ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: التحريم
آية:
 

سورة التحريم - суратут-Тәхрим

يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ لِمَ تُحَرِّمُ مَآ أَحَلَّ ٱللَّهُ لَكَۖ تَبۡتَغِي مَرۡضَاتَ أَزۡوَٰجِكَۚ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңнің ризалығын қалап, неге Аллаһтың өзіңе рұқсат еткеніне тыйым саласың. Ал, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді. @مصحح
Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңнің ризалығын қалап, неге Аллаһтың өзіңе рұқсат еткеніне тыйым саласың. Ал, Аллаһ өте Кешірімді / Ғафур / , ерекше Мейірімді / Рахим / .
التفاسير العربية:
قَدۡ فَرَضَ ٱللَّهُ لَكُمۡ تَحِلَّةَ أَيۡمَٰنِكُمۡۚ وَٱللَّهُ مَوۡلَىٰكُمۡۖ وَهُوَ ٱلۡعَلِيمُ ٱلۡحَكِيمُ
Аллаһ сендерге анттарыңнан азат болудың жолын бекітті. Аллаһ - сендердің Қамқоршыларың. Ол - бәрін Білуші, аса Дана. @مصحح
Аллаһ сендерге анттарыңнан азат болудың жолын бекітті. Аллаһ - сендердің Қамқоршыларың. Ол - әл-’Алим / бәрін Білуші / , әл-Хаким / аса Дана / .
التفاسير العربية:
وَإِذۡ أَسَرَّ ٱلنَّبِيُّ إِلَىٰ بَعۡضِ أَزۡوَٰجِهِۦ حَدِيثٗا فَلَمَّا نَبَّأَتۡ بِهِۦ وَأَظۡهَرَهُ ٱللَّهُ عَلَيۡهِ عَرَّفَ بَعۡضَهُۥ وَأَعۡرَضَ عَنۢ بَعۡضٖۖ فَلَمَّا نَبَّأَهَا بِهِۦ قَالَتۡ مَنۡ أَنۢبَأَكَ هَٰذَاۖ قَالَ نَبَّأَنِيَ ٱلۡعَلِيمُ ٱلۡخَبِيرُ
Кезінде Пайғамбар әйелдерінің біреуіне бір сөзді құпиялап айтқан еді. Ал, ол / әйелі / сырды басқағахабарлағанда, сонда Аллаһ мұны оған / елшіге / білдірді. Ол / Пайғамбар / оның кейбірін / әйеліне / айтты және кей бөлігін бүгіп қалды. Ол оны оған хабарлаған кезде, / әйелі / «Мұны саған кім хабарлады?» - деді. Ол: «Маған бәрін Білуші, әрбір нәрседен Хабардар хабарлады», - деді. @مصحح
Кезінде Пайғамбар әйелдерінің біреуіне бір сөзді құпиялап айтқан еді. Ал, ол / әйелі / сырды басқағахабарлағанда, сонда Аллаһ мұны оған / елшіге / білдірді. Ол / Пайғамбар / оның кейбірін / әйеліне / айтты және кей бөлігін бүгіп қалды. Ол оны оған хабарлаған кезде, / әйелі / «Мұны саған кім хабарлады?» - деді. Ол: «Маған әл-’Алим / бәрін Білуші / , әл-Хабир / әрбір нәрседен Хабардар / хабарлады», - деді.
التفاسير العربية:
إِن تَتُوبَآ إِلَى ٱللَّهِ فَقَدۡ صَغَتۡ قُلُوبُكُمَاۖ وَإِن تَظَٰهَرَا عَلَيۡهِ فَإِنَّ ٱللَّهَ هُوَ مَوۡلَىٰهُ وَجِبۡرِيلُ وَصَٰلِحُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَۖ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ بَعۡدَ ذَٰلِكَ ظَهِيرٌ
Екеуің істеген күнәләріңе шына­йы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар / тәубе етсеңдер / , өйткені сендердің жүректерің ауытқыды. Ал, егер оған қарсы бір-біріңе болыссаңдар, ақиқатында, Аллаһ оның Қамқоршысы әрі Жәбірейіл мен иманға келгендердің ізгілері оның досы. Ал, одан кейін періштелер де оған көмектесуші.
التفاسير العربية:
عَسَىٰ رَبُّهُۥٓ إِن طَلَّقَكُنَّ أَن يُبۡدِلَهُۥٓ أَزۡوَٰجًا خَيۡرٗا مِّنكُنَّ مُسۡلِمَٰتٖ مُّؤۡمِنَٰتٖ قَٰنِتَٰتٖ تَـٰٓئِبَٰتٍ عَٰبِدَٰتٖ سَـٰٓئِحَٰتٖ ثَيِّبَٰتٖ وَأَبۡكَارٗا
Егер ол сендерді талақ етсе, Раббысы оған әлбетте сендерден жақсы мұсылман, иманды, бағынушы, істеген күнәларына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтушы / тәубе етуші / , құлшылық жасаушы, ораза ұстаушы, тұрмыста болған / жесір не күйеуден қайтқан / және тұрмыс құрмағандарды ауыстырып береді.
التفاسير العربية:
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ قُوٓاْ أَنفُسَكُمۡ وَأَهۡلِيكُمۡ نَارٗا وَقُودُهَا ٱلنَّاسُ وَٱلۡحِجَارَةُ عَلَيۡهَا مَلَـٰٓئِكَةٌ غِلَاظٞ شِدَادٞ لَّا يَعۡصُونَ ٱللَّهَ مَآ أَمَرَهُمۡ وَيَفۡعَلُونَ مَا يُؤۡمَرُونَ
Ей, иманға келгендер! Өздеріңді және үй іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған Оттан сақтаңдар. Оның басында қатал, ызғарлы, Аллаһтың бұйрықтарына қарсы келмейтін әрі өздеріне бұйырылғанды орындайтын періштелер бар.
التفاسير العربية:
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَا تَعۡتَذِرُواْ ٱلۡيَوۡمَۖ إِنَّمَا تُجۡزَوۡنَ مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Ей, сондай күпірлік еткендер / иманды теріске шығарғандар / ! Бүгін ақталып, уәж айтпай-ақ қойыңдар. Сендерге тек, істеген амалдарыңның қайтарымы ғана беріледі.
التفاسير العربية:

يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ تُوبُوٓاْ إِلَى ٱللَّهِ تَوۡبَةٗ نَّصُوحًا عَسَىٰ رَبُّكُمۡ أَن يُكَفِّرَ عَنكُمۡ سَيِّـَٔاتِكُمۡ وَيُدۡخِلَكُمۡ جَنَّـٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ يَوۡمَ لَا يُخۡزِي ٱللَّهُ ٱلنَّبِيَّ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَهُۥۖ نُورُهُمۡ يَسۡعَىٰ بَيۡنَ أَيۡدِيهِمۡ وَبِأَيۡمَٰنِهِمۡ يَقُولُونَ رَبَّنَآ أَتۡمِمۡ لَنَا نُورَنَا وَٱغۡفِرۡ لَنَآۖ إِنَّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа шын ықыласпен, істеген күнәләріңе шынайы өкініп, Оғанбойсұнуға қайтыңдар / тәубе етіңдер / , әлбетте сендердің Раббың жамандықтарыңды кешіреді әрі Пайғамбарды және онымен бірге иманға келгендерді қорламайтын күні Аллаһ сендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олардың нұрлары алдарында және оң жақтарында жүреді. Олар: «Раббымыз! Бізге нұрымыздытолықтыр және бізді кешір, сөзсіз Сен - барлық нәрсені жасай алушысың», - дейді.
التفاسير العربية:
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ جَٰهِدِ ٱلۡكُفَّارَ وَٱلۡمُنَٰفِقِينَ وَٱغۡلُظۡ عَلَيۡهِمۡۚ وَمَأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُۖ وَبِئۡسَ ٱلۡمَصِيرُ
Ей, Пайғамбар! Кәпірлермен және мұнафиқтармен күрес және Оларға қатаң бол. Олардың орындары - Жаһаннам (Тозақ) . Ол баратын орын неткен жаман! @مصحح
Ей, Пайғамбар! Кәпірлермен және мұнафиқтармен күрес және Оларға қатаң бол. Олардың орындары - Жаһаннам. Ол баратын орын неткен жаман!
التفاسير العربية:
ضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلٗا لِّلَّذِينَ كَفَرُواْ ٱمۡرَأَتَ نُوحٖ وَٱمۡرَأَتَ لُوطٖۖ كَانَتَا تَحۡتَ عَبۡدَيۡنِ مِنۡ عِبَادِنَا صَٰلِحَيۡنِ فَخَانَتَاهُمَا فَلَمۡ يُغۡنِيَا عَنۡهُمَا مِنَ ٱللَّهِ شَيۡـٔٗا وَقِيلَ ٱدۡخُلَا ٱلنَّارَ مَعَ ٱلدَّـٰخِلِينَ
Аллаһ Нұхтың әйелі мен Лұттың әйелін күпірлік етушілердің / имансыздардың / мысалы етіп келтірді. Ол екеуі Біздің құлдарымыздан екі ізгі құлдың некесінде еді. Ол екеуі оларға қиянат жасады. Алайда, ол екеуіне Аллаһтың алдында еш нәрсе пайда бермеді және: «Екеуің кірушілермен бірге Отқа / тозаққа / кіріңдер», - делінді.
التفاسير العربية:
وَضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلٗا لِّلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱمۡرَأَتَ فِرۡعَوۡنَ إِذۡ قَالَتۡ رَبِّ ٱبۡنِ لِي عِندَكَ بَيۡتٗا فِي ٱلۡجَنَّةِ وَنَجِّنِي مِن فِرۡعَوۡنَ وَعَمَلِهِۦ وَنَجِّنِي مِنَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Ал, иманға келгендердің мысал-үлгісі етіп, Аллаһ Фиръаунның әйелін келтірді. Кезінде ол: «Раббым! Маған Өзіңнің құзырыңнан Жәннатта бір үй тұрғыз және мені Фиръаун мен оның істерінен құтқар әрі мені әділетсіз адамдардан құтқар», - деген еді.
التفاسير العربية:
وَمَرۡيَمَ ٱبۡنَتَ عِمۡرَٰنَ ٱلَّتِيٓ أَحۡصَنَتۡ فَرۡجَهَا فَنَفَخۡنَا فِيهِ مِن رُّوحِنَا وَصَدَّقَتۡ بِكَلِمَٰتِ رَبِّهَا وَكُتُبِهِۦ وَكَانَتۡ مِنَ ٱلۡقَٰنِتِينَ
Сондай-ақ әйелдік пәктігін қорғаған ’Имранның қызы Мэриямды да. Біз оған / Өз иелігіміздегі / рухымыздан үрледік. Ол Раббысының сөздеріне және Кітаптарына сенді әрі / Раббысына / берілушілерден болды.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: التحريم
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق