ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: الطلاق
آية:
 

سورة الطلاق - суратут-Талақ

يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ إِذَا طَلَّقۡتُمُ ٱلنِّسَآءَ فَطَلِّقُوهُنَّ لِعِدَّتِهِنَّ وَأَحۡصُواْ ٱلۡعِدَّةَۖ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ رَبَّكُمۡۖ لَا تُخۡرِجُوهُنَّ مِنۢ بُيُوتِهِنَّ وَلَا يَخۡرُجۡنَ إِلَّآ أَن يَأۡتِينَ بِفَٰحِشَةٖ مُّبَيِّنَةٖۚ وَتِلۡكَ حُدُودُ ٱللَّهِۚ وَمَن يَتَعَدَّ حُدُودَ ٱللَّهِ فَقَدۡ ظَلَمَ نَفۡسَهُۥۚ لَا تَدۡرِي لَعَلَّ ٱللَّهَ يُحۡدِثُ بَعۡدَ ذَٰلِكَ أَمۡرٗا
Ей, Пайғамбар! Қашан әйелдерді талақ етсеңдер, оларды белгіленген иддаларында / бекітілген күту мерзімінде / талақ етіңдер және идданы / күту мерзімін / есептеңдер. Әрі өздеріңнің Раббың -Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар! Ашық жиіркенішті іс істемесе оларды үйлерден шығарып жібермеңдер және олар өздері де шықпасын. Міне, осы - Аллаһтың / белгілеген / шектері. Кім Аллаһтың шектерінен / тыйымдарынан / аттаса, шын мәнінде, өзіне өзі әділетсіздік етеді. Сен білмейсің, мүмкін Аллаһ осыдан кейін басқа жағдай пайда етер.
التفاسير العربية:
فَإِذَا بَلَغۡنَ أَجَلَهُنَّ فَأَمۡسِكُوهُنَّ بِمَعۡرُوفٍ أَوۡ فَارِقُوهُنَّ بِمَعۡرُوفٖ وَأَشۡهِدُواْ ذَوَيۡ عَدۡلٖ مِّنكُمۡ وَأَقِيمُواْ ٱلشَّهَٰدَةَ لِلَّهِۚ ذَٰلِكُمۡ يُوعَظُ بِهِۦ مَن كَانَ يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِۚ وَمَن يَتَّقِ ٱللَّهَ يَجۡعَل لَّهُۥ مَخۡرَجٗا
Ал қашан олардың мерзімдері жетсе, оларды құпталған бойынша қалдырыңдар немесе олармен құпталған бойынша ажырасыңдар әрі араларыңнан әділ болған екі ер адамды куә етіңдер және куәлікті Аллаһ үшін орындаңдар. Аллаһқа және Ақирет күніне сенгенге осымен насихат етіледі. Кім Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып сақтанса, Ол оған шығатын жол жасайды.
التفاسير العربية:
وَيَرۡزُقۡهُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَحۡتَسِبُۚ وَمَن يَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِ فَهُوَ حَسۡبُهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ بَٰلِغُ أَمۡرِهِۦۚ قَدۡ جَعَلَ ٱللَّهُ لِكُلِّ شَيۡءٖ قَدۡرٗا
Әрі Ол оған оның өзі ойламаған жақтан ризық береді. Ал, кім Аллаһқа жүгініп, Оған ісін тапсырса / тәуекел етсе / , Ол оған жеткілікті. Ақиқатында Аллаһ - ісін соңына жеткізуші. Аллаһ әрбір нәрсеге өлшем белгілеген.
التفاسير العربية:
وَٱلَّـٰٓـِٔي يَئِسۡنَ مِنَ ٱلۡمَحِيضِ مِن نِّسَآئِكُمۡ إِنِ ٱرۡتَبۡتُمۡ فَعِدَّتُهُنَّ ثَلَٰثَةُ أَشۡهُرٖ وَٱلَّـٰٓـِٔي لَمۡ يَحِضۡنَۚ وَأُوْلَٰتُ ٱلۡأَحۡمَالِ أَجَلُهُنَّ أَن يَضَعۡنَ حَمۡلَهُنَّۚ وَمَن يَتَّقِ ٱللَّهَ يَجۡعَل لَّهُۥ مِنۡ أَمۡرِهِۦ يُسۡرٗا
әйелдеріңнен етеккірден күдер үзгендерінен, егер күмәндансаңдар, олардың иддасы - үш ай және етеккірі жоқтардың да. Ал жүкті әйелдердің иддасы құрсақтарындағыны босанғандарына дейін. Кім Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтанса, Ол оған ісін жеңілдетеді.
التفاسير العربية:
ذَٰلِكَ أَمۡرُ ٱللَّهِ أَنزَلَهُۥٓ إِلَيۡكُمۡۚ وَمَن يَتَّقِ ٱللَّهَ يُكَفِّرۡ عَنۡهُ سَيِّـَٔاتِهِۦ وَيُعۡظِمۡ لَهُۥٓ أَجۡرًا
Бұл - Аллаһтың сендерге түсірген бұйрығы. Кім Аллаһтан / Оның тыйғанынан / қорқып, сақтанса, Ол оның жамандықтарын кешіреді және оған берілетін сыйын ұлғайтады.
التفاسير العربية:

أَسۡكِنُوهُنَّ مِنۡ حَيۡثُ سَكَنتُم مِّن وُجۡدِكُمۡ وَلَا تُضَآرُّوهُنَّ لِتُضَيِّقُواْ عَلَيۡهِنَّۚ وَإِن كُنَّ أُوْلَٰتِ حَمۡلٖ فَأَنفِقُواْ عَلَيۡهِنَّ حَتَّىٰ يَضَعۡنَ حَمۡلَهُنَّۚ فَإِنۡ أَرۡضَعۡنَ لَكُمۡ فَـَٔاتُوهُنَّ أُجُورَهُنَّ وَأۡتَمِرُواْ بَيۡنَكُم بِمَعۡرُوفٖۖ وَإِن تَعَاسَرۡتُمۡ فَسَتُرۡضِعُ لَهُۥٓ أُخۡرَىٰ
Өздерің тұратын жерден оларға шамаларыңа қарай тұрақ беріңдер. Әрі оларға қысым көрсету үшін / олар өздері кетсін деп / зиян жасамаңдар. Ал, егер олар жүкті болса, құрсақтарындағыны босанғандарына дейін оларға қаражат жұмсаңдар. Егер олар сендер үшін / босанғаннан кейін балаларыңды / емізетін болса, оларға ақыларын беріңдер және өзара құпталғанға сай кеңесіңдер. Ал егер келісе алмасаңдар, онда ол үшін / баланы / басқа әйел емізеді.
التفاسير العربية:
لِيُنفِقۡ ذُو سَعَةٖ مِّن سَعَتِهِۦۖ وَمَن قُدِرَ عَلَيۡهِ رِزۡقُهُۥ فَلۡيُنفِقۡ مِمَّآ ءَاتَىٰهُ ٱللَّهُۚ لَا يُكَلِّفُ ٱللَّهُ نَفۡسًا إِلَّا مَآ ءَاتَىٰهَاۚ سَيَجۡعَلُ ٱللَّهُ بَعۡدَ عُسۡرٖ يُسۡرٗا
Жағдайы жеткілікті адам өзінде бардан жұмсасын. Ал, ризық-несібесі шектеулі адам, өзіне Аллаһтың бергенінен жұмсасын. Аллаһ ешбір жанға, Өзі оған бергенінен артық жүктемейді. Аллаһ қиыншылықтан кейін жеңілдік жасайды.
التفاسير العربية:
وَكَأَيِّن مِّن قَرۡيَةٍ عَتَتۡ عَنۡ أَمۡرِ رَبِّهَا وَرُسُلِهِۦ فَحَاسَبۡنَٰهَا حِسَابٗا شَدِيدٗا وَعَذَّبۡنَٰهَا عَذَابٗا نُّكۡرٗا
Қаншама елді мекендер Раббысының әміріне және Оның елшілеріне қарсы шықты. Сонда Біз оларды қатаң есеппен есепке тарттық әрі оларды ауыр азапқа душар еттік.
التفاسير العربية:
فَذَاقَتۡ وَبَالَ أَمۡرِهَا وَكَانَ عَٰقِبَةُ أَمۡرِهَا خُسۡرًا
Олар істерінің жазасын татты және олардың істерінің соңы зиян шегу болды.
التفاسير العربية:
أَعَدَّ ٱللَّهُ لَهُمۡ عَذَابٗا شَدِيدٗاۖ فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ يَـٰٓأُوْلِي ٱلۡأَلۡبَٰبِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْۚ قَدۡ أَنزَلَ ٱللَّهُ إِلَيۡكُمۡ ذِكۡرٗا
Аллаһ оларға қатты азап дайындады. Ей, ақыл иелері - иманға келгендер, Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар, Аллаһ сендерге Еске салушыны / Құранды / түсірді,
التفاسير العربية:
رَّسُولٗا يَتۡلُواْ عَلَيۡكُمۡ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ مُبَيِّنَٰتٖ لِّيُخۡرِجَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ مِنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِۚ وَمَن يُؤۡمِنۢ بِٱللَّهِ وَيَعۡمَلۡ صَٰلِحٗا يُدۡخِلۡهُ جَنَّـٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدٗاۖ قَدۡ أَحۡسَنَ ٱللَّهُ لَهُۥ رِزۡقًا
сендерге Аллаһтың анық аяттарын оқитын Елшіні / жіберді / - иманға келіп және ізгі амал жасағандарды қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін. Кім Аллаһқа сенсе және ізгі амал жасаса, Ол оны астынан өзендерағып жататын, олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Шын мәнінде, Аллаһ оның үлесін көркем етті.
التفاسير العربية:
ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ سَبۡعَ سَمَٰوَٰتٖ وَمِنَ ٱلۡأَرۡضِ مِثۡلَهُنَّۖ يَتَنَزَّلُ ٱلۡأَمۡرُ بَيۡنَهُنَّ لِتَعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ وَأَنَّ ٱللَّهَ قَدۡ أَحَاطَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عِلۡمَۢا
Аллаһ жеті аспанды әрі жерден де сондай жаратқан. Оның бұйрығы олардың / аспандар мен жердің / арасында түседі, Аллаһтың әрбір нәрсені Жасай алушы екенін әрі Аллаһтың барлық нәрсені біліммен қамтығанын білулерің үшін.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: الطلاق
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق