ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: فصلت
آية:
 

سورة فصلت - сурату Фуссиләт

حمٓ
Ха. Мим.
التفاسير العربية:
تَنزِيلٞ مِّنَ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
Аса Қайырымды, ерекше Мейірімдіден түсірілген. @مصحح
Аса Қайырымды / әр-Рахман / , ерекше Мейірімдіден / әр-Рахимнен / түсірілген.
التفاسير العربية:
كِتَٰبٞ فُصِّلَتۡ ءَايَٰتُهُۥ قُرۡءَانًا عَرَبِيّٗا لِّقَوۡمٖ يَعۡلَمُونَ
Арабша Құран етіп, білетін адамдар үшін аяттары анық түсіндіріліп / түсірілген / бір Кітап, -
التفاسير العربية:
بَشِيرٗا وَنَذِيرٗا فَأَعۡرَضَ أَكۡثَرُهُمۡ فَهُمۡ لَا يَسۡمَعُونَ
қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертіп, сақтандырушы ретінде. Бірақ, олардың / адамдардың / көбі теріс бұрылады сөйтіп құлақ аспайды.
التفاسير العربية:
وَقَالُواْ قُلُوبُنَا فِيٓ أَكِنَّةٖ مِّمَّا تَدۡعُونَآ إِلَيۡهِ وَفِيٓ ءَاذَانِنَا وَقۡرٞ وَمِنۢ بَيۡنِنَا وَبَيۡنِكَ حِجَابٞ فَٱعۡمَلۡ إِنَّنَا عَٰمِلُونَ
Әрі олар: «Сенің бізді шақырып жатқан нәрседен біздің жүректеріміз / перделеніп / тұмшаланған әрі құлақтарымызда кереңдік бар, ал біз бен сенің арамызда тосық бар. Сен өз амалыңды істе, біз де өз амалымызды істей береміз»,- деді.
التفاسير العربية:
قُلۡ إِنَّمَآ أَنَا۠ بَشَرٞ مِّثۡلُكُمۡ يُوحَىٰٓ إِلَيَّ أَنَّمَآ إِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞ فَٱسۡتَقِيمُوٓاْ إِلَيۡهِ وَٱسۡتَغۡفِرُوهُۗ وَوَيۡلٞ لِّلۡمُشۡرِكِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен бар болғаны сендер сияқты ғана адаммын. Сендердің құдайларың бір ғана құдай екендігі маған уахи етілуде. Оған қарай тура барыңдар және Одан кешірім тілеңдер. Ал, серік қосушыларға үлкен қасірет бар,
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَهُم بِٱلۡأٓخِرَةِ هُمۡ كَٰفِرُونَ
сондай тазартатынды / зекетті / бермейтіндерге және соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндерге»,- деп.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَهُمۡ أَجۡرٌ غَيۡرُ مَمۡنُونٖ
Ақиқатында иманға келген және ізгі амал жасағандарға үзілмейтін сый бар.
التفاسير العربية:
۞قُلۡ أَئِنَّكُمۡ لَتَكۡفُرُونَ بِٱلَّذِي خَلَقَ ٱلۡأَرۡضَ فِي يَوۡمَيۡنِ وَتَجۡعَلُونَ لَهُۥٓ أَندَادٗاۚ ذَٰلِكَ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер жерді екі күнде жаратқанға күпірлік танытып / сенбей, қарсы келіп / және Оған өзгелерді теңдес жасайсыңдар ма? Ол / Аллаһ / - бүкіл әлемдердің Раббысы», - деп.
التفاسير العربية:
وَجَعَلَ فِيهَا رَوَٰسِيَ مِن فَوۡقِهَا وَبَٰرَكَ فِيهَا وَقَدَّرَ فِيهَآ أَقۡوَٰتَهَا فِيٓ أَرۡبَعَةِ أَيَّامٖ سَوَآءٗ لِّلسَّآئِلِينَ
Әрі Ол онда / жерде / , оның үстіне берік тұрғандарды / тауларды / орнатты әрі оған береке берді және онда / жердегі / ризық несібелерін толық төрт күнде мөлшерлеп белгіледі. Бүл сұраушылар үшін.
التفاسير العربية:
ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰٓ إِلَى ٱلسَّمَآءِ وَهِيَ دُخَانٞ فَقَالَ لَهَا وَلِلۡأَرۡضِ ٱئۡتِيَا طَوۡعًا أَوۡ كَرۡهٗا قَالَتَآ أَتَيۡنَا طَآئِعِينَ
Кейін, Ол түтін / бу / күйіндегі аспанға қарап, оған және жерге: «Ерікті немесе мәжбүрлі түрде келіңдер», - деді. Ол екеуі: «Біз ерікті түрде келдік», - деді.
التفاسير العربية:

فَقَضَىٰهُنَّ سَبۡعَ سَمَٰوَاتٖ فِي يَوۡمَيۡنِ وَأَوۡحَىٰ فِي كُلِّ سَمَآءٍ أَمۡرَهَاۚ وَزَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنۡيَا بِمَصَٰبِيحَ وَحِفۡظٗاۚ ذَٰلِكَ تَقۡدِيرُ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡعَلِيمِ
Әрі Ол / Аллаһ / оларды екі күнде жеті аспан етіп жасады және әрбір аспанға оның өзіне қатысты ісін білдірді / реттеп бекітті / . Әрі Біз төменгі аспанды шамдармен безендірдік және онымен қорғадық. Бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеп бекітуі. @مصحح
Әрі Ол / Аллаһ / оларды екі күнде жеті аспан етіп жасады және әрбір аспанға оның өзіне қатысты ісін білдірді / реттеп бекітті / . Әрі Біз төменгі аспанды шамдармен безендірдік және онымен қорғадық. Бұл - бәрінен Үстем / әл-’Азиз / , бәрін Білушінің / әл-’Алим / белгілеп бекітуі.
التفاسير العربية:
فَإِنۡ أَعۡرَضُواْ فَقُلۡ أَنذَرۡتُكُمۡ صَٰعِقَةٗ مِّثۡلَ صَٰعِقَةِ عَادٖ وَثَمُودَ
/ Ей, Мұхаммед! / Егер де олар / кәпірлер / теріс бұрылса: «Мен сендерді Ад пен Сәмүд еліне келген саъиқа секілді саъиқаны ескерттім», - деп айт.
التفاسير العربية:
إِذۡ جَآءَتۡهُمُ ٱلرُّسُلُ مِنۢ بَيۡنِ أَيۡدِيهِمۡ وَمِنۡ خَلۡفِهِمۡ أَلَّا تَعۡبُدُوٓاْ إِلَّا ٱللَّهَۖ قَالُواْ لَوۡ شَآءَ رَبُّنَا لَأَنزَلَ مَلَـٰٓئِكَةٗ فَإِنَّا بِمَآ أُرۡسِلۡتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ
Оларға елшілері алдынан да, артынан да / жан-жағынан / келіп: «Аллаһтан басқаға Құлшылық етпеңдер»,- деген кезде, олар: «Егер де Раббымыз қалағанда, періштелерді түсіретін еді. Біз сендермен жіберілгенге сенбейміз», - деді.
التفاسير العربية:
فَأَمَّا عَادٞ فَٱسۡتَكۡبَرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَقَالُواْ مَنۡ أَشَدُّ مِنَّا قُوَّةًۖ أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّ ٱللَّهَ ٱلَّذِي خَلَقَهُمۡ هُوَ أَشَدُّ مِنۡهُمۡ قُوَّةٗۖ وَكَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا يَجۡحَدُونَ
Ад елі құқылары болмаса да жер бетінде менменсіп, өздерін жоғары санады және: «Бізден күшті кім бар?» - деді. Олар өздерін жаратқан Аллаһтың олардан күшті екенін көрмеді ме? Әрі олар Біздің аят-белгілерімізді теріске шығарды.
التفاسير العربية:
فَأَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ رِيحٗا صَرۡصَرٗا فِيٓ أَيَّامٖ نَّحِسَاتٖ لِّنُذِيقَهُمۡ عَذَابَ ٱلۡخِزۡيِ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَلَعَذَابُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَخۡزَىٰۖ وَهُمۡ لَا يُنصَرُونَ
Сонда осы өмірде қорлаушы азапты таттыру үшін Біз оларға қиын күндері, қатты ұйытқып соққан желді жібердік. Ал, соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / азабы одан бетер қор етуші әрі оларға көмек көрсетілмейді.
التفاسير العربية:
وَأَمَّا ثَمُودُ فَهَدَيۡنَٰهُمۡ فَٱسۡتَحَبُّواْ ٱلۡعَمَىٰ عَلَى ٱلۡهُدَىٰ فَأَخَذَتۡهُمۡ صَٰعِقَةُ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡهُونِ بِمَا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
Ал, сәмудтықтарға келсек, Біз оларға тура жолды көрсеттік, бірақ олар тура жолдың орнына соқырлықты артық көрді. Сонда оларға істеп тапқандары / күнәлары / себебінен қорлаушы азаптың саъиқасы тиді.
التفاسير العربية:
وَنَجَّيۡنَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَكَانُواْ يَتَّقُونَ
Ал, иманға келген және тақуалық еткендерді / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқардық.
التفاسير العربية:
وَيَوۡمَ يُحۡشَرُ أَعۡدَآءُ ٱللَّهِ إِلَى ٱلنَّارِ فَهُمۡ يُوزَعُونَ
Ол күні Аллаһтың жаулары Оттың алдына жиналдырылып, тосылады.
التفاسير العربية:
حَتَّىٰٓ إِذَا مَا جَآءُوهَا شَهِدَ عَلَيۡهِمۡ سَمۡعُهُمۡ وَأَبۡصَٰرُهُمۡ وَجُلُودُهُم بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Ал, қашан олар оған / тозаққа / келген кезде есту, көру / мүшелері / және терілері істеген іс-әрекеттері жайлы олардың өздеріне қарсы куәлік береді.
التفاسير العربية:

وَقَالُواْ لِجُلُودِهِمۡ لِمَ شَهِدتُّمۡ عَلَيۡنَاۖ قَالُوٓاْ أَنطَقَنَا ٱللَّهُ ٱلَّذِيٓ أَنطَقَ كُلَّ شَيۡءٖۚ وَهُوَ خَلَقَكُمۡ أَوَّلَ مَرَّةٖ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Сонда олар өздерінің терілеріне: «Не үшін бізге қарсы куәлік бердіңдер?» - дейді. / Терілері / : «Әрбір нәрсені сөйлеткен Аллаһ бізді де сөйлетті», - дейді. Ол сендерді алғашқы ретте / әуел баста / жаратты әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.
التفاسير العربية:
وَمَا كُنتُمۡ تَسۡتَتِرُونَ أَن يَشۡهَدَ عَلَيۡكُمۡ سَمۡعُكُمۡ وَلَآ أَبۡصَٰرُكُمۡ وَلَا جُلُودُكُمۡ وَلَٰكِن ظَنَنتُمۡ أَنَّ ٱللَّهَ لَا يَعۡلَمُ كَثِيرٗا مِّمَّا تَعۡمَلُونَ
Сендер естулеріңнің, көрулеріңнің / құлақ, көздеріңнің / және терілеріңнің өздеріңе қарсы куәлік беруінен жасырынбайтын едіңдер. Сендер өздерің істеген істердің көбін Аллаһ білмейді деп ойладыңдар.
التفاسير العربية:
وَذَٰلِكُمۡ ظَنُّكُمُ ٱلَّذِي ظَنَنتُم بِرَبِّكُمۡ أَرۡدَىٰكُمۡ فَأَصۡبَحۡتُم مِّنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
Өздеріңнің Раббың жайлы осы ойларың / жорамалдарың / сендерді кұртып, зиян шегушілерден болдыңдар.
التفاسير العربية:
فَإِن يَصۡبِرُواْ فَٱلنَّارُ مَثۡوٗى لَّهُمۡۖ وَإِن يَسۡتَعۡتِبُواْ فَمَا هُم مِّنَ ٱلۡمُعۡتَبِينَ
Ал, енді олар шыдар болса, олардың тұрақтайтын мекені От болады. Олар қанша разылық / кешірім / сұраса да разылық / кешірім / алғандардан болмайды.
التفاسير العربية:
۞وَقَيَّضۡنَا لَهُمۡ قُرَنَآءَ فَزَيَّنُواْ لَهُم مَّا بَيۡنَ أَيۡدِيهِمۡ وَمَا خَلۡفَهُمۡ وَحَقَّ عَلَيۡهِمُ ٱلۡقَوۡلُ فِيٓ أُمَمٖ قَدۡ خَلَتۡ مِن قَبۡلِهِم مِّنَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِۖ إِنَّهُمۡ كَانُواْ خَٰسِرِينَ
Әрі Біз оларға «жолдастар» / серіктер / бекітіп қойдық. Оларға / ол серіктері / алдарындағы және арттарындағыны әдемі етіп көрсетті. Сөйтіп өздерінен бұрын өткен жындар мен адамдардың қауымдарына қатысты / жазаға тарту жайлы / Сөз бұларға да тиісті болды. Шын мәнінде, олар зиян шегушілерден болды.
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَا تَسۡمَعُواْ لِهَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ وَٱلۡغَوۡاْ فِيهِ لَعَلَّكُمۡ تَغۡلِبُونَ
Әрі күпірлік етушілер / Құраннан теріс бұрылушылар! \ «Бұл Құранды тыңдамаңдар және оған байланысты бос сөзді сөйлеңдер. Сонда мүмкін жеңіске жетерсіңдер», - деді.
التفاسير العربية:
فَلَنُذِيقَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ عَذَابٗا شَدِيدٗا وَلَنَجۡزِيَنَّهُمۡ أَسۡوَأَ ٱلَّذِي كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Біз күпірлік етушілерге / Аллаһқа қарсы келушілерге / міндетті түрде қатты азапты таттырамыз әрі оларға істеген істерінің ең жаманының қайтарым жазасын береміз.
التفاسير العربية:
ذَٰلِكَ جَزَآءُ أَعۡدَآءِ ٱللَّهِ ٱلنَّارُۖ لَهُمۡ فِيهَا دَارُ ٱلۡخُلۡدِ جَزَآءَۢ بِمَا كَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا يَجۡحَدُونَ
Міне, Аллаһтың жауларының қайтарым жазасы От. Біздің аяттарымызды, белгілерімізді теріске шығарғандары үшін оларға ол жерде / тозақта / қайтарым жаза ретінде мәңгілік тұрақ бар.
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ رَبَّنَآ أَرِنَا ٱلَّذَيۡنِ أَضَلَّانَا مِنَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِ نَجۡعَلۡهُمَا تَحۡتَ أَقۡدَامِنَا لِيَكُونَا مِنَ ٱلۡأَسۡفَلِينَ
Әрі сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / : «Раббымыз! Бізді адастырған жындар мен адамдардан болған екеуін корсет, біз оларды ең төмендетілгендерден болулары үшін табандарымыздың астына тастайық», - дейді.
التفاسير العربية:

إِنَّ ٱلَّذِينَ قَالُواْ رَبُّنَا ٱللَّهُ ثُمَّ ٱسۡتَقَٰمُواْ تَتَنَزَّلُ عَلَيۡهِمُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ أَلَّا تَخَافُواْ وَلَا تَحۡزَنُواْ وَأَبۡشِرُواْ بِٱلۡجَنَّةِ ٱلَّتِي كُنتُمۡ تُوعَدُونَ
Ақиқатында: «Раббымыз - Аллаһ» - деп, кейін туралықты ұстанғандарға періштелер түсіп: «Қорықпаңдар және қайғырмаңдар әрі сендерге уәде етілген жәннатқа қуаныңдар.
التفاسير العربية:
نَحۡنُ أَوۡلِيَآؤُكُمۡ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَفِي ٱلۡأٓخِرَةِۖ وَلَكُمۡ فِيهَا مَا تَشۡتَهِيٓ أَنفُسُكُمۡ وَلَكُمۡ فِيهَا مَا تَدَّعُونَ
Біз - сендердің осы өмірдегі және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / достарыңбыз. Сендерге ол жерде жандарыңның қалағаны бар. Әрі сендерге ол жерде сұрағандарыңның бәрі бар -
التفاسير العربية:
نُزُلٗا مِّنۡ غَفُورٖ رَّحِيمٖ
өте Кешірімді , ерекше Мейірімдіден сый-құрмет ретінде», - дейді. @مصحح
өте Кешірімді / Ғафур / , ерекше Мейірімдіден / Рахимнен / сый-құрмет ретінде», - дейді.
التفاسير العربية:
وَمَنۡ أَحۡسَنُ قَوۡلٗا مِّمَّن دَعَآ إِلَى ٱللَّهِ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا وَقَالَ إِنَّنِي مِنَ ٱلۡمُسۡلِمِينَ
Аллаһқа шақырып, әрі ізгі амал істеп және: «Шын мәнінде, мен - мұсылмандарданмын», - деген адамның сөзінен кімнің сөзі жақсы бола алады?
التفاسير العربية:
وَلَا تَسۡتَوِي ٱلۡحَسَنَةُ وَلَا ٱلسَّيِّئَةُۚ ٱدۡفَعۡ بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُ فَإِذَا ٱلَّذِي بَيۡنَكَ وَبَيۡنَهُۥ عَدَٰوَةٞ كَأَنَّهُۥ وَلِيٌّ حَمِيمٞ
Жақсылық пен жамандық тең бола алмайды. / Жамандықты / ең жақсы нәрсемен қайтар. Сонда араларыңда дұшпандық болған біреу жақын достай болады.
التفاسير العربية:
وَمَا يُلَقَّىٰهَآ إِلَّا ٱلَّذِينَ صَبَرُواْ وَمَا يُلَقَّىٰهَآ إِلَّا ذُو حَظٍّ عَظِيمٖ
Бұған / осы сипатқа / тек сабыр етушілер ғана жетеді, әрі бұған тек ұлы үлеске ие болғандар ғана жетеді.
التفاسير العربية:
وَإِمَّا يَنزَغَنَّكَ مِنَ ٱلشَّيۡطَٰنِ نَزۡغٞ فَٱسۡتَعِذۡ بِٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
/ Ей, Мұхаммед! / Ал, қашан саған шайтаннан наз'г / азғыру, жамандыққа итермелеу / болса Аллаһқа жүгініп, өзінді қорғауын тіле. Өйткені, Ол әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-’Алим / бәрін Білуші / .
التفاسير العربية:
وَمِنۡ ءَايَٰتِهِ ٱلَّيۡلُ وَٱلنَّهَارُ وَٱلشَّمۡسُ وَٱلۡقَمَرُۚ لَا تَسۡجُدُواْ لِلشَّمۡسِ وَلَا لِلۡقَمَرِ وَٱسۡجُدُواْۤ لِلَّهِۤ ٱلَّذِي خَلَقَهُنَّ إِن كُنتُمۡ إِيَّاهُ تَعۡبُدُونَ
Әрі түн мен күндіз және күн мен ай Оның белгілерінен. Күнге де, айға да сәжде жасамаңдар, оларды жаратқан Аллаһтың Өзіне ғана сәжде жасаңдар, егер құлшылықты Оған арнап істейтін болсаңдар.
التفاسير العربية:
فَإِنِ ٱسۡتَكۡبَرُواْ فَٱلَّذِينَ عِندَ رَبِّكَ يُسَبِّحُونَ لَهُۥ بِٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ وَهُمۡ لَا يَسۡـَٔمُونَ۩
Ал, егер олар / кәпірлер / өздерін жоғары қойып, тәкаппарланса, біліңдер Раббыңның қасындағылар / періштелер / түнде және күндіз Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп ұлықтайды әрі олар / құлшылық етуден / жалықпайды.
التفاسير العربية:

وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦٓ أَنَّكَ تَرَى ٱلۡأَرۡضَ خَٰشِعَةٗ فَإِذَآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡهَا ٱلۡمَآءَ ٱهۡتَزَّتۡ وَرَبَتۡۚ إِنَّ ٱلَّذِيٓ أَحۡيَاهَا لَمُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰٓۚ إِنَّهُۥ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٌ
Оның белгілерінің бірі - сен жерді кеуіп кеткен күйінде көріп, ал, сонда оның үстіне су түсірсек, ол қозғалысқа түсіп, көпсіп / тіршілік бітіп / шыға келуі. Шын мәнінде, оны тірілткен, әлбетте, өлілерді де тірілтеді. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Жасай алушы.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُلۡحِدُونَ فِيٓ ءَايَٰتِنَا لَا يَخۡفَوۡنَ عَلَيۡنَآۗ أَفَمَن يُلۡقَىٰ فِي ٱلنَّارِ خَيۡرٌ أَم مَّن يَأۡتِيٓ ءَامِنٗا يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۚ ٱعۡمَلُواْ مَا شِئۡتُمۡ إِنَّهُۥ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٌ
Біздің аяттарымызға қатысты / ақиқаттан / ауытқығандар Бізден жасырын қалмайды. Отқа тасталатын біреу жақсы ма, әлде Қайта тірілу күні аман болып, қауіпсіз күйде келетін біреу ме? Қалағандарыңды істеңдер. Шын мәнінде, Ол - не істеп жатқандарыңды Көруші.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِٱلذِّكۡرِ لَمَّا جَآءَهُمۡۖ وَإِنَّهُۥ لَكِتَٰبٌ عَزِيزٞ
Ақиқатында, өздеріне Еске салатын / Құран / келген кезде, оған сондай күпірлік етушілер / теріске шығарып мойындамайтындар / бар.Шын мәнінде, ол - ұлы Кітап.
التفاسير العربية:
لَّا يَأۡتِيهِ ٱلۡبَٰطِلُ مِنۢ بَيۡنِ يَدَيۡهِ وَلَا مِنۡ خَلۡفِهِۦۖ تَنزِيلٞ مِّنۡ حَكِيمٍ حَمِيدٖ
Оған / Құранға / өтірік алдынан да, артынан да келе алмайды, ол аса Дана , өте Мақтаулыдан түсірілген. @مصحح
Оған / Құранға / өтірік алдынан да, артынан да келе алмайды, ол аса Дана / әл-Хаким / , өте Мақтаулыдан / әл-Хамид / түсірілген.
التفاسير العربية:
مَّا يُقَالُ لَكَ إِلَّا مَا قَدۡ قِيلَ لِلرُّسُلِ مِن قَبۡلِكَۚ إِنَّ رَبَّكَ لَذُو مَغۡفِرَةٖ وَذُو عِقَابٍ أَلِيمٖ
/ Ей, Мұхаммед! / Саған өзіңнен бұрынғы елшілерге айтылған ғана айтылуда. Ақиқатында, Раббың - кешірім Иесі әрі Ол күйзелтуші жазаның Иесі.
التفاسير العربية:
وَلَوۡ جَعَلۡنَٰهُ قُرۡءَانًا أَعۡجَمِيّٗا لَّقَالُواْ لَوۡلَا فُصِّلَتۡ ءَايَٰتُهُۥٓۖ ءَا۬عۡجَمِيّٞ وَعَرَبِيّٞۗ قُلۡ هُوَ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ هُدٗى وَشِفَآءٞۚ وَٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ فِيٓ ءَاذَانِهِمۡ وَقۡرٞ وَهُوَ عَلَيۡهِمۡ عَمًىۚ أُوْلَـٰٓئِكَ يُنَادَوۡنَ مِن مَّكَانِۭ بَعِيدٖ
Егер де оны араб тілінен басқа тілдегі Құран еткенімізде, олар / құрайыш мүшріктері / : «Араб тілдіге басқа тілде ме? Оның аяттары неге анықтап түсіндірілмеді?» - дейтін еді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл / Құран / - иманға келгендер үшін жолбасшы / тура жолдыұстануға басшылық / әрі шипа. Ал, иманға келмейтіндердің құлақтарында керендік бар әрі бұл / Құран / олар үшін соқырлық. Бұлар - бір алыстан шақырылғандар / секілді / », - деп.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ فَٱخۡتُلِفَ فِيهِۚ وَلَوۡلَا كَلِمَةٞ سَبَقَتۡ مِن رَّبِّكَ لَقُضِيَ بَيۡنَهُمۡۚ وَإِنَّهُمۡ لَفِي شَكّٖ مِّنۡهُ مُرِيبٖ
Әрі Біз Мұсаға Кітапты бердік, сонда ол / Тәурат / туралы тартыс болды. Раббыңнан алдын бекітілген бір Сөз болмағанда, олардың арасына үкім етілген болар еді. Негізінде, олар ол жайында күмән-күдікте.
التفاسير العربية:
مَّنۡ عَمِلَ صَٰلِحٗا فَلِنَفۡسِهِۦۖ وَمَنۡ أَسَآءَ فَعَلَيۡهَاۗ وَمَا رَبُّكَ بِظَلَّـٰمٖ لِّلۡعَبِيدِ
Кім ізгі амал істесе, ол өзі үшін. Ал, кім жамандық істесе, ол да өзіне қарсы / өз зиянына / . Сенің Раббың құлдарға әділетсіздік жасаушы емес.
التفاسير العربية:

۞إِلَيۡهِ يُرَدُّ عِلۡمُ ٱلسَّاعَةِۚ وَمَا تَخۡرُجُ مِن ثَمَرَٰتٖ مِّنۡ أَكۡمَامِهَا وَمَا تَحۡمِلُ مِنۡ أُنثَىٰ وَلَا تَضَعُ إِلَّا بِعِلۡمِهِۦۚ وَيَوۡمَ يُنَادِيهِمۡ أَيۡنَ شُرَكَآءِي قَالُوٓاْ ءَاذَنَّـٰكَ مَامِنَّا مِن شَهِيدٖ
Сағат / Қайта тірілу күні / туралы білім Оған қайтарылады. Барлық жемістердің қауашақтарынан шығуы әрі әрбірұрғашының жүкті болуы және тууы Оның білімімен ғана. Сол күні Ол: «Менің «серіктерім» / Маған таңғандарың / қайда?» - деп оларға үндейді. Олар / серік қосушылар / : «Біз Өзіңе арамызда куә болушы жоқ екенін білдірдік», - дейді.
التفاسير العربية:
وَضَلَّ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَدۡعُونَ مِن قَبۡلُۖ وَظَنُّواْ مَا لَهُم مِّن مَّحِيصٖ
Әрі бұрын жалбарынып келгендері олардан жоқ болады. Сондай-ақ, олар өздеріне құтылар жер жоқ екендігін түсінеді.
التفاسير العربية:
لَّا يَسۡـَٔمُ ٱلۡإِنسَٰنُ مِن دُعَآءِ ٱلۡخَيۡرِ وَإِن مَّسَّهُ ٱلشَّرُّ فَيَـُٔوسٞ قَنُوطٞ
Адам баласы жақсылықты тілеуден жалықпайды. Ал, егер оған жамандық тисе, күдерін үзіп, үмітсіздікке түседі.
التفاسير العربية:
وَلَئِنۡ أَذَقۡنَٰهُ رَحۡمَةٗ مِّنَّا مِنۢ بَعۡدِ ضَرَّآءَ مَسَّتۡهُ لَيَقُولَنَّ هَٰذَا لِي وَمَآ أَظُنُّ ٱلسَّاعَةَ قَآئِمَةٗ وَلَئِن رُّجِعۡتُ إِلَىٰ رَبِّيٓ إِنَّ لِي عِندَهُۥ لَلۡحُسۡنَىٰۚ فَلَنُنَبِّئَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِمَا عَمِلُواْ وَلَنُذِيقَنَّهُم مِّنۡ عَذَابٍ غَلِيظٖ
Ал, егер өзіне тиген жамандықтан кейін оған Өзімізден бір рахым көрсетсек, ол: «Бұл - мен үшін. Мен Сағатты / Қайта тірілу күнін / болады деп ойламаймын. Ал, егер Раббымның алдына қайтарылсам, Оның алдында маған әлбетте, ең жақсысы болады» , - дейді. Сөзсіз, Біз күпірлік еткендерге / Аллаһқақарсы келгендерге / не істегендерінің хабарын береміз әрі оларға ауыр азапты таттырамыз.
التفاسير العربية:
وَإِذَآ أَنۡعَمۡنَا عَلَى ٱلۡإِنسَٰنِ أَعۡرَضَ وَنَـَٔا بِجَانِبِهِۦ وَإِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ فَذُو دُعَآءٍ عَرِيضٖ
Ал, қашан Біз адамға бір игілік берсек, ол теріс бұрылып, қырын қарайды. Ал, оған жамандық келсе, ол тілегін ұзартады.
التفاسير العربية:
قُلۡ أَرَءَيۡتُمۡ إِن كَانَ مِنۡ عِندِ ٱللَّهِ ثُمَّ كَفَرۡتُم بِهِۦ مَنۡ أَضَلُّ مِمَّنۡ هُوَ فِي شِقَاقِۭ بَعِيدٖ
/ Ей, Мұхаммеді / Айт: «Айтыңдаршы, егер бұл / Құран / Аллаһтан болса, ал кейін сендер оған күпірлік етсеңдер / сенбесеңдер, қарсы келсеңдер / , сонда үлкен қарама-қайшылықта болған біреуден өткен адасушы кім бар?» - деп.
التفاسير العربية:
سَنُرِيهِمۡ ءَايَٰتِنَا فِي ٱلۡأٓفَاقِ وَفِيٓ أَنفُسِهِمۡ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَهُمۡ أَنَّهُ ٱلۡحَقُّۗ أَوَلَمۡ يَكۡفِ بِرَبِّكَ أَنَّهُۥ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ شَهِيدٌ
Біз оларға оның / Құранның / ақиқат екені анық болғанға дейін шартараптағы / әлемдегі / және олардың өздеріндегі белгілерімізді көрсетеміз. Раббыңның әрбір нәрсеге куә екені жеткілікті емес пе?
التفاسير العربية:
أَلَآ إِنَّهُمۡ فِي مِرۡيَةٖ مِّن لِّقَآءِ رَبِّهِمۡۗ أَلَآ إِنَّهُۥ بِكُلِّ شَيۡءٖ مُّحِيطُۢ
Біліндер! Олар өздерінің Раббысына жолығудан күмәндануда. Естеріңде болсын! Ол -барлық нәрсені толық Қамтушы. @مصحح
Біліндер! Олар өздерінің Раббысына жолығудан күмәндануда. Естеріңде болсын! Ол -барлық нәрсені толық Қамтушы / Мухит / .
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: فصلت
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق