиянды кетіруге, бұрып жіберуге шамасы жоқ», - деп айт.
التفاسير العربية:
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ يَبۡتَغُونَ إِلَىٰ رَبِّهِمُ ٱلۡوَسِيلَةَ أَيُّهُمۡ أَقۡرَبُ وَيَرۡجُونَ رَحۡمَتَهُۥ وَيَخَافُونَ عَذَابَهُۥٓۚ إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ كَانَ مَحۡذُورٗا
Олардың табынғандарының өздері Раббысына қарай жақындататын жол іздеп, Оған жақынырақ болуға ұмтылады. Олар Оның мейірімін үміт етеді әрі азабынан қорқады. Ақиқатында, Раббыңның азабы - қорғанып, сақтануға тиіс / қажетті / болған нәрсе.
التفاسير العربية:
وَإِن مِّن قَرۡيَةٍ إِلَّا نَحۡنُ مُهۡلِكُوهَا قَبۡلَ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ أَوۡ مُعَذِّبُوهَا عَذَابٗا شَدِيدٗاۚ كَانَ ذَٰلِكَ فِي ٱلۡكِتَٰبِ مَسۡطُورٗا
Біз Қайта тірілу күніне дейін / күнәларының себебінен / жойып жібермейтін немесе қатты азапқа ұшыратпайтын бірде-бір елді мекен жоқ. Бұл - Кітапта / Ләухул-Махфузда / жазылып қойылған.
التفاسير العربية:

وَمَا مَنَعَنَآ أَن نُّرۡسِلَ بِٱلۡأٓيَٰتِ إِلَّآ أَن كَذَّبَ بِهَا ٱلۡأَوَّلُونَۚ وَءَاتَيۡنَا ثَمُودَ ٱلنَّاقَةَ مُبۡصِرَةٗ فَظَلَمُواْ بِهَاۚ وَمَا نُرۡسِلُ بِٱلۡأٓيَٰتِ إِلَّا تَخۡوِيفٗا
Әрі Біз мұғжизаларды алдыңғы өткендердің оны / мұғжизаны / өтірікке шығарғандығы үшін жібермедік. Біз Сәмүд еліне анық көрінетін / мұғжиза ретінде / түйе бердік, бірақ олар оған әділетсіздік жасады. Әрі Біз мұғжизаларды / кереметтерді / тек қорқыту үшін ғана жібереміз.
التفاسير العربية:
وَإِذۡ قُلۡنَا لَكَ إِنَّ رَبَّكَ أَحَاطَ بِٱلنَّاسِۚ وَمَا جَعَلۡنَا ٱلرُّءۡيَا ٱلَّتِيٓ أَرَيۡنَٰكَ إِلَّا فِتۡنَةٗ لِّلنَّاسِ وَٱلشَّجَرَةَ ٱلۡمَلۡعُونَةَ فِي ٱلۡقُرۡءَانِۚ وَنُخَوِّفُهُمۡ فَمَا يَزِيدُهُمۡ إِلَّا طُغۡيَٰنٗا كَبِيرٗا
/ Ей, Мұхаммед!! Кезінде саған: «Ақиқатында, Раббың адамдарды барлық жағынан қамтыған», -дедік. Әрі саған / Исра кешінде! көрсеткенімізді адамдар үшін сынақ еттік. Сондай-ақ, Құрандағы лағнеттелген ағашты да. Біз оларды қорқытамыз, бірақ бұл олардың қатты шектен шығуларын ғана арттырады.
التفاسير العربية:
وَإِذۡ قُلۡنَا لِلۡمَلَـٰٓئِكَةِ ٱسۡجُدُواْ لِأٓدَمَ فَسَجَدُوٓاْ إِلَّآ إِبۡلِيسَ قَالَ ءَأَسۡجُدُ لِمَنۡ خَلَقۡتَ طِينٗا
Әрі кезінде періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер!» - дедік. Сонда олар сәжде етті. Тек Ібіліс / сәжде етпей / : «Сен лайдан жаратқан біреуге сәжде жасаймын ба?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ أَرَءَيۡتَكَ هَٰذَا ٱلَّذِي كَرَّمۡتَ عَلَيَّ لَئِنۡ أَخَّرۡتَنِ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ لَأَحۡتَنِكَنَّ ذُرِّيَّتَهُۥٓ إِلَّا قَلِيلٗا
/ Ібіліс / : «Маған хабар берші, Өзің менен құрметті еткенің мынау ма? Егер маған Қайта тірілу күніне дейін уақыт берсең / кешіктірсен / , мен оның ұрпағының азынан басқасын жүгендеп аламын», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ ٱذۡهَبۡ فَمَن تَبِعَكَ مِنۡهُمۡ فَإِنَّ جَهَنَّمَ جَزَآؤُكُمۡ جَزَآءٗ مَّوۡفُورٗا
Аллаһ: «Кет! Олардан кім саған ерсе, сендердің қайтарым жазаларың - Жаһаннам, ол - / іс-амалдардың / қайтарымы ретіндегі толық жаза.
التفاسير العربية:
وَٱسۡتَفۡزِزۡ مَنِ ٱسۡتَطَعۡتَ مِنۡهُم بِصَوۡتِكَ وَأَجۡلِبۡ عَلَيۡهِم بِخَيۡلِكَ وَرَجِلِكَ وَشَارِكۡهُمۡ فِي ٱلۡأَمۡوَٰلِ وَٱلۡأَوۡلَٰدِ وَعِدۡهُمۡۚ وَمَا يَعِدُهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ إِلَّا غُرُورًا
Олардан әлің келгенді дауысыңмен еліктіріп қозғау сал. Оларға қарсы атты және жаяу әскеріңді сал. Әрі олардың мал-дүниелері және перзенттеріне араласып, ортақ бол. Әрі оларға уәде бер», - деді. Негізінде, шайтан оларға жалған нәрсеге үміттендіруден / алдаудан / басқа нәрсені уәде ете алмайды.
التفاسير العربية:
إِنَّ عِبَادِي لَيۡسَ لَكَ عَلَيۡهِمۡ سُلۡطَٰنٞۚ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ وَكِيلٗا
Ақиқатында, құлдарыма / Маған шы­найы құл болғандарға /- олардың үстінен сенде билік жоқ. Әрі Раббың - қорғап, сақтаушы ретінде жеткілікті.
التفاسير العربية:
رَّبُّكُمُ ٱلَّذِي يُزۡجِي لَكُمُ ٱلۡفُلۡكَ فِي ٱلۡبَحۡرِ لِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِكُمۡ رَحِيمٗا
Сендердің Раббың, Өзінің кеңшілігін іздеулерің үшін кемелерді теңізде жүргізеді. Шын мәнінде, Ол сендерге Мейірімді.
التفاسير العربية:

وَإِذَا مَسَّكُمُ ٱلضُّرُّ فِي ٱلۡبَحۡرِ ضَلَّ مَن تَدۡعُونَ إِلَّآ إِيَّاهُۖ فَلَمَّا نَجَّىٰكُمۡ إِلَى ٱلۡبَرِّ أَعۡرَضۡتُمۡۚ وَكَانَ ٱلۡإِنسَٰنُ كَفُورًا
Сендерге теңізде бір зиян келген кезде, Одан / Аллаһтан / өзге жалбарынғандарың жоқ болып кетеді. Ал, Ол өздеріңді құрлыққашығарып құтқарған кезде, сендер теріс бұрыласыңдар. Сондай-ақ, адам баласы / өзіне / берілген игіліктерді мойындамаушы.
التفاسير العربية:
أَفَأَمِنتُمۡ أَن يَخۡسِفَ بِكُمۡ جَانِبَ ٱلۡبَرِّ أَوۡ يُرۡسِلَ عَلَيۡكُمۡ حَاصِبٗا ثُمَّ لَا تَجِدُواْ لَكُمۡ وَكِيلًا
Оның сендерді құрлықта жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты дауыл жіберуінен қауіпсіз бе едіңдер? Кейін өздерің үшін қорғаушы таба алмайсыңдар.
التفاسير العربية:
أَمۡ أَمِنتُمۡ أَن يُعِيدَكُمۡ فِيهِ تَارَةً أُخۡرَىٰ فَيُرۡسِلَ عَلَيۡكُمۡ قَاصِفٗا مِّنَ ٱلرِّيحِ فَيُغۡرِقَكُم بِمَا كَفَرۡتُمۡ ثُمَّ لَا تَجِدُواْ لَكُمۡ عَلَيۡنَا بِهِۦ تَبِيعٗا
Әлде Оның сендерді оған / теңізге / тағы да қайтарып әрі қатты дауыл жіберіп, күпірліктерің / қарсы келгендіктерің / үшін суға батыруынан қауіпсіз бе едіңдер? Кейін Бізге қарсы кектеріңді даулаушы таппайсыңдар.
التفاسير العربية:
۞وَلَقَدۡ كَرَّمۡنَا بَنِيٓ ءَادَمَ وَحَمَلۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡبَرِّ وَٱلۡبَحۡرِ وَرَزَقۡنَٰهُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَفَضَّلۡنَٰهُمۡ عَلَىٰ كَثِيرٖ مِّمَّنۡ خَلَقۡنَا تَفۡضِيلٗا
Ақиқатында, Біз Адамның ұрпақтарын қадірледік. Оларды құрлықта және теңізде жүргіздік әрі оларға жақсы нәрселерден ризық бердік және оларға жаратқандарымыздың көбінен басым артықшылық бердік.
التفاسير العربية:
يَوۡمَ نَدۡعُواْ كُلَّ أُنَاسِۭ بِإِمَٰمِهِمۡۖ فَمَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ فَأُوْلَـٰٓئِكَ يَقۡرَءُونَ كِتَٰبَهُمۡ وَلَا يُظۡلَمُونَ فَتِيلٗا
Сол / ақирет / күні барлық адамдарды басшыларымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе, солар кітаптарын оқиды. Әрі оларға құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік жасалмайды.
التفاسير العربية:
وَمَن كَانَ فِي هَٰذِهِۦٓ أَعۡمَىٰ فَهُوَ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ أَعۡمَىٰ وَأَضَلُّ سَبِيلٗا
Кім / бүл дүниеде / соқыр болса, ол кейінгі мәңгілік өмірде де / ақиретте де / соқыр әрі жолдан ең қатты адасушы болады.
التفاسير العربية:
وَإِن كَادُواْ لَيَفۡتِنُونَكَ عَنِ ٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ لِتَفۡتَرِيَ عَلَيۡنَا غَيۡرَهُۥۖ وَإِذٗا لَّٱتَّخَذُوكَ خَلِيلٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Әрі олар Бізге қатысты басқа нәрсені құрастыруың үшін сені өзіңе уахи еткенімізден бұруға жақын тұрды. Сонда олар сені жақын дос етіп алар еді.
التفاسير العربية:
وَلَوۡلَآ أَن ثَبَّتۡنَٰكَ لَقَدۡ كِدتَّ تَرۡكَنُ إِلَيۡهِمۡ شَيۡـٔٗا قَلِيلًا
Егер Біз сені бекітпегенде, оларға аздап болса да келісім танытуға жақын болған едің.
التفاسير العربية:
إِذٗا لَّأَذَقۡنَٰكَ ضِعۡفَ ٱلۡحَيَوٰةِ وَضِعۡفَ ٱلۡمَمَاتِ ثُمَّ لَا تَجِدُ لَكَ عَلَيۡنَا نَصِيرٗا
Онда Біз саған өмірдің де, өлімнің де / азабының / екі есесін таттырар едік. Содан кейін өзіңе Бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің.
التفاسير العربية:

وَإِن كَادُواْ لَيَسۡتَفِزُّونَكَ مِنَ ٱلۡأَرۡضِ لِيُخۡرِجُوكَ مِنۡهَاۖ وَإِذٗا لَّا يَلۡبَثُونَ خِلَٰفَكَ إِلَّا قَلِيلٗا
Әрі олар сені, ол жерден шығарып жіберу үшін орныңнан қозғауға жақын тұрды. Сонда сенен кейін олар аз ғана тұратын еді.
التفاسير العربية:
سُنَّةَ مَن قَدۡ أَرۡسَلۡنَا قَبۡلَكَ مِن رُّسُلِنَاۖ وَلَا تَجِدُ لِسُنَّتِنَا تَحۡوِيلًا
Бұл сенен бұрын жіберген елшілеріміздің жолы. Ал, Біздің жолымызға / бекіткендерімізге / өзгерту таба алмайсың.
التفاسير العربية:
أَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَ لِدُلُوكِ ٱلشَّمۡسِ إِلَىٰ غَسَقِ ٱلَّيۡلِ وَقُرۡءَانَ ٱلۡفَجۡرِۖ إِنَّ قُرۡءَانَ ٱلۡفَجۡرِ كَانَ مَشۡهُودٗا
Күн ауғаннан түннің қараңғылығына дейін / бесін, аср, ақшам, құптан / ' намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / орында. Әрі таңның Құранын / намазын / . Анығында, таңның Құранына қатысады.
التفاسير العربية:
وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَتَهَجَّدۡ بِهِۦ نَافِلَةٗ لَّكَ عَسَىٰٓ أَن يَبۡعَثَكَ رَبُّكَ مَقَامٗا مَّحۡمُودٗا
Және түннің бір бөлігін ұйықтамай, өзіңе қосымша намазға тұр, Раббың сені бір мақтаулы орынға жібереді.
التفاسير العربية:
وَقُل رَّبِّ أَدۡخِلۡنِي مُدۡخَلَ صِدۡقٖ وَأَخۡرِجۡنِي مُخۡرَجَ صِدۡقٖ وَٱجۡعَل لِّي مِن لَّدُنكَ سُلۡطَٰنٗا نَّصِيرٗا
Әрі айт: «Раббым! Мені кіретін орныма шындықпен кіргізіп және шығатын орнымнан шындықпен шығар. Әрі Өз қасыңнан маған көмек беретін күш бер», - деп.
التفاسير العربية:
وَقُلۡ جَآءَ ٱلۡحَقُّ وَزَهَقَ ٱلۡبَٰطِلُۚ إِنَّ ٱلۡبَٰطِلَ كَانَ زَهُوقٗا
Әрі: «Ақиқат келді және жалған / негізсіз нәрселер / жойылды. Анығында, жалған / негізсіз нәрселер / сөзсіз жойылушы», - деп айт.
التفاسير العربية:
وَنُنَزِّلُ مِنَ ٱلۡقُرۡءَانِ مَا هُوَ شِفَآءٞ وَرَحۡمَةٞ لِّلۡمُؤۡمِنِينَ وَلَا يَزِيدُ ٱلظَّـٰلِمِينَ إِلَّا خَسَارٗا
Біз Құраннан имандылар / мүміндер / үшін шипа және мейірім түсіреміз. Ал әділетсіздер үшін ол / Құран / тек зиянға ұшырауларын ғана арттырады.
التفاسير العربية:
وَإِذَآ أَنۡعَمۡنَا عَلَى ٱلۡإِنسَٰنِ أَعۡرَضَ وَنَـَٔا بِجَانِبِهِۦ وَإِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ كَانَ يَـُٔوسٗا
Әрі қашан Біз адам баласына игілік берсек, ол теріс бұрылып, менменси түседі. Ал оған жамандық келсе, ол мүлде күдер үзеді.
التفاسير العربية:
قُلۡ كُلّٞ يَعۡمَلُ عَلَىٰ شَاكِلَتِهِۦ فَرَبُّكُمۡ أَعۡلَمُ بِمَنۡ هُوَ أَهۡدَىٰ سَبِيلٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әркім өзіне лайықты амал істейді. Сендердің Раббың жолда кімнің ең тура екенін жақсы біледі», - деп.
التفاسير العربية:
وَيَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلرُّوحِۖ قُلِ ٱلرُّوحُ مِنۡ أَمۡرِ رَبِّي وَمَآ أُوتِيتُم مِّنَ ٱلۡعِلۡمِ إِلَّا قَلِيلٗا
Әрі олар / иудейлер / сенен рух жайында сұрайды. «Рух - Раббымның әмірінен. Ал сен­дерге білімнен аз ғана берілді», - деп айт.
التفاسير العربية:
وَلَئِن شِئۡنَا لَنَذۡهَبَنَّ بِٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ ثُمَّ لَا تَجِدُ لَكَ بِهِۦ عَلَيۡنَا وَكِيلًا
Ал, егер қаласақ, саған уахи етіп бергенімізді алып қояр едік. Кейін бұған байланысты Бізге қарсы қорғаушы таба алмас едің.
التفاسير العربية:

إِلَّا رَحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَۚ إِنَّ فَضۡلَهُۥ كَانَ عَلَيۡكَ كَبِيرٗا
Бірақ, Раббыңнан бір мейірім ретінде / оны алмады / . / Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Оның саған деген кеңшілігі үлкен.
التفاسير العربية:
قُل لَّئِنِ ٱجۡتَمَعَتِ ٱلۡإِنسُ وَٱلۡجِنُّ عَلَىٰٓ أَن يَأۡتُواْ بِمِثۡلِ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ لَا يَأۡتُونَ بِمِثۡلِهِۦ وَلَوۡ كَانَ بَعۡضُهُمۡ لِبَعۡضٖ ظَهِيرٗا
Егер адамзат пен жын осы Құранға ұқсасты келтіруге жиналып, бір-біріне көмекші болса да оған ұқсас нәрсе әкеле алмайды.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ صَرَّفۡنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ مِن كُلِّ مَثَلٖ فَأَبَىٰٓ أَكۡثَرُ ٱلنَّاسِ إِلَّا كُفُورٗا
Негізінде, Біз адамдарға осы Құранда әрбір мысалды жан-жақты етіп түсіндірдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірлік етуден / қарсы келуден / басқаның бәрін теріске шығарды.
التفاسير العربية:
وَقَالُواْ لَن نُّؤۡمِنَ لَكَ حَتَّىٰ تَفۡجُرَ لَنَا مِنَ ٱلۡأَرۡضِ يَنۢبُوعًا
Олар: «Бізге жерден бір бұлақ жарып шығармағаныңша, саған сенбейміз.
التفاسير العربية:
أَوۡ تَكُونَ لَكَ جَنَّةٞ مِّن نَّخِيلٖ وَعِنَبٖ فَتُفَجِّرَ ٱلۡأَنۡهَٰرَ خِلَٰلَهَا تَفۡجِيرًا
Не болмаса сенде құрмадан әрі жүзімнен бір бағың болып, олардың арасынан өзендер ағызып қоймағаныңша,
التفاسير العربية:
أَوۡ تُسۡقِطَ ٱلسَّمَآءَ كَمَا زَعَمۡتَ عَلَيۡنَا كِسَفًا أَوۡ تَأۡتِيَ بِٱللَّهِ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةِ قَبِيلًا
не болмаса айтқанындай, аспанды үстімізге бөлшектеп түсірмегеніңше, не Аллаһты және періштелерді қарсы алдымызға әкелмегеніңше;
التفاسير العربية:
أَوۡ يَكُونَ لَكَ بَيۡتٞ مِّن زُخۡرُفٍ أَوۡ تَرۡقَىٰ فِي ٱلسَّمَآءِ وَلَن نُّؤۡمِنَ لِرُقِيِّكَ حَتَّىٰ تُنَزِّلَ عَلَيۡنَا كِتَٰبٗا نَّقۡرَؤُهُۥۗ قُلۡ سُبۡحَانَ رَبِّي هَلۡ كُنتُ إِلَّا بَشَرٗا رَّسُولٗا
не болмаса сенде алтынмен әшекейленген бір үй болғанға дейін, не сен аспанға көтерілгеніңше. Алайда, бізге оқитын бір кітап түсірмейінше, көтерілгеніңе де сенбейміз», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым - / барлық кемшіліктерден / пәк! Мен бар болғаны Елші етіп жіберілген адам емеспін бе?»- деп.
التفاسير العربية:
وَمَا مَنَعَ ٱلنَّاسَ أَن يُؤۡمِنُوٓاْ إِذۡ جَآءَهُمُ ٱلۡهُدَىٰٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓاْ أَبَعَثَ ٱللَّهُ بَشَرٗا رَّسُولٗا
Адамдарға тура жол келген кезде, олардыңиманға келуіне: «Аллаһ Елші етіп адамды жіберді ме?» -деп айтулары кедергі болды.
التفاسير العربية:
قُل لَّوۡ كَانَ فِي ٱلۡأَرۡضِ مَلَـٰٓئِكَةٞ يَمۡشُونَ مُطۡمَئِنِّينَ لَنَزَّلۡنَا عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ مَلَكٗا رَّسُولٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер де жер бетінде жайбарақат жүргендер періштелер болғанда, Оларға аспаннан Елші етіп періште түсіретін едік»,- деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ كَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدَۢا بَيۡنِي وَبَيۡنَكُمۡۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِعِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرٗا
Айт: «Аллаһ мені мен сендердің араларыңа куә болуда жеткілікті. Ақиқатында, Ол - құлдарынан Хабардар, бәрін Көруші», деп.
التفاسير العربية:

وَمَن يَهۡدِ ٱللَّهُ فَهُوَ ٱلۡمُهۡتَدِۖ وَمَن يُضۡلِلۡ فَلَن تَجِدَ لَهُمۡ أَوۡلِيَآءَ مِن دُونِهِۦۖ وَنَحۡشُرُهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ عَلَىٰ وُجُوهِهِمۡ عُمۡيٗا وَبُكۡمٗا وَصُمّٗاۖ مَّأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُۖ كُلَّمَا خَبَتۡ زِدۡنَٰهُمۡ سَعِيرٗا
Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, олар үшін Одан өзге қамқоршылар таппайсың. Оларды Қайта тірілу күні жүзімен / етпеттеп / жатқан күйлерінде соқыр, мылқау әрі керең етіп жинаймыз. Олардың орны - Жаһаннам. Ол толастаған сайын, оның жалынын арттыра түсеміз.
التفاسير العربية:
ذَٰلِكَ جَزَآؤُهُم بِأَنَّهُمۡ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَقَالُوٓاْ أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمٗا وَرُفَٰتًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ خَلۡقٗا جَدِيدًا
Бұл - олардың аяттарымызға күпірлік еткендері / сенбегені, теріске шығарғандықтары / және: «Біз сүйек әрі уатылған қоқым болған кезімізде, жаңадан жаратылып, тірілтілеміз бе?» - деп айтқандықтары үшін берілген қайтарым жазасы.
التفاسير العربية:
۞أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّ ٱللَّهَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ قَادِرٌ عَلَىٰٓ أَن يَخۡلُقَ مِثۡلَهُمۡ وَجَعَلَ لَهُمۡ أَجَلٗا لَّا رَيۡبَ فِيهِ فَأَبَى ٱلظَّـٰلِمُونَ إِلَّا كُفُورٗا
Олар аспандарды және жерді жаратқан Аллаһтың, олар сияқтыны да жаратуғақұдіреті жететінін білмей ме? Әрі Ол олар үшін бір мерзім белгіледі. Оның болуында күмән жоқ. Бірақ әділетсіздер күпірліктен / имансыздықтан / басқаны теріске шығарады / қаламайды / .
التفاسير العربية:
قُل لَّوۡ أَنتُمۡ تَمۡلِكُونَ خَزَآئِنَ رَحۡمَةِ رَبِّيٓ إِذٗا لَّأَمۡسَكۡتُمۡ خَشۡيَةَ ٱلۡإِنفَاقِۚ وَكَانَ ٱلۡإِنسَٰنُ قَتُورٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер сендер Раббымның мейірімінің қазыналарына ие болғандарыңда да оның жұмсалып кетуінен қорқып, өздерінде ұстап қалатын едіңдер. Адам баласына сараңдық тән»,- деп.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَىٰ تِسۡعَ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتٖۖ فَسۡـَٔلۡ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ إِذۡ جَآءَهُمۡ فَقَالَ لَهُۥ فِرۡعَوۡنُ إِنِّي لَأَظُنُّكَ يَٰمُوسَىٰ مَسۡحُورٗا
Ақиқатында, Біз Мұсаға тоғыз анық белгі-мұғжиза бердік. Исраил ұрпақтарынан сұра, ол / Мұса / оларға келген кезде, Фиръаун: «Ей, Мұса, мен сені сиқырланған деп есептеймін», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ لَقَدۡ عَلِمۡتَ مَآ أَنزَلَ هَـٰٓؤُلَآءِ إِلَّا رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ بَصَآئِرَ وَإِنِّي لَأَظُنُّكَ يَٰفِرۡعَوۡنُ مَثۡبُورٗا
/ Мұса / : «Негізінде, сен бұларды көрнекі белгілер етіп, аспандардың және жердің Раббысы түсіргенін білдің. Анығында, мен сені, ей Фиръаун, құриды деп ойлаймын»,- деді.
التفاسير العربية:
فَأَرَادَ أَن يَسۡتَفِزَّهُم مِّنَ ٱلۡأَرۡضِ فَأَغۡرَقۡنَٰهُ وَمَن مَّعَهُۥ جَمِيعٗا
Ол / Фиръаун / оларды ол жерден шығарып / жойып / жіберуді қалады. Сонда Біз оны және онымен бірге болғандардың барлығын суға батырдық.
التفاسير العربية:
وَقُلۡنَا مِنۢ بَعۡدِهِۦ لِبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱسۡكُنُواْ ٱلۡأَرۡضَ فَإِذَا جَآءَ وَعۡدُ ٱلۡأٓخِرَةِ جِئۡنَا بِكُمۡ لَفِيفٗا
Әрі одан кейін Исраил ұрпақтарына: «Осы жерде тұрыңдар. Ал, қашан соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / уәдесі келген кезде, барлығыңды бірге жинаймыз», - дедік.
التفاسير العربية:

وَبِٱلۡحَقِّ أَنزَلۡنَٰهُ وَبِٱلۡحَقِّ نَزَلَۗ وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ إِلَّا مُبَشِّرٗا وَنَذِيرٗا
Әрі Біз оны / Құранды / ақиқатпен түсірдік және ол ақиқатпен түсті. Ал сені қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші ғана етіп жібердік.
التفاسير العربية:
وَقُرۡءَانٗا فَرَقۡنَٰهُ لِتَقۡرَأَهُۥ عَلَى ٱلنَّاسِ عَلَىٰ مُكۡثٖ وَنَزَّلۡنَٰهُ تَنزِيلٗا
Әрі Құранды адамдарға асықпай, анықтап оқып беруің үшін оны / бұл уаһиларды / бөліктерге бөлдік. Әрі Біз оны біртіндеп / рет-ретімен / түсірдік.
التفاسير العربية:
قُلۡ ءَامِنُواْ بِهِۦٓ أَوۡ لَا تُؤۡمِنُوٓاْۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ مِن قَبۡلِهِۦٓ إِذَا يُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ يَخِرُّونَۤ لِلۡأَذۡقَانِۤ سُجَّدٗاۤ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Оған сеніңдер не сенбеңдер. Ақиқатында, бұданбұрын өздеріне білім / Кітап / берілгендер, оларға ол / Құран / оқылған кезде иектерімен / жүздерімен / сәждеге жығылады», - деп.
التفاسير العربية:
وَيَقُولُونَ سُبۡحَٰنَ رَبِّنَآ إِن كَانَ وَعۡدُ رَبِّنَا لَمَفۡعُولٗا
/ Олар!: «Раббымыз / барлық кемшіліктен / пәк. Раббымыздың уәдесі әлбетте орындалды», - дейді.
التفاسير العربية:
وَيَخِرُّونَ لِلۡأَذۡقَانِ يَبۡكُونَ وَيَزِيدُهُمۡ خُشُوعٗا۩
Олар жылап, иектерімен / жүздерімен / жығылады және ол / Құран / олардың бойсұна берілуін арттырады.
التفاسير العربية:
قُلِ ٱدۡعُواْ ٱللَّهَ أَوِ ٱدۡعُواْ ٱلرَّحۡمَٰنَۖ أَيّٗا مَّا تَدۡعُواْ فَلَهُ ٱلۡأَسۡمَآءُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ وَلَا تَجۡهَرۡ بِصَلَاتِكَ وَلَا تُخَافِتۡ بِهَا وَٱبۡتَغِ بَيۡنَ ذَٰلِكَ سَبِيلٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ деп тілеңдер / шақырыңдар / не әр-Рахман деп тілеңдер, қайсысымен тілесеңдер де ең көркем есімдер - Онікі. Намаз оқығаныңда дауысыңды көтеріп те және сыбырлап та оқыма, осының арасынан бір жол таңда», - деп.
التفاسير العربية:
وَقُلِ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي لَمۡ يَتَّخِذۡ وَلَدٗا وَلَمۡ يَكُن لَّهُۥ شَرِيكٞ فِي ٱلۡمُلۡكِ وَلَمۡ يَكُن لَّهُۥ وَلِيّٞ مِّنَ ٱلذُّلِّۖ وَكَبِّرۡهُ تَكۡبِيرَۢا
Және айт: «Барлық мақтау ешбір бала иемденбеген және билікте ешбір серігі болмаған әрі әлсіздіктен көмекшіге мұқтаж болмаған - Аллаһқа!» - деп. Әрі Оны дәріптей ұлықта.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: الإسراء
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق