ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: السجدة
آية:
 

سورة السجدة - суратус-Сажда

الٓمٓ
Әлиф. Ләм. Мим.
التفاسير العربية:
تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ لَا رَيۡبَ فِيهِ مِن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Бұл Кітаптың әлемдердің Раббысынан түсірілгендігіне ешқандай күмән жоқ.
التفاسير العربية:
أَمۡ يَقُولُونَ ٱفۡتَرَىٰهُۚ بَلۡ هُوَ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكَ لِتُنذِرَ قَوۡمٗا مَّآ أَتَىٰهُم مِّن نَّذِيرٖ مِّن قَبۡلِكَ لَعَلَّهُمۡ يَهۡتَدُونَ
Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», дей ме? Жоқ, олай емес! Бұл - сенен бұрын ескертуші келмеген елдің тура жолға түсуіне үгіттеп, ескертуің үшін Раббыңнан / түскен / ақиқат.
التفاسير العربية:
ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ مَا لَكُم مِّن دُونِهِۦ مِن وَلِيّٖ وَلَا شَفِيعٍۚ أَفَلَا تَتَذَكَّرُونَ
Аллаһ, Ол сондай, - аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Сендер үшін Одан басқа ешбір қамқоршы да, араша түсуші де жоқ. Еске алмайсыңдар ма? @مصحح
Аллаһ, Ол сондай, - аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға истиуа етті. Сендер үшін Одан басқа ешбір қамқоршы да, араша түсуші де жоқ. Еске алмайсыңдар ма?
التفاسير العربية:
يُدَبِّرُ ٱلۡأَمۡرَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ ثُمَّ يَعۡرُجُ إِلَيۡهِ فِي يَوۡمٖ كَانَ مِقۡدَارُهُۥٓ أَلۡفَ سَنَةٖ مِّمَّا تَعُدُّونَ
Ол аспаннан жерге дейін Өз әмірін жүргізеді. Кейін ол / ол істер / , мөлшері сендердің есептеріңмен мың жыл болатын бір күнде Оған көтеріледі.
التفاسير العربية:
ذَٰلِكَ عَٰلِمُ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Міне, сол - ғайып пен айқын нәрсені Білуші, бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді, @مصحح
Міне, сол - ғайып пен айқын нәрсені Білуші, әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді / ,
التفاسير العربية:
ٱلَّذِيٓ أَحۡسَنَ كُلَّ شَيۡءٍ خَلَقَهُۥۖ وَبَدَأَ خَلۡقَ ٱلۡإِنسَٰنِ مِن طِينٖ
Ол әрбір нәрсені өте жақсы / кемел де кемшіліксіз / етіп жаратты. Әрі Ол адамның / Адам атаның / жаратылысын лайдан бастады,
التفاسير العربية:
ثُمَّ جَعَلَ نَسۡلَهُۥ مِن سُلَٰلَةٖ مِّن مَّآءٖ مَّهِينٖ
кейін оның ұрпағын әлсіз / елеусіз / судың тамшысынан жасады.
التفاسير العربية:
ثُمَّ سَوَّىٰهُ وَنَفَخَ فِيهِ مِن رُّوحِهِۦۖ وَجَعَلَ لَكُمُ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡأَبۡصَٰرَ وَٱلۡأَفۡـِٔدَةَۚ قَلِيلٗا مَّا تَشۡكُرُونَ
Кейін оны / рет-ретімен / теңестіріп, оған Өзіндегі / иелігіндегі / рухтан үрледі. Әрі Ол сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер аз шүкір етесіңдер / Оның берген игіліктеріне аз алғысбілдіресіңдер /.
التفاسير العربية:
وَقَالُوٓاْ أَءِذَا ضَلَلۡنَا فِي ٱلۡأَرۡضِ أَءِنَّا لَفِي خَلۡقٖ جَدِيدِۭۚ بَلۡ هُم بِلِقَآءِ رَبِّهِمۡ كَٰفِرُونَ
Ал, олар / сенбейтіндер / : «Біз жермен араласып жоғалсақ та жаңадан / қайта / жаратыламыз ба?» - деді. Жоқ, олар өздерінің Раббысымен жолығуға сенбейді.
التفاسير العربية:
۞قُلۡ يَتَوَفَّىٰكُم مَّلَكُ ٱلۡمَوۡتِ ٱلَّذِي وُكِّلَ بِكُمۡ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُمۡ تُرۡجَعُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жандарыңды сендерге уәкіл етілген өлім періштесі алады, одан кейін сендер өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар», -деп.
التفاسير العربية:

وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذِ ٱلۡمُجۡرِمُونَ نَاكِسُواْ رُءُوسِهِمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ رَبَّنَآ أَبۡصَرۡنَا وَسَمِعۡنَا فَٱرۡجِعۡنَا نَعۡمَلۡ صَٰلِحًا إِنَّا مُوقِنُونَ
Сен қылмыскерлердің өздерінің Раббы­сы алдында бастарын иіп: «Раббымыз! Біз көрдік және естідік. Бізді артқа қайтар, ізгі амал істейік. Біз енді анық сендік», — деп айтқандарын көргеніңде еді.
التفاسير العربية:
وَلَوۡ شِئۡنَا لَأٓتَيۡنَا كُلَّ نَفۡسٍ هُدَىٰهَا وَلَٰكِنۡ حَقَّ ٱلۡقَوۡلُ مِنِّي لَأَمۡلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنَ ٱلۡجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ أَجۡمَعِينَ
Егер де қалағанымызда, барлық адамды тура жолмен жүргізер едік. Бірақ Менен: «Тозақты жындардың және адамдардың / кәпір, күнәһарларының / барлығымен әлбетте толтырамын» - деп айтылған сөз болды.
التفاسير العربية:
فَذُوقُواْ بِمَا نَسِيتُمۡ لِقَآءَ يَوۡمِكُمۡ هَٰذَآ إِنَّا نَسِينَٰكُمۡۖ وَذُوقُواْ عَذَابَ ٱلۡخُلۡدِ بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
/ Имансыздарға / : «Өздеріңнің осы күндеріңе жолығуды ұмытқандарың үшін / азапты / татыңдар. Анығында, Біз де сендерді / Есеп күнін ұмытқандарыңдай / ұмыттық. Істеп өткен амалдарың үшін мәңгіліктің азабын татыңдар», - делінеді.
التفاسير العربية:
إِنَّمَا يُؤۡمِنُ بِـَٔايَٰتِنَا ٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِّرُواْ بِهَا خَرُّواْۤ سُجَّدٗاۤ وَسَبَّحُواْ بِحَمۡدِ رَبِّهِمۡ وَهُمۡ لَا يَسۡتَكۡبِرُونَ۩
Анығында, Біздің аяттарымызға, - ол арқылы естеріне салынған кезде, өздерін жоғары санап, менменсімей сәждеге жығылып және өздерінің Раббысына мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейтіндер ғана сенеді.
التفاسير العربية:
تَتَجَافَىٰ جُنُوبُهُمۡ عَنِ ٱلۡمَضَاجِعِ يَدۡعُونَ رَبَّهُمۡ خَوۡفٗا وَطَمَعٗا وَمِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ يُنفِقُونَ
Олар жамбастары төсектерден ажырап, өздерінің Раббысынан қорқып және үміт етіп тілейді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жұмсайды.
التفاسير العربية:
فَلَا تَعۡلَمُ نَفۡسٞ مَّآ أُخۡفِيَ لَهُم مِّن قُرَّةِ أَعۡيُنٖ جَزَآءَۢ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Ешбір жан істеген амалдары үшін қайтарым сый ретінде өздері көзайым болатын қандай қуаныштың жасырылғанын білмейді.
التفاسير العربية:
أَفَمَن كَانَ مُؤۡمِنٗا كَمَن كَانَ فَاسِقٗاۚ لَّا يَسۡتَوُۥنَ
Иманды жан / мүмін / - бүлдіруші / бойсұнбаушы / біреу секілді ме?! Олар тең емес.
التفاسير العربية:
أَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ فَلَهُمۡ جَنَّـٰتُ ٱلۡمَأۡوَىٰ نُزُلَۢا بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Иманға келген және ізгі амал жасағандарға істеген амалдары үшін Мәуа / жәннатының / бақтарында сый-құрметтер болады.
التفاسير العربية:
وَأَمَّا ٱلَّذِينَ فَسَقُواْ فَمَأۡوَىٰهُمُ ٱلنَّارُۖ كُلَّمَآ أَرَادُوٓاْ أَن يَخۡرُجُواْ مِنۡهَآ أُعِيدُواْ فِيهَا وَقِيلَ لَهُمۡ ذُوقُواْ عَذَابَ ٱلنَّارِ ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ
Ал, бұзық іс істейтіндердің / бойсұнбағандардың / тұрағы - От. Олар әркез ол жерден шығуды қалағанда, оған қайтарылады әрі оларға: «Өздерің өтірік санаған от азабын татыңдар», - делінеді.
التفاسير العربية:

وَلَنُذِيقَنَّهُم مِّنَ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡأَدۡنَىٰ دُونَ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡأَكۡبَرِ لَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ
Әрі міндетті түрде, Біз оларға / иманға / қайтулары үшін үлкен азаптан алдын жақын азапты / осы дүниедегі ауыртпашылықтарды / таттырамыз.
التفاسير العربية:
وَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّن ذُكِّرَ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِۦ ثُمَّ أَعۡرَضَ عَنۡهَآۚ إِنَّا مِنَ ٱلۡمُجۡرِمِينَ مُنتَقِمُونَ
Әрі Раббысының аят-белгілері есіне салынғаннан кейін, одан теріс бұрылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз қылмыскерлерден кек аламыз.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ فَلَا تَكُن فِي مِرۡيَةٖ مِّن لِّقَآئِهِۦۖ وَجَعَلۡنَٰهُ هُدٗى لِّبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ
/ Ей, Мұхаммед! / Біз Мұсаға Кітапты бердік. Онымен жолығудан күмәнда болма. Әрі Біз оны / Тәуратты / Исраил ұрпақтарына / тура жолды ұстануға / жолбасшы еттік,
التفاسير العربية:
وَجَعَلۡنَا مِنۡهُمۡ أَئِمَّةٗ يَهۡدُونَ بِأَمۡرِنَا لَمَّا صَبَرُواْۖ وَكَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا يُوقِنُونَ
және олар сабыр етіп, аяттарымызға айқын сенген кезде, араларынан әміріміз бойынша тура жолға бастайтын жетекшілер шығардық.
التفاسير العربية:
إِنَّ رَبَّكَ هُوَ يَفۡصِلُ بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُواْ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ
Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты олардың араларына, әлбетте, үкім шығарады.
التفاسير العربية:
أَوَلَمۡ يَهۡدِ لَهُمۡ كَمۡ أَهۡلَكۡنَا مِن قَبۡلِهِم مِّنَ ٱلۡقُرُونِ يَمۡشُونَ فِي مَسَٰكِنِهِمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٍۚ أَفَلَا يَسۡمَعُونَ
Олардан бұрын өткен қаншама ұрпақтарды Біздің жойып жібергеніміз, оларды шынымен жолға салмады ма? Өздері / бүгін / олардың жұрттарынан / мекендерінен / өтіп жүр. Ақиқатында, мұнда белгі-ғибраттар бар. Олар сонда да құлақ аспай ма?
التفاسير العربية:
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّا نَسُوقُ ٱلۡمَآءَ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ ٱلۡجُرُزِ فَنُخۡرِجُ بِهِۦ زَرۡعٗا تَأۡكُلُ مِنۡهُ أَنۡعَٰمُهُمۡ وَأَنفُسُهُمۡۚ أَفَلَا يُبۡصِرُونَ
Олар / имансыздар / суды шел жерге қарай айдап, ол арқылы олардың малдары және өздері жейтін егін шығарғанымызды көрмеді ме? Олар әлі де көрмей ме?
التفاسير العربية:
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡفَتۡحُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Әрі олар: «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл үкім / шешім / қашан болады?» - дейді.
التفاسير العربية:
قُلۡ يَوۡمَ ٱلۡفَتۡحِ لَا يَنفَعُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ إِيمَٰنُهُمۡ وَلَا هُمۡ يُنظَرُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Үкім берілетін күні сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / сенімдері пайда бермейді және оларға мұрсат та берілмейді», -деп.
التفاسير العربية:
فَأَعۡرِضۡ عَنۡهُمۡ وَٱنتَظِرۡ إِنَّهُم مُّنتَظِرُونَ
Енді олардан теріс бұрыл және күт. Өйткені олар да күтуде.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: السجدة
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق