ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: الجاثية
آية:
 

سورة الجاثية - суратуль-Жәсия

حمٓ
Ха. Мим.
التفاسير العربية:
تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَكِيمِ
Бұл Кітап бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһтан түсірілген. @مصحح
Бұл Кітап әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хаким / аса Дана / Аллаһтан түсірілген.
التفاسير العربية:
إِنَّ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ لَأٓيَٰتٖ لِّلۡمُؤۡمِنِينَ
Ақиқатында, аспандарда және жерде имандылар үшін белгі-ғибраттар бар.
التفاسير العربية:
وَفِي خَلۡقِكُمۡ وَمَا يَبُثُّ مِن دَآبَّةٍ ءَايَٰتٞ لِّقَوۡمٖ يُوقِنُونَ
Әрі сендерді жаратуда және Оның барлық жаны барды / жаратып, оларды / таратуында анық сенетін адамдар үшін белгі-дәлелдер бар.
التفاسير العربية:
وَٱخۡتِلَٰفِ ٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ وَمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مِن رِّزۡقٖ فَأَحۡيَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَا وَتَصۡرِيفِ ٱلرِّيَٰحِ ءَايَٰتٞ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ
Сондай-ақ, түн мен күндіздің алмасуында, Аллаһтың аспаннан ризық / жаңбыр / түсіруінде, онымен / жаңбырмен / жерді тіршіліксіз қалғанынан / өлгенінен / кейін жандандыруында және желдерді бағыттауында ақылын істетіп, үғынатын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.
التفاسير العربية:
تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱللَّهِ نَتۡلُوهَا عَلَيۡكَ بِٱلۡحَقِّۖ فَبِأَيِّ حَدِيثِۭ بَعۡدَ ٱللَّهِ وَءَايَٰتِهِۦ يُؤۡمِنُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Бүл / Құран / Аллаһтың аят-белгілері, оны саған ақиқатпен оқимыз. Сонда Аллаһтан және Оның аят-белгілерінен кейін олар қай сөзге сенеді?!
التفاسير العربية:
وَيۡلٞ لِّكُلِّ أَفَّاكٍ أَثِيمٖ
Әрбір өтірікші күнәһарғаүлкен қасірет бар!
التفاسير العربية:
يَسۡمَعُ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِ ثُمَّ يُصِرُّ مُسۡتَكۡبِرٗا كَأَن لَّمۡ يَسۡمَعۡهَاۖ فَبَشِّرۡهُ بِعَذَابٍ أَلِيمٖ
Ол өзіне оқылған Аллаһтың аяттарын естіп, содан кейін оны естімегендей, менменсіне қасарысады. / Ей, Мұхаммед! / Міне, соларды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле».
التفاسير العربية:
وَإِذَا عَلِمَ مِنۡ ءَايَٰتِنَا شَيۡـًٔا ٱتَّخَذَهَا هُزُوًاۚ أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ عَذَابٞ مُّهِينٞ
Ал, қашан ол Біздің аят-белгілерімізден бірнәрсені білсе, оны келеке етеді. Міне, соларға қорлаушы азап бар.
التفاسير العربية:
مِّن وَرَآئِهِمۡ جَهَنَّمُۖ وَلَا يُغۡنِي عَنۡهُم مَّا كَسَبُواْ شَيۡـٔٗا وَلَا مَا ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَوۡلِيَآءَۖ وَلَهُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Олардың артынан Жаһаннам бар. Оларға істеп тапқандары да, Аллаһтан өзге қамқоршы етіп алғандары да ешбір пайда бермейді. Әрі оларға үлкен азап болады.
التفاسير العربية:
هَٰذَا هُدٗىۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمۡ لَهُمۡ عَذَابٞ مِّن رِّجۡزٍ أَلِيمٌ
Бұл / Құран / — жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / . Ал, өздерінің Раббысының аяттарына сондай күпірлік еткендерге / теріске шығарғандарға / күйзелтуші азаптан ауыр жаза болады.
التفاسير العربية:
۞ٱللَّهُ ٱلَّذِي سَخَّرَ لَكُمُ ٱلۡبَحۡرَ لِتَجۡرِيَ ٱلۡفُلۡكُ فِيهِ بِأَمۡرِهِۦ وَلِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Аллаһ сендерге теңізді, онда Оның әмірімен кемелердің жүзуі әрі сендер Оның кеңшілігін іздеулерің және шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін бағындырды.
التفاسير العربية:
وَسَخَّرَ لَكُم مَّا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعٗا مِّنۡهُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ
Әрі Ол сендерге аспандардағы және жердегі нәрселерді бағындырды. Мұның барлығы да - Одан. Анығында, мұндаақылға салып ойланатын адамдар үшін белгілер бар.
التفاسير العربية:

قُل لِّلَّذِينَ ءَامَنُواْ يَغۡفِرُواْ لِلَّذِينَ لَا يَرۡجُونَ أَيَّامَ ٱللَّهِ لِيَجۡزِيَ قَوۡمَۢا بِمَا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
/ Ей, Мұхаммед!! Иманға келгендерге айт: «Аллаһ адамдарға істегендеріне сай қайтарым жазасын беретін болғандықтан, олар Оның күндерін / сыйын, сауабынР201 үміт етпейтіндерге / имансыздарға / кешіріммен қарасын», - деп.
التفاسير العربية:
مَنۡ عَمِلَ صَٰلِحٗا فَلِنَفۡسِهِۦۖ وَمَنۡ أَسَآءَ فَعَلَيۡهَاۖ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُمۡ تُرۡجَعُونَ
Кім ізгі амал жасаса, өзінің пайдасына. Ал кім жамандық істесе, өзінің зиянына. Кейін сендер, өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡحُكۡمَ وَٱلنُّبُوَّةَ وَرَزَقۡنَٰهُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَفَضَّلۡنَٰهُمۡ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ
Біз Исраил ұрпақтарына Кітап, патшалық / үкім / және пайғамбарлықты бердік, оларға таза / жақсы / нәрселерден ризық бердік әрі оларды әлемдерден артық еттік.
التفاسير العربية:
وَءَاتَيۡنَٰهُم بَيِّنَٰتٖ مِّنَ ٱلۡأَمۡرِۖ فَمَا ٱخۡتَلَفُوٓاْ إِلَّا مِنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَهُمُ ٱلۡعِلۡمُ بَغۡيَۢا بَيۡنَهُمۡۚ إِنَّ رَبَّكَ يَقۡضِي بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُواْ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ
Әрі Біз оларға іс / дін / жайлы анық белгі-дәлелдер бердік. Олар өздеріне білім келген соң ғана, бір-біріне деген ашу-ызадан / күншілдіктен / қайшылыққа түсті. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні олардың тартысқан нәрселеріне қатысты үкім етеді.
التفاسير العربية:
ثُمَّ جَعَلۡنَٰكَ عَلَىٰ شَرِيعَةٖ مِّنَ ٱلۡأَمۡرِ فَٱتَّبِعۡهَا وَلَا تَتَّبِعۡ أَهۡوَآءَ ٱلَّذِينَ لَا يَعۡلَمُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Содан кейін сені істе / дінде / шариғат жолына салдық. Енді соған ер және білмейтіндердің көңіл құмарлықтарына ерме.
التفاسير العربية:
إِنَّهُمۡ لَن يُغۡنُواْ عَنكَ مِنَ ٱللَّهِ شَيۡـٔٗاۚ وَإِنَّ ٱلظَّـٰلِمِينَ بَعۡضُهُمۡ أَوۡلِيَآءُ بَعۡضٖۖ وَٱللَّهُ وَلِيُّ ٱلۡمُتَّقِينَ
Анығында, олар сені Аллаһтан қорғай алмайды. Негізінде, әділетсіздер - бір-біріне жолдас. Ал, Аллаһ - тақуалардың / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардың / Қамқоршысы.
التفاسير العربية:
هَٰذَا بَصَـٰٓئِرُ لِلنَّاسِ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٞ لِّقَوۡمٖ يُوقِنُونَ
Бұл / Құран / адамдар / адамзат / үшін анық көрінетін белгі-дәлел және айқын сенетін адамдар үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі мейірім.
التفاسير العربية:
أَمۡ حَسِبَ ٱلَّذِينَ ٱجۡتَرَحُواْ ٱلسَّيِّـَٔاتِ أَن نَّجۡعَلَهُمۡ كَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ سَوَآءٗ مَّحۡيَاهُمۡ وَمَمَاتُهُمۡۚ سَآءَ مَا يَحۡكُمُونَ
Әлде жамандық істегендер - Біз оларды иманға келген әрі ізгі амал жасағандар секілді етеді деп және осы өмірде және өлімнен кейін оларды бірдей етеді деп есептей ме? Олардың пайымдағаны неткен нашар!
التفاسير العربية:
وَخَلَقَ ٱللَّهُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِٱلۡحَقِّ وَلِتُجۡزَىٰ كُلُّ نَفۡسِۭ بِمَا كَسَبَتۡ وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ
Аллаһ аспандар мен жерді ақиқатпен, әрі әрбір жан істеген амалына жараса қайтарым алуы үшін жаратты. және Оларға әділетсіздік етілмейді.
التفاسير العربية:

أَفَرَءَيۡتَ مَنِ ٱتَّخَذَ إِلَٰهَهُۥ هَوَىٰهُ وَأَضَلَّهُ ٱللَّهُ عَلَىٰ عِلۡمٖ وَخَتَمَ عَلَىٰ سَمۡعِهِۦ وَقَلۡبِهِۦ وَجَعَلَ عَلَىٰ بَصَرِهِۦ غِشَٰوَةٗ فَمَن يَهۡدِيهِ مِنۢ بَعۡدِ ٱللَّهِۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Құмарлықтарын өзіне құдай етіп алғанды көрдің бе? Аллаһ оны, оған білім келгеннен кейін адастырды және есту мүшесі мен жүрегін мөрлеп қойды әрі көзін перделеді. Аллаһтан кейін оны кім тура жолға сала алады? Еске алмайсыңдар ма?
التفاسير العربية:
وَقَالُواْ مَا هِيَ إِلَّا حَيَاتُنَا ٱلدُّنۡيَا نَمُوتُ وَنَحۡيَا وَمَا يُهۡلِكُنَآ إِلَّا ٱلدَّهۡرُۚ وَمَا لَهُم بِذَٰلِكَ مِنۡ عِلۡمٍۖ إِنۡ هُمۡ إِلَّا يَظُنُّونَ
Әрі олар: «Бұл - дүние тіршілігіміз ғана. Біз өлеміз және өмір сүреміз әрі бізді уақыттан басқа ешнәрсе өлтірмейді», деді. Ал оларда бұл жайында ешбір білім жоқ. Олар тек жорамалдайды.
التفاسير العربية:
وَإِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتٖ مَّا كَانَ حُجَّتَهُمۡ إِلَّآ أَن قَالُواْ ٱئۡتُواْ بِـَٔابَآئِنَآ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Ал, қашан оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, олардың: «Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», - дегеннен басқа уәждері болмайды.
التفاسير العربية:
قُلِ ٱللَّهُ يُحۡيِيكُمۡ ثُمَّ يُمِيتُكُمۡ ثُمَّ يَجۡمَعُكُمۡ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ لَا رَيۡبَ فِيهِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ сендерді тірілтеді, кейін өлтіреді, содан соң сендерді болуы күмәнсіз, Қайта тірілу күні жинайды. Бірақ адамдардың көбі білмейді», - де.
التفاسير العربية:
وَلِلَّهِ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَيَوۡمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ يَوۡمَئِذٖ يَخۡسَرُ ٱلۡمُبۡطِلُونَ
Аспандардың және жердің билігі - Аллаһта. Сағат / Қайта тірілу / болатын сол күні - өтірікке шығарушылар зиян шегеді.
التفاسير العربية:
وَتَرَىٰ كُلَّ أُمَّةٖ جَاثِيَةٗۚ كُلُّ أُمَّةٖ تُدۡعَىٰٓ إِلَىٰ كِتَٰبِهَا ٱلۡيَوۡمَ تُجۡزَوۡنَ مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
/ Ей, Мұхаммед!! Сен әрбір үмметті тізерлеген күйінде көресің. Әрбір үммет өз Кітабына шақырылады. / Оларға!: «Бүгін сендер істеп өткен амалдарыңның қайтарымын аласыңдар.
التفاسير العربية:
هَٰذَا كِتَٰبُنَا يَنطِقُ عَلَيۡكُم بِٱلۡحَقِّۚ إِنَّا كُنَّا نَسۡتَنسِخُ مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Бұл кітабымыз / амал кітабы! сендерге қарсы ақиқатты сөйлейді. Өйткені Біз сендердің істеген әрбір амалдарыңды жазуды бұйырғанбыз», - делінеді.
التفاسير العربية:
فَأَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ فَيُدۡخِلُهُمۡ رَبُّهُمۡ فِي رَحۡمَتِهِۦۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡمُبِينُ
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарды, олардың Раббысы Өз мейіріміне кіргізеді. Міне, осы - анық жетістік.
التفاسير العربية:
وَأَمَّا ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَفَلَمۡ تَكُنۡ ءَايَٰتِي تُتۡلَىٰ عَلَيۡكُمۡ فَٱسۡتَكۡبَرۡتُمۡ وَكُنتُمۡ قَوۡمٗا مُّجۡرِمِينَ
Ал, сондай күпірлік еткендерге / иманнан теріс бұрылғандарға / : «Сендерге аяттарым оқылған жоқ па еді? Сонда сендер өздеріңді жоғары санадыңдар және қылмыскер адам болдыңдар».
التفاسير العربية:
وَإِذَا قِيلَ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞ وَٱلسَّاعَةُ لَا رَيۡبَ فِيهَا قُلۡتُم مَّا نَدۡرِي مَا ٱلسَّاعَةُ إِن نَّظُنُّ إِلَّا ظَنّٗا وَمَا نَحۡنُ بِمُسۡتَيۡقِنِينَ
/ Сендерге!: «Аллаһтың уәдесі шын әрі Сағатта / Қайта тірілу күнінде / күмән жоқ», - делінсе: «Біз Сағаттың не екенін білмейміз. Бізде ол туралы түрлі ойлар бар әрі оған айқын сеніміміз жоқ», - деп едіңдер» - делінеді.
التفاسير العربية:

وَبَدَا لَهُمۡ سَيِّـَٔاتُ مَا عَمِلُواْ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Сонда істеген жамандықтары олардың алдынан шығып әрі өздері мазақ еткен нәрселері оларды орап алады.
التفاسير العربية:
وَقِيلَ ٱلۡيَوۡمَ نَنسَىٰكُمۡ كَمَا نَسِيتُمۡ لِقَآءَ يَوۡمِكُمۡ هَٰذَا وَمَأۡوَىٰكُمُ ٱلنَّارُ وَمَا لَكُم مِّن نَّـٰصِرِينَ
/Оларға/: «Осы Күнге жолығудыұмыт қалдырғандарыңдай / естен шығарғандарындай / , Біз де бұл Күні сендерді ұмыт қалдырамыз. Сендердің орындарың От болады әрі сендерге көмектесушілер болмайды.
التفاسير العربية:
ذَٰلِكُم بِأَنَّكُمُ ٱتَّخَذۡتُمۡ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ هُزُوٗا وَغَرَّتۡكُمُ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَاۚ فَٱلۡيَوۡمَ لَا يُخۡرَجُونَ مِنۡهَا وَلَا هُمۡ يُسۡتَعۡتَبُونَ
Бұл сендерге, Аллаһтың аят-белгілерін мазақ етіп күлгендіктерің әрі бұл өмірдің сендерді қызықтырып, алдап қойғандығы себепті болды», - делінеді. Енді бүгін олар ол жерден шығарылмайды әрі олардан / тәубеге келіп, Аллаһтың / ризалығын алу талап етілмейді.
التفاسير العربية:
فَلِلَّهِ ٱلۡحَمۡدُ رَبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَرَبِّ ٱلۡأَرۡضِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Барлық мақтау - аспандардың Раббысы, жердің Раббысы әрі әлемдердің Раббысы - Аллаһқа.
التفاسير العربية:
وَلَهُ ٱلۡكِبۡرِيَآءُ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Аспандар мен жердегі ұлылық - Онікі. Әрі Ол бәрінен Үстем , аса Дана. @مصحح
Аспандар мен жердегі ұлылық - Онікі. Әрі Ол әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хаким / аса Дана / .
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: الجاثية
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق