ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: سبإ
آية:
 

سورة سبإ - сурату Сәбә

ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي لَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَهُ ٱلۡحَمۡدُ فِي ٱلۡأٓخِرَةِۚ وَهُوَ ٱلۡحَكِيمُ ٱلۡخَبِيرُ
Барлық мақтау аспандардағы және жердегі / барлық / нәрселер бір Өзінікі болған Аллаһқа. Және соңғы мәңгілік өмірде де / ақиретте / барлық мақтау Оған. Олс аса Дана, бәрінен Хабардар. @مصحح
Барлық мақтау аспандардағы және жердегі / барлық / нәрселер бір Өзінікі болған Аллаһқа. Және соңғы мәңгілік өмірде де / ақиретте / барлық мақтау Оған. Ол әл-Хаким / аса Дана / , әл-Хабир / бәрінен Хабардар / .
التفاسير العربية:
يَعۡلَمُ مَا يَلِجُ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا يَخۡرُجُ مِنۡهَا وَمَا يَنزِلُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ وَمَا يَعۡرُجُ فِيهَاۚ وَهُوَ ٱلرَّحِيمُ ٱلۡغَفُورُ
Ол жерге кіретінді және одан шығатынды әрі аспаннан түсетінді әрі оған көтерілетінді де біледі. Әрі Олсерекше Мейірімді, өте Кешірімді. @مصحح
Ол жерге кіретінді және одан шығатынды әрі аспаннан түсетінді әрі оған көтерілетінді де біледі. Әрі Ол әр-Рахим / ерекше Мейірімді / , әл-Ғафур / өте Кешірімді / .
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَا تَأۡتِينَا ٱلسَّاعَةُۖ قُلۡ بَلَىٰ وَرَبِّي لَتَأۡتِيَنَّكُمۡ عَٰلِمِ ٱلۡغَيۡبِۖ لَا يَعۡزُبُ عَنۡهُ مِثۡقَالُ ذَرَّةٖ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَلَا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَآ أَصۡغَرُ مِن ذَٰلِكَ وَلَآ أَكۡبَرُ إِلَّا فِي كِتَٰبٖ مُّبِينٖ
Ал, сондай күпірлік етушілер / Қайта тірілуді мойындамайтындар / : «Бізге Сағат / Қайта тірілу / келмейді», деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жоқ, олай емес, жасырын нәрсені / ғайыпты / білуші Раббыммен ант етемін! Ол / Қайта тірілу күні / сендерге міндетті түрде келеді», деп. Аспандардағы және жердегі заттың ең кішкентай бөлшегі әрі одан кіші не одан үлкен нәрсе Одан жасырын қалмайды, / бәрі де / анық Кітапта / жазулы / ,- деп.
التفاسير العربية:
لِّيَجۡزِيَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِۚ أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُم مَّغۡفِرَةٞ وَرِزۡقٞ كَرِيمٞ
/ Бұл / иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйын беруі үшін. Міне, соларға кешірім әрі көркем, мол ризық бар.
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِينَ سَعَوۡ فِيٓ ءَايَٰتِنَا مُعَٰجِزِينَ أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ عَذَابٞ مِّن رِّجۡزٍ أَلِيمٞ
Ал аят-белгілерімізді әлсіретуге ұмтылғандарға қинаушы азаптан қасірет бар.
التفاسير العربية:
وَيَرَى ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ ٱلَّذِيٓ أُنزِلَ إِلَيۡكَ مِن رَّبِّكَ هُوَ ٱلۡحَقَّ وَيَهۡدِيٓ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَمِيدِ
Әрі өздеріне білім берілгендер Раббыңнан саған түсірілгеннің ақиқат екенін және бәрінен Үстем,аса Мақтаулының жолына бастайтынын көреді. @مصحح
Әрі өздеріне білім берілгендер Раббыңнан саған түсірілгеннің ақиқат екенін және әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хамидтің / аса Мақтаулының / жолына бастайтынын көреді.
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ هَلۡ نَدُلُّكُمۡ عَلَىٰ رَجُلٖ يُنَبِّئُكُمۡ إِذَا مُزِّقۡتُمۡ كُلَّ مُمَزَّقٍ إِنَّكُمۡ لَفِي خَلۡقٖ جَدِيدٍ
Ал күпірлік етушілер / Қайта тірілуді теріске шығаратындар / : «Сендерге өздерің әбден шіріп, ыдырап кеткен кездеріңде жаңа жаратылыста болатындарыңды / жаңадан қайта жаратылатындарыңды / хабарлайтын бір кісіні көрсетейік пе?
التفاسير العربية:

أَفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَم بِهِۦ جِنَّةُۢۗ بَلِ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ فِي ٱلۡعَذَابِ وَٱلضَّلَٰلِ ٱلۡبَعِيدِ
Ол Аллаһ туралы өтірікті құрастырды ма, әлде оны жын иектеп алды ма?» - деді. Жоқ, олай емес! Соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер азапта және ұзақ адасуда.
التفاسير العربية:
أَفَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَىٰ مَا بَيۡنَ أَيۡدِيهِمۡ وَمَا خَلۡفَهُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِۚ إِن نَّشَأۡ نَخۡسِفۡ بِهِمُ ٱلۡأَرۡضَ أَوۡ نُسۡقِطۡ عَلَيۡهِمۡ كِسَفٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّكُلِّ عَبۡدٖ مُّنِيبٖ
Олар алдарындағы әрі арттарындағыны - аспандағы мен жердегіні көрмеді ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызып жібереміз немесе олардың үстіне аспаннан бір бөлік түсіреміз. Ақиқатында, Мұнда / Аллаһқа әрдайым! қайтушы әрбір құлға белгі-ғибрат бар.
التفاسير العربية:
۞وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا دَاوُۥدَ مِنَّا فَضۡلٗاۖ يَٰجِبَالُ أَوِّبِي مَعَهُۥ وَٱلطَّيۡرَۖ وَأَلَنَّا لَهُ ٱلۡحَدِيدَ
Әрі Біз Дәуітке Өз тарапымыздан артықшылық бердік. «Ей, таулар! Онымен / Дәуітпен / бірге жаңғырық беріп / Аллаһты дәріптеуін / қайталаңдар. Ей, құстар / сендер де / қайталаңдар» - дедік. Әрі оған темірді жұмсартып:
التفاسير العربية:
أَنِ ٱعۡمَلۡ سَٰبِغَٰتٖ وَقَدِّرۡ فِي ٱلسَّرۡدِۖ وَٱعۡمَلُواْ صَٰلِحًاۖ إِنِّي بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
«Ұзын сауыттар жаса және оның бөліктерін / шығыршықтарын / мөлшерлеп ал. Әрі ізгілік істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Көрушімін»,- дедік,
التفاسير العربية:
وَلِسُلَيۡمَٰنَ ٱلرِّيحَ غُدُوُّهَا شَهۡرٞ وَرَوَاحُهَا شَهۡرٞۖ وَأَسَلۡنَا لَهُۥ عَيۡنَ ٱلۡقِطۡرِۖ وَمِنَ ٱلۡجِنِّ مَن يَعۡمَلُ بَيۡنَ يَدَيۡهِ بِإِذۡنِ رَبِّهِۦۖ وَمَن يَزِغۡ مِنۡهُمۡ عَنۡ أَمۡرِنَا نُذِقۡهُ مِنۡ عَذَابِ ٱلسَّعِيرِ
Ал, Сүлейменге таңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді / бағындырдық / . Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. және Раббысының рұқсатымен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир (жалындаған от) азабын таттырамыз. @مصحح
Ал, Сүлейменге таңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді / бағындырдық / . Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. және Раббысының рұқсатымен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир азабын таттырамыз.
التفاسير العربية:
يَعۡمَلُونَ لَهُۥ مَا يَشَآءُ مِن مَّحَٰرِيبَ وَتَمَٰثِيلَ وَجِفَانٖ كَٱلۡجَوَابِ وَقُدُورٖ رَّاسِيَٰتٍۚ ٱعۡمَلُوٓاْ ءَالَ دَاوُۥدَ شُكۡرٗاۚ وَقَلِيلٞ مِّنۡ عِبَادِيَ ٱلشَّكُورُ
Олар оған, ол қалаған құрылыстарды / сарайлар мен мешіттерді /, кескіндерді, әуіздей үлкен ыдыстарды және берік орнатылған қазандарды жасап беретін. / Оларға!: «Ей, Дәуіттің әулеті! Шүкір ету / Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдіру / үшін амал істеңдер»,- дедік. Құлдарымның азы ғана шүкір етуші / берген игіліктеріме разы болып, алғыс білдіруші / ,
التفاسير العربية:
فَلَمَّا قَضَيۡنَا عَلَيۡهِ ٱلۡمَوۡتَ مَا دَلَّهُمۡ عَلَىٰ مَوۡتِهِۦٓ إِلَّا دَآبَّةُ ٱلۡأَرۡضِ تَأۡكُلُ مِنسَأَتَهُۥۖ فَلَمَّا خَرَّ تَبَيَّنَتِ ٱلۡجِنُّ أَن لَّوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ ٱلۡغَيۡبَ مَا لَبِثُواْ فِي ٱلۡعَذَابِ ٱلۡمُهِينِ
Біз оған / Сүлейменге / өлімді үкім еткен кезімізде, Оларға оның қайтыс болғанын таяғын жеген жәндіктен / құрттан / басқа ешнәрсе хабар бермеді. Ол құлаған кезде, жындар - егер өздері құпияны / ғайыпты / білгендерінде, онда мұндай қорлаушы азапта қалмаған боларын түсінді.
التفاسير العربية:

لَقَدۡ كَانَ لِسَبَإٖ فِي مَسۡكَنِهِمۡ ءَايَةٞۖ جَنَّتَانِ عَن يَمِينٖ وَشِمَالٖۖ كُلُواْ مِن رِّزۡقِ رَبِّكُمۡ وَٱشۡكُرُواْ لَهُۥۚ بَلۡدَةٞ طَيِّبَةٞ وَرَبٌّ غَفُورٞ
Сәбалықтар үшін олардың тұратын жерлерінде белгі / нышан / - оң жақ және сол жақтарында / орналасқан / екі бағы - бар еді. / Оларға / : «Өздеріңнің Раббыңның ризығынан жеңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / . Жақсы ел әрі аса кешірімді Раббы», - / делінген еді / .
التفاسير العربية:
فَأَعۡرَضُواْ فَأَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ سَيۡلَ ٱلۡعَرِمِ وَبَدَّلۡنَٰهُم بِجَنَّتَيۡهِمۡ جَنَّتَيۡنِ ذَوَاتَيۡ أُكُلٍ خَمۡطٖ وَأَثۡلٖ وَشَيۡءٖ مِّن سِدۡرٖ قَلِيلٖ
Алайда олар / шүкірсіздік етіп, құлшылықтан / теріс бұрылды. Сонда Біз оларға тасқын суды жібердік әрі олардың бақтарын жыңғылды әрі аз ғана сидры / тікенекті ағашы / бар екі бақпен алмастырдық.
التفاسير العربية:
ذَٰلِكَ جَزَيۡنَٰهُم بِمَا كَفَرُواْۖ وَهَلۡ نُجَٰزِيٓ إِلَّا ٱلۡكَفُورَ
Біз оларды күпірлік еткендіктері / Аллаһтың игіліктерін мойындамағандары / үшін осылай жазаладық. Біз күпірлік етушілерден басқаны жазалаймыз ба?
التفاسير العربية:
وَجَعَلۡنَا بَيۡنَهُمۡ وَبَيۡنَ ٱلۡقُرَى ٱلَّتِي بَٰرَكۡنَا فِيهَا قُرٗى ظَٰهِرَةٗ وَقَدَّرۡنَا فِيهَا ٱلسَّيۡرَۖ سِيرُواْ فِيهَا لَيَالِيَ وَأَيَّامًا ءَامِنِينَ
Біз олармен Өзіміз берекелі еткен кенттердің арасында / жолай / көзге түсетін елді мекендер жасадық және олардың арасын өлшеулі еттік. / Оларға / : «Онда түндерде де, күндіз де қауіпсіз жүріңдер», - / дедік / .
التفاسير العربية:
فَقَالُواْ رَبَّنَا بَٰعِدۡ بَيۡنَ أَسۡفَارِنَا وَظَلَمُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ فَجَعَلۡنَٰهُمۡ أَحَادِيثَ وَمَزَّقۡنَٰهُمۡ كُلَّ مُمَزَّقٍۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّكُلِّ صَبَّارٖ شَكُورٖ
Сонда олар: «Раббымыз! Сапарларымыз арасын ұзақ ет», деді. Сөйтіп өздеріне-өздері әділетсіздік істеді. Сонда Біз оларды / ел аузында қалған / аңыз-әңгімеге айналдырдық және оларды бөліп, ыдыратып тастадық. Ақиқатында Мұнда әрбір әрдайым сабыр, көп шүкір етушілер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірушілер / үшін белгі-ғибраттар бар.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ صَدَّقَ عَلَيۡهِمۡ إِبۡلِيسُ ظَنَّهُۥ فَٱتَّبَعُوهُ إِلَّا فَرِيقٗا مِّنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Сөйтіп, Ібілістің оларға қатысты болжамы шынға айналып, олардың бір топ имандыларынан / мүміндерінен / басқасы оған ерді.
التفاسير العربية:
وَمَا كَانَ لَهُۥ عَلَيۡهِم مِّن سُلۡطَٰنٍ إِلَّا لِنَعۡلَمَ مَن يُؤۡمِنُ بِٱلۡأٓخِرَةِ مِمَّنۡ هُوَ مِنۡهَا فِي شَكّٖۗ وَرَبُّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٍ حَفِيظٞ
Негізінде оның / Ібілістің / оларға ешқандай билігі жоқ еді. Бірақ, / бұл / соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенетіндерді, оған күмәнда болғандардан айырып анықтауымыз үшін. Раббың әрбір нәрсені Сақтаушы. @مصحح
Негізінде оның / Ібілістің / оларға ешқандай билігі жоқ еді. Бірақ, / бұл / соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенетіндерді, оған күмәнда болғандардан айырып анықтауымыз үшін. Раббың әрбір нәрсені Сақтаушы / Хафиз / .
التفاسير العربية:
قُلِ ٱدۡعُواْ ٱلَّذِينَ زَعَمۡتُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ لَا يَمۡلِكُونَ مِثۡقَالَ ذَرَّةٖ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَلَا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا لَهُمۡ فِيهِمَا مِن شِرۡكٖ وَمَا لَهُۥ مِنۡهُم مِّن ظَهِيرٖ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһпен қатар / құдай деп / есептегендеріңді шақырыңдар», деп. Олар аспандар мен жерде заттың ең кішкене бөлшегіңдей нәрсеге де не емес және олардың осы екеуіндегі / аспандар мен жердегі / ешбір нәрсеге үлесі жоқ. Әрі олардың ішінен Оған көмек беруші де жоқ.
التفاسير العربية:

وَلَا تَنفَعُ ٱلشَّفَٰعَةُ عِندَهُۥٓ إِلَّا لِمَنۡ أَذِنَ لَهُۥۚ حَتَّىٰٓ إِذَا فُزِّعَ عَن قُلُوبِهِمۡ قَالُواْ مَاذَا قَالَ رَبُّكُمۡۖ قَالُواْ ٱلۡحَقَّۖ وَهُوَ ٱلۡعَلِيُّ ٱلۡكَبِيرُ
Әрі Оның алдында Өзі рұқсат бергеннен басқа ешкімге араша түсу / шапағат / пайда бермейді. Жүректерінен қорқыныш кетірілген кезде, / шапағат етілгендер!2ш: «Раббың не айтты?» - дейді, олар / періштелер / : «Ақиқатты. Ол аса Жоғары, өте Үлкен », - дейді. @مصحح
Әрі Оның алдында Өзі рұқсат бергеннен басқа ешкімге араша түсу / шапағат / пайда бермейді. Жүректерінен қорқыныш кетірілген кезде, / шапағат етілгендер!2ш: «Раббың не айтты?» - дейді, олар / періштелер / : «Ақиқатты. Ол әл-’Алий / аса Жоғары / , әл-Кәбир / өте Үлкен / », - дейді.
التفاسير العربية:
۞قُلۡ مَن يَرۡزُقُكُم مِّنَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ قُلِ ٱللَّهُۖ وَإِنَّآ أَوۡ إِيَّاكُمۡ لَعَلَىٰ هُدًى أَوۡ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
/ Ей, Мұхаммед!! Айт: «Сендерге аспандар мен жерден кім ризық береді?» - деп. Айт: «Аллаһ»- деп, әрі: «Негізінде біз бен сендерден біріміз туралық үстіндеміз, / ал / біріміз анық адасудамыз», - де.
التفاسير العربية:
قُل لَّا تُسۡـَٔلُونَ عَمَّآ أَجۡرَمۡنَا وَلَا نُسۡـَٔلُ عَمَّا تَعۡمَلُونَ
Айт: «Сендер біздің қылмысымыз жайлы сұралмайсыңдар әрі біз де сендердің істегендерің жайлы сұралмаймыз»,- деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ يَجۡمَعُ بَيۡنَنَا رَبُّنَا ثُمَّ يَفۡتَحُ بَيۡنَنَا بِٱلۡحَقِّ وَهُوَ ٱلۡفَتَّاحُ ٱلۡعَلِيمُ
Айт: «Раббымыз бізді / Қайта тірілу күні / бірге жинап, содан кейін арамызға ақиқат бойынша үкім етеді. Ол әділ үкім етуші, бәрін Білуші», - деп. @مصحح
Айт: «Раббымыз бізді / Қайта тірілу күні / бірге жинап, содан кейін арамызға ақиқат бойынша үкім етеді. Ол - әл-Фаттах / әділ үкім етуші / , әл-’Алим / бәрін Білуші / », - деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ أَرُونِيَ ٱلَّذِينَ أَلۡحَقۡتُم بِهِۦ شُرَكَآءَۖ كَلَّاۚ بَلۡ هُوَ ٱللَّهُ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Айт: «Оған серік етіп қосқандарыңды маған көрсетіңдерші. Жоқ, мүмкін емес! Ол Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана», - деп. @مصحح
Айт: «Оған серік етіп қосқандарыңды маған көрсетіңдерші. Жоқ, мүмкін емес! Ол Аллаһ әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хаким / аса Дана / », - деп.
التفاسير العربية:
وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ إِلَّا كَآفَّةٗ لِّلنَّاسِ بَشِيرٗا وَنَذِيرٗا وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
Біз сені бүкіл адамзатқа қуанышты хабар жеткізуші және ескертіп сақтандырушы етіп жібердік. Бірақ адамдардың көбі мұны білмейді.
التفاسير العربية:
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡوَعۡدُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Олар: «Егер шын сөзді болсаңдар, бүл уәделерің қашан / болады / ?» - дейді.
التفاسير العربية:
قُل لَّكُم مِّيعَادُ يَوۡمٖ لَّا تَسۡتَـٔۡخِرُونَ عَنۡهُ سَاعَةٗ وَلَا تَسۡتَقۡدِمُونَ
Айт: «Сендерге Күннің / Есеп күнінің / уәдесі бар, сендер оны бір сәтке де кешіктіре не ілгерілете алмайсыңдар»,- деп.
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَن نُّؤۡمِنَ بِهَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ وَلَا بِٱلَّذِي بَيۡنَ يَدَيۡهِۗ وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذِ ٱلظَّـٰلِمُونَ مَوۡقُوفُونَ عِندَ رَبِّهِمۡ يَرۡجِعُ بَعۡضُهُمۡ إِلَىٰ بَعۡضٍ ٱلۡقَوۡلَ يَقُولُ ٱلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُواْ لِلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ لَوۡلَآ أَنتُمۡ لَكُنَّا مُؤۡمِنِينَ
Әрі сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / : «Біз бұл Құранға да, оның алдындағы түскенге де сенбейміз», деді. Егер сен әділетсіздердің өздерінің Раббысы алдында тұрғызылып, бір-біріне сөз қайтарғанын көрсең еді. Әлсіз есептелгендері / ерушілері / өздерін жоғары санағандарға / басшыларға / : «Сендер болмағанда, біз иманға келер едік», - дейді.
التفاسير العربية:

قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ لِلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُوٓاْ أَنَحۡنُ صَدَدۡنَٰكُمۡ عَنِ ٱلۡهُدَىٰ بَعۡدَ إِذۡ جَآءَكُمۖ بَلۡ كُنتُم مُّجۡرِمِينَ
Өздерін жоғары санағандар әлсіз саналғандарға: «Біз сендерге тура жол келгеннен кейін өздеріңді одан тостық па? Жоқ! Сендер өздерің қылмыскер болдыңдар», -дейді.
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُواْ لِلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ بَلۡ مَكۡرُ ٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ إِذۡ تَأۡمُرُونَنَآ أَن نَّكۡفُرَ بِٱللَّهِ وَنَجۡعَلَ لَهُۥٓ أَندَادٗاۚ وَأَسَرُّواْ ٱلنَّدَامَةَ لَمَّا رَأَوُاْ ٱلۡعَذَابَۚ وَجَعَلۡنَا ٱلۡأَغۡلَٰلَ فِيٓ أَعۡنَاقِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْۖ هَلۡ يُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Сонда әлсіздері өздерін жоғары санағандарға: «Жоқ! Түнде де, күндіз де айла-шарғы қолданып, бізді Аллаһқа сенбеуге және Оған өзгелерді теңдес етуге бұйыратын едіндер»,- дейді. Олар азапты көргендерінде, өкініштерін / іштеріне / жасырды. Әрі Біз күпірлік етушілердің / Аллаһқақарсы келушілердің / мойындарына бұғаулар салдық. Оларға істегендерінен басқасына / істемегендеріне / қайтарым жаза беріле ме?
التفاسير العربية:
وَمَآ أَرۡسَلۡنَا فِي قَرۡيَةٖ مِّن نَّذِيرٍ إِلَّا قَالَ مُتۡرَفُوهَآ إِنَّا بِمَآ أُرۡسِلۡتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ
Біз қайсыбір елді мекенге ескертуші жіберсек, оның сән-салтанат, рахатқа шалқығандары / дәулетке мастанғандары / : «Біз сен­дер арқылы жіберілгенге сенбейміз», - деді.
التفاسير العربية:
وَقَالُواْ نَحۡنُ أَكۡثَرُ أَمۡوَٰلٗا وَأَوۡلَٰدٗا وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ
Әрі олар: «Біздің дүниелеріміз де, балаларымыз да көп, / сондықтан / біз азапқа тартылмаймыз», - деді.
التفاسير العربية:
قُلۡ إِنَّ رَبِّي يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقۡدِرُ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында Раббым қалағанының ризығын кеңітіп, қалағанының ризығын шектеп қояды. Бірақ адамдардың көбі білмейді»,- деп.
التفاسير العربية:
وَمَآ أَمۡوَٰلُكُمۡ وَلَآ أَوۡلَٰدُكُم بِٱلَّتِي تُقَرِّبُكُمۡ عِندَنَا زُلۡفَىٰٓ إِلَّا مَنۡ ءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَأُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ جَزَآءُ ٱلضِّعۡفِ بِمَا عَمِلُواْ وَهُمۡ فِي ٱلۡغُرُفَٰتِ ءَامِنُونَ
Сендердің дүниелерің де, балаларың да өздеріңді Бізге жақындатушы нәрсе бола алмайды. Тек кім иманға келген және ізгі амал істеген болса ғана, міне, соларға істеген амалдары үшін еселенген қайтарым сый бар әрі олар / Жәннаттағы / жоғарғы орындарда амандықта болады.
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِينَ يَسۡعَوۡنَ فِيٓ ءَايَٰتِنَا مُعَٰجِزِينَ أُوْلَـٰٓئِكَ فِي ٱلۡعَذَابِ مُحۡضَرُونَ
Ал, аят-белгілерімізді әлсірету үшін әрекет еткендер болса, азапқа тасталынады.
التفاسير العربية:
قُلۡ إِنَّ رَبِّي يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦ وَيَقۡدِرُ لَهُۥۚ وَمَآ أَنفَقۡتُم مِّن شَيۡءٖ فَهُوَ يُخۡلِفُهُۥۖ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلرَّـٰزِقِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, Раббым құлдарының арасынан қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының / ризығын / шектеп қояды. Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның / жұмсағандарыңның / орнын қайта толтырады. Ол - ризық берушілердің ең қайырлысы», - деп.
التفاسير العربية:

وَيَوۡمَ يَحۡشُرُهُمۡ جَمِيعٗا ثُمَّ يَقُولُ لِلۡمَلَـٰٓئِكَةِ أَهَـٰٓؤُلَآءِ إِيَّاكُمۡ كَانُواْ يَعۡبُدُونَ
Әрі сол / қайта тірілу / күні Ол / Аллаһ / олардың барлығын жинайды да кейін періштелерге: «Сендерге табынған мыналар ма?» - дейді.
التفاسير العربية:
قَالُواْ سُبۡحَٰنَكَ أَنتَ وَلِيُّنَا مِن دُونِهِمۖ بَلۡ كَانُواْ يَعۡبُدُونَ ٱلۡجِنَّۖ أَكۡثَرُهُم بِهِم مُّؤۡمِنُونَ
/ Періштелер / : «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің! Біздің қамқоршымыз олар емес, Сенсің. Негізінде, олар жындарға табынатын, олардың көбі соларға сенуші еді», - дейді.
التفاسير العربية:
فَٱلۡيَوۡمَ لَا يَمۡلِكُ بَعۡضُكُمۡ لِبَعۡضٖ نَّفۡعٗا وَلَا ضَرّٗا وَنَقُولُ لِلَّذِينَ ظَلَمُواْ ذُوقُواْ عَذَابَ ٱلنَّارِ ٱلَّتِي كُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ
Ол күні сендер бір-бірлеріңе не пайда, не зиян келтіре алмайсыңдар. Біз әділетсіздерге: «Өздерің өтірік деп есептеген Оттың азабын татыңдар», - дейміз.
التفاسير العربية:
وَإِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتٖ قَالُواْ مَا هَٰذَآ إِلَّا رَجُلٞ يُرِيدُ أَن يَصُدَّكُمۡ عَمَّا كَانَ يَعۡبُدُ ءَابَآؤُكُمۡ وَقَالُواْ مَا هَٰذَآ إِلَّآ إِفۡكٞ مُّفۡتَرٗىۚ وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلۡحَقِّ لَمَّا جَآءَهُمۡ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٞ مُّبِينٞ
Ал оларға / мүшріктерге / анық аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Бұл адам сендерді аталарыңның табынғанынан тосуды қалайтын кісі ғана», - деді. Әрі олар: «Бұл - бар болғаны ойдан шығарылған өтірік», - деді. Әрі, өздеріне ақиқат келген кезде, оған күпірлік еткендер / сенбегендер / : «Бұл - анық сиқыр ғана», - деді.
التفاسير العربية:
وَمَآ ءَاتَيۡنَٰهُم مِّن كُتُبٖ يَدۡرُسُونَهَاۖ وَمَآ أَرۡسَلۡنَآ إِلَيۡهِمۡ قَبۡلَكَ مِن نَّذِيرٖ
Біз оларға / араб мүшріктеріне / өздері оқып-үйренетін кітаптар бермедік әрі оларға сенен бұрын ескертуші де жібермедік.
التفاسير العربية:
وَكَذَّبَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ وَمَا بَلَغُواْ مِعۡشَارَ مَآ ءَاتَيۡنَٰهُمۡ فَكَذَّبُواْ رُسُلِيۖ فَكَيۡفَ كَانَ نَكِيرِ
Олардан бұрын өткендер де / елшілерді / жалғанға шығарды. Бұлар / Мекке мүшріктері / оларға бергеніміздің оннан біріне де жеткен жоқ. Ал олар сонда да елшілерімді жалғанға шығарды. Сонда Менің қаһарым / жазам / қалай болды?!
التفاسير العربية:
۞قُلۡ إِنَّمَآ أَعِظُكُم بِوَٰحِدَةٍۖ أَن تَقُومُواْ لِلَّهِ مَثۡنَىٰ وَفُرَٰدَىٰ ثُمَّ تَتَفَكَّرُواْۚ مَا بِصَاحِبِكُم مِّن جِنَّةٍۚ إِنۡ هُوَ إِلَّا نَذِيرٞ لَّكُم بَيۡنَ يَدَيۡ عَذَابٖ شَدِيدٖ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен сендерге бір нәрсеге кеңес беремін. Аллаһтың алдында екі-екіден / бірлесіп / және бір-бірден / жеке / тұрып, содан кейін ойланыңдар. Сендердің жолдастарыңа жын тиген жоқ. Ол - бар болғаны, келетін қатты азаптың алдында сендерге ескерту жасаушы ғана»,- деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ مَا سَأَلۡتُكُم مِّنۡ أَجۡرٖ فَهُوَ لَكُمۡۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَى ٱللَّهِۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ شَهِيدٞ
Айт: «Мен сендерден бір ақы сұрамаймын, ол / ақы / өздеріңе. Менің сыйым тек Аллаһта. Ол - барлық нәрсеге Куә»,- деп. @مصحح
Айт: «Мен сендерден бір ақы сұрамаймын, ол / ақы / өздеріңе. Менің сыйым тек Аллаһта. Ол - барлық нәрсеге Куә / Шәһид / »,- деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ إِنَّ رَبِّي يَقۡذِفُ بِٱلۡحَقِّ عَلَّـٰمُ ٱلۡغُيُوبِ
Айт: «Анығында, Раббым ақиқатты түсіреді. Ол - жасырын нәрселерді / ғайыптарды / Білуші», - де.
التفاسير العربية:

قُلۡ جَآءَ ٱلۡحَقُّ وَمَا يُبۡدِئُ ٱلۡبَٰطِلُ وَمَا يُعِيدُ
Айт: «Ақиқат келді, енді өтірік / оны / шығара алмайды және қайтара да алмайды»,- деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ إِن ضَلَلۡتُ فَإِنَّمَآ أَضِلُّ عَلَىٰ نَفۡسِيۖ وَإِنِ ٱهۡتَدَيۡتُ فَبِمَا يُوحِيٓ إِلَيَّ رَبِّيٓۚ إِنَّهُۥ سَمِيعٞ قَرِيبٞ
Айт: «Егер мен адассам, оз зияныма ғана адасамын. Ал егер тура жолмен жүрсем, ол тек Раббымныңмаған уахи етуімен. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші, өте Жақын »,- деп. @مصحح
Айт: «Егер мен адассам, оз зияныма ғана адасамын. Ал егер тура жолмен жүрсем, ол тек Раббымныңмаған уахи етуімен. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші / Самиъ / , өте Жақын / Қариб / »,- деп.
التفاسير العربية:
وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذۡ فَزِعُواْ فَلَا فَوۡتَ وَأُخِذُواْ مِن مَّكَانٖ قَرِيبٖ
Әрі сен олардың қатты үрейленіп, қашуға мүмкіндік болмай әрі жақын бір жерден ұсталғанын көрсең.
التفاسير العربية:
وَقَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِهِۦ وَأَنَّىٰ لَهُمُ ٱلتَّنَاوُشُ مِن مَّكَانِۭ بَعِيدٖ
Сонда олар: «Оған сендік», - дейді. Алайда, енді алыс орыннан олар қайдан жетсін?!
التفاسير العربية:
وَقَدۡ كَفَرُواْ بِهِۦ مِن قَبۡلُۖ وَيَقۡذِفُونَ بِٱلۡغَيۡبِ مِن مَّكَانِۭ بَعِيدٖ
Әрі олар оған бұрын күпірлік еткен / сенбеген / еді және / ақиқаттан / алыс тұрып құпия жайлы жорамалдап, айыптады.
التفاسير العربية:
وَحِيلَ بَيۡنَهُمۡ وَبَيۡنَ مَا يَشۡتَهُونَ كَمَا فُعِلَ بِأَشۡيَاعِهِم مِّن قَبۡلُۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ فِي شَكّٖ مُّرِيبِۭ
Олар мен олардың қалаған нәрселерінің / иманға, тәубеге келудің / арасына бөгет қойылады. Дәл өздері секілділерге бұрын жасалғаны сияқты. Негізінде, олар шиеленген күмәнда еді.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: سبإ
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق