ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: الكهف
آية:
 

سورة الكهف - суратуль-Кәһф

ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ عَلَىٰ عَبۡدِهِ ٱلۡكِتَٰبَ وَلَمۡ يَجۡعَل لَّهُۥ عِوَجَاۜ
Барлық мақтау Аллаһқа, сондай құлына Кітапты / Құранды / түсірген және онда / Құранда / ешбір қисықтық, ауытқу / кемшілік / жасамай,
التفاسير العربية:
قَيِّمٗا لِّيُنذِرَ بَأۡسٗا شَدِيدٗا مِّن لَّدُنۡهُ وَيُبَشِّرَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٱلَّذِينَ يَعۡمَلُونَ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ أَنَّ لَهُمۡ أَجۡرًا حَسَنٗا
тура еткен. / Ол арқылы / Өзінен болатын қатты азапты ескерту және ізгі амал істейтін имандыларды / мүміндерді / - оларға болатын көркем сыймен қуандыру үшін.
التفاسير العربية:
مَّـٰكِثِينَ فِيهِ أَبَدٗا
Олар / имандылар / онда мәңгі тұрады.
التفاسير العربية:
وَيُنذِرَ ٱلَّذِينَ قَالُواْ ٱتَّخَذَ ٱللَّهُ وَلَدٗا
Әрі: «Аллаһ бала иемденді», - деп айтқандарды ескерту үшін.
التفاسير العربية:

مَّا لَهُم بِهِۦ مِنۡ عِلۡمٖ وَلَا لِأٓبَآئِهِمۡۚ كَبُرَتۡ كَلِمَةٗ تَخۡرُجُ مِنۡ أَفۡوَٰهِهِمۡۚ إِن يَقُولُونَ إِلَّا كَذِبٗا
Бұл туралы оларда ешбір білім жоқ әрі олардың әкелерінде де. Олардың ауыздарынан шыққан сөз өте үлкен / ауыр / . Олар тек өтірікті ғана айтады.
التفاسير العربية:
فَلَعَلَّكَ بَٰخِعٞ نَّفۡسَكَ عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِمۡ إِن لَّمۡ يُؤۡمِنُواْ بِهَٰذَا ٱلۡحَدِيثِ أَسَفًا
/ Ей, Мұхаммед! / Олар осы сөзге Құранға сенбесе, сен қайғырып, олардың соңынан / соларға бола / , өзіңді құрта жаздайсың.
التفاسير العربية:
إِنَّا جَعَلۡنَا مَا عَلَى ٱلۡأَرۡضِ زِينَةٗ لَّهَا لِنَبۡلُوَهُمۡ أَيُّهُمۡ أَحۡسَنُ عَمَلٗا
Ақиқатында, олардың қайсысы амал етуде жақсы екенін сынау үшін Біз жер үстіндегі бар нәрселерді, оның көркі етіп қойдық.
التفاسير العربية:
وَإِنَّا لَجَٰعِلُونَ مَا عَلَيۡهَا صَعِيدٗا جُرُزًا
Әрі шын мәнінде, Біз оның / жердің / үстіндегілердің барлығын құр топыраққа айналдырамыз.
التفاسير العربية:
أَمۡ حَسِبۡتَ أَنَّ أَصۡحَٰبَ ٱلۡكَهۡفِ وَٱلرَّقِيمِ كَانُواْ مِنۡ ءَايَٰتِنَا عَجَبًا
/ Ей, Мұхаммед! / әлде сен үңгір және Рақим иелері Біздің белгілеріміздің ішіндегі таңғажайыбы деп ойладың ба?!
التفاسير العربية:
إِذۡ أَوَى ٱلۡفِتۡيَةُ إِلَى ٱلۡكَهۡفِ فَقَالُواْ رَبَّنَآ ءَاتِنَا مِن لَّدُنكَ رَحۡمَةٗ وَهَيِّئۡ لَنَا مِنۡ أَمۡرِنَا رَشَدٗا
Кезінде жас жігіттер үңгірді паналап: «Раббымыз! Бізге Өзіңнен мейірім нәсіп ет! Әрі ісімізде бізге туралық бер», - деді.
التفاسير العربية:
فَضَرَبۡنَا عَلَىٰٓ ءَاذَانِهِمۡ فِي ٱلۡكَهۡفِ سِنِينَ عَدَدٗا
Сонда Біз олардың құлақтарын бірнеше жылға бекіттік.
التفاسير العربية:
ثُمَّ بَعَثۡنَٰهُمۡ لِنَعۡلَمَ أَيُّ ٱلۡحِزۡبَيۡنِ أَحۡصَىٰ لِمَا لَبِثُوٓاْ أَمَدٗا
Содан кейін екі топтың қайсысы мерзімді дәлірек есептейтінін білу үшін оларды қайтадан тірілттік / ояттық / .
التفاسير العربية:
نَّحۡنُ نَقُصُّ عَلَيۡكَ نَبَأَهُم بِٱلۡحَقِّۚ إِنَّهُمۡ فِتۡيَةٌ ءَامَنُواْ بِرَبِّهِمۡ وَزِدۡنَٰهُمۡ هُدٗى
/ Ей, Мұхаммед! / Саған олардың хабарын ақиқатпен баян етеміз. Күдіксіз, олар өздерінің Раббысына сенген жігіттер еді, Біз олардың туралықтарын арттыра түстік.
التفاسير العربية:
وَرَبَطۡنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ إِذۡ قَامُواْ فَقَالُواْ رَبُّنَا رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ لَن نَّدۡعُوَاْ مِن دُونِهِۦٓ إِلَٰهٗاۖ لَّقَدۡ قُلۡنَآ إِذٗا شَطَطًا
Олар тұрып: «Біздің Раббымыз - аспандардың және жердің Раббысы. Біз Одан өзгені құдай етіп ешқашан тілемейміз. Онда біз шектен шыққан сөзді айтқан боламыз», - деген кезде, Біз олардың жүректерін бекіткен едік.
التفاسير العربية:
هَـٰٓؤُلَآءِ قَوۡمُنَا ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةٗۖ لَّوۡلَا يَأۡتُونَ عَلَيۡهِم بِسُلۡطَٰنِۭ بَيِّنٖۖ فَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّنِ ٱفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبٗا
/ Олар бір-біріне / : «Мына еліміз Одан өзгені құдайлар етіп алды. Олар соларға / құдайларына / қатысты неге анық дәлел келтірмейді? Аллаһқа қатысты / ойдан / өтірікті құрастырғаннан әділетсіз кім бар?» - деді.
التفاسير العربية:

وَإِذِ ٱعۡتَزَلۡتُمُوهُمۡ وَمَا يَعۡبُدُونَ إِلَّا ٱللَّهَ فَأۡوُۥٓاْ إِلَى ٱلۡكَهۡفِ يَنشُرۡ لَكُمۡ رَبُّكُم مِّن رَّحۡمَتِهِۦ وَيُهَيِّئۡ لَكُم مِّنۡ أَمۡرِكُم مِّرۡفَقٗا
«Енді олардан және олардың Аллаһтан өзге табынғандарынан бөлініп шыққан соң, үңгірді паналаңдар. Сендердің Раббың өздеріңе мейірімін жаяды әрі істеріңе көмек беріп, жеңілдетеді», - деді.
التفاسير العربية:
۞وَتَرَى ٱلشَّمۡسَ إِذَا طَلَعَت تَّزَٰوَرُ عَن كَهۡفِهِمۡ ذَاتَ ٱلۡيَمِينِ وَإِذَا غَرَبَت تَّقۡرِضُهُمۡ ذَاتَ ٱلشِّمَالِ وَهُمۡ فِي فَجۡوَةٖ مِّنۡهُۚ ذَٰلِكَ مِنۡ ءَايَٰتِ ٱللَّهِۗ مَن يَهۡدِ ٱللَّهُ فَهُوَ ٱلۡمُهۡتَدِۖ وَمَن يُضۡلِلۡ فَلَن تَجِدَ لَهُۥ وَلِيّٗا مُّرۡشِدٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Күннің шыққан кезінде, олардың үңгірін оң жақтан ауып өткенін, ал батқан кезінде сол жағынан өтіп кеткенін көресің. Ал, олар оның / үңгірдің / ортасында болды. Бұл - Аллаһтың белгілерінен. Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, ол үшін бағыт көрсетер қамқоршы таба алмайсың.
التفاسير العربية:
وَتَحۡسَبُهُمۡ أَيۡقَاظٗا وَهُمۡ رُقُودٞۚ وَنُقَلِّبُهُمۡ ذَاتَ ٱلۡيَمِينِ وَذَاتَ ٱلشِّمَالِۖ وَكَلۡبُهُم بَٰسِطٞ ذِرَاعَيۡهِ بِٱلۡوَصِيدِۚ لَوِ ٱطَّلَعۡتَ عَلَيۡهِمۡ لَوَلَّيۡتَ مِنۡهُمۡ فِرَارٗا وَلَمُلِئۡتَ مِنۡهُمۡ رُعۡبٗا
Оларды ояу деп ойлайсың, негізінен олар ұйқыда. Біз оларды оң жағына және сол жағына аударып тұрамыз. Ал иттері үңгірдің кіре берісінде, алдыңғы екі аяғын созып жатты. Егер де оларды көргеніңде, олардан бұрылып қашып, сені қорқыныш басар еді.
التفاسير العربية:
وَكَذَٰلِكَ بَعَثۡنَٰهُمۡ لِيَتَسَآءَلُواْ بَيۡنَهُمۡۚ قَالَ قَآئِلٞ مِّنۡهُمۡ كَمۡ لَبِثۡتُمۡۖ قَالُواْ لَبِثۡنَا يَوۡمًا أَوۡ بَعۡضَ يَوۡمٖۚ قَالُواْ رَبُّكُمۡ أَعۡلَمُ بِمَا لَبِثۡتُمۡ فَٱبۡعَثُوٓاْ أَحَدَكُم بِوَرِقِكُمۡ هَٰذِهِۦٓ إِلَى ٱلۡمَدِينَةِ فَلۡيَنظُرۡ أَيُّهَآ أَزۡكَىٰ طَعَامٗا فَلۡيَأۡتِكُم بِرِزۡقٖ مِّنۡهُ وَلۡيَتَلَطَّفۡ وَلَا يُشۡعِرَنَّ بِكُمۡ أَحَدًا
Сөйтіп Біз оларды бір-бірінен сұрасулары үшін қайта тірілттік / ояттық / . Олардан біреуі «Қанша болдыңдар?» деді. Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігі»,- деді. «Қанша болғандарыңды өздеріңнің Раббың жақсы біледі. Біреулеріңді мына күміс теңгелеріңмен қалаға жіберіңдер. Тағамның қайсысы таза екенін қарап, сендерге азық алып келсін. Әрі сыпайы, сақ болсын, сендерді ешкімге байқатпасын.
التفاسير العربية:
إِنَّهُمۡ إِن يَظۡهَرُواْ عَلَيۡكُمۡ يَرۡجُمُوكُمۡ أَوۡ يُعِيدُوكُمۡ فِي مِلَّتِهِمۡ وَلَن تُفۡلِحُوٓاْ إِذًا أَبَدٗا
Егер олар сендерді көріп қойса, тас атады немесе діндеріне қайтарады. Онда сендер ешқашан мұраттарыңа жетпейсіңдер», - деді.
التفاسير العربية:

وَكَذَٰلِكَ أَعۡثَرۡنَا عَلَيۡهِمۡ لِيَعۡلَمُوٓاْ أَنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞ وَأَنَّ ٱلسَّاعَةَ لَا رَيۡبَ فِيهَآ إِذۡ يَتَنَٰزَعُونَ بَيۡنَهُمۡ أَمۡرَهُمۡۖ فَقَالُواْ ٱبۡنُواْ عَلَيۡهِم بُنۡيَٰنٗاۖ رَّبُّهُمۡ أَعۡلَمُ بِهِمۡۚ قَالَ ٱلَّذِينَ غَلَبُواْ عَلَىٰٓ أَمۡرِهِمۡ لَنَتَّخِذَنَّ عَلَيۡهِم مَّسۡجِدٗا
Осылай, Аллаһтың уәдесінің шындығын, Сағаттың / қайта тірілудің / шәксіз болатындығын / адамдар / білуі үшін оларды, бұларға кезіктірдік. Сол кезде бұлар өзара олар жөнінде дауласты. Бұлар: «Олардың басына / үңгірдің аузын бекітіп / құрылыс тұрғызыңдар. Оларды Раббысы жақсы біледі»,- деді. Бұл мәселеде үстем келгендер: «Біз олардың басына мешіт саламыз»,- деді.
التفاسير العربية:
سَيَقُولُونَ ثَلَٰثَةٞ رَّابِعُهُمۡ كَلۡبُهُمۡ وَيَقُولُونَ خَمۡسَةٞ سَادِسُهُمۡ كَلۡبُهُمۡ رَجۡمَۢا بِٱلۡغَيۡبِۖ وَيَقُولُونَ سَبۡعَةٞ وَثَامِنُهُمۡ كَلۡبُهُمۡۚ قُل رَّبِّيٓ أَعۡلَمُ بِعِدَّتِهِم مَّا يَعۡلَمُهُمۡ إِلَّا قَلِيلٞۗ فَلَا تُمَارِ فِيهِمۡ إِلَّا مِرَآءٗ ظَٰهِرٗا وَلَا تَسۡتَفۡتِ فِيهِم مِّنۡهُمۡ أَحَدٗا
Бұлар: «Олар үшеу, төртіншісі олардың иті», -деді және: «Олар бесеу, алтыншысы олардың иті», -деп жорамалдап, ғайыпты білмекші болды. Сондай-ақ олар: «Жетеу, сегізіншісі олардың иті»,-деді. Айт: «Олардың санын Раббым жақсы біледі. Оларды тек азынан басқа ешкім білмейді»,- деп. Олар жайында ашық түрде ғана сөзге бар әрі олар жайлы бұлардың / кітап иелерінің / ешқайсысынан сұрама.
التفاسير العربية:
وَلَا تَقُولَنَّ لِشَاْيۡءٍ إِنِّي فَاعِلٞ ذَٰلِكَ غَدًا
Әрі ешбір нәрсеге байланысты: «Мен мұны ертең істеймін», - деп айтпа,
التفاسير العربية:
إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ وَٱذۡكُر رَّبَّكَ إِذَا نَسِيتَ وَقُلۡ عَسَىٰٓ أَن يَهۡدِيَنِ رَبِّي لِأَقۡرَبَ مِنۡ هَٰذَا رَشَدٗا
тек: «Аллаһ қаласа» - / «Инша Аллаһ» / ,- деп қана айт. Ұмытқансәтте Раббыңды есіңе ал да: «Раббымның маған туралыққа бұдан да жақын жол көрсетуін үміт етемін»,- деп айт.
التفاسير العربية:
وَلَبِثُواْ فِي كَهۡفِهِمۡ ثَلَٰثَ مِاْئَةٖ سِنِينَ وَٱزۡدَادُواْ تِسۡعٗا
Олар үңгірде үш жүз жыл болды және тоғыз / қосылады / .
التفاسير العربية:
قُلِ ٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا لَبِثُواْۖ لَهُۥ غَيۡبُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ أَبۡصِرۡ بِهِۦ وَأَسۡمِعۡۚ مَا لَهُم مِّن دُونِهِۦ مِن وَلِيّٖ وَلَا يُشۡرِكُ فِي حُكۡمِهِۦٓ أَحَدٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олардың қанша болғанын Аллаһ жақсы біледі. Аспандардың және жердің құпиясы Оған тән. Ол - қандай керемет Көруші және Естуші! Оларда Одан өзге қамқоршы жоқ әрі Ол билігіне ешкімді ортақтастырмайды», - деп.
التفاسير العربية:
وَٱتۡلُ مَآ أُوحِيَ إِلَيۡكَ مِن كِتَابِ رَبِّكَۖ لَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَٰتِهِۦ وَلَن تَجِدَ مِن دُونِهِۦ مُلۡتَحَدٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Раббыңның кітабынан өзіңе уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін өзгертуші жоқ әрі Одан өзге / пана / қорғаныш таппайсың.
التفاسير العربية:

وَٱصۡبِرۡ نَفۡسَكَ مَعَ ٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ رَبَّهُم بِٱلۡغَدَوٰةِ وَٱلۡعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجۡهَهُۥۖ وَلَا تَعۡدُ عَيۡنَاكَ عَنۡهُمۡ تُرِيدُ زِينَةَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَلَا تُطِعۡ مَنۡ أَغۡفَلۡنَا قَلۡبَهُۥ عَن ذِكۡرِنَا وَٱتَّبَعَ هَوَىٰهُ وَكَانَ أَمۡرُهُۥ فُرُطٗا
Өздерінің Раббысына таңертең әрі кешке Оның дидарын / разылығын / қалап, тілек етушілермен бірге сабыр ет, әрі осы өмірдің көркін қалап, көздеріңді олардан бұрма. Сондай-ақ, Біз жүрегін Өзімізді еске алудан қаперсіз еткен әрі көңілқұмарлығына ерген және ісі шектен шыққан біреуге бағынба.
التفاسير العربية:
وَقُلِ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكُمۡۖ فَمَن شَآءَ فَلۡيُؤۡمِن وَمَن شَآءَ فَلۡيَكۡفُرۡۚ إِنَّآ أَعۡتَدۡنَا لِلظَّـٰلِمِينَ نَارًا أَحَاطَ بِهِمۡ سُرَادِقُهَاۚ وَإِن يَسۡتَغِيثُواْ يُغَاثُواْ بِمَآءٖ كَٱلۡمُهۡلِ يَشۡوِي ٱلۡوُجُوهَۚ بِئۡسَ ٱلشَّرَابُ وَسَآءَتۡ مُرۡتَفَقًا
Әрі айт: «Ақиқат - сендердің Раббыңнан. Сондықтан кім қаласа, сенсін, кім қаласа, күпірлік етсін / иманға келмесін / »,- деп. Ақиқатында, Біз әділетсіздерге От әзірледік. Оның қорғандары оларды қоршап алады. Егер олар жәрдем сұраса, оларға беттерді қуырып жіберетін балқыған мыс сияқты су беріледі. Ол қандай жаман сусын әрі қандай жаман орын!
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجۡرَ مَنۡ أَحۡسَنَ عَمَلًا
Ақиқатында, иманға келіп және ізгі амал істегендерге,- ықыласпен істеген амалдарының сыйын зая кетірмейміз.
التفاسير العربية:
أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ جَنَّـٰتُ عَدۡنٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهِمُ ٱلۡأَنۡهَٰرُ يُحَلَّوۡنَ فِيهَا مِنۡ أَسَاوِرَ مِن ذَهَبٖ وَيَلۡبَسُونَ ثِيَابًا خُضۡرٗا مِّن سُندُسٖ وَإِسۡتَبۡرَقٖ مُّتَّكِـِٔينَ فِيهَا عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِۚ نِعۡمَ ٱلثَّوَابُ وَحَسُنَتۡ مُرۡتَفَقٗا
Оларға ’Адн Жәннатының бақтары бар, олардың астынан өзендер ағып жатады. Олар онда алтыннан болған білезіктермен сәнденеді, жұқа және қалың жібектен жасыл киімдер киіп, перделермен сәнделген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Бұл не деген жақсы сый әрі неткен көркем мекен!
التفاسير العربية:
۞وَٱضۡرِبۡ لَهُم مَّثَلٗا رَّجُلَيۡنِ جَعَلۡنَا لِأَحَدِهِمَا جَنَّتَيۡنِ مِنۡ أَعۡنَٰبٖ وَحَفَفۡنَٰهُمَا بِنَخۡلٖ وَجَعَلۡنَا بَيۡنَهُمَا زَرۡعٗا
Әрі оларға екі адамның мысалын баян ет. Біз олардың біреуіне екі жүзім бағын бердік. және ол екеуін құрма ағаштарымен қоршап, араларын егіндік еттік.
التفاسير العربية:
كِلۡتَا ٱلۡجَنَّتَيۡنِ ءَاتَتۡ أُكُلَهَا وَلَمۡ تَظۡلِم مِّنۡهُ شَيۡـٔٗاۚ وَفَجَّرۡنَا خِلَٰلَهُمَا نَهَرٗا
Екі бақ та жемістерінен ешнәрсе азайтпай берді. Әрі олардың араларынан өзен ағызып қойдық.
التفاسير العربية:
وَكَانَ لَهُۥ ثَمَرٞ فَقَالَ لِصَٰحِبِهِۦ وَهُوَ يُحَاوِرُهُۥٓ أَنَا۠ أَكۡثَرُ مِنكَ مَالٗا وَأَعَزُّ نَفَرٗا
Сондай-ақ оның / басқа да / өнімдері бар еді. Сонда жолдасымен сөйлесіп тұрғанда ол: «Менің сенен дүнием көп әрі адамдарымның саны жағынан да қуаттымын», - деді.
التفاسير العربية:

وَدَخَلَ جَنَّتَهُۥ وَهُوَ ظَالِمٞ لِّنَفۡسِهِۦ قَالَ مَآ أَظُنُّ أَن تَبِيدَ هَٰذِهِۦٓ أَبَدٗا
Сөйтіп ол бағына өз-өзіне әділетсіздік еткен күйі кіріп: «Бұл ешқашан құриды деп ойламаймын.
التفاسير العربية:
وَمَآ أَظُنُّ ٱلسَّاعَةَ قَآئِمَةٗ وَلَئِن رُّدِدتُّ إِلَىٰ رَبِّي لَأَجِدَنَّ خَيۡرٗا مِّنۡهَا مُنقَلَبٗا
Әрі Сағат та / қайта тірілу күні / болады деп ойламаймын. Егер Раббыма қайтарыла қалсам, онда бұдан да жақсысын табамын», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ لَهُۥ صَاحِبُهُۥ وَهُوَ يُحَاوِرُهُۥٓ أَكَفَرۡتَ بِٱلَّذِي خَلَقَكَ مِن تُرَابٖ ثُمَّ مِن نُّطۡفَةٖ ثُمَّ سَوَّىٰكَ رَجُلٗا
Сонда сөйлесіп тұрған жолдасы оған: «Сонда сен өзіңді / алдымен / топырақтан, кейін тамшыдан жаратқан, кейін / рет-ретімен / теңестіріп, ер адам етіп қалыптастырғанға күпірлік етесің бе / сенбей, қарсы келесің бе / ?
التفاسير العربية:
لَّـٰكِنَّا۠ هُوَ ٱللَّهُ رَبِّي وَلَآ أُشۡرِكُ بِرَبِّيٓ أَحَدٗا
Ал, мен үшін Ол Аллаһ - менің Раббым / Ием / , мен Оған ешкімді серік етіп қоспаймын.
التفاسير العربية:
وَلَوۡلَآ إِذۡ دَخَلۡتَ جَنَّتَكَ قُلۡتَ مَا شَآءَ ٱللَّهُ لَا قُوَّةَ إِلَّا بِٱللَّهِۚ إِن تَرَنِ أَنَا۠ أَقَلَّ مِنكَ مَالٗا وَوَلَدٗا
Әрі сен бағыңа кірген кезде неге: «Бұл - Аллаһтың қалауы, Аллаһтан басқа ешбір қуат жоқ», - деп айтпадың? Егер сен мені мал және бала жағынан өзіңнен кем көрсең,
التفاسير العربية:
فَعَسَىٰ رَبِّيٓ أَن يُؤۡتِيَنِ خَيۡرٗا مِّن جَنَّتِكَ وَيُرۡسِلَ عَلَيۡهَا حُسۡبَانٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ فَتُصۡبِحَ صَعِيدٗا زَلَقًا
онда Раббым маған сенің бағыңнан жақсырағын беруі, ал сенікінің үстіне көктен апат жіберуі мүмкін, сонда ол мүлде тақырға айналады.
التفاسير العربية:
أَوۡ يُصۡبِحَ مَآؤُهَا غَوۡرٗا فَلَن تَسۡتَطِيعَ لَهُۥ طَلَبٗا
Немесе суы тартылып, оны таба алмай қаласың», - деді.
التفاسير العربية:
وَأُحِيطَ بِثَمَرِهِۦ فَأَصۡبَحَ يُقَلِّبُ كَفَّيۡهِ عَلَىٰ مَآ أَنفَقَ فِيهَا وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا وَيَقُولُ يَٰلَيۡتَنِي لَمۡ أُشۡرِكۡ بِرَبِّيٓ أَحَدٗا
Сөйтіп / жолдасының айтқаны келіп / , оның өнімін апат орады, ол аспаларымен бірге құлап жатқан бағына сарп еткеніне / шығынына / өкіне, алақандарын аударып қалды / сан соғыпқалды / . Ол: «Қап, Раббыма ешкімді серік етіп қоспағанымда еді», -деді.
التفاسير العربية:
وَلَمۡ تَكُن لَّهُۥ فِئَةٞ يَنصُرُونَهُۥ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَمَا كَانَ مُنتَصِرًا
Әрі оның Аллаһтан өзге жәрдем беретін адамдары / жақтастары / болған жоқ және ол өзі-өзіне көмектесе алмады.
التفاسير العربية:
هُنَالِكَ ٱلۡوَلَٰيَةُ لِلَّهِ ٱلۡحَقِّۚ هُوَ خَيۡرٞ ثَوَابٗا وَخَيۡرٌ عُقۡبٗا
Мұндайда көмек / қамқорлық /- хақ Аллаһта ғана. Ол, қайтарым сыйда да қайырлы, әрі нәтижеде де қайырлы.
التفاسير العربية:
وَٱضۡرِبۡ لَهُم مَّثَلَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا كَمَآءٍ أَنزَلۡنَٰهُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ فَٱخۡتَلَطَ بِهِۦ نَبَاتُ ٱلۡأَرۡضِ فَأَصۡبَحَ هَشِيمٗا تَذۡرُوهُ ٱلرِّيَٰحُۗ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ مُّقۡتَدِرًا
/ Ей, Мұхаммед! / Оларға осы өмір жайлы мысал келтір. Ол бейне бір Біз аспаннан түсірген су секілді. Онымен жердің өсімдіктері араласып / өніп-өскеннен / кейін ол, жел ұшыратын құрғақ үгіндіге айналды. Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетеді.
التفاسير العربية:

ٱلۡمَالُ وَٱلۡبَنُونَ زِينَةُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَٱلۡبَٰقِيَٰتُ ٱلصَّـٰلِحَٰتُ خَيۡرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَابٗا وَخَيۡرٌ أَمَلٗا
Байлық пен балалар - осы өмірдің сәні. Ал, / ақиретке / қалатын ізгі амалдар болса, Раббыңның қасында қайтарым сый ретінде қайырлы әрі үміт тұрғысынан да қайырлы.
التفاسير العربية:
وَيَوۡمَ نُسَيِّرُ ٱلۡجِبَالَ وَتَرَى ٱلۡأَرۡضَ بَارِزَةٗ وَحَشَرۡنَٰهُمۡ فَلَمۡ نُغَادِرۡ مِنۡهُمۡ أَحَدٗا
Сол / қайта тірілу / күні тауларды жүргіземіз де сен жерді тегіс, ашық түрде көресің. Біз оларды / бүкіл адамзатты / жинаймыз да, олардан ешкімді қалдырмаймыз.
التفاسير العربية:
وَعُرِضُواْ عَلَىٰ رَبِّكَ صَفّٗا لَّقَدۡ جِئۡتُمُونَا كَمَا خَلَقۡنَٰكُمۡ أَوَّلَ مَرَّةِۭۚ بَلۡ زَعَمۡتُمۡ أَلَّن نَّجۡعَلَ لَكُم مَّوۡعِدٗا
Әрі олар Раббыңның алдынақатарланып қойылады. / Кәпірлерге / : «Міне, сендер Бізге, өздеріңді алғашқы рет жаратқанымыздай келдіңдер. Негізінде, сендер уәделі мерзімді / қайта тірілу күнін / Біз белгілей алмайды деп есептеген едіндер», - делінеді.
التفاسير العربية:
وَوُضِعَ ٱلۡكِتَٰبُ فَتَرَى ٱلۡمُجۡرِمِينَ مُشۡفِقِينَ مِمَّا فِيهِ وَيَقُولُونَ يَٰوَيۡلَتَنَا مَالِ هَٰذَا ٱلۡكِتَٰبِ لَا يُغَادِرُ صَغِيرَةٗ وَلَا كَبِيرَةً إِلَّآ أَحۡصَىٰهَاۚ وَوَجَدُواْ مَا عَمِلُواْ حَاضِرٗاۗ وَلَا يَظۡلِمُ رَبُّكَ أَحَدٗا
Әрі Кітап / амал дәптері / қойылады, сонда қылмыскерлердің ондағы нәрседен / тіркелген күнәларынан / қорыққанын көресің. Олар: «Сорымыз құрысын! Кішісін де, үлкенін де қалдырмай сақтаған бұл қандай кітап?» - дейді. Әрі олар істеген амалдарын қарсы алдарынан табады. Раббың ешкімге әділетсіздік етпейді.
التفاسير العربية:
وَإِذۡ قُلۡنَا لِلۡمَلَـٰٓئِكَةِ ٱسۡجُدُواْ لِأٓدَمَ فَسَجَدُوٓاْ إِلَّآ إِبۡلِيسَ كَانَ مِنَ ٱلۡجِنِّ فَفَسَقَ عَنۡ أَمۡرِ رَبِّهِۦٓۗ أَفَتَتَّخِذُونَهُۥ وَذُرِّيَّتَهُۥٓ أَوۡلِيَآءَ مِن دُونِي وَهُمۡ لَكُمۡ عَدُوُّۢۚ بِئۡسَ لِلظَّـٰلِمِينَ بَدَلٗا
Кезінде біз періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер», - деген едік. Сонда олар сәжде етті, тек жыннан болған Ібіліс қана Раббысының бұйрығын тыңдамады. Сонда, олар сендерге дұшпан болса да, Мені қойып оны / шайтанды / және оның ұрпағын қамқоршы етіп аласыңдар ма? Әділетсіздердің айырбастап алғандары қандай жаман.
التفاسير العربية:
۞مَّآ أَشۡهَدتُّهُمۡ خَلۡقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَا خَلۡقَ أَنفُسِهِمۡ وَمَا كُنتُ مُتَّخِذَ ٱلۡمُضِلِّينَ عَضُدٗا
Аспандарды және жерді жаратуда да, әрі олардың өздерін жаратуда да Мен оларды куә еткен жоқпын. Әрі Мен адастырушыларды Өзіме көмекші етіп алмаймын.
التفاسير العربية:
وَيَوۡمَ يَقُولُ نَادُواْ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ زَعَمۡتُمۡ فَدَعَوۡهُمۡ فَلَمۡ يَسۡتَجِيبُواْ لَهُمۡ وَجَعَلۡنَا بَيۡنَهُم مَّوۡبِقٗا
Сондай-ақ ол / қайта тірілу / күні Ол: «Өздерің Маған серік деп санағандарыңды шақырыңдар», - дейді. Сонда олар / серік еткендерін / шақырады, алайда / табынғандары / Оларға жауап бермейді. Біз олардың арасына жойылатын орын жасаймыз.
التفاسير العربية:
وَرَءَا ٱلۡمُجۡرِمُونَ ٱلنَّارَ فَظَنُّوٓاْ أَنَّهُم مُّوَاقِعُوهَا وَلَمۡ يَجِدُواْ عَنۡهَا مَصۡرِفٗا
Әрі қылмыскерлер Отты көріп, өздерінің оған түсетіндіктеріне көздері жетеді. Сондай-ақ, олар одан құтылар жол таба алмайды.
التفاسير العربية:

وَلَقَدۡ صَرَّفۡنَا فِي هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ لِلنَّاسِ مِن كُلِّ مَثَلٖۚ وَكَانَ ٱلۡإِنسَٰنُ أَكۡثَرَ شَيۡءٖ جَدَلٗا
Біз бұл Құранда адамдарға әрбір мысалды жан-жақты етіп, анықтап түсіндірдік. Ал, адам бәрінен көп таласушы-керісшіл.
التفاسير العربية:
وَمَا مَنَعَ ٱلنَّاسَ أَن يُؤۡمِنُوٓاْ إِذۡ جَآءَهُمُ ٱلۡهُدَىٰ وَيَسۡتَغۡفِرُواْ رَبَّهُمۡ إِلَّآ أَن تَأۡتِيَهُمۡ سُنَّةُ ٱلۡأَوَّلِينَ أَوۡ يَأۡتِيَهُمُ ٱلۡعَذَابُ قُبُلٗا
Адамдарға тура жол келген кезде олардың иманға келулеріне және өздерінің Раббысынан кешірім тілеулеріне - бұрынғылардың жолымен жүруі не олардың азап­ты алдарынан келуін күтулері ғана кедергі болды.
التفاسير العربية:
وَمَا نُرۡسِلُ ٱلۡمُرۡسَلِينَ إِلَّا مُبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَۚ وَيُجَٰدِلُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِٱلۡبَٰطِلِ لِيُدۡحِضُواْ بِهِ ٱلۡحَقَّۖ وَٱتَّخَذُوٓاْ ءَايَٰتِي وَمَآ أُنذِرُواْ هُزُوٗا
Әрі Біз елшілерді қуандырушы және ескертуші етіп қана жібереміз. Ал, сондай күпірлік етушілер / иманнан бас тартқандар / ақиқатты жоққа шығару үшін жалғанның көмегімен дауласады. Олар Менің аят-белгілерімді және өздеріне ескертілгендерді келеке етеді.
التفاسير العربية:
وَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّن ذُكِّرَ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِۦ فَأَعۡرَضَ عَنۡهَا وَنَسِيَ مَا قَدَّمَتۡ يَدَاهُۚ إِنَّا جَعَلۡنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ أَكِنَّةً أَن يَفۡقَهُوهُ وَفِيٓ ءَاذَانِهِمۡ وَقۡرٗاۖ وَإِن تَدۡعُهُمۡ إِلَى ٱلۡهُدَىٰ فَلَن يَهۡتَدُوٓاْ إِذًا أَبَدٗا
Ал, Раббысының аяттары есіне салынған кезде, одан теріс бұрылған және өз қолдары істеген / теріс / амалдарын / күнәларын / ұмытқаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз олардың түсінбеулері үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. / Ей, Мұхаммед!! Оларды тура жолға шақырсаң да олар ешқашан тура жолға түспейді.
التفاسير العربية:
وَرَبُّكَ ٱلۡغَفُورُ ذُو ٱلرَّحۡمَةِۖ لَوۡ يُؤَاخِذُهُم بِمَا كَسَبُواْ لَعَجَّلَ لَهُمُ ٱلۡعَذَابَۚ بَل لَّهُم مَّوۡعِدٞ لَّن يَجِدُواْ مِن دُونِهِۦ مَوۡئِلٗا
Әрі Раббың әл-Ғафур / өте кешірімді / , кең мейірім Иесі. Егер де Ол оларды істеп тапқандары / күнәлары / үшін қолға алар болса, онда оларға азапты тездетер еді. Алай­да, олар үшін уәделі бір мерзім бар. Олар Одан өзге пана / қорғаныш / таба алмайды.
التفاسير العربية:
وَتِلۡكَ ٱلۡقُرَىٰٓ أَهۡلَكۡنَٰهُمۡ لَمَّا ظَلَمُواْ وَجَعَلۡنَا لِمَهۡلِكِهِم مَّوۡعِدٗا
Әрі Біз сол елді мекендерді, олар әділетсіздік істегенде жойдық және олардың жойылуына мерзім де белгілегенбіз.
التفاسير العربية:
وَإِذۡ قَالَ مُوسَىٰ لِفَتَىٰهُ لَآ أَبۡرَحُ حَتَّىٰٓ أَبۡلُغَ مَجۡمَعَ ٱلۡبَحۡرَيۡنِ أَوۡ أَمۡضِيَ حُقُبٗا
Міне, кезінде Мұса жанындағы жігітке: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын, тіпті жүріспен жылдар өткізсем де», - деді.
التفاسير العربية:
فَلَمَّا بَلَغَا مَجۡمَعَ بَيۡنِهِمَا نَسِيَا حُوتَهُمَا فَٱتَّخَذَ سَبِيلَهُۥ فِي ٱلۡبَحۡرِ سَرَبٗا
Ал екеуінің қосылған жеріне жеткен кезде, олар балықтарын ұмытып кетті. Сонда ол / балық / із салып теңізге жол алды.
التفاسير العربية:

فَلَمَّا جَاوَزَا قَالَ لِفَتَىٰهُ ءَاتِنَا غَدَآءَنَا لَقَدۡ لَقِينَا مِن سَفَرِنَا هَٰذَا نَصَبٗا
Екеуі ілгері кеткен кезде, ол жанындағы жігітке: «Түскі тамағымызды әкел, бұл сапарымызда шаршадық», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ أَرَءَيۡتَ إِذۡ أَوَيۡنَآ إِلَى ٱلصَّخۡرَةِ فَإِنِّي نَسِيتُ ٱلۡحُوتَ وَمَآ أَنسَىٰنِيهُ إِلَّا ٱلشَّيۡطَٰنُ أَنۡ أَذۡكُرَهُۥۚ وَٱتَّخَذَ سَبِيلَهُۥ فِي ٱلۡبَحۡرِ عَجَبٗا
Ол: «Жартасты паналаған кезіміз есіңде ме? Мен сонда балықты ұмыттым. Оны еске түсіруді шайтан ғана ұмыттырды. Ал ол / балық / болса, теңізге таңғажайып түрде жол алды», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ ذَٰلِكَ مَا كُنَّا نَبۡغِۚ فَٱرۡتَدَّا عَلَىٰٓ ءَاثَارِهِمَا قَصَصٗا
/ Мұса / : «Біздің қалағанымыз осы», деп, екеуі ізінше кері қайтты.
التفاسير العربية:
فَوَجَدَا عَبۡدٗا مِّنۡ عِبَادِنَآ ءَاتَيۡنَٰهُ رَحۡمَةٗ مِّنۡ عِندِنَا وَعَلَّمۡنَٰهُ مِن لَّدُنَّا عِلۡمٗا
Сонда екеуі, Біз оған Өзімізден мейірім берген және Өзімізден білім үйреткен құлдарымыздың бірін тапты.
التفاسير العربية:
قَالَ لَهُۥ مُوسَىٰ هَلۡ أَتَّبِعُكَ عَلَىٰٓ أَن تُعَلِّمَنِ مِمَّا عُلِّمۡتَ رُشۡدٗا
Мұса оған: «Саған үйретілген тура нәрселерден / пайдалы білімнен / маған да үйретуің үшін саған еріп жүрсем бола ма?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ إِنَّكَ لَن تَسۡتَطِيعَ مَعِيَ صَبۡرٗا
/ Хидр / : «Сен менімен бірге / жүруге / сабырлылық көрсете алмайсың.
التفاسير العربية:
وَكَيۡفَ تَصۡبِرُ عَلَىٰ مَا لَمۡ تُحِطۡ بِهِۦ خُبۡرٗا
Білімің қамтымаған нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ سَتَجِدُنِيٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ صَابِرٗا وَلَآ أَعۡصِي لَكَ أَمۡرٗا
/ Мұса / : «Егер Аллаһ қаласа, мені сабырлы табасың. Әрі мен саған ешбір істе қарсы келмеймін», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ فَإِنِ ٱتَّبَعۡتَنِي فَلَا تَسۡـَٔلۡنِي عَن شَيۡءٍ حَتَّىٰٓ أُحۡدِثَ لَكَ مِنۡهُ ذِكۡرٗا
/ Хидр / : «Егер маған еріп жүретін болсаң, өзім саған айтып бергеніме дейін, менен еш нәрсе сұрама»,- деді.
التفاسير العربية:
فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَا رَكِبَا فِي ٱلسَّفِينَةِ خَرَقَهَاۖ قَالَ أَخَرَقۡتَهَا لِتُغۡرِقَ أَهۡلَهَا لَقَدۡ جِئۡتَ شَيۡـًٔا إِمۡرٗا
Сөйтіп, екеуі жолға шықты. Бір кемеге мінгендерінде, ол / Хидр / оны тесті. / Мұса / : «Сен оның ішіндегілерді суға батыру үшін тестің бе? Негізінде сен айыпталған іс жасадың», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ أَلَمۡ أَقُلۡ إِنَّكَ لَن تَسۡتَطِيعَ مَعِيَ صَبۡرٗا
Ол: «Сен менімен бірге сабырлық ете алмайсың деп айтпадым ба?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ لَا تُؤَاخِذۡنِي بِمَا نَسِيتُ وَلَا تُرۡهِقۡنِي مِنۡ أَمۡرِي عُسۡرٗا
/ Мұса / : «Ұмытқаным үшін мені айыптама. Әрі маған бұл ісімде қиындық тудырма»,- деді.
التفاسير العربية:
فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَا لَقِيَا غُلَٰمٗا فَقَتَلَهُۥ قَالَ أَقَتَلۡتَ نَفۡسٗا زَكِيَّةَۢ بِغَيۡرِ نَفۡسٖ لَّقَدۡ جِئۡتَ شَيۡـٔٗا نُّكۡرٗا
Сөйтіп олар жолға шықты. Олар бір баланы кездестірген кезде, ол / Хидр / оны өлтіріп тастады. / Мұса / : «Сен бір таза жанды кек қайтару үшін болмаса да өлтірдің бе? Негізінде сен өте теріс іс жасадың»,- деді.
التفاسير العربية:

۞قَالَ أَلَمۡ أَقُل لَّكَ إِنَّكَ لَن تَسۡتَطِيعَ مَعِيَ صَبۡرٗا
/ Хидр / : «Мен саған менімен бірге / болуға / сабыр ете алмайсың деп айтпадым ба?»- деді.
التفاسير العربية:
قَالَ إِن سَأَلۡتُكَ عَن شَيۡءِۭ بَعۡدَهَا فَلَا تُصَٰحِبۡنِيۖ قَدۡ بَلَغۡتَ مِن لَّدُنِّي عُذۡرٗا
/ Мұса / : «Егер бұдан кейін сенен бір нәрсе сұрасам, мені өзіңе серік етпей-ақ қой. Менің алдын сұраған кешірімімді қабыл еткен едің».
التفاسير العربية:
فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَآ أَتَيَآ أَهۡلَ قَرۡيَةٍ ٱسۡتَطۡعَمَآ أَهۡلَهَا فَأَبَوۡاْ أَن يُضَيِّفُوهُمَا فَوَجَدَا فِيهَا جِدَارٗا يُرِيدُ أَن يَنقَضَّ فَأَقَامَهُۥۖ قَالَ لَوۡ شِئۡتَ لَتَّخَذۡتَ عَلَيۡهِ أَجۡرٗا
Сөйтіп олар жолға шықты. Бір ауылдың тұрғындарына келген кезде, олардан тамақ сұрады. Ал, олар, екеуін қонақ етуден бас тартты. Екеуі сол жердегі құлағалы тұрған бір дуалды көрді. Сонда ол / Хидр / оны тұрғызып қойды. / Мұса / : «Егер қаласаң, бұл үшін ақы алар едің»,- деді.
التفاسير العربية:
قَالَ هَٰذَا فِرَاقُ بَيۡنِي وَبَيۡنِكَۚ سَأُنَبِّئُكَ بِتَأۡوِيلِ مَا لَمۡ تَسۡتَطِع عَّلَيۡهِ صَبۡرًا
/ Хидр / : «Міне, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы - осы. Енді саған өзің сабыр ете алмаған жайттардың мән-жайынан хабар берейін.
التفاسير العربية:
أَمَّا ٱلسَّفِينَةُ فَكَانَتۡ لِمَسَٰكِينَ يَعۡمَلُونَ فِي ٱلۡبَحۡرِ فَأَرَدتُّ أَنۡ أَعِيبَهَا وَكَانَ وَرَآءَهُم مَّلِكٞ يَأۡخُذُ كُلَّ سَفِينَةٍ غَصۡبٗا
Кемеге қатысты, ол теңізде кәсіп ететін кедейлердікі еді. Мен оған бір нұқсан келтіргім келді, өйткені, олардың алдында әрбір / жарамды / кемені тартып алушы бір патша бар еді.
التفاسير العربية:
وَأَمَّا ٱلۡغُلَٰمُ فَكَانَ أَبَوَاهُ مُؤۡمِنَيۡنِ فَخَشِينَآ أَن يُرۡهِقَهُمَا طُغۡيَٰنٗا وَكُفۡرٗا
Ал балаға келсек, оның ата-анасы иманды адамдар еді. Біз оның ол екеуін / ата-анасын / шектен шығуға және күпірлікке / Аллаһқа қарсы келуге! итермелеуін / Аллаһтың білдіруімен / біліп, қауіп еттік».
التفاسير العربية:
فَأَرَدۡنَآ أَن يُبۡدِلَهُمَا رَبُّهُمَا خَيۡرٗا مِّنۡهُ زَكَوٰةٗ وَأَقۡرَبَ رُحۡمٗا
Сондықтан Раббысы оларға, оны тазалықта одан жақсы және мейірімділікте одан жақынмен / перзентпен / ауыстыруын қаладық.
التفاسير العربية:
وَأَمَّا ٱلۡجِدَارُ فَكَانَ لِغُلَٰمَيۡنِ يَتِيمَيۡنِ فِي ٱلۡمَدِينَةِ وَكَانَ تَحۡتَهُۥ كَنزٞ لَّهُمَا وَكَانَ أَبُوهُمَا صَٰلِحٗا فَأَرَادَ رَبُّكَ أَن يَبۡلُغَآ أَشُدَّهُمَا وَيَسۡتَخۡرِجَا كَنزَهُمَا رَحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَۚ وَمَا فَعَلۡتُهُۥ عَنۡ أَمۡرِيۚ ذَٰلِكَ تَأۡوِيلُ مَا لَمۡ تَسۡطِع عَّلَيۡهِ صَبۡرٗا
Ал, дуал болса сол қаладағы екі жетім баланікі еді. Оның астында оларға тиісті қазына бар. Олардың әкесі ізгі кісі еді, сөйтіп Раббың, ол екеуінің ержетіп, Раббыңның мейірімімен қазыналарын шығарып алуын қалады. Мен мұны өз шешіміммен / өздігімнен / істеген жоқпын. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істердің мән-жайы».
التفاسير العربية:
وَيَسۡـَٔلُونَكَ عَن ذِي ٱلۡقَرۡنَيۡنِۖ قُلۡ سَأَتۡلُواْ عَلَيۡكُم مِّنۡهُ ذِكۡرًا
/ Ей, Мұхаммед! / Әрі олар сенен Зұлқарнайын жайында сұрайды. Айт: «Сендерге одан / оған қатысты / бір хабар оқып беремін», - деп.
التفاسير العربية:

إِنَّا مَكَّنَّا لَهُۥ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَءَاتَيۡنَٰهُ مِن كُلِّ شَيۡءٖ سَبَبٗا
Анығында, Біз оны жерде мықты етіп нығайттық және оған барлық нәрсеге / жетуге! мүмкіндік бердік.
التفاسير العربية:
فَأَتۡبَعَ سَبَبًا
Сөйтіп ол бір жолға түсті.
التفاسير العربية:
حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغَ مَغۡرِبَ ٱلشَّمۡسِ وَجَدَهَا تَغۡرُبُ فِي عَيۡنٍ حَمِئَةٖ وَوَجَدَ عِندَهَا قَوۡمٗاۖ قُلۡنَا يَٰذَا ٱلۡقَرۡنَيۡنِ إِمَّآ أَن تُعَذِّبَ وَإِمَّآ أَن تَتَّخِذَ فِيهِمۡ حُسۡنٗا
Күн бататын жаққа жеткенде, оны лайлы су көзіне батып бара жатқан түрде көрді. Әрі оның қасында бір елді тапты. Біз: «Ей, Зұлқарнайын, не жазалайсың, не болмаса оларға қатысты жақсылық ұстанасың», - дедік.
التفاسير العربية:
قَالَ أَمَّا مَن ظَلَمَ فَسَوۡفَ نُعَذِّبُهُۥ ثُمَّ يُرَدُّ إِلَىٰ رَبِّهِۦ فَيُعَذِّبُهُۥ عَذَابٗا نُّكۡرٗا
Ол: «Кім әділетсіздік ететін болса, оны жазалаймыз, кейін ол Раббысына қайтарылып, Ол оны қатты азаппен жазалайды.
التفاسير العربية:
وَأَمَّا مَنۡ ءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَلَهُۥ جَزَآءً ٱلۡحُسۡنَىٰۖ وَسَنَقُولُ لَهُۥ مِنۡ أَمۡرِنَا يُسۡرٗا
Ал кім иманға келсе және ізгі амал істесе, оған көркем қайтарым сый беріледі. Әрі оған істеріміздің жеңілін айтамыз», - деді.
التفاسير العربية:
ثُمَّ أَتۡبَعَ سَبَبًا
Содан кейін ол бір жолға түсіп,
التفاسير العربية:
حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغَ مَطۡلِعَ ٱلشَّمۡسِ وَجَدَهَا تَطۡلُعُ عَلَىٰ قَوۡمٖ لَّمۡ نَجۡعَل لَّهُم مِّن دُونِهَا سِتۡرٗا
күн шығатын жаққа жеткенде, оны, бір елдің үстінен шыққан түрде тапты. Біз оларға одан / күннен / пана болатын еш нәрсе жасамадық.
التفاسير العربية:
كَذَٰلِكَۖ وَقَدۡ أَحَطۡنَا بِمَا لَدَيۡهِ خُبۡرٗا
Осылай болды! Біз онымен / Зұлқарнайынмен / болған нәрсенің бәрін біліммен қамтыдық.
التفاسير العربية:
ثُمَّ أَتۡبَعَ سَبَبًا
Содан кейін ол / тағы да / бір жолға түсті.
التفاسير العربية:
حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغَ بَيۡنَ ٱلسَّدَّيۡنِ وَجَدَ مِن دُونِهِمَا قَوۡمٗا لَّا يَكَادُونَ يَفۡقَهُونَ قَوۡلٗا
Ол екі / тау / бөгетінің арасына жеткен кезде, олардың арасынан сөзді / өзге тілді / түсінбейтін бір елді кездестірді.
التفاسير العربية:
قَالُواْ يَٰذَا ٱلۡقَرۡنَيۡنِ إِنَّ يَأۡجُوجَ وَمَأۡجُوجَ مُفۡسِدُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَهَلۡ نَجۡعَلُ لَكَ خَرۡجًا عَلَىٰٓ أَن تَجۡعَلَ بَيۡنَنَا وَبَيۡنَهُمۡ سَدّٗا
Олар: «Ей, Зұлқарнайын! Яжұж бен Мажұж бұл жерде бұзғыншылық істеп жатыр. Біз бен олардың арасына бір бөгет жасауың үшін саған төлем / салық / жинап берейік пе?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ مَا مَكَّنِّي فِيهِ رَبِّي خَيۡرٞ فَأَعِينُونِي بِقُوَّةٍ أَجۡعَلۡ بَيۡنَكُمۡ وَبَيۡنَهُمۡ رَدۡمًا
Ол: «Раббымның маған бергені одан қайырлы. Сендер маған өз күштеріңмен көмектесіңдер, мен сендер мен олардың арасына бір бөгет жасаймын.
التفاسير العربية:
ءَاتُونِي زُبَرَ ٱلۡحَدِيدِۖ حَتَّىٰٓ إِذَا سَاوَىٰ بَيۡنَ ٱلصَّدَفَيۡنِ قَالَ ٱنفُخُواْۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَعَلَهُۥ نَارٗا قَالَ ءَاتُونِيٓ أُفۡرِغۡ عَلَيۡهِ قِطۡرٗا
Маған темір бөліктерін әкеліңдер», деді. Екі қапталдың арасын толтырған кезде: «Көрік басып үрлеңдер», - деді. Оны отқа айналдырған кезде: «Маған балқытылған мысты беріңдер, оның үстіне құямын»,- деді.
التفاسير العربية:
فَمَا ٱسۡطَٰعُوٓاْ أَن يَظۡهَرُوهُ وَمَا ٱسۡتَطَٰعُواْ لَهُۥ نَقۡبٗا
Сонда олар / Яжұж бен Мажұж / , оған шыға алмады әрі оны тесіп те өте алмады.
التفاسير العربية:

قَالَ هَٰذَا رَحۡمَةٞ مِّن رَّبِّيۖ فَإِذَا جَآءَ وَعۡدُ رَبِّي جَعَلَهُۥ دَكَّآءَۖ وَكَانَ وَعۡدُ رَبِّي حَقّٗا
Ол / Зұлқарнайын / : «Бұл - Раббымнан бір мейірім. Раббымның уәдесі келгенде, оны жермен-жексен етеді. Раббымның уәдесі шындыққа айналады»,- деді.
التفاسير العربية:
۞وَتَرَكۡنَا بَعۡضَهُمۡ يَوۡمَئِذٖ يَمُوجُ فِي بَعۡضٖۖ وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِ فَجَمَعۡنَٰهُمۡ جَمۡعٗا
Сол күні Біз оларды бір-бірімен / лек-легімен / араласқан түрде қоямыз. Әрі сүр үріліп, Біз олардың барлығын жинаймыз.
التفاسير العربية:
وَعَرَضۡنَا جَهَنَّمَ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡكَٰفِرِينَ عَرۡضًا
Сол күні кәпірлерге тозақты анық көрсетеміз, -
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ كَانَتۡ أَعۡيُنُهُمۡ فِي غِطَآءٍ عَن ذِكۡرِي وَكَانُواْ لَا يَسۡتَطِيعُونَ سَمۡعًا
солар, көздері Менің еске салуымнан перделенгендер және оны ести алмайтындар.
التفاسير العربية:
أَفَحَسِبَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَن يَتَّخِذُواْ عِبَادِي مِن دُونِيٓ أَوۡلِيَآءَۚ إِنَّآ أَعۡتَدۡنَا جَهَنَّمَ لِلۡكَٰفِرِينَ نُزُلٗا
Сол күпірлік етушілер / Раббысына серік қосушылар / Менің орныма құлдарымды қамқоршылар етіп алуды ойлады ма? Анығында, Біз, Жаһаннамды кәпірлер үшін тұрақ етіп әзірледік.
التفاسير العربية:
قُلۡ هَلۡ نُنَبِّئُكُم بِٱلۡأَخۡسَرِينَ أَعۡمَٰلًا
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге амалдарында ең көп зиян табатындар туралы хабарлайық па,
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ ضَلَّ سَعۡيُهُمۡ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَهُمۡ يَحۡسَبُونَ أَنَّهُمۡ يُحۡسِنُونَ صُنۡعًا
сондай, осы өмірдегі әрекет-ұмтылыстары адасып / жоқ болып / , ал өздері жақсы іс жасап жүрміз деп ойлайтындар / жайлы / », - деп.
التفاسير العربية:
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمۡ وَلِقَآئِهِۦ فَحَبِطَتۡ أَعۡمَٰلُهُمۡ فَلَا نُقِيمُ لَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَزۡنٗا
Міне, солар - Раббысының аят-белгілеріне әрі Оған кездесетініне күпірлік еткендер / сенбегендер / . Олардың амалдары босқа кетіп, Қайта тірілу күні оларға салмақ бермейміз.
التفاسير العربية:
ذَٰلِكَ جَزَآؤُهُمۡ جَهَنَّمُ بِمَا كَفَرُواْ وَٱتَّخَذُوٓاْ ءَايَٰتِي وَرُسُلِي هُزُوًا
Күпірлік еткендіктері / қарсы келгендіктері, мойындамағандықтары / және Менің аят-белгілерім мен елшілерімді келеке еткендіктері үшін олардың қайтарым жазасы - Жаһаннам.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ كَانَتۡ لَهُمۡ جَنَّـٰتُ ٱلۡفِرۡدَوۡسِ نُزُلًا
Күмәнсіз, иманға келген және ізгі амал істегендер үшін, олардың мекені Фирдаус / жәннатының / бақтары болады.
التفاسير العربية:
خَٰلِدِينَ فِيهَا لَا يَبۡغُونَ عَنۡهَا حِوَلٗا
Олар онда мәңгі қалып, одан / өзге жаққа / ауысуды қаламайды.
التفاسير العربية:
قُل لَّوۡ كَانَ ٱلۡبَحۡرُ مِدَادٗا لِّكَلِمَٰتِ رَبِّي لَنَفِدَ ٱلۡبَحۡرُ قَبۡلَ أَن تَنفَدَ كَلِمَٰتُ رَبِّي وَلَوۡ جِئۡنَا بِمِثۡلِهِۦ مَدَدٗا
/ Ей, Мұхаммед / / Айт: «Егер де теңіз Раббымның сөздерін / жазатын / сия болғанда, тіпті тағы қосымша сол секілдіні әкелсек те Раббымның сөздері таусылудан бұрын теңіз таусылар еді»,- деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ إِنَّمَآ أَنَا۠ بَشَرٞ مِّثۡلُكُمۡ يُوحَىٰٓ إِلَيَّ أَنَّمَآ إِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞۖ فَمَن كَانَ يَرۡجُواْ لِقَآءَ رَبِّهِۦ فَلۡيَعۡمَلۡ عَمَلٗا صَٰلِحٗا وَلَا يُشۡرِكۡ بِعِبَادَةِ رَبِّهِۦٓ أَحَدَۢا
Айт: «Анығында, мен де сендер секілді адаммын. Маған: «Сендердің құдайларың - жалғыз құдай», - деп уахи етілді. Кім Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амал істесін және Раббысына құлшылық етуде Оған ешкімді серік етіп қоспасын»,- деп.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: الكهف
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق