ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: فاطر
آية:
 

سورة فاطر - сурату Фатыр

ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ فَاطِرِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ جَاعِلِ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةِ رُسُلًا أُوْلِيٓ أَجۡنِحَةٖ مَّثۡنَىٰ وَثُلَٰثَ وَرُبَٰعَۚ يَزِيدُ فِي ٱلۡخَلۡقِ مَا يَشَآءُۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Барлық мақтау аспандарды және жерді жоқтан бар етіп жаратқан, екі, үш және төрт қанаттары бар періштелерді елшілер еткен Аллаһқа. Ол жаратқандарында Өзі қалағанын арттырады. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы.
التفاسير العربية:
مَّا يَفۡتَحِ ٱللَّهُ لِلنَّاسِ مِن رَّحۡمَةٖ فَلَا مُمۡسِكَ لَهَاۖ وَمَا يُمۡسِكۡ فَلَا مُرۡسِلَ لَهُۥ مِنۢ بَعۡدِهِۦۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Аллаһтың адамдарға Өз игілігінен ашқанын / нәсіп еткенін / тосып қалушы жоқ. Ал Оның тосқанын Одан кейін жіберуші жоқ. Ол бәрінен Үстем, аса Дана. @مصحح
Аллаһтың адамдарға Өз игілігінен ашқанын / нәсіп еткенін / тосып қалушы жоқ. Ал Оның тосқанын Одан кейін жіберуші жоқ. Ол әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хаким / аса Дана / .
التفاسير العربية:
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱذۡكُرُواْ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡۚ هَلۡ مِنۡ خَٰلِقٍ غَيۡرُ ٱللَّهِ يَرۡزُقُكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِۚ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ فَأَنَّىٰ تُؤۡفَكُونَ
Ей, адамдар! Аллаһтың сендерге берген игілігін естеріңе алыңдар. Аллаһтан басқа аспан мен жерден сендерге ризық беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер қайда бұрылып барасыңдар?!
التفاسير العربية:

وَإِن يُكَذِّبُوكَ فَقَدۡ كُذِّبَتۡ رُسُلٞ مِّن قَبۡلِكَۚ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرۡجَعُ ٱلۡأُمُورُ
/ Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікші санаса, негізінде сенен бұрынғы елшілер де өтірікші саналған. Барлық істер Аллаһқа қайтарылады.
التفاسير العربية:
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞۖ فَلَا تَغُرَّنَّكُمُ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا وَلَا يَغُرَّنَّكُم بِٱللَّهِ ٱلۡغَرُورُ
Ей, адамдар! Әлбетте Аллаһтың уәдесі хақ. Ендеше сендерді мына дүние тіршілігі азғырып, алдап қоймасын. Әрі азғырып, алдаушы / шайтан / да сендерді Аллаһ жайында алдап қоймасын.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ لَكُمۡ عَدُوّٞ فَٱتَّخِذُوهُ عَدُوًّاۚ إِنَّمَا يَدۡعُواْ حِزۡبَهُۥ لِيَكُونُواْ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلسَّعِيرِ
Ақиқатында, шайтан сендерге жау, сондықтан оны жау тұтыңдар. Ол өз тобын / оған ерушілерді / Саъирға кіргізілетіндер қатарында болуға шақырады.
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَهُمۡ عَذَابٞ شَدِيدٞۖ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَهُم مَّغۡفِرَةٞ وَأَجۡرٞ كَبِيرٌ
Сондай күпірлік етушілерге / иманды теріске шығарушыларға / қатты азап бар. Ал, иманға келген және ізгі амал істегендерге кешірім әрі үлкен сый бар.
التفاسير العربية:
أَفَمَن زُيِّنَ لَهُۥ سُوٓءُ عَمَلِهِۦ فَرَءَاهُ حَسَنٗاۖ فَإِنَّ ٱللَّهَ يُضِلُّ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِي مَن يَشَآءُۖ فَلَا تَذۡهَبۡ نَفۡسُكَ عَلَيۡهِمۡ حَسَرَٰتٍۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِمَا يَصۡنَعُونَ
Жаман істері әдемі етіп көрсетіліп, оны жақсы деп білген біреу ше? Анығында Аллаһ қалағанын адастырады әрі қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ендеше олар үшін жаныңды қинап күйінбе. Ақиқатында Аллаһ олардың не істеп жатқандарын Білуші.
التفاسير العربية:
وَٱللَّهُ ٱلَّذِيٓ أَرۡسَلَ ٱلرِّيَٰحَ فَتُثِيرُ سَحَابٗا فَسُقۡنَٰهُ إِلَىٰ بَلَدٖ مَّيِّتٖ فَأَحۡيَيۡنَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَاۚ كَذَٰلِكَ ٱلنُّشُورُ
Әрі Аллаһ сондай, желдерді жіберіп, ол / желдер / бұлттарды қозғалысқа салады. Сөйтіп Біз оны тіршіліксіз өлкеге айдап барып, онымен ол жерді өлгеннен / тіршіліксіз қалғаннан / кейін қайта тірілтеміз. Кайта тірілту де осылай болады.
التفاسير العربية:
مَن كَانَ يُرِيدُ ٱلۡعِزَّةَ فَلِلَّهِ ٱلۡعِزَّةُ جَمِيعًاۚ إِلَيۡهِ يَصۡعَدُ ٱلۡكَلِمُ ٱلطَّيِّبُ وَٱلۡعَمَلُ ٱلصَّـٰلِحُ يَرۡفَعُهُۥۚ وَٱلَّذِينَ يَمۡكُرُونَ ٱلسَّيِّـَٔاتِ لَهُمۡ عَذَابٞ شَدِيدٞۖ وَمَكۡرُ أُوْلَـٰٓئِكَ هُوَ يَبُورُ
Кім үстемдікті қаласа, үстемдік толығымен Аллаһта. жақсы сөз Оған қарай шығады, ал ізгі амал оны / аса ұлы Аллаһқақарай / көтереді. Айла-шарғы арқылы жамандықтар жасайтындарға қатты азап бар. Әрі олардың айла-шарғылары босқа кетеді.
التفاسير العربية:
وَٱللَّهُ خَلَقَكُم مِّن تُرَابٖ ثُمَّ مِن نُّطۡفَةٖ ثُمَّ جَعَلَكُمۡ أَزۡوَٰجٗاۚ وَمَا تَحۡمِلُ مِنۡ أُنثَىٰ وَلَا تَضَعُ إِلَّا بِعِلۡمِهِۦۚ وَمَا يُعَمَّرُ مِن مُّعَمَّرٖ وَلَا يُنقَصُ مِنۡ عُمُرِهِۦٓ إِلَّا فِي كِتَٰبٍۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ
Аллаһ сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / оның ұрпағын / ұрық суынан жаратты. Содан кейін сендерді . / әйел, еркек етіп / 2606 жұп жасады. Әрбір ұрғашының жүкті болуы және босануы Оның білімі бойынша / белгілеген заңдылығы, тағдыр етуімен / ғана болады. Кітапта жазылғаннан артық әрбір өмір сүрушінің өмірі ұзартылмайды да қысқартылмайды. Ақиқатында, бұл Аллаһқа жеңіл.
التفاسير العربية:

وَمَا يَسۡتَوِي ٱلۡبَحۡرَانِ هَٰذَا عَذۡبٞ فُرَاتٞ سَآئِغٞ شَرَابُهُۥ وَهَٰذَا مِلۡحٌ أُجَاجٞۖ وَمِن كُلّٖ تَأۡكُلُونَ لَحۡمٗا طَرِيّٗا وَتَسۡتَخۡرِجُونَ حِلۡيَةٗ تَلۡبَسُونَهَاۖ وَتَرَى ٱلۡفُلۡكَ فِيهِ مَوَاخِرَ لِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Екі теңіз бірдей емес. Мынау - тұщы, дәмді, ішуге жағымды. Ал анау - тұзды, ащы. Сендер әрқайсысынан жас ет жейсіңдер және өздерің тағып алатын сәндік әшекейлер шығарасыңдар. Оның кеңшілігін іздеулерің әрі шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін онда / теңізде / жүзіп бара жатқан кемелерді көресің.
التفاسير العربية:
يُولِجُ ٱلَّيۡلَ فِي ٱلنَّهَارِ وَيُولِجُ ٱلنَّهَارَ فِي ٱلَّيۡلِ وَسَخَّرَ ٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَۖ كُلّٞ يَجۡرِي لِأَجَلٖ مُّسَمّٗىۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمۡ لَهُ ٱلۡمُلۡكُۚ وَٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ مَا يَمۡلِكُونَ مِن قِطۡمِيرٍ
Ол түнді күндізге кіргізеді, ал күндізді түнге кіргізеді және күн мен айды / құлдарының пайдасы үшін / бағынышты етті. / Олардың / әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады. Міне, / осының бәрін жасаған / сендердің Раббың - Аллаһ. Билік - Онікі. Ал, сендердің Одан өзге қатар жалбарынып шақырғандарың, құрмадәнініңжұқа қабығына да иелік ете алмайды.
التفاسير العربية:
إِن تَدۡعُوهُمۡ لَا يَسۡمَعُواْ دُعَآءَكُمۡ وَلَوۡ سَمِعُواْ مَا ٱسۡتَجَابُواْ لَكُمۡۖ وَيَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ يَكۡفُرُونَ بِشِرۡكِكُمۡۚ وَلَا يُنَبِّئُكَ مِثۡلُ خَبِيرٖ
Егер оларды / қосқан серіктеріңді / шақырсаңдар / сұрап, тілесеңдер / , шақырғандарыңды / тілектеріңді / естімейді. Ал, естіген жағдайда да сендерге жауап бере алмайтын еді және Қиямет күні олар сендердің серік етіп қосқандарыңнан бас тартады. / Ей, Мұхаммед! / Саған ешкім де бәрінен Хабардар секілді хабарлай алмайды. @مصحح
Егер оларды / қосқан серіктеріңді / шақырсаңдар / сұрап, тілесеңдер / , шақырғандарыңды / тілектеріңді / естімейді. Ал, естіген жағдайда да сендерге жауап бере алмайтын еді және Қиямет күні олар сендердің серік етіп қосқандарыңнан бас тартады. / Ей, Мұхаммед! / Саған ешкім де бәрінен Хабардар / Хабир / секілді хабарлай алмайды.
التفاسير العربية:
۞يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ أَنتُمُ ٱلۡفُقَرَآءُ إِلَى ٱللَّهِۖ وَٱللَّهُ هُوَ ٱلۡغَنِيُّ ٱلۡحَمِيدُ
Ей, адамдар! Сендер Аллаһқа мұқтажсыңдар. Ал, Аллаһ мұқтажсыз, бәрінен Бай, аса Мақтаулы. @مصحح
Ей, адамдар! Сендер Аллаһқа мұқтажсыңдар. Ал, Аллаһ әл-Ғани / мұқтажсыз, бәрінен Бай / , әл-Хамид / аса Мақтаулы / .
التفاسير العربية:
إِن يَشَأۡ يُذۡهِبۡكُمۡ وَيَأۡتِ بِخَلۡقٖ جَدِيدٖ
Егер Ол қаласа, сендерді кетіріп, жаңа жаратылысты әкеледі.
التفاسير العربية:
وَمَا ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ بِعَزِيزٖ
Бұл Аллаһ үшін қиын емес.
التفاسير العربية:
وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٞ وِزۡرَ أُخۡرَىٰۚ وَإِن تَدۡعُ مُثۡقَلَةٌ إِلَىٰ حِمۡلِهَا لَا يُحۡمَلۡ مِنۡهُ شَيۡءٞ وَلَوۡ كَانَ ذَا قُرۡبَىٰٓۗ إِنَّمَا تُنذِرُ ٱلَّذِينَ يَخۡشَوۡنَ رَبَّهُم بِٱلۡغَيۡبِ وَأَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَۚ وَمَن تَزَكَّىٰ فَإِنَّمَا يَتَزَكَّىٰ لِنَفۡسِهِۦۚ وَإِلَى ٱللَّهِ ٱلۡمَصِيرُ
Бір де біреу / қиямет күні / басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Егер көтергені / күнәсі / ауыр болған біреу, өз жүгін көтерісуге шақырса, жақыны болса да ешкім оның жүгінен бірер нәрсені де көтеріспейді. / Ей, Мұхаммед! / Негізінде, сен Раббысын көрмей тұрып Одан қорқатындарды және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындағандарды ғана ескерте аласың. Ал, кім тазарса, өзі үшін тазарады. Әрі қайту - Аллаһқа.
التفاسير العربية:

وَمَا يَسۡتَوِي ٱلۡأَعۡمَىٰ وَٱلۡبَصِيرُ
Соқыр мен көруші тең емес,
التفاسير العربية:
وَلَا ٱلظُّلُمَٰتُ وَلَا ٱلنُّورُ
әрі қараңғылықтар мен жарық,
التفاسير العربية:
وَلَا ٱلظِّلُّ وَلَا ٱلۡحَرُورُ
және көлеңке мен күннің ыстығы да.
التفاسير العربية:
وَمَا يَسۡتَوِي ٱلۡأَحۡيَآءُ وَلَا ٱلۡأَمۡوَٰتُۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُسۡمِعُ مَن يَشَآءُۖ وَمَآ أَنتَ بِمُسۡمِعٖ مَّن فِي ٱلۡقُبُورِ
Сондай-ақ, өлілер мен тірілер де тең емес. Күмәнсіз, Аллаһ қалағанына естіртеді. / Ей, Мұхаммед! / Ал, сен қабірдегілерге естірте алмайсың.
التفاسير العربية:
إِنۡ أَنتَ إِلَّا نَذِيرٌ
Сен тек ескертуші ғанасың.
التفاسير العربية:
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَٰكَ بِٱلۡحَقِّ بَشِيرٗا وَنَذِيرٗاۚ وَإِن مِّنۡ أُمَّةٍ إِلَّا خَلَا فِيهَا نَذِيرٞ
Біз сені, қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп ақиқатпен жібердік. Өздеріне ескертуші / пайғамбар / келмеген бір де бір ел болмаған.
التفاسير العربية:
وَإِن يُكَذِّبُوكَ فَقَدۡ كَذَّبَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ جَآءَتۡهُمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ وَبِٱلزُّبُرِ وَبِٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُنِيرِ
Егер олар сені өтірікші санаса, олардан бұрынғылар да / елшілерді / өтірікші санаған. Елшілері оларға анық дәлелдер, жазбалар және жарық беруші кітаппен келген еді.
التفاسير العربية:
ثُمَّ أَخَذۡتُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْۖ فَكَيۡفَ كَانَ نَكِيرِ
Содан кейін Мен күпірлік еткендерді / елшілерді мойындамағандарды / ұстадым. Менің жазалауым қалай екен?!
التفاسير العربية:
أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَخۡرَجۡنَا بِهِۦ ثَمَرَٰتٖ مُّخۡتَلِفًا أَلۡوَٰنُهَاۚ وَمِنَ ٱلۡجِبَالِ جُدَدُۢ بِيضٞ وَحُمۡرٞ مُّخۡتَلِفٌ أَلۡوَٰنُهَا وَغَرَابِيبُ سُودٞ
Аллаһтың аспаннан су түсіргенін көрмедің бе? Біз онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Әрі тауларда да түстері әртүрлі жолақтар бар - ақ, қызыл және өте қарасы.
التفاسير العربية:
وَمِنَ ٱلنَّاسِ وَٱلدَّوَآبِّ وَٱلۡأَنۡعَٰمِ مُخۡتَلِفٌ أَلۡوَٰنُهُۥ كَذَٰلِكَۗ إِنَّمَا يَخۡشَى ٱللَّهَ مِنۡ عِبَادِهِ ٱلۡعُلَمَـٰٓؤُاْۗ إِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ غَفُورٌ
Адамдардың және жануарлар мен шаруа малдарының да осы секілді түрлі реңдегілері бар. Шын мәнінде, Аллаһтан Оның құлдарының ішінен, білімі барлары қорқады. Ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, өте Кешірімді. @مصحح
Адамдардың және жануарлар мен шаруа малдарының да осы секілді түрлі реңдегілері бар. Шын мәнінде, Аллаһтан Оның құлдарының ішінен, білімі барлары қорқады. Ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем / ‘Азиз / , өте Кешірімді / Ғафур / .
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ يَتۡلُونَ كِتَٰبَ ٱللَّهِ وَأَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَأَنفَقُواْ مِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ سِرّٗا وَعَلَانِيَةٗ يَرۡجُونَ تِجَٰرَةٗ لَّن تَبُورَ
Ақиқатында, Аллаһтың кітабын оқитын, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын және Біз ризық етіп бергеннен жасырын әрі ашық түрде жұмсайтындар ұтылмайтын / зиянға ұшырамайтын / сауданы үміт етеді.
التفاسير العربية:
لِيُوَفِّيَهُمۡ أُجُورَهُمۡ وَيَزِيدَهُم مِّن فَضۡلِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ غَفُورٞ شَكُورٞ
Ол / Аллаһ / оларға сыйларын толық береді әрі Өз кеңшілігінен арттырып береді. Ақиқатында, Ол өте Кешірімді, қайтарым сыйын Беруші. @مصحح
Ол / Аллаһ / оларға сыйларын толық береді әрі Өз кеңшілігінен арттырып береді. Ақиқатында, Ол өте Кешірімді / Ғафур / , қайтарым сыйын Беруші / Шәкур / .
التفاسير العربية:

وَٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ مِنَ ٱلۡكِتَٰبِ هُوَ ٱلۡحَقُّ مُصَدِّقٗا لِّمَا بَيۡنَ يَدَيۡهِۗ إِنَّ ٱللَّهَ بِعِبَادِهِۦ لَخَبِيرُۢ بَصِيرٞ
/ Ей, Мұхаммед! / Біз саған уахи еткен Кітап / Құран / - ақиқат, өзінен алдыңғыларды / кітаптарды / растаушы. Шын мәнінде, Аллаһ құлдарынан толық Хабардар, бәрін көріп тұрушы.
التفاسير العربية:
ثُمَّ أَوۡرَثۡنَا ٱلۡكِتَٰبَ ٱلَّذِينَ ٱصۡطَفَيۡنَا مِنۡ عِبَادِنَاۖ فَمِنۡهُمۡ ظَالِمٞ لِّنَفۡسِهِۦ وَمِنۡهُم مُّقۡتَصِدٞ وَمِنۡهُمۡ سَابِقُۢ بِٱلۡخَيۡرَٰتِ بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَضۡلُ ٱلۡكَبِيرُ
Кейін Біз Кітапты құлдарымыздан таңдап алғандарымызға / Мұхаммед үмметіне / мирас еттік. Олардың ішінде өздеріне-өздері әділетсіздік етушілер бар, олардың ішінде орташалары бар және олардың ішінде Аллаһтың қалауы бойынша жақсылықтарда озық болушылар бар. Міне, осы - үлкен кеңшілік.
التفاسير العربية:
جَنَّـٰتُ عَدۡنٖ يَدۡخُلُونَهَا يُحَلَّوۡنَ فِيهَا مِنۡ أَسَاوِرَ مِن ذَهَبٖ وَلُؤۡلُؤٗاۖ وَلِبَاسُهُمۡ فِيهَا حَرِيرٞ
Олар ’Адн жәннаттарына кіреді, онда алтын білезіктер және інжулермен безенеді. Әрі ондағы киімдері жібектен болады.
التفاسير العربية:
وَقَالُواْ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِيٓ أَذۡهَبَ عَنَّا ٱلۡحَزَنَۖ إِنَّ رَبَّنَا لَغَفُورٞ شَكُورٌ
Әрі олар: «Бізден қайғыны кетірген Аллаһқа мақтау болсын! Ақиқатында Раббымыз аса Кешірімді, қайтарым сыйын беруші. @مصحح
Әрі олар: «Бізден қайғыны кетірген Аллаһқа мақтау болсын! Ақиқатында Раббымыз аса Кешірімді / Ғафур / , қайтарым сыйын беруші / Шәкур / .
التفاسير العربية:
ٱلَّذِيٓ أَحَلَّنَا دَارَ ٱلۡمُقَامَةِ مِن فَضۡلِهِۦ لَا يَمَسُّنَا فِيهَا نَصَبٞ وَلَا يَمَسُّنَا فِيهَا لُغُوبٞ
Ол бізді Өз кеңшілігімен / мәңгілік / тұрақты орынға жайластырды, ол жерде бізге шаршау әрі ол жерде бізге қажу да болмайды», - дейді.
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَهُمۡ نَارُ جَهَنَّمَ لَا يُقۡضَىٰ عَلَيۡهِمۡ فَيَمُوتُواْ وَلَا يُخَفَّفُ عَنۡهُم مِّنۡ عَذَابِهَاۚ كَذَٰلِكَ نَجۡزِي كُلَّ كَفُورٖ
Ал, сондай күпірлік етушілер / Раббысымен кездесуге сенбегендер / ° үшін Жаһаннам оты бар. Оларға / онда / өлім шешімі шығарылмайды да әрі олардан оның азабы жеңілдетілмейді. Біз әрбір күпірлік етушінің / имансыздықтақасарысқандардың / қайтарым жазасын осылай береміз.
التفاسير العربية:
وَهُمۡ يَصۡطَرِخُونَ فِيهَا رَبَّنَآ أَخۡرِجۡنَا نَعۡمَلۡ صَٰلِحًا غَيۡرَ ٱلَّذِي كُنَّا نَعۡمَلُۚ أَوَلَمۡ نُعَمِّرۡكُم مَّا يَتَذَكَّرُ فِيهِ مَن تَذَكَّرَ وَجَآءَكُمُ ٱلنَّذِيرُۖ فَذُوقُواْ فَمَا لِلظَّـٰلِمِينَ مِن نَّصِيرٍ
Әрі олар онда: «Раббымыз! Бізді шығар, бұрынғы істегендерімізден басқа, ізгі амал істейік»,-деп зар қағады. / Сонда Оларға / : «Біз сендерге, еске алушы адам еске алатындай ұзақ өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді / азапты / татыңдар, әділетсіздерге ешбір көмек беруші жоқ», - делінеді.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱللَّهَ عَٰلِمُ غَيۡبِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ إِنَّهُۥ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ
Ақиқатында, Аллаһ аспандардағы және жердегі ғайыпты / жасырын нәрселерді / Білуші. Ақиқатында, Ол кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
التفاسير العربية:

هُوَ ٱلَّذِي جَعَلَكُمۡ خَلَـٰٓئِفَ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ فَمَن كَفَرَ فَعَلَيۡهِ كُفۡرُهُۥۖ وَلَا يَزِيدُ ٱلۡكَٰفِرِينَ كُفۡرُهُمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ إِلَّا مَقۡتٗاۖ وَلَا يَزِيدُ ٱلۡكَٰفِرِينَ كُفۡرُهُمۡ إِلَّا خَسَارٗا
Ол сондай, сендерді жерде халифалар / орнын басушылар / етті. Кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , оның күпірлігі / қарсылығы / өзінің зиянына. Кәпірлерге олардың күпірліктері / имансыздықтары / Раббысының алдында жек көрушіліктен басқаны арттырмайды. Әрі кәпірлерге күпірліктері тек зиянды ғана арттырады.
التفاسير العربية:
قُلۡ أَرَءَيۡتُمۡ شُرَكَآءَكُمُ ٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَرُونِي مَاذَا خَلَقُواْ مِنَ ٱلۡأَرۡضِ أَمۡ لَهُمۡ شِرۡكٞ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ أَمۡ ءَاتَيۡنَٰهُمۡ كِتَٰبٗا فَهُمۡ عَلَىٰ بَيِّنَتٖ مِّنۡهُۚ بَلۡ إِن يَعِدُ ٱلظَّـٰلِمُونَ بَعۡضُهُم بَعۡضًا إِلَّا غُرُورًا
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге жалбарынатын, өздерің серік етіп қосқандарың жайлы ойлайсыңдар ма? Маған олардың жерден нені жаратқанын көрсетіңдерші?» - деп. Әлде олардың аспандарда / оларды жаратуда / үлесі бар ма? Әлде Біз оларға бір Кітап беріп, олардың одан анық дәлелі бар ма? Жоқ! Негізінде, әділетсіздер бір-біріне жалғанды ғана уәде етеді.
التفاسير العربية:
۞إِنَّ ٱللَّهَ يُمۡسِكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ أَن تَزُولَاۚ وَلَئِن زَالَتَآ إِنۡ أَمۡسَكَهُمَا مِنۡ أَحَدٖ مِّنۢ بَعۡدِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ كَانَ حَلِيمًا غَفُورٗا
Ақиқатында, Аллаһ аспандарды және жерді ауытқып кетуінен ұстап тұра­ды. Егер ол екеуі ауытқып кетсе, оларды / Аллаһтан / кейін ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді. @مصحح
Ақиқатында, Аллаһ аспандарды және жерді ауытқып кетуінен ұстап тұра­ды. Егер ол екеуі ауытқып кетсе, оларды / Аллаһтан / кейін ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды / Халим / , өте Кешірімді / Ғафур / .
التفاسير العربية:
وَأَقۡسَمُواْ بِٱللَّهِ جَهۡدَ أَيۡمَٰنِهِمۡ لَئِن جَآءَهُمۡ نَذِيرٞ لَّيَكُونُنَّ أَهۡدَىٰ مِنۡ إِحۡدَى ٱلۡأُمَمِۖ فَلَمَّا جَآءَهُمۡ نَذِيرٞ مَّا زَادَهُمۡ إِلَّا نُفُورًا
Әрі олар, егер өздеріне бір ескертуші келсе, онда / пайғамбар жіберілген / барлық үмметтерге қарағанда тура жолда болатындарына, анттарының ең ұлысымен - Аллаһпен ант ішкен еді. Ал, өздеріне ескертуші келген кезде, бұл олардың жиренулерін ғана арттырды,
التفاسير العربية:
ٱسۡتِكۡبَارٗا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَكۡرَ ٱلسَّيِّيِٕۚ وَلَا يَحِيقُ ٱلۡمَكۡرُ ٱلسَّيِّئُ إِلَّا بِأَهۡلِهِۦۚ فَهَلۡ يَنظُرُونَ إِلَّا سُنَّتَ ٱلۡأَوَّلِينَۚ فَلَن تَجِدَ لِسُنَّتِ ٱللَّهِ تَبۡدِيلٗاۖ وَلَن تَجِدَ لِسُنَّتِ ٱللَّهِ تَحۡوِيلًا
жер бетінде тәкәппарланып, өздерін жоғары санауы және айла-шарғы арқылы жамандық ойластыруын. Алайда, айла-шарғы арқылы ойластырылған жамандықтар тек өз иелерін орап алады. Олар сонда бұрынғыларға болғаннан басқа нәрсені күте ме? Аллаһтың жолында / үкімінде / өзгеріс таппайсың. Әрі Аллаһтың жолында / үкімінде / ауытқу таппайсың.
التفاسير العربية:
أَوَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ وَكَانُوٓاْ أَشَدَّ مِنۡهُمۡ قُوَّةٗۚ وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيُعۡجِزَهُۥ مِن شَيۡءٖ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَلَا فِي ٱلۡأَرۡضِۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَلِيمٗا قَدِيرٗا
Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сонда өздерінен алдын өткендердің соңы немен біткенін көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуат жағынан мықты еді. Аспандардағы және жердегі ешбір нәрсе Аллаһты әлсірете алмайды. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші, барлық нәрсені Жасай алушы. @مصحح
Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сонда өздерінен алдын өткендердің соңы немен біткенін көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуат жағынан мықты еді. Аспандардағы және жердегі ешбір нәрсе Аллаһты әлсірете алмайды. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші / ’Алим / , барлық нәрсені Жасай алушы / Қадир / .
التفاسير العربية:

وَلَوۡ يُؤَاخِذُ ٱللَّهُ ٱلنَّاسَ بِمَا كَسَبُواْ مَا تَرَكَ عَلَىٰ ظَهۡرِهَا مِن دَآبَّةٖ وَلَٰكِن يُؤَخِّرُهُمۡ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗىۖ فَإِذَا جَآءَ أَجَلُهُمۡ فَإِنَّ ٱللَّهَ كَانَ بِعِبَادِهِۦ بَصِيرَۢا
Егер де Аллаһ адамдарды істегендері / күнәлары / үшін жазалайтын болса, онда оның / жердің / бетінде ешбір жаны барды қалдырмас еді. Бірақ, Ол оларға белгіленген мерзімге дейін мұрсат береді. Ал, қашан олардың мерзімі келгенде / есепке тартылады / .Ақиқатында, Аллаһ құлдарын Көруші.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: فاطر
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق