ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: لقمان
آية:
 

سورة لقمان - сурату Луқман

الٓمٓ
Әлиф. Ләм. Мим.
التفاسير العربية:
تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡحَكِيمِ
Бұл - хикметті Кітаптың аяттары,
التفاسير العربية:
هُدٗى وَرَحۡمَةٗ لِّلۡمُحۡسِنِينَ
жақсылықты ықыласпен істеушілер үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылыц / әрі мейірім.
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ يُقِيمُونَ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤۡتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَهُم بِٱلۡأٓخِرَةِ هُمۡ يُوقِنُونَ
Олар - сондай, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайды, зекетті береді және соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / айқын сенеді.
التفاسير العربية:
أُوْلَـٰٓئِكَ عَلَىٰ هُدٗى مِّن رَّبِّهِمۡۖ وَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُفۡلِحُونَ
Міне, солар - өздерінің Раббысынан болған тура жолдағылар әрі солар мұратына жететіндер.
التفاسير العربية:
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَشۡتَرِي لَهۡوَ ٱلۡحَدِيثِ لِيُضِلَّ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ بِغَيۡرِ عِلۡمٖ وَيَتَّخِذَهَا هُزُوًاۚ أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ عَذَابٞ مُّهِينٞ
Адамдардың ішінде, ешқандай білімі болмаса да / адамдарды / Аллаһтың жолынан адастыру үшін пайдасыз бос әңгімелерді сатып алатын бар әрі ол оны / Аллаһтың жолын / келекеге айналдырады. Міне, соларға қорлаушы азап болады.
التفاسير العربية:
وَإِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِ ءَايَٰتُنَا وَلَّىٰ مُسۡتَكۡبِرٗا كَأَن لَّمۡ يَسۡمَعۡهَا كَأَنَّ فِيٓ أُذُنَيۡهِ وَقۡرٗاۖ فَبَشِّرۡهُ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Қашан оған Біздің аяттарымыз оқылса, ол оны естімегендей, құлағында кереңдік бар секілді, өзін жоғары санап, менменси теріс бұрылады. / Ей, Мұхаммед! / Оны күйзелтуші азаппен «сүйіншіле».
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَهُمۡ جَنَّـٰتُ ٱلنَّعِيمِ
Ақиқатында иманға келген және ізгі амал істегендерге Наъим бақтары бар.
التفاسير العربية:
خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٗاۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Олар, Аллаһтың хақ уәдесі бойынша онда мәңгі қалады. Ол -бәрінен Үстем, аса Дана. @مصحح
Олар, Аллаһтың хақ уәдесі бойынша онда мәңгі қалады. Ол - әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хаким / аса Дана / .
التفاسير العربية:
خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ بِغَيۡرِ عَمَدٖ تَرَوۡنَهَاۖ وَأَلۡقَىٰ فِي ٱلۡأَرۡضِ رَوَٰسِيَ أَن تَمِيدَ بِكُمۡ وَبَثَّ فِيهَا مِن كُلِّ دَآبَّةٖۚ وَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَنۢبَتۡنَا فِيهَا مِن كُلِّ زَوۡجٖ كَرِيمٍ
Ол аспандарды тіреусіз жаратты, оны / тіреуді / егер болғанда көретін едіңдер және жерге мызғымай тұрғандарды / тауларды / тастады, сендермен бірге шайқалмауы үшін және онда әрбір жаны барды таратты. Әрі Біз аспаннан су түсіріп, онда / жерде / барлық көркем түрлерді өсірдік.
التفاسير العربية:
هَٰذَا خَلۡقُ ٱللَّهِ فَأَرُونِي مَاذَا خَلَقَ ٱلَّذِينَ مِن دُونِهِۦۚ بَلِ ٱلظَّـٰلِمُونَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
Міне, бұл - Аллаһтың жаратқаны. Ал, Одан өзгелердің не жаратқанын Маған көрсетіңдерші? Иә, солай, әділетсіздер анық адасуда.
التفاسير العربية:

وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا لُقۡمَٰنَ ٱلۡحِكۡمَةَ أَنِ ٱشۡكُرۡ لِلَّهِۚ وَمَن يَشۡكُرۡ فَإِنَّمَا يَشۡكُرُ لِنَفۡسِهِۦۖ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَنِيٌّ حَمِيدٞ
Біз Лұқманға даналық беріп: «Шүкір ет / Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдір / . Кім шүкір етсе / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірсе / , білдірген алғысы / шүкірлігі / өз пайдасына болады. Ал кім күпірлік етсе / берілген игіліктерді мойындамаса / , әлбетте Аллаһ - Бай, мұқтажсыз, аса Мақтаулы», -дедік. @مصحح
Біз Лұқманға даналық беріп: «Шүкір ет / Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдір / . Кім шүкір етсе / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірсе / , білдірген алғысы / шүкірлігі / өз пайдасына болады. Ал кім күпірлік етсе / берілген игіліктерді мойындамаса / , әлбетте Аллаһ - Бай, мұқтажсыз / Ғани / , аса Мақтаулы / Хамид / », -дедік.
التفاسير العربية:
وَإِذۡ قَالَ لُقۡمَٰنُ لِٱبۡنِهِۦ وَهُوَ يَعِظُهُۥ يَٰبُنَيَّ لَا تُشۡرِكۡ بِٱللَّهِۖ إِنَّ ٱلشِّرۡكَ لَظُلۡمٌ عَظِيمٞ
Міне, кезінде Лұқман ұлына насихат етіп: «Әй, ұлым / кішкентайым / \ Аллаһқа серік қоспа. Өйткені серік қосу - өте үлкен әділетсіздік», - деп айтқан еді.
التفاسير العربية:
وَوَصَّيۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ بِوَٰلِدَيۡهِ حَمَلَتۡهُ أُمُّهُۥ وَهۡنًا عَلَىٰ وَهۡنٖ وَفِصَٰلُهُۥ فِي عَامَيۡنِ أَنِ ٱشۡكُرۡ لِي وَلِوَٰلِدَيۡكَ إِلَيَّ ٱلۡمَصِيرُ
Біз адам баласына ата-анасын өсиет етіп тапсырдық. Анасы жүкті болып, оны әлсіздік үстіне әлсіздікпен көтерді. Әрі / сәбиді омыраудан / екі жылда ажыратады. Маған және ата-анаңа шүкір ет / алғыс, ризалық білдір / . Қайтуларың Маған / Мағанқайтасыңдар / .
التفاسير العربية:
وَإِن جَٰهَدَاكَ عَلَىٰٓ أَن تُشۡرِكَ بِي مَا لَيۡسَ لَكَ بِهِۦ عِلۡمٞ فَلَا تُطِعۡهُمَاۖ وَصَاحِبۡهُمَا فِي ٱلدُّنۡيَا مَعۡرُوفٗاۖ وَٱتَّبِعۡ سَبِيلَ مَنۡ أَنَابَ إِلَيَّۚ ثُمَّ إِلَيَّ مَرۡجِعُكُمۡ فَأُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Ал, егер ол екеуі өзінде білімі болмаған нәрсені Маған серік етіп қосуың үшін ұмтылып, әрекет етсе, онда оларға бағынба. Бірақ, бұл дүниеде оларды құпталғанға сай қарап, күт, әрі Маған бойсұнып, жүгінгендердің жолымен жүр. Кейін сендер Маған қайтасындар. Сонда сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін.
التفاسير العربية:
يَٰبُنَيَّ إِنَّهَآ إِن تَكُ مِثۡقَالَ حَبَّةٖ مِّنۡ خَرۡدَلٖ فَتَكُن فِي صَخۡرَةٍ أَوۡ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ أَوۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ يَأۡتِ بِهَا ٱللَّهُۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَطِيفٌ خَبِيرٞ
«Әй, балам! Егер қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болып, ол бір жартастың ішінде, не аспандарда, не жерде болса да, Аллаһ оны келтіреді. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені толық Білуші, бәрінен Хабардар. @مصحح
«Әй, балам! Егер қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болып, ол бір жартастың ішінде, не аспандарда, не жерде болса да, Аллаһ оны келтіреді. Ақиқатында, Аллаһ әл-Латиф / барлық нәрсені толық Білуші / әл-Хабир / бәрінен Хабардар / .
التفاسير العربية:
يَٰبُنَيَّ أَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَ وَأۡمُرۡ بِٱلۡمَعۡرُوفِ وَٱنۡهَ عَنِ ٱلۡمُنكَرِ وَٱصۡبِرۡ عَلَىٰ مَآ أَصَابَكَۖ إِنَّ ذَٰلِكَ مِنۡ عَزۡمِ ٱلۡأُمُورِ
Әй, балам, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле, толық / орында, құпталғанға бұйыр әрі тыйым салынғаннан қайтар және басыңа түскенге сабыр ет. Ақиқатында, бұлар - қайрат-жігер танытатын істерден.
التفاسير العربية:
وَلَا تُصَعِّرۡ خَدَّكَ لِلنَّاسِ وَلَا تَمۡشِ فِي ٱلۡأَرۡضِ مَرَحًاۖ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخۡتَالٖ فَخُورٖ
Адамдардан бетіңді / менменси / қисайтып бұрма әрі жер бетінде кердеңдеп жүрме. Ақиқатында, Аллаһ әрбір өркөкіректі әрі мақтаншақты жақсы көрмейді.
التفاسير العربية:
وَٱقۡصِدۡ فِي مَشۡيِكَ وَٱغۡضُضۡ مِن صَوۡتِكَۚ إِنَّ أَنكَرَ ٱلۡأَصۡوَٰتِ لَصَوۡتُ ٱلۡحَمِيرِ
Әрі жүрісіңде орташа, бірқалыпты бол және дауысыңды бәсеңдет. Өйткені дауыстардың ең жағымсызы - есектің дауысы.
التفاسير العربية:

أَلَمۡ تَرَوۡاْ أَنَّ ٱللَّهَ سَخَّرَ لَكُم مَّا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَأَسۡبَغَ عَلَيۡكُمۡ نِعَمَهُۥ ظَٰهِرَةٗ وَبَاطِنَةٗۗ وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يُجَٰدِلُ فِي ٱللَّهِ بِغَيۡرِ عِلۡمٖ وَلَا هُدٗى وَلَا كِتَٰبٖ مُّنِيرٖ
Аспандар мен жердегі нәрселерді Аллаһтың сендер үшін бағынышты еткенін, әрі сендерді ап-айқын және жасырын / көрінбейтін / игіліктеріне бөлегенін көрмедіңдер ме? Адамдардың арасында өзінде не білімі, не тура жолға бастаушысы, не жарық беруші кітабы болмаса да Аллаһ жайында айтысатындары бар.
التفاسير العربية:
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱتَّبِعُواْ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ قَالُواْ بَلۡ نَتَّبِعُ مَا وَجَدۡنَا عَلَيۡهِ ءَابَآءَنَآۚ أَوَلَوۡ كَانَ ٱلشَّيۡطَٰنُ يَدۡعُوهُمۡ إِلَىٰ عَذَابِ ٱلسَّعِيرِ
Әрі қашан оларға:«Аллаһтыңтүсіргеніне еріңдер», - делінсе, олар: «Жоқ.Біз аталарымызды ненің үстінде / қандай құлшылықта / тапсақ, соған ереміз», - дейді. Егер де шайтан оларды Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) азабына шақырса да ма? @مصحح
Әрі қашан оларға:«Аллаһтыңтүсіргеніне еріңдер», - делінсе, олар: «Жоқ.Біз аталарымызды ненің үстінде / қандай құлшылықта / тапсақ, соған ереміз», - дейді. Егер де шайтан оларды Саъир азабына шақырса да ма?
التفاسير العربية:
۞وَمَن يُسۡلِمۡ وَجۡهَهُۥٓ إِلَى ٱللَّهِ وَهُوَ مُحۡسِنٞ فَقَدِ ٱسۡتَمۡسَكَ بِٱلۡعُرۡوَةِ ٱلۡوُثۡقَىٰۗ وَإِلَى ٱللَّهِ عَٰقِبَةُ ٱلۡأُمُورِ
Кім ықыласпен жақсылық істеуші бол­ған күйінде жүзін / дінін, амалын / Аллаһқа бойсұндырса, сол ең сенімді тұтқадан ұстаған j болады. Істердің нәтижесі - Аллаһта.
التفاسير العربية:
وَمَن كَفَرَ فَلَا يَحۡزُنكَ كُفۡرُهُۥٓۚ إِلَيۡنَا مَرۡجِعُهُمۡ فَنُنَبِّئُهُم بِمَا عَمِلُوٓاْۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ
Ал, кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , оның күпірлігі / қарсылығы / сені қайғыртпасын. Олардың қайтар жері - Біздің алдымыз. Сонда Оларға не істегендерінің хабарын береміз. Ақиқатында, Аллаһ көкіректердегі нәрсені толық Білуші.
التفاسير العربية:
نُمَتِّعُهُمۡ قَلِيلٗا ثُمَّ نَضۡطَرُّهُمۡ إِلَىٰ عَذَابٍ غَلِيظٖ
Біз олардың / бұл дүниеден / аз ғана пайдалануына мүмкіндік беріп, кейін оларды ауыр азапқа мәжбүр етіп саламыз.
التفاسير العربية:
وَلَئِن سَأَلۡتَهُم مَّنۡ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۚ قُلِ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Егер олардан аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», - дейді. Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа!» -деп. Бірақ олардың көбі білмейді.
التفاسير العربية:
لِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡغَنِيُّ ٱلۡحَمِيدُ
Аспандардағы және жердегілердің барлығы Аллаһтікі. Ақиқатында Аллаһ өте Бай, Мұқтажсыз, аса Мақтаулы. @مصحح
Аспандардағы және жердегілердің барлығы Аллаһтікі. Ақиқатында Аллаһ әл-Ғани / өте Бай, Мұқтажсыз / , әл-Хамид / аса Мақтаулы / .
التفاسير العربية:
وَلَوۡ أَنَّمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ مِن شَجَرَةٍ أَقۡلَٰمٞ وَٱلۡبَحۡرُ يَمُدُّهُۥ مِنۢ بَعۡدِهِۦ سَبۡعَةُ أَبۡحُرٖ مَّا نَفِدَتۡ كَلِمَٰتُ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٞ
Егер де жердегі барлық ағаштар қаламға айналып, ал теңіз / сия болып / және оған артынан жеті теңіз қосылса да Аллаһтың сөздері таусылмайды. Ақиқатында Аллаһ бәрінен Үстем , аса Дана . @مصحح
Егер де жердегі барлық ағаштар қаламға айналып, ал теңіз / сия болып / және оған артынан жеті теңіз қосылса да Аллаһтың сөздері таусылмайды. Ақиқатында Аллаһ бәрінен Үстем / ’Азиз / , аса Дана / Хаким / .
التفاسير العربية:
مَّا خَلۡقُكُمۡ وَلَا بَعۡثُكُمۡ إِلَّا كَنَفۡسٖ وَٰحِدَةٍۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعُۢ بَصِيرٌ
Сендерді жарату және қайта тірілту - бір жанды / жаратып, тірілту / секілді ғана. Ақиқатында Аллаһ бәрін Естуші / Самиъ / , бәрін Көруші / Басир / .
التفاسير العربية:

أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ يُولِجُ ٱلَّيۡلَ فِي ٱلنَّهَارِ وَيُولِجُ ٱلنَّهَارَ فِي ٱلَّيۡلِ وَسَخَّرَ ٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَۖ كُلّٞ يَجۡرِيٓ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗى وَأَنَّ ٱللَّهَ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٞ
Аллаһтың түнді күндізге кіргізіп, ал күндізді түнге кіргізетінін көрмедің бе? Әрі күн мен айды / құлдарының пайдасы үшін / бағынышты еткенін, - / олардың / әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады, - сондай-ақ Аллаһ сендердің не істейтіндеріңнен Хабардар екенін ?
التفاسير العربية:
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدۡعُونَ مِن دُونِهِ ٱلۡبَٰطِلُ وَأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡعَلِيُّ ٱلۡكَبِيرُ
Бұл солай. Ақиқатында, Аллаһ - әл-Хақ / күмәнсіз Ақиқат / , ал олардың Одан өзге шақыратындары / табынып жалбарынатындары / жалған әрі шын мәнінде, Аллаһ - аса Жоғары, өте Үлкен. @مصحح
Бұл солай. Ақиқатында, Аллаһ - әл-Хақ / күмәнсіз Ақиқат / , ал олардың Одан өзге шақыратындары / табынып жалбарынатындары / жалған әрі шын мәнінде, Аллаһ - әл-’Али / аса Жоғары / , әл-Кәбир / өте Үлкен / .
التفاسير العربية:
أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱلۡفُلۡكَ تَجۡرِي فِي ٱلۡبَحۡرِ بِنِعۡمَتِ ٱللَّهِ لِيُرِيَكُم مِّنۡ ءَايَٰتِهِۦٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّكُلِّ صَبَّارٖ شَكُورٖ
/ Ей, Мұхаммед! / Сен кемелердің Аллаһтың игілігімен, Оның кейбір белгілерін сендерге көрсетуі үшін теңізде жүзетінін көрмедің бе? Ақиқатында, мұндаәрбірәрдайым сабыр, көп шүкір етушілер / Раббысының бергендерінеалғыс білдірушілер / үшін белгілер бар. @مصحح
/ Ей, Мұхаммед! / Сен кемелердің Аллаһтың игілігімен, Оның кейбір белгілерін сендерге көрсетуі үшін теңізде жүзетінін көрмедің бе? Ақиқатында, мұндаәрбірәрдайым сабыр, көп шүкір етушілер / Раббысының бергендерінеалғыс білдірушілер / үшін белгілер бар.
التفاسير العربية:
وَإِذَا غَشِيَهُم مَّوۡجٞ كَٱلظُّلَلِ دَعَوُاْ ٱللَّهَ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ فَلَمَّا نَجَّىٰهُمۡ إِلَى ٱلۡبَرِّ فَمِنۡهُم مُّقۡتَصِدٞۚ وَمَا يَجۡحَدُ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَّا كُلُّ خَتَّارٖ كَفُورٖ
Қашан оларды таулардай толқындар орап алса, дінін / құлшылықтарын / шын ықыласпен / серік қосу, риядан тазартып / тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады / .Ал қашан оларды құрлыққа / шығарып / құтқарған соң, олардың кейбірі / шүкірліктерін / кемітеді. Біздің белгілерімізді әрбір опасыз, игілігімізге алғыс білдірмеуші / шүкіршілік етпеуші / ғана теріске шығарады.
التفاسير العربية:
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱتَّقُواْ رَبَّكُمۡ وَٱخۡشَوۡاْ يَوۡمٗا لَّا يَجۡزِي وَالِدٌ عَن وَلَدِهِۦ وَلَا مَوۡلُودٌ هُوَ جَازٍ عَن وَالِدِهِۦ شَيۡـًٔاۚ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞۖ فَلَا تَغُرَّنَّكُمُ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا وَلَا يَغُرَّنَّكُم بِٱللَّهِ ٱلۡغَرُورُ
Ей, адамдар! Өздеріңнің Раббыңнан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / әрі ешбір әке баласы үшін өтем бере алмайтын және ешбір бала әкесі үшін өтем бере алмайтын Күннен қорқындар. Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі ақиқат. Сондықтан осы өмір сендерді алдамасын / дүние қызықтарына алданып қалмаңдар / , әрі алдаушы / шайтан / сендерді Аллаһқа қатысты алдап қоймасын.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱللَّهَ عِندَهُۥ عِلۡمُ ٱلسَّاعَةِ وَيُنَزِّلُ ٱلۡغَيۡثَ وَيَعۡلَمُ مَا فِي ٱلۡأَرۡحَامِۖ وَمَا تَدۡرِي نَفۡسٞ مَّاذَا تَكۡسِبُ غَدٗاۖ وَمَا تَدۡرِي نَفۡسُۢ بِأَيِّ أَرۡضٖ تَمُوتُۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرُۢ
Ақиқатында Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / білімі Аллаһта, Ол жаңбырды жаудырады және жатырлардағыны біледі. Ешбір жан ертең не табатынын білмейді әрі ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Ақиқатында Аллаһ бәрін Білуші, бәрінен Хабардар. @مصحح
Ақиқатында Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / білімі Аллаһта, Ол жаңбырды жаудырады және жатырлардағыны біледі. Ешбір жан ертең не табатынын білмейді әрі ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Ақиқатында Аллаһ бәрін Білуші / ’Алим / , бәрінен Хабардар / Хабир / .
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: لقمان
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق