ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: غافر
آية:
 

سورة غافر - сурату Ғафир

حمٓ
Ха. Мим.
التفاسير العربية:
تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡعَلِيمِ
Бұл Кітап бәрінен Үстем, барлық нәрсені Білуші Аллаһтан түсірілген, - @مصحح
Бұл Кітап әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл’Алим / барлық нәрсені Білуші / Аллаһтан түсірілген, -
التفاسير العربية:
غَافِرِ ٱلذَّنۢبِ وَقَابِلِ ٱلتَّوۡبِ شَدِيدِ ٱلۡعِقَابِ ذِي ٱلطَّوۡلِۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ إِلَيۡهِ ٱلۡمَصِيرُ
күнәні кешіруші әрі істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтқанды / тәубені / Қабылдаушы, жаза беруде қатты, мол игілік Иесінен. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қайту -Оған.
التفاسير العربية:
مَا يُجَٰدِلُ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَلَا يَغۡرُرۡكَ تَقَلُّبُهُمۡ فِي ٱلۡبِلَٰدِ
/ Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың аяттары жөнінде сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / ғана тартысады. Олардың елдерде айналып жүруі сені алдап қоймасын.
التفاسير العربية:
كَذَّبَتۡ قَبۡلَهُمۡ قَوۡمُ نُوحٖ وَٱلۡأَحۡزَابُ مِنۢ بَعۡدِهِمۡۖ وَهَمَّتۡ كُلُّ أُمَّةِۭ بِرَسُولِهِمۡ لِيَأۡخُذُوهُۖ وَجَٰدَلُواْ بِٱلۡبَٰطِلِ لِيُدۡحِضُواْ بِهِ ٱلۡحَقَّ فَأَخَذۡتُهُمۡۖ فَكَيۡفَ كَانَ عِقَابِ
Олардан бұрын Нұхтың елі әрі олардан кейінгі / солар секілді / топтар да / елшілерді / жалғанға шығарды. Әрбір үммет өздеріне келген Елшіні ұстауды / өлтіруді )көздеген еді. Олар өтірік арқылы ақиқатты теріске шығару үшін тартысты. Сонда Мен оларды ұстадым / жазаға тарттым / . Менің жазалауым қандай екен?
التفاسير العربية:
وَكَذَٰلِكَ حَقَّتۡ كَلِمَتُ رَبِّكَ عَلَى ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَنَّهُمۡ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِ
Міне, осылай күпірлік етушілердің / иманға келмегендердің / Отқа түсетіндігі ту­ралы Раббыңның сөзі шындыққа айналды.
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ يَحۡمِلُونَ ٱلۡعَرۡشَ وَمَنۡ حَوۡلَهُۥ يُسَبِّحُونَ بِحَمۡدِ رَبِّهِمۡ وَيُؤۡمِنُونَ بِهِۦ وَيَسۡتَغۡفِرُونَ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْۖ رَبَّنَا وَسِعۡتَ كُلَّ شَيۡءٖ رَّحۡمَةٗ وَعِلۡمٗا فَٱغۡفِرۡ لِلَّذِينَ تَابُواْ وَٱتَّبَعُواْ سَبِيلَكَ وَقِهِمۡ عَذَابَ ٱلۡجَحِيمِ
Аршыны көтеріп тұратындар және оның айналасындағылар өздерінің Раббысын / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеп, мақтайды, Оған сенеді әрі имандылар үшін кешірім сұрап: «Раббымыз! Сенің мейірімің мен білімің әрбір нәрсені ішіне алып қамтыған. Істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтқан / тәубеге келген / және Өзіңнің жолыңа ергендерді кешір әрі оларды Жаһим / тозағының / азабынан сақтай гөр.
التفاسير العربية:

رَبَّنَا وَأَدۡخِلۡهُمۡ جَنَّـٰتِ عَدۡنٍ ٱلَّتِي وَعَدتَّهُمۡ وَمَن صَلَحَ مِنۡ ءَابَآئِهِمۡ وَأَزۡوَٰجِهِمۡ وَذُرِّيَّـٰتِهِمۡۚ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Раббымыз! Оларды Өзің уәде еткен ’Адн жәннатының бақтарына кіргіз әрі олардың әкелерінен, жұбайларынан және ұрпақтарынан ізгі болғандарды да. Ақиқатында, Сен бәрінен Үстем, аса Данасың. @مصحح
Раббымыз! Оларды Өзің уәде еткен ’Адн жәннатының бақтарына кіргіз әрі олардың әкелерінен, жұбайларынан және ұрпақтарынан ізгі болғандарды да. Ақиқатында, Сен бәрінен Үстем / әл-’Азиз / , аса Данасың / әл-Хаким / .
التفاسير العربية:
وَقِهِمُ ٱلسَّيِّـَٔاتِۚ وَمَن تَقِ ٱلسَّيِّـَٔاتِ يَوۡمَئِذٖ فَقَدۡ رَحِمۡتَهُۥۚ وَذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ
Әрі оларды жаман істерден сақта. Сен кімді жаман істерден сақтасаң, сол / Қайта тірілу / күні оған рақым еткен боласың. Міне, осы ұлы жетістік», - дейді.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ يُنَادَوۡنَ لَمَقۡتُ ٱللَّهِ أَكۡبَرُ مِن مَّقۡتِكُمۡ أَنفُسَكُمۡ إِذۡ تُدۡعَوۡنَ إِلَى ٱلۡإِيمَٰنِ فَتَكۡفُرُونَ
Ақиқатында, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / : «Сендер иманға келіңдер деп шақырылып, сонда күпірлік еткен / қарсы келген / кездеріңде Аллаһтың сендерді жек көруі, сендердің өздеріңді / бүгінгі / жек көрулеріңнен үлкен»,- делінеді.
التفاسير العربية:
قَالُواْ رَبَّنَآ أَمَتَّنَا ٱثۡنَتَيۡنِ وَأَحۡيَيۡتَنَا ٱثۡنَتَيۡنِ فَٱعۡتَرَفۡنَا بِذُنُوبِنَا فَهَلۡ إِلَىٰ خُرُوجٖ مِّن سَبِيلٖ
Олар: «Раббымыз! Сен бізді екі рет өлтірдің және екі рет тірілттің. Біз күнәларымызды мойындадық. Енді бізге шығатын жол бар ма?» - дейді.
التفاسير العربية:
ذَٰلِكُم بِأَنَّهُۥٓ إِذَا دُعِيَ ٱللَّهُ وَحۡدَهُۥ كَفَرۡتُمۡ وَإِن يُشۡرَكۡ بِهِۦ تُؤۡمِنُواْۚ فَٱلۡحُكۡمُ لِلَّهِ ٱلۡعَلِيِّ ٱلۡكَبِيرِ
Бұл - сендерге Аллаһтың бір Өзіне шақырылғанда күпірлік еткендіктерің / иманға келмегендерің / , ал Оған өзгелер серік етіліп қосылса, сенгендіктеріңнің себебінен. Барлық үкім аса Жоғары, өте Үлкен Аллаһтікі. @مصحح
Бұл - сендерге Аллаһтың бір Өзіне шақырылғанда күпірлік еткендіктерің / иманға келмегендерің / , ал Оған өзгелер серік етіліп қосылса, сенгендіктеріңнің себебінен. Барлық үкім әл-Ъали / аса Жоғары / , әл-Кәбир / өте Үлкен / Аллаһтікі.
التفاسير العربية:
هُوَ ٱلَّذِي يُرِيكُمۡ ءَايَٰتِهِۦ وَيُنَزِّلُ لَكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ رِزۡقٗاۚ وَمَا يَتَذَكَّرُ إِلَّا مَن يُنِيبُ
Ол сондай, сендерге Өзінің белгі-дәлелдерін көрсетеді және аспаннан сендерге ризық түсіреді. Алайда, / Раббысына / қайтушылардан басқалар есіне алмайды.
التفاسير العربية:
فَٱدۡعُواْ ٱللَّهَ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ وَلَوۡ كَرِهَ ٱلۡكَٰفِرُونَ
Сондықтан, дінді ықыласпен ұстанған / серік қосу, риядан тазартқан / күйде, тек Аллаһтан тілеңдер. Тіпті кәпірлер жек көргенмен де,
التفاسير العربية:
رَفِيعُ ٱلدَّرَجَٰتِ ذُو ٱلۡعَرۡشِ يُلۡقِي ٱلرُّوحَ مِنۡ أَمۡرِهِۦ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦ لِيُنذِرَ يَوۡمَ ٱلتَّلَاقِ
Дәреже-мәртебелері өте жоғары, Аршының иесі Ол Өз әмірімен құлдарының ішінен қалағанына / пайғамбарларға / кездесу Күнін / Қайта тірілу күнін / ескертіп, сақтандыру үшін рух / уахи / түсіреді.
التفاسير العربية:
يَوۡمَ هُم بَٰرِزُونَۖ لَا يَخۡفَىٰ عَلَى ٱللَّهِ مِنۡهُمۡ شَيۡءٞۚ لِّمَنِ ٱلۡمُلۡكُ ٱلۡيَوۡمَۖ لِلَّهِ ٱلۡوَٰحِدِ ٱلۡقَهَّارِ
Олар / қабірден / шығарылатын сол / қайта тірілу / күні, Аллаһтан еш нәрсе жасырын қалмайды. / Аллаһ / : «Бүгін билік кімдікі?» — деп сұрайды. / Кейін Өзі жауап береді / : « Жалғыз әрі бәрін Бағындырушы Аллаһтікі» - деп. @مصحح
Олар / қабірден / шығарылатын сол / қайта тірілу / күні, Аллаһтан еш нәрсе жасырын қалмайды. / Аллаһ / : «Бүгін билік кімдікі?» — деп сұрайды. / Кейін Өзі жауап береді / : «әл-Уахид / Жалғыз / әрі әл-Қаһһар / бәрін Бағындырушы / Аллаһтікі» - деп.
التفاسير العربية:

ٱلۡيَوۡمَ تُجۡزَىٰ كُلُّ نَفۡسِۭ بِمَا كَسَبَتۡۚ لَا ظُلۡمَ ٱلۡيَوۡمَۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَرِيعُ ٱلۡحِسَابِ
Бүгін әрбір жан істеп тапқанының қайтарымын алады. Бүгін әділетсіздік болмайды. Ақиқатында, Аллаһ есеп алуда жылдам.
التفاسير العربية:
وَأَنذِرۡهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡأٓزِفَةِ إِذِ ٱلۡقُلُوبُ لَدَى ٱلۡحَنَاجِرِ كَٰظِمِينَۚ مَا لِلظَّـٰلِمِينَ مِنۡ حَمِيمٖ وَلَا شَفِيعٖ يُطَاعُ
/ Ей, Мұхаммед! / Оларға жүректер жұтқыншаққа тығылып, өздері қайғыға батып тұратын жақын Күнді / Қайта тірілу күнін / ескерт. Әділетсіздерге жанашыр дос та, тыңдалатын / айтқаны қабыл болатын / ара түсушісі де болмайды.
التفاسير العربية:
يَعۡلَمُ خَآئِنَةَ ٱلۡأَعۡيُنِ وَمَا تُخۡفِي ٱلصُّدُورُ
Ол көздердің қиянатын және кеуделердің нені жасыратынын біледі.
التفاسير العربية:
وَٱللَّهُ يَقۡضِي بِٱلۡحَقِّۖ وَٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ لَا يَقۡضُونَ بِشَيۡءٍۗ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡبَصِيرُ
Аллаһ әділдікпен үкім етеді. Ал олардың / серік қатушылардың / Одан өзге жалбарынатындары ешнәрсе шеше алмайды. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші. @مصحح
Аллаһ әділдікпен үкім етеді. Ал олардың / серік қатушылардың / Одан өзге жалбарынатындары ешнәрсе шеше алмайды. Ақиқатында, Аллаһ әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-Басир / барлық нәрсені Көруші / .
التفاسير العربية:
۞أَوَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ كَانُواْ مِن قَبۡلِهِمۡۚ كَانُواْ هُمۡ أَشَدَّ مِنۡهُمۡ قُوَّةٗ وَءَاثَارٗا فِي ٱلۡأَرۡضِ فَأَخَذَهُمُ ٱللَّهُ بِذُنُوبِهِمۡ وَمَا كَانَ لَهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن وَاقٖ
Олар жер бетінде / сапарлап / жүрмеді ме, өздерінен бұрынғылардың ақыры қалай болғанын / немен біткенін / көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуаты және жер бетінде соңында қалдырғандарымен мықты еді. Аллаһ оларды күнәлары үшін ұстады / жазалады / және оларды Аллаһтан қорғайтын ешкім болмады.
التفاسير العربية:
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ كَانَت تَّأۡتِيهِمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَكَفَرُواْ فَأَخَذَهُمُ ٱللَّهُۚ إِنَّهُۥ قَوِيّٞ شَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ
Мұның себебі - Оларға елшілер анық дәлелдермен келсе де олардың күпірлік етуі / қарсы келуі / . Сонда Аллаһ оларды ұстады / жазалады / . Ақиқатында, Ол бәрінен Қуатты, жазалауда қатты.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا مُوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَا وَسُلۡطَٰنٖ مُّبِينٍ
Біз Мұсаны Өз белгілерімізбен және анық дәлелмен жібердік,
التفاسير العربية:
إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ وَهَٰمَٰنَ وَقَٰرُونَ فَقَالُواْ سَٰحِرٞ كَذَّابٞ
Фиръаун, Һаман және Қарунға. Бірақ олар / оны / : «Сиқыршы әрі өтірікші», -деді.
التفاسير العربية:
فَلَمَّا جَآءَهُم بِٱلۡحَقِّ مِنۡ عِندِنَا قَالُواْ ٱقۡتُلُوٓاْ أَبۡنَآءَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَهُۥ وَٱسۡتَحۡيُواْ نِسَآءَهُمۡۚ وَمَا كَيۡدُ ٱلۡكَٰفِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَٰلٖ
Ол / Мұса / оларға Бізден ақиқатпен келген кезде, олар: «Онымен бірге иманға келгендердің балаларын өлтіріңдер және әйелдерін тірі қалдырыңдар»,- деді. Бірақ кәпірлердің айла-шарғысы тек адасушылықтан басқа ешнәрсе емес.
التفاسير العربية:

وَقَالَ فِرۡعَوۡنُ ذَرُونِيٓ أَقۡتُلۡ مُوسَىٰ وَلۡيَدۡعُ رَبَّهُۥٓۖ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يُبَدِّلَ دِينَكُمۡ أَوۡ أَن يُظۡهِرَ فِي ٱلۡأَرۡضِ ٱلۡفَسَادَ
Фиръаун: «Мені қалдырыңдар, Мұсаны өлтірейін, қане ол Раббысын шақырсын. Мен оның діндеріңді өзгертуінен не жер бетінде / Мысырда / бұзғыншылық шығаруынан қорқамын», - деді.
التفاسير العربية:
وَقَالَ مُوسَىٰٓ إِنِّي عُذۡتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُم مِّن كُلِّ مُتَكَبِّرٖ لَّا يُؤۡمِنُ بِيَوۡمِ ٱلۡحِسَابِ
Мұса: «Мен Есеп күніне сенбеуші, әрбір өзін жоғары санаушыдан менің Раббым әрі сендердің Раббыңа / Аллаһқа / сиынып, Оның қорқауын сұраймын», - деді.
التفاسير العربية:
وَقَالَ رَجُلٞ مُّؤۡمِنٞ مِّنۡ ءَالِ فِرۡعَوۡنَ يَكۡتُمُ إِيمَٰنَهُۥٓ أَتَقۡتُلُونَ رَجُلًا أَن يَقُولَ رَبِّيَ ٱللَّهُ وَقَدۡ جَآءَكُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ مِن رَّبِّكُمۡۖ وَإِن يَكُ كَٰذِبٗا فَعَلَيۡهِ كَذِبُهُۥۖ وَإِن يَكُ صَادِقٗا يُصِبۡكُم بَعۡضُ ٱلَّذِي يَعِدُكُمۡۖ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي مَنۡ هُوَ مُسۡرِفٞ كَذَّابٞ
Фиръаунның әулетінен иманға келгенін жасырып жүрген бір кісі: «Сендер біреуді тек: «Раббым - Аллаһ» дегені үшін өлтіресіңдер ме? Шын мәнінде ол сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлелдермен келді. Егер ол өтірік айтушы болса, өтірігі өз зиянына. Ал, егер шындықты айтса, ол уәде етіп отырғанның кейбірі сендерге келеді. Шын мәнінде, Аллаһ шектен шығушыны әрі өтірікшіні тура жолға салмайды.
التفاسير العربية:
يَٰقَوۡمِ لَكُمُ ٱلۡمُلۡكُ ٱلۡيَوۡمَ ظَٰهِرِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَمَن يَنصُرُنَا مِنۢ بَأۡسِ ٱللَّهِ إِن جَآءَنَاۚ قَالَ فِرۡعَوۡنُ مَآ أُرِيكُمۡ إِلَّا مَآ أَرَىٰ وَمَآ أَهۡدِيكُمۡ إِلَّا سَبِيلَ ٱلرَّشَادِ
Әй, елім! Бүгін билік сендерде, әрі жер бетінде үстем болып тұрсыңдар. Егер бізге Аллаһтың жазасы келсе, одан бізді кім құтқарады?» - деді. Фиръаун: «Мен сендерге өзім / қажет, жөн деп / білгенімді көрсетемін әрі сендерді тек дұрысжолға бастаймын», - деді.
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلَّذِيٓ ءَامَنَ يَٰقَوۡمِ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُم مِّثۡلَ يَوۡمِ ٱلۡأَحۡزَابِ
Сонда иманға келген кісі: «Әй, елім! Мен сендерге, / алдыңғы өздеріңдей / қауымдарға түскен күннің келуінен қорқамын, -
التفاسير العربية:
مِثۡلَ دَأۡبِ قَوۡمِ نُوحٖ وَعَادٖ وَثَمُودَ وَٱلَّذِينَ مِنۢ بَعۡدِهِمۡۚ وَمَا ٱللَّهُ يُرِيدُ ظُلۡمٗا لِّلۡعِبَادِ
Нұх елі, Ад пен Сәмүд елдері және олардан кейінгілердің жағдайы сияқты болуынан. Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуді қаламайды.
التفاسير العربية:
وَيَٰقَوۡمِ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ يَوۡمَ ٱلتَّنَادِ
Әй, елім! Мен сендер үшін бірі-біріне үн қататын Күннен қорқамын.
التفاسير العربية:
يَوۡمَ تُوَلُّونَ مُدۡبِرِينَ مَا لَكُم مِّنَ ٱللَّهِ مِنۡ عَاصِمٖۗ وَمَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنۡ هَادٖ
Ол күні сендер арттарыңа бұрылып қашасыңдар. Сендерді Аллаһтан қорғаушы болмайды. Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ.
التفاسير العربية:

وَلَقَدۡ جَآءَكُمۡ يُوسُفُ مِن قَبۡلُ بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَمَا زِلۡتُمۡ فِي شَكّٖ مِّمَّا جَآءَكُم بِهِۦۖ حَتَّىٰٓ إِذَا هَلَكَ قُلۡتُمۡ لَن يَبۡعَثَ ٱللَّهُ مِنۢ بَعۡدِهِۦ رَسُولٗاۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ مَنۡ هُوَ مُسۡرِفٞ مُّرۡتَابٌ
Сендерге / Мұсадан / бұрын Йусуф те анық дәлелдермен келген еді, бірақ сендер оның өздеріңе әкелгеніне үнемі күмәнда болдыңдар. Ал, ол қайтыс болғанда, сендер: «Аллаһ одан кейін Елші жібермейді», - дедіңдер. Аллаһ осылай шектен шығушыны, күмәнданушыны адастырады.
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ بِغَيۡرِ سُلۡطَٰنٍ أَتَىٰهُمۡۖ كَبُرَ مَقۡتًا عِندَ ٱللَّهِ وَعِندَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْۚ كَذَٰلِكَ يَطۡبَعُ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ قَلۡبِ مُتَكَبِّرٖ جَبَّارٖ
Өздеріне Аллаһтың белгілері жөнінде дәлел келмесе де тартысатындар Аллаһтың алдында және иманға келгендердің алдында өте жек көрінішті. Аллаһ әрбір өзін жоғары санаушының, өктемшілдің жүрегін осылай мөрлеп, жауып тастайды.
التفاسير العربية:
وَقَالَ فِرۡعَوۡنُ يَٰهَٰمَٰنُ ٱبۡنِ لِي صَرۡحٗا لَّعَلِّيٓ أَبۡلُغُ ٱلۡأَسۡبَٰبَ
Фиръаун: «Ей, Һаман! Маған биік бір мұнара тұрғыз. Бәлкімжолдарға жетермін -
التفاسير العربية:
أَسۡبَٰبَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ فَأَطَّلِعَ إِلَىٰٓ إِلَٰهِ مُوسَىٰ وَإِنِّي لَأَظُنُّهُۥ كَٰذِبٗاۚ وَكَذَٰلِكَ زُيِّنَ لِفِرۡعَوۡنَ سُوٓءُ عَمَلِهِۦ وَصُدَّ عَنِ ٱلسَّبِيلِۚ وَمَا كَيۡدُ فِرۡعَوۡنَ إِلَّا فِي تَبَابٖ
аспандардағы жолдарға. Сөйтіп Мұсаның құдайын көрермін. Әлбетте, мен оны өтірікші деп ойлаймын», - деді. Осылай Фиръаунға істерінің жамандығы / жаман істері / көркем көрсетіліп әрі ол жолдан тосылып шығарылды. Фиръаунның айла-шарғысы тек зиян-қасіреттен өзге ешнәрсе емес.
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلَّذِيٓ ءَامَنَ يَٰقَوۡمِ ٱتَّبِعُونِ أَهۡدِكُمۡ سَبِيلَ ٱلرَّشَادِ
Иманға келген кісі: «Әй, елім! Маған еріңдер, мен сендерді тура жолға бастаймын.
التفاسير العربية:
يَٰقَوۡمِ إِنَّمَا هَٰذِهِ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا مَتَٰعٞ وَإِنَّ ٱلۡأٓخِرَةَ هِيَ دَارُ ٱلۡقَرَارِ
Әй, елім! Бұл өмір - бар болғаны уақытша ғана пайдаланатын нәрсе, ал соңғы, мәңгілік өмір / ақирет /- түпкілікті тұрақтау мекені.
التفاسير العربية:
مَنۡ عَمِلَ سَيِّئَةٗ فَلَا يُجۡزَىٰٓ إِلَّا مِثۡلَهَاۖ وَمَنۡ عَمِلَ صَٰلِحٗا مِّن ذَكَرٍ أَوۡ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤۡمِنٞ فَأُوْلَـٰٓئِكَ يَدۡخُلُونَ ٱلۡجَنَّةَ يُرۡزَقُونَ فِيهَا بِغَيۡرِ حِسَابٖ
Кім бір жамандық істесе, онда оған қайтарымы ретінде соның өзіндей ғана / жаза / беріледі. Иманға келген күйде ізгі амал жасаған ерлер мен әйелдер, міне солар жәннатқа кіреді әрі ол жерде есепсіз ризыққа бөленеді.
التفاسير العربية:

۞وَيَٰقَوۡمِ مَا لِيٓ أَدۡعُوكُمۡ إِلَى ٱلنَّجَوٰةِ وَتَدۡعُونَنِيٓ إِلَى ٱلنَّارِ
Әй, елім! Мен қалайша сендерді құтылуға шақырмаймын, сендер мені тозаққа шақырғанда?
التفاسير العربية:
تَدۡعُونَنِي لِأَكۡفُرَ بِٱللَّهِ وَأُشۡرِكَ بِهِۦ مَا لَيۡسَ لِي بِهِۦ عِلۡمٞ وَأَنَا۠ أَدۡعُوكُمۡ إِلَى ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡغَفَّـٰرِ
Сендер мені Аллаһқа күпірлік етуге / қарсы келуге / және Оған, ол жайлы білімім болмаған нәрсені серік етіп қосуға шақырасыңдар. Ал мен сендерді бәрінен Үстем , көп Кешірушіге шақырамын. @مصحح
Сендер мені Аллаһқа күпірлік етуге / қарсы келуге / және Оған, ол жайлы білімім болмаған нәрсені серік етіп қосуға шақырасыңдар. Ал мен сендерді бәрінен Үстем / әл-’Азиз / , көп Кешірушіге / әл-Ғаффар / шақырамын.
التفاسير العربية:
لَا جَرَمَ أَنَّمَا تَدۡعُونَنِيٓ إِلَيۡهِ لَيۡسَ لَهُۥ دَعۡوَةٞ فِي ٱلدُّنۡيَا وَلَا فِي ٱلۡأٓخِرَةِ وَأَنَّ مَرَدَّنَآ إِلَى ٱللَّهِ وَأَنَّ ٱلۡمُسۡرِفِينَ هُمۡ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِ
Шын мәнінде сендердің мені шақырған нәрселерің / ойдан құрастырған құдайларың / дүниеде де, соңғы, мәңгілік өмірде де / ақиретте / бірнәрсе сұрауға лайықты емес. Әрі күмәнсіз, қайтуымыз -Аллаһқа. Әрі сөзсіз, шектен шыққандар, олар - Отқа түсетіндер.
التفاسير العربية:
فَسَتَذۡكُرُونَ مَآ أَقُولُ لَكُمۡۚ وَأُفَوِّضُ أَمۡرِيٓ إِلَى ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ بَصِيرُۢ بِٱلۡعِبَادِ
Жақында сендер осы айтқандарымды еске аласыңдар. Мен ісімді Аллаһқа тапсырамын. Ақиқатында, Аллаһ құлдарын Көруші»,- деді.
التفاسير العربية:
فَوَقَىٰهُ ٱللَّهُ سَيِّـَٔاتِ مَا مَكَرُواْۖ وَحَاقَ بِـَٔالِ فِرۡعَوۡنَ سُوٓءُ ٱلۡعَذَابِ
Аллаһ оны олардың айла-шарғыларының жамандықтарынан қорғады. Ал фиръаундықтарды жаман азап орап алды, -
التفاسير العربية:
ٱلنَّارُ يُعۡرَضُونَ عَلَيۡهَا غُدُوّٗا وَعَشِيّٗاۚ وَيَوۡمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ أَدۡخِلُوٓاْ ءَالَ فِرۡعَوۡنَ أَشَدَّ ٱلۡعَذَابِ
Ол - от. Олар таңертең және кешке қа­рай оған кігізіледі. Ал, Сағат / Қайта тірілу / келген күні: «Фиръаундықтарды азаптың ең ауырына кіргізіңдер!» - делінеді.
التفاسير العربية:
وَإِذۡ يَتَحَآجُّونَ فِي ٱلنَّارِ فَيَقُولُ ٱلضُّعَفَـٰٓؤُاْ لِلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُوٓاْ إِنَّا كُنَّا لَكُمۡ تَبَعٗا فَهَلۡ أَنتُم مُّغۡنُونَ عَنَّا نَصِيبٗا مِّنَ ٱلنَّارِ
Әрі олар Оттың ішінде тартысып, әлсіз, нашарлары өздерін жоғары санағандарға: «Біз сендерге еріп едік. Енді сендер бізден Оттың бір бөлігін кетіре аласыңдар ма?» - дейді.
التفاسير العربية:
قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُوٓاْ إِنَّا كُلّٞ فِيهَآ إِنَّ ٱللَّهَ قَدۡ حَكَمَ بَيۡنَ ٱلۡعِبَادِ
Өздерін жоғары санағандар: «Біз бәріміз оның / тозақтың / ішіндеміз. Ақиқатында, Аллаһ құларының арасына үкім шығарып қойған», - дейді.
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلَّذِينَ فِي ٱلنَّارِ لِخَزَنَةِ جَهَنَّمَ ٱدۡعُواْ رَبَّكُمۡ يُخَفِّفۡ عَنَّا يَوۡمٗا مِّنَ ٱلۡعَذَابِ
Әрі Оттың / тозақтың / ішіңдегілер Жаһаннам күзетшілеріне: «Өздеріңнің Раббыңнан сұраңдаршы, бізге азаптан бір күн жеңілдетсін», - дейді.
التفاسير العربية:

قَالُوٓاْ أَوَلَمۡ تَكُ تَأۡتِيكُمۡ رُسُلُكُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِۖ قَالُواْ بَلَىٰۚ قَالُواْ فَٱدۡعُواْۗ وَمَا دُعَـٰٓؤُاْ ٱلۡكَٰفِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَٰلٍ
Олар / күзетші періштелер / : «Сендерге елшілерің анық дәлелдермен келген жоқ па еді?» дейді. / Тозақтағылар / : «Иә, / келген / », - дейді. Олар: «Онда өздерің тілеңдер. Бірақ кәпірлердің тілегі тек адасушылықтан басқа ешнәрсе емес», - дейді.
التفاسير العربية:
إِنَّا لَنَنصُرُ رُسُلَنَا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَيَوۡمَ يَقُومُ ٱلۡأَشۡهَٰدُ
Ақиқатында, Біз елшілерімізге әрі иманға келгендерге осы өмірде де, әрі куәлар тұратын күні де жәрдем береміз.
التفاسير العربية:
يَوۡمَ لَا يَنفَعُ ٱلظَّـٰلِمِينَ مَعۡذِرَتُهُمۡۖ وَلَهُمُ ٱللَّعۡنَةُ وَلَهُمۡ سُوٓءُ ٱلدَّارِ
Ол күні әділетсіздерге сылтау айтып, ақталулары пайда бермейді. Оларға лағнет болады әрі оларға тұрақтың жаманы / тозақ / болады.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡهُدَىٰ وَأَوۡرَثۡنَا بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱلۡكِتَٰبَ
Әрі Біз Мұсаға жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / 1975 бердік және Исраил ұрпақтарын Кітапқа мұрагер еттік-
التفاسير العربية:
هُدٗى وَذِكۡرَىٰ لِأُوْلِي ٱلۡأَلۡبَٰبِ
ақыл иелеріне тура жол және еске салу / ескерту / етіп.
التفاسير العربية:
فَٱصۡبِرۡ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞ وَٱسۡتَغۡفِرۡ لِذَنۢبِكَ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ بِٱلۡعَشِيِّ وَٱلۡإِبۡكَٰرِ
/ Ей, Мұхаммед! / Сабыр ет! Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі хақ. күнәң үшін кешірім тіле әрі кешке және таңертең Раббыңа мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ بِغَيۡرِ سُلۡطَٰنٍ أَتَىٰهُمۡ إِن فِي صُدُورِهِمۡ إِلَّا كِبۡرٞ مَّا هُم بِبَٰلِغِيهِۚ فَٱسۡتَعِذۡ بِٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡبَصِيرُ
Ақиқатында, Аллаһтың аят-белгілеріне қатысты өздеріне ешбір дәлел келмесе де тартысатындардың кеуделерінде тек менмендік-тәкаппарлық бар. Олар дегендеріне жете алмайды. Сен Аллаһқа сиынып, өзіңді қорғауын тіле. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Көруші. @مصحح
Ақиқатында, Аллаһтың аят-белгілеріне қатысты өздеріне ешбір дәлел келмесе де тартысатындардың кеуделерінде тек менмендік-тәкаппарлық бар. Олар дегендеріне жете алмайды. Сен Аллаһқа сиынып, өзіңді қорғауын тіле. Ақиқатында, Ол әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-Басир / бәрін Көруші / .
التفاسير العربية:
لَخَلۡقُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ أَكۡبَرُ مِنۡ خَلۡقِ ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
Аспандарды және жерді жарату адамдарды жаратуға қарағанда, сөзсіз, әлдеқайда үлкен. Алайда, адамдардың көбі білмейді.
التفاسير العربية:
وَمَا يَسۡتَوِي ٱلۡأَعۡمَىٰ وَٱلۡبَصِيرُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ وَلَا ٱلۡمُسِيٓءُۚ قَلِيلٗا مَّا تَتَذَكَّرُونَ
Соқыр мен көре алатын тең бола алмайды. Сондай-ақ иманға келген және ізгі амал жасаушылар мен жамандық істеуші де. Сендер қандай аз еске аласыңдар.
التفاسير العربية:

إِنَّ ٱلسَّاعَةَ لَأٓتِيَةٞ لَّا رَيۡبَ فِيهَا وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يُؤۡمِنُونَ
Ақиқатында, Сағат / Қайта тірілу күні / сөзсіз келеді, онда күмән жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.
التفاسير العربية:
وَقَالَ رَبُّكُمُ ٱدۡعُونِيٓ أَسۡتَجِبۡ لَكُمۡۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَسۡتَكۡبِرُونَ عَنۡ عِبَادَتِي سَيَدۡخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ
Сендердің Раббың: «Мені шақырыңдар / Менен сұраңдар / , жауап беремін / тілектеріңді қабыл етемін / . Ақиқатында, Маған Құлшылық етуден өздерін жоғары санағандар, жақында қор болған күйлерінде Жаһаннамға кіреді», - деді.
التفاسير العربية:
ٱللَّهُ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ لِتَسۡكُنُواْ فِيهِ وَٱلنَّهَارَ مُبۡصِرًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَذُو فَضۡلٍ عَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَشۡكُرُونَ
Сендерге түнді - онда тынығуларың үшін, ал күндізді жарық етіп жасаған - Сол Аллаһ. Ақиқатында Аллаһ, адамдар үшін кеңшілік Иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс, ризалық білдірмейді / ?
التفاسير العربية:
ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمۡ خَٰلِقُ كُلِّ شَيۡءٖ لَّآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ فَأَنَّىٰ تُؤۡفَكُونَ
Міне, осы Аллаһ - барлық нәрсенің Жаратушысы, сендердің Раббың. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда, сендер қайда бұрылып барасыңдар?!
التفاسير العربية:
كَذَٰلِكَ يُؤۡفَكُ ٱلَّذِينَ كَانُواْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ يَجۡحَدُونَ
Аллаһтың аяттарын теріске шығарғандар да осылай кері бұрғызылады / адастырылады / .
التفاسير العربية:
ٱللَّهُ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَرۡضَ قَرَارٗا وَٱلسَّمَآءَ بِنَآءٗ وَصَوَّرَكُمۡ فَأَحۡسَنَ صُوَرَكُمۡ وَرَزَقَكُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمۡۖ فَتَبَارَكَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Аллаһ, Ол сендерге жерді тұратын мекен, ал аспанды құрылым етіп жасады. Ол сендердің кескін-келбеттеріңді қалыптастырып, тұлғаларыңды кемелдендіріп, көркем етті. Әрі Ол сендерге түрлі игіліктерден ризық берді. Міне, осы Аллаһ сендердің Раббың. Әлемдердің Раббысы Аллаһ - аса Берекелі.
التفاسير العربية:
هُوَ ٱلۡحَيُّ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ فَٱدۡعُوهُ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَۗ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Ол әл-Хайй / мәңгі Тірі / , Одан басқа ешбір құдай жоқ. Оған дінді ықыласпен ұстанған / серік қосу, риядан тазартқан / күйде, тек Одан ғана тілеңдер. Барлық мақтау -әлемдердің Раббысы Аллаһқа.
التفاسير العربية:
۞قُلۡ إِنِّي نُهِيتُ أَنۡ أَعۡبُدَ ٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَمَّا جَآءَنِيَ ٱلۡبَيِّنَٰتُ مِن رَّبِّي وَأُمِرۡتُ أَنۡ أُسۡلِمَ لِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Маған Раббымнан анық дәлелдер келген кезде, сендердің Аллаһтан өзгеге шақырғандарыңа табынуым тыйым салынды. Әрі әлемдердің Раббысына бойсұнуға бұйырылдым», - деп.
التفاسير العربية:

هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَكُم مِّن تُرَابٖ ثُمَّ مِن نُّطۡفَةٖ ثُمَّ مِنۡ عَلَقَةٖ ثُمَّ يُخۡرِجُكُمۡ طِفۡلٗا ثُمَّ لِتَبۡلُغُوٓاْ أَشُدَّكُمۡ ثُمَّ لِتَكُونُواْ شُيُوخٗاۚ وَمِنكُم مَّن يُتَوَفَّىٰ مِن قَبۡلُۖ وَلِتَبۡلُغُوٓاْ أَجَلٗا مُّسَمّٗى وَلَعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ
Ол сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / Адамның ұрпақтарын / тамшы ұрық суынан, содан кейін ұйыған қаннан жаратты. Содан соң Ол сендерді / аналарыңның жатырынан / нәресте етіп, кейін толысып жетілулерің, одан соң қартайып кәрі болуларың үшін шығарады, Сендердің іштерінде одан алдын қайтыс болатындар да бар, сөйтіп бәрің де белгіленген бір мерзімге жетулерің үшін. Бүл жайлы ақылдарыңды істетіп, ұғынарсыңдар.
التفاسير العربية:
هُوَ ٱلَّذِي يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ فَإِذَا قَضَىٰٓ أَمۡرٗا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
Ол тірілтеді және өлтіреді. Қашан Ол бір іске шешім қабылдаса, оған: «Бол!» - десе, сонда ол болады.
التفاسير العربية:
أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ أَنَّىٰ يُصۡرَفُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Сен Аллаһтың аяттары жөнінде таласып-тартысқандарды көрмедің бе? Олар қайда бұрылып барады?!
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِٱلۡكِتَٰبِ وَبِمَآ أَرۡسَلۡنَا بِهِۦ رُسُلَنَاۖ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ
Солар Кітапты және елшілеріміз арқылы жібергендерімізді өтірікке шығарғандар. Жақында олар біледі,
التفاسير العربية:
إِذِ ٱلۡأَغۡلَٰلُ فِيٓ أَعۡنَٰقِهِمۡ وَٱلسَّلَٰسِلُ يُسۡحَبُونَ
мойындарына бұғаулар мен шынжырлар салынғанда. Оларды сүйретіп,
التفاسير العربية:
فِي ٱلۡحَمِيمِ ثُمَّ فِي ٱلنَّارِ يُسۡجَرُونَ
қайнап тұрған суға / тартады / , ал кейін отта жандырады.
التفاسير العربية:
ثُمَّ قِيلَ لَهُمۡ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡ تُشۡرِكُونَ
Содан кейін оларға: «Сендердің серік етіп қосқандарың қайда,
التفاسير العربية:
مِن دُونِ ٱللَّهِۖ قَالُواْ ضَلُّواْ عَنَّا بَل لَّمۡ نَكُن نَّدۡعُواْ مِن قَبۡلُ شَيۡـٔٗاۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Аллаһпен қатар?» - делінеді. / Серік қосушылар / : «Олар бізден жоқ болып кетті. Негізінде, біз бұрын ешнәрсеге табынған емеспіз», - дейді. Аллаһ кәпірлерді осылай адастырады.
التفاسير العربية:
ذَٰلِكُم بِمَا كُنتُمۡ تَفۡرَحُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَبِمَا كُنتُمۡ تَمۡرَحُونَ
Бұл сендердің жер бетінде орынсыз мәз болып, масайрап және өздеріңді жоғары қойғандықтарың үшін.
التفاسير العربية:
ٱدۡخُلُوٓاْ أَبۡوَٰبَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ فَبِئۡسَ مَثۡوَى ٱلۡمُتَكَبِّرِينَ
Жаһаннам қақпаларынан онда мәңгі қалатын болып кіріңдер. Өздерін жоғары санайтындардың орны неткен жаман!
التفاسير العربية:
فَٱصۡبِرۡ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞۚ فَإِمَّا نُرِيَنَّكَ بَعۡضَ ٱلَّذِي نَعِدُهُمۡ أَوۡ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِلَيۡنَا يُرۡجَعُونَ
/ Ей, Мұхаммед / / Енді сабыр ет! Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі - хақ. Біз саған Оларға уәде еткеніміздің кейбірін көрсетсек те немесе саған өлім берсек те, бәрібір олар Бізге қайтарылады.
التفاسير العربية:

وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا رُسُلٗا مِّن قَبۡلِكَ مِنۡهُم مَّن قَصَصۡنَا عَلَيۡكَ وَمِنۡهُم مَّن لَّمۡ نَقۡصُصۡ عَلَيۡكَۗ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَن يَأۡتِيَ بِـَٔايَةٍ إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ فَإِذَا جَآءَ أَمۡرُ ٱللَّهِ قُضِيَ بِٱلۡحَقِّ وَخَسِرَ هُنَالِكَ ٱلۡمُبۡطِلُونَ
Біз сенен бұрын да елшілер жібергенбіз. Олардың ішінде Біз саған хабарын бергендеріміз де бар, әрі олардың ішінде Біз саған хабарын бермегендеріміз де бар. Ешбір Елші Аллаһтың рұқсатынсыз бір де бір аят-белгі әкелген жоқ. Аллаһтың әмірі келген кезде, ақиқатпен үкім етіліп, жалғанға шығарушылар зиян шегеді.
التفاسير العربية:
ٱللَّهُ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَنۡعَٰمَ لِتَرۡكَبُواْ مِنۡهَا وَمِنۡهَا تَأۡكُلُونَ
Аллаһ сендерге малдарды жаратты. Олардың кейбірін мінулерің, ал кейбірін азықтануларың үшін.
التفاسير العربية:
وَلَكُمۡ فِيهَا مَنَٰفِعُ وَلِتَبۡلُغُواْ عَلَيۡهَا حَاجَةٗ فِي صُدُورِكُمۡ وَعَلَيۡهَا وَعَلَى ٱلۡفُلۡكِ تُحۡمَلُونَ
Әрі сендер үшін оларда пайдалар бар және олармен көңілдеріңдегі қажеттеріңе жетулерің үшін. Сондай-ақ сендер оларда және кемелерде тасымалданасыңдар.
التفاسير العربية:
وَيُرِيكُمۡ ءَايَٰتِهِۦ فَأَيَّ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ تُنكِرُونَ
Әрі Ол сендерге Өз белгілерін көрсетеді. Аллаһтың қай белгісін теріске шығарасыңдар.
التفاسير العربية:
أَفَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ كَانُوٓاْ أَكۡثَرَ مِنۡهُمۡ وَأَشَدَّ قُوَّةٗ وَءَاثَارٗا فِي ٱلۡأَرۡضِ فَمَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
Олар / иманға келмегендер / жер бетінде жүрмеді ме, өздерінен бұрынғылардың ақыры қалай болғанын / немен біткенін / көрмеді ме? Олардың бұларға қарағанда күш-қуаты және жер бетінде артында қалдырғандары мықты еді. Олар бұларға қарағанда көбірек еді және күш-қуатымен әрі жер бетінде артында қалдырған іздерімен де мықты еді. Бірақ тапқандары оларға пайда бермеді.
التفاسير العربية:
فَلَمَّا جَآءَتۡهُمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَرِحُواْ بِمَا عِندَهُم مِّنَ ٱلۡعِلۡمِ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Оларға елшілер анық дәлелдермен келгенде, олар өздеріндегі бар білімге мәз болып, масаттанды. Сонда оларды, өздері мазақ етіп күлген нәрселері орап алды / бастарына жетті / .
التفاسير العربية:
فَلَمَّا رَأَوۡاْ بَأۡسَنَا قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَحۡدَهُۥ وَكَفَرۡنَا بِمَا كُنَّا بِهِۦ مُشۡرِكِينَ
Олар Біздің азабымызды көргенде: «Біз Аллаһтың жалғыз Өзіне сендік және Оған серік етіп таңғандарымыздан бас тартамыз», - деді.
التفاسير العربية:
فَلَمۡ يَكُ يَنفَعُهُمۡ إِيمَٰنُهُمۡ لَمَّا رَأَوۡاْ بَأۡسَنَاۖ سُنَّتَ ٱللَّهِ ٱلَّتِي قَدۡ خَلَتۡ فِي عِبَادِهِۦۖ وَخَسِرَ هُنَالِكَ ٱلۡكَٰفِرُونَ
Алайда олардың азабымызды көрген кезде иманға келулері өздеріне пайда бермеді. Аллаһтың құлдарына қатысты бекіткен жолы / заңдылығы / осындай. Міне, сонда кәпірлер зиянға ұшырады.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: غافر
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق