ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: الأحقاف
آية:
 

سورة الأحقاف - суратуль-Әхқаф

حمٓ
Ха. Мим.
التفاسير العربية:
تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَكِيمِ
Бұл Кітап бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһтан түсірілген. @مصحح
Бұл Кітап әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хаким / аса Дана / Аллаһтан түсірілген.
التفاسير العربية:
مَا خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَآ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَأَجَلٖ مُّسَمّٗىۚ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ عَمَّآ أُنذِرُواْ مُعۡرِضُونَ
Біз аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын тек ақиқатпен және белгіленген бір мерзіммен жараттық. Ал, кәпірлер өздеріне ескертіліп, сақтандырылғаннан теріс бұрылуда.
التفاسير العربية:
قُلۡ أَرَءَيۡتُم مَّا تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَرُونِي مَاذَا خَلَقُواْ مِنَ ٱلۡأَرۡضِ أَمۡ لَهُمۡ شِرۡكٞ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِۖ ٱئۡتُونِي بِكِتَٰبٖ مِّن قَبۡلِ هَٰذَآ أَوۡ أَثَٰرَةٖ مِّنۡ عِلۡمٍ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге шақырып-жалбарынатындарыңды көрдіңдер ме? Олардың жерден нені / қай бөлігін / жаратқанын маған көрсетіңдерші? Әлде олардың аспандарда / оны жаратуда / үлесі бар ма? Егер айтқандарың шын болса, маған / сөздеріңді растайтын / осыдан / Құраннан / алдын түскен Кітап не бұрын өткен білімінен қалған бір белгі әкеліңдерші», - деп.
التفاسير العربية:
وَمَنۡ أَضَلُّ مِمَّن يَدۡعُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَن لَّا يَسۡتَجِيبُ لَهُۥٓ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَهُمۡ عَن دُعَآئِهِمۡ غَٰفِلُونَ
Аллаһтан өзге, Қайта тірілу күніне дейін өзіне жауап бермейтіндерге жалбарынғаннан өткен адасушы кім бар? Әрі бұлар / табынған нәрселері / олардың дұға тілектерінен хабарсыз.
التفاسير العربية:

وَإِذَا حُشِرَ ٱلنَّاسُ كَانُواْ لَهُمۡ أَعۡدَآءٗ وَكَانُواْ بِعِبَادَتِهِمۡ كَٰفِرِينَ
Ал, адамдар жиналған кезде / қайта тірілу күні / , бұлар / табынғандары / оларға / серік қосушыларға! жау болады және олардың өздеріне құлшылық еткенінен бас тартады.
التفاسير العربية:
وَإِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتٖ قَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلۡحَقِّ لَمَّا جَآءَهُمۡ هَٰذَا سِحۡرٞ مُّبِينٌ
Ал, қашан оларға / серік қосушыларға / анық аяттарымыз оқылған кезде, өздеріне келген ақиқатқа күпірлік еткендер / Аллаһқасенбегендер / : «Бұл - анық сиқыр», -дейді.
التفاسير العربية:
أَمۡ يَقُولُونَ ٱفۡتَرَىٰهُۖ قُلۡ إِنِ ٱفۡتَرَيۡتُهُۥ فَلَا تَمۡلِكُونَ لِي مِنَ ٱللَّهِ شَيۡـًٔاۖ هُوَ أَعۡلَمُ بِمَا تُفِيضُونَ فِيهِۚ كَفَىٰ بِهِۦ شَهِيدَۢا بَيۡنِي وَبَيۡنَكُمۡۖ وَهُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ
Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», - дей ме? Айт: «Егер мұны ойдан шығарсам, сендер мен үшін Аллаһтан / келетін / ешнәрсеге иелік ете алмайсыңдар / Аллаһтың жазасынан қорғай алмайсыңдар! ?22і Ол сендердің не сөйлеп жатқандарыңды жақсы біледі. Ол мені мен сендердің араларыңа куә ретінде жеткілікті. Ол өте Кешірімді , ерекше Мейірімді », - деп. @مصحح
Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», - дей ме? Айт: «Егер мұны ойдан шығарсам, сендер мен үшін Аллаһтан / келетін / ешнәрсеге иелік ете алмайсыңдар / Аллаһтың жазасынан қорғай алмайсыңдар! ?22і Ол сендердің не сөйлеп жатқандарыңды жақсы біледі. Ол мені мен сендердің араларыңа куә ретінде жеткілікті. Ол әл-Ғафур / өте Кешірімді / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді / », - деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ مَا كُنتُ بِدۡعٗا مِّنَ ٱلرُّسُلِ وَمَآ أَدۡرِي مَا يُفۡعَلُ بِي وَلَا بِكُمۡۖ إِنۡ أَتَّبِعُ إِلَّا مَا يُوحَىٰٓ إِلَيَّ وَمَآ أَنَا۠ إِلَّا نَذِيرٞ مُّبِينٞ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен елшілердің алғашқысыемеспін және маған да, сендерге де не істелінетінін білмеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін әрі мен - бар болғаны анық ескертуші ғанамын», - деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ أَرَءَيۡتُمۡ إِن كَانَ مِنۡ عِندِ ٱللَّهِ وَكَفَرۡتُم بِهِۦ وَشَهِدَ شَاهِدٞ مِّنۢ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ عَلَىٰ مِثۡلِهِۦ فَـَٔامَنَ وَٱسۡتَكۡبَرۡتُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Айт: «Сендер ойладыңдар ма, егер бұл / Құран / Аллаһтан болып, ал сендер оған күпір келтірсеңдер / мойындамасаңдар / әрі Исраил ұрпақтарынан бір куә осы сияқтыға / Тәуратқа / куә болып, кейін / Құранға / сенсе, ал сендер менменсіп, өздеріңді жоғары санасаңдар? Анығында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды», - деп.
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَوۡ كَانَ خَيۡرٗا مَّا سَبَقُونَآ إِلَيۡهِۚ وَإِذۡ لَمۡ يَهۡتَدُواْ بِهِۦ فَسَيَقُولُونَ هَٰذَآ إِفۡكٞ قَدِيمٞ
Әрі сондай күпірлік етушілер / Құранды теріске шығарушылар / иманға келгендер жайлы: «Егер де ол / Құран / жақсылық болғанда, онда олар оған / сенуде / бізден озбас / оны алдын біз қабылдар едік / еді», - деді. Өздері онымен тура жол таппағандықтан: «Бұл ежелгі өтірік», - дейді.
التفاسير العربية:
وَمِن قَبۡلِهِۦ كِتَٰبُ مُوسَىٰٓ إِمَامٗا وَرَحۡمَةٗۚ وَهَٰذَا كِتَٰبٞ مُّصَدِّقٞ لِّسَانًا عَرَبِيّٗا لِّيُنذِرَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ وَبُشۡرَىٰ لِلۡمُحۡسِنِينَ
Ал, бұдан / Құраннан / алдын жетекші әрі мейірім - Мұсаның кітабы болды. Ал бұл / Құран / - араб тілінде, / алдыңғы кітаптарды / растаушы, әділетсіздерді ескерту әрі жақсылықты ықыласпен істеушілерге қуанышты хабар ретінде / түсірілген / Кітап.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ قَالُواْ رَبُّنَا ٱللَّهُ ثُمَّ ٱسۡتَقَٰمُواْ فَلَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ
Анығында: «Раббымыз - Аллаһ» - деп, кейін тура жолды ұстанғандарға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды.
التفاسير العربية:
أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَنَّةِ خَٰلِدِينَ فِيهَا جَزَآءَۢ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Міне, осылар - жәннаттық. Олар істеп өткен амалдарының қайтарым сыйы ретінде, ол жерде мәңгі қалады.
التفاسير العربية:

وَوَصَّيۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ بِوَٰلِدَيۡهِ إِحۡسَٰنًاۖ حَمَلَتۡهُ أُمُّهُۥ كُرۡهٗا وَوَضَعَتۡهُ كُرۡهٗاۖ وَحَمۡلُهُۥ وَفِصَٰلُهُۥ ثَلَٰثُونَ شَهۡرًاۚ حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغَ أَشُدَّهُۥ وَبَلَغَ أَرۡبَعِينَ سَنَةٗ قَالَ رَبِّ أَوۡزِعۡنِيٓ أَنۡ أَشۡكُرَ نِعۡمَتَكَ ٱلَّتِيٓ أَنۡعَمۡتَ عَلَيَّ وَعَلَىٰ وَٰلِدَيَّ وَأَنۡ أَعۡمَلَ صَٰلِحٗا تَرۡضَىٰهُ وَأَصۡلِحۡ لِي فِي ذُرِّيَّتِيٓۖ إِنِّي تُبۡتُ إِلَيۡكَ وَإِنِّي مِنَ ٱلۡمُسۡلِمِينَ
Біз адам баласына ата-анасына жақсылықты ықыласпен жасауды өсиет етіп тапсырдық. Анасы оны / құрсағында / ауырлықпен көтеріп және оны қиналып босанады. Оның жүктілік және сүттен айыруы - отыз ай. Ал, қашан ол кемеліне келіп, әрі қырық жасқа толған кезде: «Раббым! Маған өзіме және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді / алғыс, разылық білдіруімді / және Өзің разы болатын ізгі амал істеуімді жүрегіме кіргізіп, нәсіп ет. Әрі менің үшін ұрпағымды ізгілерден еткін. Мен күнәдан бас тартып, Өзіңе бойсұнуға қайттым / тәубе еттім / . Мен - мұсылмандарданмын / бойсұнушыларданмын / », - дейді.
التفاسير العربية:
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ نَتَقَبَّلُ عَنۡهُمۡ أَحۡسَنَ مَا عَمِلُواْ وَنَتَجَاوَزُ عَن سَيِّـَٔاتِهِمۡ فِيٓ أَصۡحَٰبِ ٱلۡجَنَّةِۖ وَعۡدَ ٱلصِّدۡقِ ٱلَّذِي كَانُواْ يُوعَدُونَ
Міне, осылардың істеген барлық жақсы амалдарын қабыл етеміз және жамандықтарын кешіреміз, оларға берілген шын уәде бойынша олар жәннаттықтардан болады.
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِي قَالَ لِوَٰلِدَيۡهِ أُفّٖ لَّكُمَآ أَتَعِدَانِنِيٓ أَنۡ أُخۡرَجَ وَقَدۡ خَلَتِ ٱلۡقُرُونُ مِن قَبۡلِي وَهُمَا يَسۡتَغِيثَانِ ٱللَّهَ وَيۡلَكَ ءَامِنۡ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞ فَيَقُولُ مَا هَٰذَآ إِلَّآ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Ал енді біреу ата-анасына: «Түһ, сен­дерден! Сен екеуің мені, / қабірден / шығарылуыммен қорқытпақшысыңдар ма? Менен бұрын қанша ұрпақ өтіп кетті», дейді. Ол екеуі Аллаһтан жәрдем тілеп: «Әй, сорың бар болғыр! Иманға кел! Сөзсіз, Аллаһтың уәдесі - хақ», - дегенде, ол: «Бұл -бұрынғылардың аңыз әңгімелері ғана», - дейді.
التفاسير العربية:
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ حَقَّ عَلَيۡهِمُ ٱلۡقَوۡلُ فِيٓ أُمَمٖ قَدۡ خَلَتۡ مِن قَبۡلِهِم مِّنَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِۖ إِنَّهُمۡ كَانُواْ خَٰسِرِينَ
Міне, солар - өздеріне, олардан ал­дын өткен жындар мен адамдар қауымына қатысты, / жаза туралы / Сөз хақ болғандар / тиетіндер / .Анығында, олар зиянға ұшыраушылардан болды.
التفاسير العربية:
وَلِكُلّٖ دَرَجَٰتٞ مِّمَّا عَمِلُواْۖ وَلِيُوَفِّيَهُمۡ أَعۡمَٰلَهُمۡ وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ
Әрі оларға амалдарының қайтарымын толық беруі үшін әркімге істеген амалдарына сай дәрежелері болады. Әрі оларға әділетсіздік етілмейді.
التفاسير العربية:
وَيَوۡمَ يُعۡرَضُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ عَلَى ٱلنَّارِ أَذۡهَبۡتُمۡ طَيِّبَٰتِكُمۡ فِي حَيَاتِكُمُ ٱلدُّنۡيَا وَٱسۡتَمۡتَعۡتُم بِهَا فَٱلۡيَوۡمَ تُجۡزَوۡنَ عَذَابَ ٱلۡهُونِ بِمَا كُنتُمۡ تَسۡتَكۡبِرُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَبِمَا كُنتُمۡ تَفۡسُقُونَ
Ал, сондай күпірлік етушілер / имансыздар / Отқа келтірілген сол күні / Оларға /:«Сендер дүниелік өмірлерінде / берілген / жақсылықтарды ысырап еттіңдер және онымен рахаттандыңдар. Енді бүгін, құқықтарың болмаса да жер бетінде өздеріңді жоғары санағандықтарың және бұзықтықтарың / бойсұнбауларың / үшін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлайтын азап беріледі»,-делінеді.
التفاسير العربية:

۞وَٱذۡكُرۡ أَخَا عَادٍ إِذۡ أَنذَرَ قَوۡمَهُۥ بِٱلۡأَحۡقَافِ وَقَدۡ خَلَتِ ٱلنُّذُرُ مِنۢ بَيۡنِ يَدَيۡهِ وَمِنۡ خَلۡفِهِۦٓ أَلَّا تَعۡبُدُوٓاْ إِلَّا ٱللَّهَ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٖ
/ Ей, Мұхаммед! / Ад елінің ағайынын / Һұдты / есіңе ал. Сол кезде ол Ахқафтағы еліне, өзінен бұрын және кейін өткен ескертушілер секілді: «Аллаһтан басқаға табынбаңдар! Мен сендер үшін ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деп ескерткен еді.
التفاسير العربية:
قَالُوٓاْ أَجِئۡتَنَا لِتَأۡفِكَنَا عَنۡ ءَالِهَتِنَا فَأۡتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
Олар: «Сен бізді өз құдайларымыздан қайтару үшін келдің бе? Егер шын сөзділерден болсаң, бізге қорқытқан нәрсеңді келтір», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ إِنَّمَا ٱلۡعِلۡمُ عِندَ ٱللَّهِ وَأُبَلِّغُكُم مَّآ أُرۡسِلۡتُ بِهِۦ وَلَٰكِنِّيٓ أَرَىٰكُمۡ قَوۡمٗا تَجۡهَلُونَ
Ол: «Шын мәнінде, білім - бір Аллаһта. Ал, мен сендерге өзіммен жіберілгенді ғана жеткіземін. Дегенмен, мен сендердің түсінбейтін / надан / ел екендіктеріңді көріп тұрмын», - деді.
التفاسير العربية:
فَلَمَّا رَأَوۡهُ عَارِضٗا مُّسۡتَقۡبِلَ أَوۡدِيَتِهِمۡ قَالُواْ هَٰذَا عَارِضٞ مُّمۡطِرُنَاۚ بَلۡ هُوَ مَا ٱسۡتَعۡجَلۡتُم بِهِۦۖ رِيحٞ فِيهَا عَذَابٌ أَلِيمٞ
Олар оны / жазаны / алқаптарына қарай / бұлт секілді / жайылып келе жатқанын көрген кезде: «Мына бұлт бізге жаңбыр әкеледі», - деді. «Олай емес! Ол өздерің тез болуын сұрағандарың - ішінде күйзелтуші азабы бар жел.
التفاسير العربية:
تُدَمِّرُ كُلَّ شَيۡءِۭ بِأَمۡرِ رَبِّهَا فَأَصۡبَحُواْ لَا يُرَىٰٓ إِلَّا مَسَٰكِنُهُمۡۚ كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلۡمُجۡرِمِينَ
Ол Раббысының әмірі бойынша әрбір нәрсені қиратады!» Ал, таңертең олардың тұрақ жайларынан басқа ешнәрсе көрінбей қалды. Біз қылмыскер елдің қайтарым жазасын осылай береміз.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ مَكَّنَّـٰهُمۡ فِيمَآ إِن مَّكَّنَّـٰكُمۡ فِيهِ وَجَعَلۡنَا لَهُمۡ سَمۡعٗا وَأَبۡصَٰرٗا وَأَفۡـِٔدَةٗ فَمَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُمۡ سَمۡعُهُمۡ وَلَآ أَبۡصَٰرُهُمۡ وَلَآ أَفۡـِٔدَتُهُم مِّن شَيۡءٍ إِذۡ كَانُواْ يَجۡحَدُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Біз Оларға сендерге бермеген күш-қуат / мүмкіншілік / бердік әрі оларға естуді, көруді және ақыл-ес / жүректі / бердік. Алайда олардың естулері, көрулері және ақыл-естері ешқандай пайда бермеді, себебі олар Аллаһтың белгі-дәлелдерін теріске шығарған еді. Сөйтіп олардың келеке еткендері өздерін орап алды.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ أَهۡلَكۡنَا مَا حَوۡلَكُم مِّنَ ٱلۡقُرَىٰ وَصَرَّفۡنَا ٱلۡأٓيَٰتِ لَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ
Әрі Біз сендердің айналаларындағы елді мекендерді жойып жібердік және олардың / хақ дінге / қайтуы үшін белгі-дәлелдерді ашып түсіндірген едік.
التفاسير العربية:
فَلَوۡلَا نَصَرَهُمُ ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ قُرۡبَانًا ءَالِهَةَۢۖ بَلۡ ضَلُّواْ عَنۡهُمۡۚ وَذَٰلِكَ إِفۡكُهُمۡ وَمَا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ
Сонда олардың Аллаһтан өзге / Оған / жақындатады деп, құдайлар етіп алғандары Оларға неліктен көмектеспеді? Керісінше, олар бұлардан жоқ болып кетті. Міне, бұл - олардың өтіріктері және ойдан құрастырғандары.
التفاسير العربية:

وَإِذۡ صَرَفۡنَآ إِلَيۡكَ نَفَرٗا مِّنَ ٱلۡجِنِّ يَسۡتَمِعُونَ ٱلۡقُرۡءَانَ فَلَمَّا حَضَرُوهُ قَالُوٓاْ أَنصِتُواْۖ فَلَمَّا قُضِيَ وَلَّوۡاْ إِلَىٰ قَوۡمِهِم مُّنذِرِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Әрі саған Құранды тыңдау үшін жындардың бір тобын жібердік. Сонда олар / жындар / оның / пайғамбардың / қасына келген кезде: «Тыңдаңдар», - десті. Ал ол / оқу / аяқталған кезде, олар / дінді қабылдаған жындар / елдеріне ескертуші / насихаттаушы / болып қайтты.
التفاسير العربية:
قَالُواْ يَٰقَوۡمَنَآ إِنَّا سَمِعۡنَا كِتَٰبًا أُنزِلَ مِنۢ بَعۡدِ مُوسَىٰ مُصَدِّقٗا لِّمَا بَيۡنَ يَدَيۡهِ يَهۡدِيٓ إِلَى ٱلۡحَقِّ وَإِلَىٰ طَرِيقٖ مُّسۡتَقِيمٖ
Олар: «Әй, біздің қауым! Біз шын мәнінде, Мұсадан кейін түсірілген, өзіне дейінгі болғанды растаушы Кітапты тыңдадық. Ол ақиқатқа әрі тура жолға бастайды.
التفاسير العربية:
يَٰقَوۡمَنَآ أَجِيبُواْ دَاعِيَ ٱللَّهِ وَءَامِنُواْ بِهِۦ يَغۡفِرۡ لَكُم مِّن ذُنُوبِكُمۡ وَيُجِرۡكُم مِّنۡ عَذَابٍ أَلِيمٖ
Ей, біздің қауым! Аллаһтың шақырушысына / Мұхаммедке / жауап беріңдер және Оған сеніңдер, / сонда / Ол / Аллаһ / сендердің күнәларыңды кешіреді және сендерді күйзелтуші азаптан сақтайды.
التفاسير العربية:
وَمَن لَّا يُجِبۡ دَاعِيَ ٱللَّهِ فَلَيۡسَ بِمُعۡجِزٖ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَيۡسَ لَهُۥ مِن دُونِهِۦٓ أَوۡلِيَآءُۚ أُوْلَـٰٓئِكَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٍ
Ал, кім Аллаһтың шақырушысына жауап бермесе, ол жер бетінде / Оны / әлсірете алмайды әрі оған Одан өзге құтқарушы, қамқоршы болмайды. Міне, солар - анық адасуда»,- деді.
التفاسير العربية:
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّ ٱللَّهَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَلَمۡ يَعۡيَ بِخَلۡقِهِنَّ بِقَٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يُحۡـِۧيَ ٱلۡمَوۡتَىٰۚ بَلَىٰٓۚ إِنَّهُۥ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Олар білмеді ме, аспандар мен жерді жаратқан әрі оларды жаратуда әлсіздік танытпаған Аллаһтың өлілерді де тірілтуге Күші жетуші екенін? Сөзсіз, Ол - барлық нәрсені Жасай алушы.
التفاسير العربية:
وَيَوۡمَ يُعۡرَضُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ عَلَى ٱلنَّارِ أَلَيۡسَ هَٰذَا بِٱلۡحَقِّۖ قَالُواْ بَلَىٰ وَرَبِّنَاۚ قَالَ فَذُوقُواْ ٱلۡعَذَابَ بِمَا كُنتُمۡ تَكۡفُرُونَ
Әрі сондай күпірлік етушілер / имансыздар / Отқа келтірілген күні / Оларға / : «Бүл ақиқат емес пе?», - делінеді. Олар: «Әрине, Раббымызбен ант етеміз!»,- дейді. Ол: «Қарсы келгендіктерің үшін енді азапты татыңдар», -дейді.
التفاسير العربية:
فَٱصۡبِرۡ كَمَا صَبَرَ أُوْلُواْ ٱلۡعَزۡمِ مِنَ ٱلرُّسُلِ وَلَا تَسۡتَعۡجِل لَّهُمۡۚ كَأَنَّهُمۡ يَوۡمَ يَرَوۡنَ مَا يُوعَدُونَ لَمۡ يَلۡبَثُوٓاْ إِلَّا سَاعَةٗ مِّن نَّهَارِۭۚ بَلَٰغٞۚ فَهَلۡ يُهۡلَكُ إِلَّا ٱلۡقَوۡمُ ٱلۡفَٰسِقُونَ
/ Ей, Мұхаммед / / Елшілерден ъазм иелері сабыр еткендей, сабыр ет және олар үшін / жазаны / тездетуді сұрама. Олар өздеріне уәде етіліп жатқанды көрген күні күндізден бір уақыт қана тұрғандай болады. Бұл / Құран / -бір жеткізу. Бұзық / бойсұнбаушы / адамдардан басқасы жойылатын ба еді?
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: الأحقاف
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق