ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: المنافقون
آية:
 

سورة المنافقون - суратуль-Мунафиқун

إِذَا جَآءَكَ ٱلۡمُنَٰفِقُونَ قَالُواْ نَشۡهَدُ إِنَّكَ لَرَسُولُ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ إِنَّكَ لَرَسُولُهُۥ وَٱللَّهُ يَشۡهَدُ إِنَّ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ لَكَٰذِبُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Мұнафиқтар саған кел­ген кезде: «Сенің Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік береміз», - дейді. Аллаһ, әлбетте, сен Оның елшісі екеніңді біледі. Әрі Аллаһ, мұнафиқтардың анық өтірікші екеніне куәлік береді.
التفاسير العربية:
ٱتَّخَذُوٓاْ أَيۡمَٰنَهُمۡ جُنَّةٗ فَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۚ إِنَّهُمۡ سَآءَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Олар анттарын қалқан етіп алып, / өзгелерді / Аллаһтың жолынан қайтарды. Шын мәнінде, олардың істеп жатқандары өте жаман!
التفاسير العربية:
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ ءَامَنُواْ ثُمَّ كَفَرُواْ فَطُبِعَ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ فَهُمۡ لَا يَفۡقَهُونَ
Бұл, олардың алдын иманға келіп, кейін күпірлік етулері / имансыздыққа қайтулары / себепті. Сөйтіп олардың жүректері мөрленді, енді олар түсінбейді.
التفاسير العربية:
۞وَإِذَا رَأَيۡتَهُمۡ تُعۡجِبُكَ أَجۡسَامُهُمۡۖ وَإِن يَقُولُواْ تَسۡمَعۡ لِقَوۡلِهِمۡۖ كَأَنَّهُمۡ خُشُبٞ مُّسَنَّدَةٞۖ يَحۡسَبُونَ كُلَّ صَيۡحَةٍ عَلَيۡهِمۡۚ هُمُ ٱلۡعَدُوُّ فَٱحۡذَرۡهُمۡۚ قَٰتَلَهُمُ ٱللَّهُۖ أَنَّىٰ يُؤۡفَكُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Оларды көрген кезіңде, олардың сырт келбеттері сені қайран қалдырады. Олар сөйлегенде, сөздерін тыңдайсың. Олар бейне бір сүйеп қойылған бөренелер тәрізді. Олар кез келген айқайды өздеріне айтылды деп есептейді. Олар - жау, олардан сақтан. Аллаһ оларды жойсын, олар / шындықтан / қайда бет бұрып барады?!
التفاسير العربية:

وَإِذَا قِيلَ لَهُمۡ تَعَالَوۡاْ يَسۡتَغۡفِرۡ لَكُمۡ رَسُولُ ٱللَّهِ لَوَّوۡاْ رُءُوسَهُمۡ وَرَأَيۡتَهُمۡ يَصُدُّونَ وَهُم مُّسۡتَكۡبِرُونَ
Қашан Оларға: «Келіңдер, Аллаһтың елшісі сендер үшін кешірім тілейді», - делінсе, олар бастарын шайқайды. Әрі сен олардың өздерін жоғары санап, менменси теріс бұрылғанын көресің.
التفاسير العربية:
سَوَآءٌ عَلَيۡهِمۡ أَسۡتَغۡفَرۡتَ لَهُمۡ أَمۡ لَمۡ تَسۡتَغۡفِرۡ لَهُمۡ لَن يَغۡفِرَ ٱللَّهُ لَهُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلۡفَٰسِقِينَ
Олар үшін кешірім тілесең де, кешірім тілемесең де - оларға бәрібір. Аллаһ оларды кешірмейді. Негізінде, Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / адамдарды тура жолға салмайды.
التفاسير العربية:
هُمُ ٱلَّذِينَ يَقُولُونَ لَا تُنفِقُواْ عَلَىٰ مَنۡ عِندَ رَسُولِ ٱللَّهِ حَتَّىٰ يَنفَضُّواْۗ وَلِلَّهِ خَزَآئِنُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَٰكِنَّ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ لَا يَفۡقَهُونَ
«Аллаһтың елшісінің жанындағыларға ешнәрсе бермеңдер, олар тарап кетсін», - дейтіндер солар. Аспандардың және жердің қазыналары Аллаһта. Алайда мұнафиқтар түсінбейді.
التفاسير العربية:
يَقُولُونَ لَئِن رَّجَعۡنَآ إِلَى ٱلۡمَدِينَةِ لَيُخۡرِجَنَّ ٱلۡأَعَزُّ مِنۡهَا ٱلۡأَذَلَّۚ وَلِلَّهِ ٱلۡعِزَّةُ وَلِرَسُولِهِۦ وَلِلۡمُؤۡمِنِينَ وَلَٰكِنَّ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ لَا يَعۡلَمُونَ
Олар: «Біз Мәдинаға қайтып барсақ, әлбетте, үстем ол жерден нашарды қуып шығарады», -дейді. Ақиқатында, үстемдік - Аллаһта әрі Оның елшісінде және иманға келгендерде. Бірақ мұнафиқтар білмейді.
التفاسير العربية:
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تُلۡهِكُمۡ أَمۡوَٰلُكُمۡ وَلَآ أَوۡلَٰدُكُمۡ عَن ذِكۡرِ ٱللَّهِۚ وَمَن يَفۡعَلۡ ذَٰلِكَ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Ей, иманға келгендер! Дүние-мүліктерің мен балаларың сендерді Аллаһты еске алудан алаңдатып, бұрып қоймасын. Кім бұлай жасаса, міне, солар - зиян шегушілер.
التفاسير العربية:
وَأَنفِقُواْ مِن مَّا رَزَقۡنَٰكُم مِّن قَبۡلِ أَن يَأۡتِيَ أَحَدَكُمُ ٱلۡمَوۡتُ فَيَقُولَ رَبِّ لَوۡلَآ أَخَّرۡتَنِيٓ إِلَىٰٓ أَجَلٖ قَرِيبٖ فَأَصَّدَّقَ وَأَكُن مِّنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ
Сендерден біріңе өлім жетіп: «Йа, Раббы! Маған жақын бір мерзімге дейін мұрсат берсең, сонда мен садақа беріп әрі түзулерден болар едім», - деп айтуынан бұрын, Біз сендерге ризық етіп берген нәрселерден / зекет, садақа / беріңдер.
التفاسير العربية:
وَلَن يُؤَخِّرَ ٱللَّهُ نَفۡسًا إِذَا جَآءَ أَجَلُهَاۚ وَٱللَّهُ خَبِيرُۢ بِمَا تَعۡمَلُونَ
Біреудің / белгіленген / уақыты келген кезде, Аллаһ оған мұрсат бермейді. Әрі Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: المنافقون
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق