ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: مريم
آية:
 

سورة مريم - сурату Мәрьям

كٓهيعٓصٓ
Кәф, Ха, Йа, 'Айн, Сад.
التفاسير العربية:
ذِكۡرُ رَحۡمَتِ رَبِّكَ عَبۡدَهُۥ زَكَرِيَّآ
/ Ей, Мұхаммед! / Бұл - Раббыңның Өз құлы Зәкәрияға / жасаған / игілігін еске салуы.
التفاسير العربية:
إِذۡ نَادَىٰ رَبَّهُۥ نِدَآءً خَفِيّٗا
Міне, кезінде ол Раббысына / өзгелерден / жасырын түрде жалбарынды.
التفاسير العربية:
قَالَ رَبِّ إِنِّي وَهَنَ ٱلۡعَظۡمُ مِنِّي وَٱشۡتَعَلَ ٱلرَّأۡسُ شَيۡبٗا وَلَمۡ أَكُنۢ بِدُعَآئِكَ رَبِّ شَقِيّٗا
Ол: «Раббым! Менің сүйегім қаусады, басымды ақ шалды. Раббым! Саған дұға еткенімде бақытсыз болған жоқ едім.
التفاسير العربية:
وَإِنِّي خِفۡتُ ٱلۡمَوَٰلِيَ مِن وَرَآءِي وَكَانَتِ ٱمۡرَأَتِي عَاقِرٗا فَهَبۡ لِي مِن لَّدُنكَ وَلِيّٗا
Мен артымда қалатын ағайындарымнан қорқамын / қауіптемін / . Әйелім бедеу. Маған өз қасыңнан бір мұрагер бере гөр!
التفاسير العربية:
يَرِثُنِي وَيَرِثُ مِنۡ ءَالِ يَعۡقُوبَۖ وَٱجۡعَلۡهُ رَبِّ رَضِيّٗا
Маған да мұрагер әрі Яғқұптың әулетіне де мұрагер болатын. Раббым! Оны Өзің разы болатын / ізгілерден / ет», - деді.
التفاسير العربية:
يَٰزَكَرِيَّآ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَٰمٍ ٱسۡمُهُۥ يَحۡيَىٰ لَمۡ نَجۡعَل لَّهُۥ مِن قَبۡلُ سَمِيّٗا
«Ей, Зәкәрия! Біз сені ұлмен сүйіншілейміз, есімі Йахйа. Бұған дейін ешкімді ол секілді атамадық».
التفاسير العربية:
قَالَ رَبِّ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَٰمٞ وَكَانَتِ ٱمۡرَأَتِي عَاقِرٗا وَقَدۡ بَلَغۡتُ مِنَ ٱلۡكِبَرِ عِتِيّٗا
/ Зәкәрия / : «Раббым!? Әйелім бедеу, ал, өзім қатты қартайған болсам, менде қалай бала болмақ?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ كَذَٰلِكَ قَالَ رَبُّكَ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنٞ وَقَدۡ خَلَقۡتُكَ مِن قَبۡلُ وَلَمۡ تَكُ شَيۡـٔٗا
/ Періште / : «Міне осылай. Раббың айтты: «Ол маған оңай. Сені, бұрын сен ешнәрсе болмағаныңда да жараттым», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ رَبِّ ٱجۡعَل لِّيٓ ءَايَةٗۖ قَالَ ءَايَتُكَ أَلَّا تُكَلِّمَ ٱلنَّاسَ ثَلَٰثَ لَيَالٖ سَوِيّٗا
/ Зәкәрия / : «Раббым, маған бір белгі бер»,- деді. Ол: «Сенің белгің - сау бола тұра адамдарға қатарынан үш түн сөйлемеуің»,- деді.
التفاسير العربية:
فَخَرَجَ عَلَىٰ قَوۡمِهِۦ مِنَ ٱلۡمِحۡرَابِ فَأَوۡحَىٰٓ إِلَيۡهِمۡ أَن سَبِّحُواْ بُكۡرَةٗ وَعَشِيّٗا
Сөйтіп ол, құлшылық ететін орнынан қауымының алдына шығып, оларға: «Таңертең және кешке Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеңдер»,- деп / ишарамен / білдірді.
التفاسير العربية:

يَٰيَحۡيَىٰ خُذِ ٱلۡكِتَٰبَ بِقُوَّةٖۖ وَءَاتَيۡنَٰهُ ٱلۡحُكۡمَ صَبِيّٗا
/ Оған / : «Ей, Йахйа! Кітапты мықтап ұста!» - дедік. Әрі Біз оған бала кезінен даналық бердік.
التفاسير العربية:
وَحَنَانٗا مِّن لَّدُنَّا وَزَكَوٰةٗۖ وَكَانَ تَقِيّٗا
Әрі оған Өз тарапымыздан мейірбандық пен тазалық бердік.1510 Ол тақуа / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы! еді.
التفاسير العربية:
وَبَرَّۢا بِوَٰلِدَيۡهِ وَلَمۡ يَكُن جَبَّارًا عَصِيّٗا
Әрі ол ата-анасына игілік істеуші болып, өктемшіл, бойсұнбаушы емес еді.
التفاسير العربية:
وَسَلَٰمٌ عَلَيۡهِ يَوۡمَ وُلِدَ وَيَوۡمَ يَمُوتُ وَيَوۡمَ يُبۡعَثُ حَيّٗا
Әрі оған туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық болады.
التفاسير العربية:
وَٱذۡكُرۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ مَرۡيَمَ إِذِ ٱنتَبَذَتۡ مِنۡ أَهۡلِهَا مَكَانٗا شَرۡقِيّٗا
Әрі Кітаптағы Мәриямды есіңе ал. Ол үйіндегілерден шығыс жақтағы бір орынға оңашаланып,
التفاسير العربية:
فَٱتَّخَذَتۡ مِن دُونِهِمۡ حِجَابٗا فَأَرۡسَلۡنَآ إِلَيۡهَا رُوحَنَا فَتَمَثَّلَ لَهَا بَشَرٗا سَوِيّٗا
олардан тосық артына тасаланып алды. Біз оған Рухымызды / Жәбірейілді / жібердік. Ол оған толыққанды адам бейнесінде көрінді.
التفاسير العربية:
قَالَتۡ إِنِّيٓ أَعُوذُ بِٱلرَّحۡمَٰنِ مِنكَ إِن كُنتَ تَقِيّٗا
/ Мэриям / :«Мен әр-Рахманға / аса Мейірімдіге / сиынып, сенен қорғауын сұраймын. Егер Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы / тақуа / болсаң / тиіспе / », -деді.
التفاسير العربية:
قَالَ إِنَّمَآ أَنَا۠ رَسُولُ رَبِّكِ لِأَهَبَ لَكِ غُلَٰمٗا زَكِيّٗا
/ Періште / : «Анығында мен саған бір таза бала сыйлау үшін Раббыңның жіберген Елшісімін», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَتۡ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَٰمٞ وَلَمۡ يَمۡسَسۡنِي بَشَرٞ وَلَمۡ أَكُ بَغِيّٗا
/ Мәриям / : «Маған ешбір адам жақындамаған болса және мен жеңіл жүрісті болмасам, менде қалай бала болмақ?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ كَذَٰلِكِ قَالَ رَبُّكِ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنٞۖ وَلِنَجۡعَلَهُۥٓ ءَايَةٗ لِّلنَّاسِ وَرَحۡمَةٗ مِّنَّاۚ وَكَانَ أَمۡرٗا مَّقۡضِيّٗا
/ Періште / : «Міне осылай. Раббың: «Бұл Маған оңай. Оны адамдар үшін Бізден бір белгі / мұғжиза / және мейірім етеміз. Бүл - шешіліп қойылған іс», - деп айтты»,- деді.
التفاسير العربية:
۞فَحَمَلَتۡهُ فَٱنتَبَذَتۡ بِهِۦ مَكَانٗا قَصِيّٗا
Сөйтіп, ол оған жүкті болып, онымен / кұрсағындағымен / алыс бір орынға барып оңашаланды.
التفاسير العربية:
فَأَجَآءَهَا ٱلۡمَخَاضُ إِلَىٰ جِذۡعِ ٱلنَّخۡلَةِ قَالَتۡ يَٰلَيۡتَنِي مِتُّ قَبۡلَ هَٰذَا وَكُنتُ نَسۡيٗا مَّنسِيّٗا
Сонда, толғақ оны бір құрма ағашының діңіне алып келді. Ол: «Қап, бұдан бұрын өліп кетсем әрі мүлдем ұмытылған болсам еді», - деді.
التفاسير العربية:
فَنَادَىٰهَا مِن تَحۡتِهَآ أَلَّا تَحۡزَنِي قَدۡ جَعَلَ رَبُّكِ تَحۡتَكِ سَرِيّٗا
/ Періште / оған төменгі жақтан үн қатып: «Қайғырма! Раббың аяқ астыңнан бастау ағызды.
التفاسير العربية:
وَهُزِّيٓ إِلَيۡكِ بِجِذۡعِ ٱلنَّخۡلَةِ تُسَٰقِطۡ عَلَيۡكِ رُطَبٗا جَنِيّٗا
Құрманың діңін өзіңе қарай сілкі. Саған жаңа піскен кұрма түседі.
التفاسير العربية:

فَكُلِي وَٱشۡرَبِي وَقَرِّي عَيۡنٗاۖ فَإِمَّا تَرَيِنَّ مِنَ ٱلۡبَشَرِ أَحَدٗا فَقُولِيٓ إِنِّي نَذَرۡتُ لِلرَّحۡمَٰنِ صَوۡمٗا فَلَنۡ أُكَلِّمَ ٱلۡيَوۡمَ إِنسِيّٗا
/ Құрмадан / же, су іш әрі тыныштыққа болен! Егер адамдардан біреуді көрсең: «Мен әр-Рахман / аса Мейірімді / үшін ауыз бекітуге нәзір атадым. Енді бүгін ешбір адаммен сөйлеспеймін», - деп айт»,- деді.
التفاسير العربية:
فَأَتَتۡ بِهِۦ قَوۡمَهَا تَحۡمِلُهُۥۖ قَالُواْ يَٰمَرۡيَمُ لَقَدۡ جِئۡتِ شَيۡـٔٗا فَرِيّٗا
Ол оны көтеріп еліне келді. Олар: «Ей, Мэриям! Сен шошынарлық нәрсе келтірдің.
التفاسير العربية:
يَـٰٓأُخۡتَ هَٰرُونَ مَا كَانَ أَبُوكِ ٱمۡرَأَ سَوۡءٖ وَمَا كَانَتۡ أُمُّكِ بَغِيّٗا
Ей, Һарұнның қарындасы! Әкең жаман кісі емес еді, әрі анаң да теріс жолда емес еді»,-деді.
التفاسير العربية:
فَأَشَارَتۡ إِلَيۡهِۖ قَالُواْ كَيۡفَ نُكَلِّمُ مَن كَانَ فِي ٱلۡمَهۡدِ صَبِيّٗا
Сонда ол оған / балаға / меңзеді. Олар: «Біз құндақтағы нәрестемен қайтып сөйлесеміз?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ إِنِّي عَبۡدُ ٱللَّهِ ءَاتَىٰنِيَ ٱلۡكِتَٰبَ وَجَعَلَنِي نَبِيّٗا
/ Иса / : «Мен - Аллаһтың құлымын. Ол маған Кітапты берді әрі мені Пайғамбар етті.
التفاسير العربية:
وَجَعَلَنِي مُبَارَكًا أَيۡنَ مَا كُنتُ وَأَوۡصَٰنِي بِٱلصَّلَوٰةِ وَٱلزَّكَوٰةِ مَا دُمۡتُ حَيّٗا
Әрі қайда болсам да мені берекелі етті. Өмір сүріп тұрған кезімде намазды және зекетті / өтеуді / бұйырды.
التفاسير العربية:
وَبَرَّۢا بِوَٰلِدَتِي وَلَمۡ يَجۡعَلۡنِي جَبَّارٗا شَقِيّٗا
Әрі анама игілік етуші / перзент / етті және мені өктемшіл, бақытсыз етпеді.
التفاسير العربية:
وَٱلسَّلَٰمُ عَلَيَّ يَوۡمَ وُلِدتُّ وَيَوۡمَ أَمُوتُ وَيَوۡمَ أُبۡعَثُ حَيّٗا
Әрі маған, мен туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық / болады / », - деді.
التفاسير العربية:
ذَٰلِكَ عِيسَى ٱبۡنُ مَرۡيَمَۖ قَوۡلَ ٱلۡحَقِّ ٱلَّذِي فِيهِ يَمۡتَرُونَ
Міне бұл - олар күмәнданып, тартысатын Мәриямның ұлы Иса жайлы хақ сөз.
التفاسير العربية:
مَا كَانَ لِلَّهِ أَن يَتَّخِذَ مِن وَلَدٖۖ سُبۡحَٰنَهُۥٓۚ إِذَا قَضَىٰٓ أَمۡرٗا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
Аллаһтың бала иемденуі мүмкін емес. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Ол бір істің болуын үкім етсе, оған тек қана «бол» дейді. Сонда ол, болады.
التفاسير العربية:
وَإِنَّ ٱللَّهَ رَبِّي وَرَبُّكُمۡ فَٱعۡبُدُوهُۚ هَٰذَا صِرَٰطٞ مُّسۡتَقِيمٞ
/ Иса / «Ақиқатында, Аллаһ - менің Раббым әрі сендердің Раббың. Оған құлшылық етіңдер. Міне осы тура жол», - деді.
التفاسير العربية:
فَٱخۡتَلَفَ ٱلۡأَحۡزَابُ مِنۢ بَيۡنِهِمۡۖ فَوَيۡلٞ لِّلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن مَّشۡهَدِ يَوۡمٍ عَظِيمٍ
Ал айда топтар өзара қайшылыққа түсті. Сондай күпірлік етушілерге / хақ дінді бұрмалаушы ағымдарға / Ұлы күннің / Қияметтің / көрінісінен үлкен қасірет бар\
التفاسير العربية:
أَسۡمِعۡ بِهِمۡ وَأَبۡصِرۡ يَوۡمَ يَأۡتُونَنَا لَٰكِنِ ٱلظَّـٰلِمُونَ ٱلۡيَوۡمَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
Бізге келген күні, олардың есту, көрулері өте анық болады. Алайда бүгін әділетсіздер ашық адасуда.
التفاسير العربية:

وَأَنذِرۡهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡحَسۡرَةِ إِذۡ قُضِيَ ٱلۡأَمۡرُ وَهُمۡ فِي غَفۡلَةٖ وَهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Оларға барлық іс шешілетін - қасіретті Күнді ескерт. Ал, олар қаперсіздік танытуда / бейғамдықта / әрі сенбеуде.
التفاسير العربية:
إِنَّا نَحۡنُ نَرِثُ ٱلۡأَرۡضَ وَمَنۡ عَلَيۡهَا وَإِلَيۡنَا يُرۡجَعُونَ
Ақиқатында жер және оның үстіндегілері Бізде қалады. Әрі олар Бізге қайтарылады.
التفاسير العربية:
وَٱذۡكُرۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ إِبۡرَٰهِيمَۚ إِنَّهُۥ كَانَ صِدِّيقٗا نَّبِيًّا
/ Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Ибраһимді есіңе ал. Анығында, ол өте шыншыл және Пайғамбар еді.
التفاسير العربية:
إِذۡ قَالَ لِأَبِيهِ يَـٰٓأَبَتِ لِمَ تَعۡبُدُ مَا لَا يَسۡمَعُ وَلَا يُبۡصِرُ وَلَا يُغۡنِي عَنكَ شَيۡـٔٗا
Міне, кезінде ол әкесіне: «Әй, әкешім! Неге сен естімейтін, көрмейтін және өзіңе ешпайда бермейтін нәрсеге табынасың?
التفاسير العربية:
يَـٰٓأَبَتِ إِنِّي قَدۡ جَآءَنِي مِنَ ٱلۡعِلۡمِ مَا لَمۡ يَأۡتِكَ فَٱتَّبِعۡنِيٓ أَهۡدِكَ صِرَٰطٗا سَوِيّٗا
Әй, әкетайым! Шын мәнінде маған, саған келмеген бір білім келді. Сондықтан маған ілес, сені тура жолға бастаймын.
التفاسير العربية:
يَـٰٓأَبَتِ لَا تَعۡبُدِ ٱلشَّيۡطَٰنَۖ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ كَانَ لِلرَّحۡمَٰنِ عَصِيّٗا
Әй, әкешім! Шайтанға табынба! Анығында, шайтан, әр-Рахманға / аса Қайырымдыға / бойсұнбаушы болды.
التفاسير العربية:
يَـٰٓأَبَتِ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يَمَسَّكَ عَذَابٞ مِّنَ ٱلرَّحۡمَٰنِ فَتَكُونَ لِلشَّيۡطَٰنِ وَلِيّٗا
Әй, әкешім! Мен саған әр-Рахманнан азап тиіп, шайтанға жақын болып қалуыңнан қорқамын», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ أَرَاغِبٌ أَنتَ عَنۡ ءَالِهَتِي يَـٰٓإِبۡرَٰهِيمُۖ لَئِن لَّمۡ تَنتَهِ لَأَرۡجُمَنَّكَۖ وَٱهۡجُرۡنِي مَلِيّٗا
/ Әкесі / : «Ей, Ибраһим! Сен менің құдайларымнан бас тартасың ба? Егер, тыйылмасаң, менің сөгісіме ұшырайсың. Менен біраз уақыт аулақ жүр», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ سَلَٰمٌ عَلَيۡكَۖ سَأَسۡتَغۡفِرُ لَكَ رَبِّيٓۖ إِنَّهُۥ كَانَ بِي حَفِيّٗا
/ Ибраһим / : «Саған амандық болсын. Мен сен үшін Раббымнан кешірім тілеймін. Шын мәнінде, Ол маған Мейірбан..
التفاسير العربية:
وَأَعۡتَزِلُكُمۡ وَمَا تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَأَدۡعُواْ رَبِّي عَسَىٰٓ أَلَّآ أَكُونَ بِدُعَآءِ رَبِّي شَقِيّٗا
Әрі мен сендерден және сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңнен араны ашамын әрі Раббымнан тілеймін. Раббыма сиынып, тілек етуімде бақытсыз болмауды үміт етемін»,- деді.
التفاسير العربية:
فَلَمَّا ٱعۡتَزَلَهُمۡ وَمَا يَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَهَبۡنَا لَهُۥٓ إِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَۖ وَكُلّٗا جَعَلۡنَا نَبِيّٗا
Сөйтіп ол олардан және олардың Аллаһтан өзге табынатындарынан алыстап, бөлек кеткенде, Біз оған Исхақ пен Яғқұпты тарту еттік әрі олардың барлығын пайғамбар қылдық.
التفاسير العربية:
وَوَهَبۡنَا لَهُم مِّن رَّحۡمَتِنَا وَجَعَلۡنَا لَهُمۡ لِسَانَ صِدۡقٍ عَلِيّٗا
Әрі оларға Өз мейірімізден тарту етіп, олар жайлы ақиқат сөзін жоғары еттік.
التفاسير العربية:
وَٱذۡكُرۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ مُوسَىٰٓۚ إِنَّهُۥ كَانَ مُخۡلَصٗا وَكَانَ رَسُولٗا نَّبِيّٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Мұсаны есіңе ал. Ол таңдалған және Елші / расул / әрі Пайғамбар / нәби / еді.
التفاسير العربية:

وَنَٰدَيۡنَٰهُ مِن جَانِبِ ٱلطُّورِ ٱلۡأَيۡمَنِ وَقَرَّبۡنَٰهُ نَجِيّٗا
Біз оған таудың оң жағынан үн қаттық және сөйлесу үшін оны жақындаттық.
التفاسير العربية:
وَوَهَبۡنَا لَهُۥ مِن رَّحۡمَتِنَآ أَخَاهُ هَٰرُونَ نَبِيّٗا
Әрі Өз мейірімізбен оған бауыры Һарұнды пайғамбар етіп сыйладық.
التفاسير العربية:
وَٱذۡكُرۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ إِسۡمَٰعِيلَۚ إِنَّهُۥ كَانَ صَادِقَ ٱلۡوَعۡدِ وَكَانَ رَسُولٗا نَّبِيّٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Исмаъилды есіңе ал. Ол уәдеге адал әрі Елші және Пайғамбар еді.
التفاسير العربية:
وَكَانَ يَأۡمُرُ أَهۡلَهُۥ بِٱلصَّلَوٰةِ وَٱلزَّكَوٰةِ وَكَانَ عِندَ رَبِّهِۦ مَرۡضِيّٗا
Ол үй-ішін намазға / оны орындауға / және зекетке / парыз, нәпіл садақа беруге / бұйыратын. Әрі Раббысы одан разы болған еді.
التفاسير العربية:
وَٱذۡكُرۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ إِدۡرِيسَۚ إِنَّهُۥ كَانَ صِدِّيقٗا نَّبِيّٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Идристі есіңе ал. Ол шыншыл әрі Пайғамбар еді.
التفاسير العربية:
وَرَفَعۡنَٰهُ مَكَانًا عَلِيًّا
Біз оны жоғары орынға көтердік.
التفاسير العربية:
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ أَنۡعَمَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ مِن ذُرِّيَّةِ ءَادَمَ وَمِمَّنۡ حَمَلۡنَا مَعَ نُوحٖ وَمِن ذُرِّيَّةِ إِبۡرَٰهِيمَ وَإِسۡرَـٰٓءِيلَ وَمِمَّنۡ هَدَيۡنَا وَٱجۡتَبَيۡنَآۚ إِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُ ٱلرَّحۡمَٰنِ خَرُّواْۤ سُجَّدٗاۤ وَبُكِيّٗا۩
Міне осылар - Аллаһ игілік берген Адамның ұрпағындағы пайғамбарлардан әрі Біз Нұхпен бірге алып жүргендеріміздің және Ибраһим мен Исраилдың ұрпағындағы әрі Біз тура жолмен жүргізіп және таңдап алғандардан. Оларға әр-Рахманның / аса Қайырымдының / аяттары оқылған кезде олар жылаған күйлерінде сәждеге жығылады.
التفاسير العربية:
۞فَخَلَفَ مِنۢ بَعۡدِهِمۡ خَلۡفٌ أَضَاعُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَٱتَّبَعُواْ ٱلشَّهَوَٰتِۖ فَسَوۡفَ يَلۡقَوۡنَ غَيًّا
Олардан кейін намазды зая қылған әрі тән құмарлықтарына / шәһуәттарына / ергендер келді. Жақында олар Ғайға / тозақтағы терең шұңқырға / тасталады.
التفاسير العربية:
إِلَّا مَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَأُوْلَـٰٓئِكَ يَدۡخُلُونَ ٱلۡجَنَّةَ وَلَا يُظۡلَمُونَ شَيۡـٔٗا
Тек істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтып / тәубе етіп / , иманға келген әрі ізгі амал істегендер басқа. Олар Жәннатқа кіреді әрі Оларға еш әділетсіздік жасалмайды.
التفاسير العربية:
جَنَّـٰتِ عَدۡنٍ ٱلَّتِي وَعَدَ ٱلرَّحۡمَٰنُ عِبَادَهُۥ بِٱلۡغَيۡبِۚ إِنَّهُۥ كَانَ وَعۡدُهُۥ مَأۡتِيّٗا
Олар ’Адн / жәннатының / бақтарына / кіреді / , сондай, әр-Рахман құлдарына ғайып түрде / көрсетпестен / уәде еткен. Ақиқатында оның уәдесі орындалады.
التفاسير العربية:
لَّا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوًا إِلَّا سَلَٰمٗاۖ وَلَهُمۡ رِزۡقُهُمۡ فِيهَا بُكۡرَةٗ وَعَشِيّٗا
Олар ол жерде бос сөз естімейді. Еститіндері тек «Сәлам» / Амандық болсын / - деген сөздер. Әрі олардың ондағы ризықтары таңертең де, кешке де / қалаған кездерінде /
التفاسير العربية:
تِلۡكَ ٱلۡجَنَّةُ ٱلَّتِي نُورِثُ مِنۡ عِبَادِنَا مَن كَانَ تَقِيّٗا
Құлдарымыздан тақуа болғандарға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға / мұра ететін Жәннат - осы.
التفاسير العربية:
وَمَا نَتَنَزَّلُ إِلَّا بِأَمۡرِ رَبِّكَۖ لَهُۥ مَا بَيۡنَ أَيۡدِينَا وَمَا خَلۡفَنَا وَمَا بَيۡنَ ذَٰلِكَۚ وَمَا كَانَ رَبُّكَ نَسِيّٗا
/ Ей, Жәбірейіл Мұхаммедке айт! / : «Біз / періштелер / Раббыңның әмірімен ғана түсеміз. Біздің алдымыздағы және артымыздағы әрі осының арасындағылар Оның иелігінде. Раббың - ұмытушы емес.
التفاسير العربية:

رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا فَٱعۡبُدۡهُ وَٱصۡطَبِرۡ لِعِبَٰدَتِهِۦۚ هَلۡ تَعۡلَمُ لَهُۥ سَمِيّٗا
Ол - аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы. Оған құлшылық ет және Оған құлшылық етуде сабырлы бол. Оған ұқсас біреуді білесің бе?», - деп
التفاسير العربية:
وَيَقُولُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَءِذَا مَا مِتُّ لَسَوۡفَ أُخۡرَجُ حَيًّا
Әрі адам баласы: «Мен өлгеннен кейін, / қайтадан / тірі күйімде шығарыламын ба?» - дейді.
التفاسير العربية:
أَوَلَا يَذۡكُرُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَنَّا خَلَقۡنَٰهُ مِن قَبۡلُ وَلَمۡ يَكُ شَيۡـٔٗا
Адам баласы әуелде Біздің оны жаратқанымызды есіне алмай ма? Ал, ол ешнәрсе болмаған еді.
التفاسير العربية:
فَوَرَبِّكَ لَنَحۡشُرَنَّهُمۡ وَٱلشَّيَٰطِينَ ثُمَّ لَنُحۡضِرَنَّهُمۡ حَوۡلَ جَهَنَّمَ جِثِيّٗا
Раббыңмен ант етемін! Біз оларды және шайтандарды әлбетте жинаймыз. Содан кейін оларды Жаһаннамның айналасына тізерлетіп қоямыз.
التفاسير العربية:
ثُمَّ لَنَنزِعَنَّ مِن كُلِّ شِيعَةٍ أَيُّهُمۡ أَشَدُّ عَلَى ٱلرَّحۡمَٰنِ عِتِيّٗا
Кейін әрбір топтан, олардың ішіндегі әр-Рахманға / аса Қайырымдыға / бойсұнбауда ең қатты болғандарын шығарып аламыз.
التفاسير العربية:
ثُمَّ لَنَحۡنُ أَعۡلَمُ بِٱلَّذِينَ هُمۡ أَوۡلَىٰ بِهَا صِلِيّٗا
Одан кейін, әлбетте онда жандырылуға ең лайықтылардың кім екенін Біз жақсы білеміз.
التفاسير العربية:
وَإِن مِّنكُمۡ إِلَّا وَارِدُهَاۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ حَتۡمٗا مَّقۡضِيّٗا
Сендерден әрбіреу оған келеді. Бұл - Раббыңның міндетіндегі, шешілген бір үкім.
التفاسير العربية:
ثُمَّ نُنَجِّي ٱلَّذِينَ ٱتَّقَواْ وَّنَذَرُ ٱلظَّـٰلِمِينَ فِيهَا جِثِيّٗا
Кейін, тақуа болғандарды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқарамыз. Ал, әділетсіздерді оның ішінде тізерлеген күйінде қалдырамыз.
التفاسير العربية:
وَإِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتٖ قَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَيُّ ٱلۡفَرِيقَيۡنِ خَيۡرٞ مَّقَامٗا وَأَحۡسَنُ نَدِيّٗا
Оларға анық түрдегі аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік еткендер / имансыздар / иманға келгендерге: «Екі топтың / имандылар мен имансыздардың / қайсысы жағдайы және жиыны / құрамы / тұрғысында артық?» - дейді.
التفاسير العربية:
وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا قَبۡلَهُم مِّن قَرۡنٍ هُمۡ أَحۡسَنُ أَثَٰثٗا وَرِءۡيٗا
Ал, олардан бұрын қанша халықтарды жойған едік. Олар байлықтарында және түр-тұрпатында жақсырақ еді.
التفاسير العربية:
قُلۡ مَن كَانَ فِي ٱلضَّلَٰلَةِ فَلۡيَمۡدُدۡ لَهُ ٱلرَّحۡمَٰنُ مَدًّاۚ حَتَّىٰٓ إِذَا رَأَوۡاْ مَا يُوعَدُونَ إِمَّا ٱلۡعَذَابَ وَإِمَّا ٱلسَّاعَةَ فَسَيَعۡلَمُونَ مَنۡ هُوَ شَرّٞ مَّكَانٗا وَأَضۡعَفُ جُندٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Кім адасуда болса, әр-Рахман оларға оны / адасуларын / өздеріне уәде етілген - не азап, не Сағатты / қияметті / көргендеріне дейін ұзартып қойсын. Сол кезде олар, кімнің орын тұрғысынан жаман әрі әскері әлсіз екенін біледі»,- деп.
التفاسير العربية:
وَيَزِيدُ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ٱهۡتَدَوۡاْ هُدٗىۗ وَٱلۡبَٰقِيَٰتُ ٱلصَّـٰلِحَٰتُ خَيۡرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَابٗا وَخَيۡرٞ مَّرَدًّا
Әрі Аллаһ тура жолда болғандардың туралығын арттырады. Ал, қалатын / жойылмайтын / ізгі амалдар - Раббыңның құзырында қайтарым сый әрі нәтиже ретінде одан қайырлы.
التفاسير العربية:

أَفَرَءَيۡتَ ٱلَّذِي كَفَرَ بِـَٔايَٰتِنَا وَقَالَ لَأُوتَيَنَّ مَالٗا وَوَلَدًا
Аяттарымызға күпірлік етіп / сенбей / : «Маған мал және балалар беріледі»,- дегенді көрдің бе?
التفاسير العربية:
أَطَّلَعَ ٱلۡغَيۡبَ أَمِ ٱتَّخَذَ عِندَ ٱلرَّحۡمَٰنِ عَهۡدٗا
Ол ғайыпты білді ме, әлдеәр-Рахманнан / аса Қайырымдыдан / серт алды ма?
التفاسير العربية:
كَلَّاۚ سَنَكۡتُبُ مَا يَقُولُ وَنَمُدُّ لَهُۥ مِنَ ٱلۡعَذَابِ مَدّٗا
Жоқ! Олай емес! Біз оның айтқанын жазып қоямыз әрі оған азапты арттырамыз.
التفاسير العربية:
وَنَرِثُهُۥ مَا يَقُولُ وَيَأۡتِينَا فَرۡدٗا
Әрі оның айтқан нәрселері Бізге қалады да, ол Бізге бір өзі келеді.
التفاسير العربية:
وَٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ ءَالِهَةٗ لِّيَكُونُواْ لَهُمۡ عِزّٗا
Олар өздеріне абырой / күш-құдірет / болуы үшін Аллаһтан өзгелерді құдай етіп алды.
التفاسير العربية:
كَلَّاۚ سَيَكۡفُرُونَ بِعِبَادَتِهِمۡ وَيَكُونُونَ عَلَيۡهِمۡ ضِدًّا
Жоқ! Олай емес! Олар / табынғандары / бұлардың құлшылықтарын теріске шығарады және бұларға қарсы болады.
التفاسير العربية:
أَلَمۡ تَرَ أَنَّآ أَرۡسَلۡنَا ٱلشَّيَٰطِينَ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ تَؤُزُّهُمۡ أَزّٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Біз кәпірлердің үстінен шайтандарды, оларға түрткі салып, итермелеуші етіп жібергенімізді көрмедің бе?
التفاسير العربية:
فَلَا تَعۡجَلۡ عَلَيۡهِمۡۖ إِنَّمَا نَعُدُّ لَهُمۡ عَدّٗا
Сондықтан оларға / жазаның келуіне / асықпа. Біз олар үшін / нақты / есеп жүргізушіміз.
التفاسير العربية:
يَوۡمَ نَحۡشُرُ ٱلۡمُتَّقِينَ إِلَى ٱلرَّحۡمَٰنِ وَفۡدٗا
Сол / қайта тірілу / Күні, тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / әр-Рахманға таңдаулы өкілдер тобы етіп жинап,
التفاسير العربية:
وَنَسُوقُ ٱلۡمُجۡرِمِينَ إِلَىٰ جَهَنَّمَ وِرۡدٗا
ал қылмыскерлерді қатты шөлдеген халдерінде Жаһаннамға айдаймыз.
التفاسير العربية:
لَّا يَمۡلِكُونَ ٱلشَّفَٰعَةَ إِلَّا مَنِ ٱتَّخَذَ عِندَ ٱلرَّحۡمَٰنِ عَهۡدٗا
Әр-Рахманнан уәде алғандардан басқалары арашалық ету / шапағат ету / құқығына ие болмайды.
التفاسير العربية:
وَقَالُواْ ٱتَّخَذَ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَلَدٗا
Әрі олар: «әр-Рахман / аса Қайырымды / Өзіне бала алды», - деді.
التفاسير العربية:
لَّقَدۡ جِئۡتُمۡ شَيۡـًٔا إِدّٗا
Расында сендер өрескел нәрсе істедіңдер.
التفاسير العربية:
تَكَادُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ يَتَفَطَّرۡنَ مِنۡهُ وَتَنشَقُّ ٱلۡأَرۡضُ وَتَخِرُّ ٱلۡجِبَالُ هَدًّا
Бұдан аспандар жарылып әрі жер айрылып және таулар күйреп, құлап түсе жаздайды,
التفاسير العربية:
أَن دَعَوۡاْ لِلرَّحۡمَٰنِ وَلَدٗا
олардың әр-Рахманға бала таңғандықтары үшін.
التفاسير العربية:
وَمَا يَنۢبَغِي لِلرَّحۡمَٰنِ أَن يَتَّخِذَ وَلَدًا
Өзіне бала иемдену әр-Рахманға лайықты емес / үйлеспейді /.
التفاسير العربية:
إِن كُلُّ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ إِلَّآ ءَاتِي ٱلرَّحۡمَٰنِ عَبۡدٗا
Аспандар мен жердегілердің барлығы әр-Рахманға бар болғаны құл ғана болып келеді.
التفاسير العربية:
لَّقَدۡ أَحۡصَىٰهُمۡ وَعَدَّهُمۡ عَدّٗا
Ол / Аллаһ / оларды санап, есептеп қойған.
التفاسير العربية:
وَكُلُّهُمۡ ءَاتِيهِ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فَرۡدًا
Олардың барлығы Қайта тірілу күні Оған жалғыз келеді.
التفاسير العربية:

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ سَيَجۡعَلُ لَهُمُ ٱلرَّحۡمَٰنُ وُدّٗا
Иманға келген және ізгі амал істегендерге әр-Рахман / аса Қайырымды / сүйіспеншілік салады.
التفاسير العربية:
فَإِنَّمَا يَسَّرۡنَٰهُ بِلِسَانِكَ لِتُبَشِّرَ بِهِ ٱلۡمُتَّقِينَ وَتُنذِرَ بِهِۦ قَوۡمٗا لُّدّٗا
/ Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, Біз бұны / Құранды / өз тіліңде жеңіл еттік, сенің онымен тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / қуандыруың және қасарысқан керісшіл адамдарды ескертуің үшін.
التفاسير العربية:
وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا قَبۡلَهُم مِّن قَرۡنٍ هَلۡ تُحِسُّ مِنۡهُم مِّنۡ أَحَدٍ أَوۡ تَسۡمَعُ لَهُمۡ رِكۡزَۢا
Әрі олардан бұрын қанша халықтарды жоқ еттік. Енді сен олардың бірін сезіп, біле аласың ба немесе олардың сыбдырын естисің бе?
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: مريم
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق