ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: الأعراف
آية:
 

سورة الأعراف - суратуль-Әғраф

الٓمٓصٓ
Әлиф Ләм Мим Сад.
التفاسير العربية:
كِتَٰبٌ أُنزِلَ إِلَيۡكَ فَلَا يَكُن فِي صَدۡرِكَ حَرَجٞ مِّنۡهُ لِتُنذِرَ بِهِۦ وَذِكۡرَىٰ لِلۡمُؤۡمِنِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Саған, / Құран / ол арқылы ескертуің үшін әрі имандыларға еске салу ретінде түсірілген Кітап. Сондықтан одан кеудең қысылмасын.
التفاسير العربية:
ٱتَّبِعُواْ مَآ أُنزِلَ إِلَيۡكُم مِّن رَّبِّكُمۡ وَلَا تَتَّبِعُواْ مِن دُونِهِۦٓ أَوۡلِيَآءَۗ قَلِيلٗا مَّا تَذَكَّرُونَ
Өздеріңе Раббыңыздан түсірілгенге еріндер. Әрі Одан өзгені қамқоршы етіп ермеңдер. Сендер / бұйырылғанды, өсиетті / өте аз еске аласыңдар.
التفاسير العربية:
وَكَم مِّن قَرۡيَةٍ أَهۡلَكۡنَٰهَا فَجَآءَهَا بَأۡسُنَا بَيَٰتًا أَوۡ هُمۡ قَآئِلُونَ
Біз қаншама елді мекенді жойып жібердік. Оларға азабымыз түн ішінде немесе тал түсте, дем алып жатқандарында келді.
التفاسير العربية:
فَمَا كَانَ دَعۡوَىٰهُمۡ إِذۡ جَآءَهُم بَأۡسُنَآ إِلَّآ أَن قَالُوٓاْ إِنَّا كُنَّا ظَٰلِمِينَ
Азабымыз келген кезде олар: «Ақиқатында, біз әділетсіз болған екенбіз», - дегеннен басқа сөз айтпады.
التفاسير العربية:
فَلَنَسۡـَٔلَنَّ ٱلَّذِينَ أُرۡسِلَ إِلَيۡهِمۡ وَلَنَسۡـَٔلَنَّ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Біз міндетті түрде өздеріне / Елші / жіберілгендерді сұраққа аламыз және жіберілген елшілерден де сұраймыз.
التفاسير العربية:
فَلَنَقُصَّنَّ عَلَيۡهِم بِعِلۡمٖۖ وَمَا كُنَّا غَآئِبِينَ
Біз оларға біліммен баян етеміз. Әрі Біз оларды қатысуымызсыз, сырт қалдырған жоқпыз.
التفاسير العربية:
وَٱلۡوَزۡنُ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡحَقُّۚ فَمَن ثَقُلَتۡ مَوَٰزِينُهُۥ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُفۡلِحُونَ
Ол Күні таразыға тарту - ақиқат. Сон­да таразылары / жақсылықта / ауыр тартқандар, міне, солар - нағыз жетістікке жетушілер.
التفاسير العربية:
وَمَنۡ خَفَّتۡ مَوَٰزِينُهُۥ فَأُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ خَسِرُوٓاْ أَنفُسَهُم بِمَا كَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا يَظۡلِمُونَ
Ал, таразылары жеңіл тартқандар, міне, солар - аяттарымызға әділетсіздік еткендіктері үшін өздеріне зиян келтіргендер.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ مَكَّنَّـٰكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَجَعَلۡنَا لَكُمۡ فِيهَا مَعَٰيِشَۗ قَلِيلٗا مَّا تَشۡكُرُونَ
Ақиқатында, Біз сендерді жерде орнықтырдық. Әрі өздеріңе онда тіршілікке қажетті нәрселерді жасадық. Сендер аз шүкір етесіңдер / Аллаһтың берген игіліктеріне аз алғыс білдіресіңдер / ?!
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ خَلَقۡنَٰكُمۡ ثُمَّ صَوَّرۡنَٰكُمۡ ثُمَّ قُلۡنَا لِلۡمَلَـٰٓئِكَةِ ٱسۡجُدُواْ لِأٓدَمَ فَسَجَدُوٓاْ إِلَّآ إِبۡلِيسَ لَمۡ يَكُن مِّنَ ٱلسَّـٰجِدِينَ
Біз сендерді жараттық, одан соң сендерге кескін-келбет бердік. Содан кейін періштелерге «Адамға сәжде етіңдер!» - дедік. Сонда олар сәжде етті. Тек, / жыннан болған / Ібіліс сәжде етушілерден болмады.
التفاسير العربية:

قَالَ مَا مَنَعَكَ أَلَّا تَسۡجُدَ إِذۡ أَمَرۡتُكَۖ قَالَ أَنَا۠ خَيۡرٞ مِّنۡهُ خَلَقۡتَنِي مِن نَّارٖ وَخَلَقۡتَهُۥ مِن طِينٖ
/ Аллаһ / айтты: «Мен бұйырғанымда, сәжде етуге саған не кедергі болды?» - деп. / Ібіліс / «Мен одан қайырлымын / артықпын, пайдалымын / . Сен мені оттан жараттың, ал оны лайдан жараттың», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ فَٱهۡبِطۡ مِنۡهَا فَمَا يَكُونُ لَكَ أَن تَتَكَبَّرَ فِيهَا فَٱخۡرُجۡ إِنَّكَ مِنَ ٱلصَّـٰغِرِينَ
/ Аллаһ / айтты: «Одан түс. Сенің мұнда өзіңді жоғары санап, менменсуіңе орын жоқ. Шық! Сен - қор етілгендерденсің», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ أَنظِرۡنِيٓ إِلَىٰ يَوۡمِ يُبۡعَثُونَ
/ Ол / :«Маған олар қайта тірілетін күнге дейін мерзім бер», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ إِنَّكَ مِنَ ٱلۡمُنظَرِينَ
Аллаһ: «Сен - уақыт берілгендерденсің», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ فَبِمَآ أَغۡوَيۡتَنِي لَأَقۡعُدَنَّ لَهُمۡ صِرَٰطَكَ ٱلۡمُسۡتَقِيمَ
/ Ол / : «Сен мені адастырғаның үшін мен оларға қарсы Сенің тура жолыңда міндетті түрде / тосып / отырып аламын.
التفاسير العربية:
ثُمَّ لَأٓتِيَنَّهُم مِّنۢ بَيۡنِ أَيۡدِيهِمۡ وَمِنۡ خَلۡفِهِمۡ وَعَنۡ أَيۡمَٰنِهِمۡ وَعَن شَمَآئِلِهِمۡۖ وَلَا تَجِدُ أَكۡثَرَهُمۡ شَٰكِرِينَ
Содан кейін оларға алдынан, артынан, оң жағынан және сол жағынан келемін. Сөйтіп, Сен олардың көпшілігін шүкір етушілер / Раббыңның берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірушілер / ретінде таппайсың», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ ٱخۡرُجۡ مِنۡهَا مَذۡءُومٗا مَّدۡحُورٗاۖ لَّمَن تَبِعَكَ مِنۡهُمۡ لَأَمۡلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنكُمۡ أَجۡمَعِينَ
/ Аллаһ / айтты: «Одан айыпталған және қуылған түрде шық! Олардан / адамдардан / кім саған ерсе, міндетті түрде сендердің барлығыңмен Жаһаннамды (Тозақты) толтырамын», -деп. @مصحح
/ Аллаһ / айтты: «Одан айыпталған және қуылған түрде шық! Олардан / адамдардан / кім саған ерсе, міндетті түрде сендердің барлығыңмен Жаһаннамды толтырамын», -деп.
التفاسير العربية:
وَيَـٰٓـَٔادَمُ ٱسۡكُنۡ أَنتَ وَزَوۡجُكَ ٱلۡجَنَّةَ فَكُلَا مِنۡ حَيۡثُ شِئۡتُمَا وَلَا تَقۡرَبَا هَٰذِهِ ٱلشَّجَرَةَ فَتَكُونَا مِنَ ٱلظَّـٰلِمِينَ
/ Аллаһ / айтты: «Ей, Адам! Сен және жұбайың Жәннатта орналасыңдар. Қалаған жерінен жеңдер, бірақ мына ағашқа жақындамаңдар, онда әділетсіздерден боласыңдар», - деп.
التفاسير العربية:
فَوَسۡوَسَ لَهُمَا ٱلشَّيۡطَٰنُ لِيُبۡدِيَ لَهُمَا مَا وُۥرِيَ عَنۡهُمَا مِن سَوۡءَٰتِهِمَا وَقَالَ مَا نَهَىٰكُمَا رَبُّكُمَا عَنۡ هَٰذِهِ ٱلشَّجَرَةِ إِلَّآ أَن تَكُونَا مَلَكَيۡنِ أَوۡ تَكُونَا مِنَ ٱلۡخَٰلِدِينَ
Сонда шайтан оларға жасырын етілген ұятты жерлерін ашып көрсету үшін екеуін азғырып: «Сендердің Раббың, сендерді періште болып кетпеулерің не болмаса мәңгі қалушылардан болмауларың үшін ғана мына ағаштан қайтарды», - деді.
التفاسير العربية:
وَقَاسَمَهُمَآ إِنِّي لَكُمَا لَمِنَ ٱلنَّـٰصِحِينَ
Әрі ол екеуіне: «Мен - сендерге шынайы кеңес берушілерденмін», - деп ант ішті.
التفاسير العربية:
فَدَلَّىٰهُمَا بِغُرُورٖۚ فَلَمَّا ذَاقَا ٱلشَّجَرَةَ بَدَتۡ لَهُمَا سَوۡءَٰتُهُمَا وَطَفِقَا يَخۡصِفَانِ عَلَيۡهِمَا مِن وَرَقِ ٱلۡجَنَّةِۖ وَنَادَىٰهُمَا رَبُّهُمَآ أَلَمۡ أَنۡهَكُمَا عَن تِلۡكُمَا ٱلشَّجَرَةِ وَأَقُل لَّكُمَآ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ لَكُمَا عَدُوّٞ مُّبِينٞ
Сөйтіп ол / Ібіліс / оларды алдау арқылы түсірді. Олар ол ағаштан татқан кезде, екеуінің ұятты жерлері көрініп қалды да үстеріне Жәннат жапырақтарын жаба бастады. Сон­да Раббысы оларға: «Сендерді бүл ағаштан қайтармадым ба әрі шайтан сендерге анық дұшпан деп айтпадым ба?» - деп үндеді.
التفاسير العربية:

قَالَا رَبَّنَا ظَلَمۡنَآ أَنفُسَنَا وَإِن لَّمۡ تَغۡفِرۡ لَنَا وَتَرۡحَمۡنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
Олар: «Раббымыз, біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз»,- деді.
التفاسير العربية:
قَالَ ٱهۡبِطُواْ بَعۡضُكُمۡ لِبَعۡضٍ عَدُوّٞۖ وَلَكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُسۡتَقَرّٞ وَمَتَٰعٌ إِلَىٰ حِينٖ
/ Аллаһ / айтты: «Түсіңдер, сендер біріңе-бірің жаусыңдар. Жерде сендерге бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар», - деп.
التفاسير العربية:
قَالَ فِيهَا تَحۡيَوۡنَ وَفِيهَا تَمُوتُونَ وَمِنۡهَا تُخۡرَجُونَ
/ Аллаһ / '. «Ол жерде өмір сүресіңдер әрі ол жерде өлесіңдер және ол жерден қайта / тірілтіліп / шығарыласыңдар», - деді.
التفاسير العربية:
يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ قَدۡ أَنزَلۡنَا عَلَيۡكُمۡ لِبَاسٗا يُوَٰرِي سَوۡءَٰتِكُمۡ وَرِيشٗاۖ وَلِبَاسُ ٱلتَّقۡوَىٰ ذَٰلِكَ خَيۡرٞۚ ذَٰلِكَ مِنۡ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ لَعَلَّهُمۡ يَذَّكَّرُونَ
Ей, Адам ұрпақтары! Сендерге ұятты жерлеріңді жабатын киім түсірдік әрі сәндік киімдерді де. Ал, тақуалық киімі - қайырлы. Бұл олардың еске алулары үшін Аллаһтың белгілерінен.
التفاسير العربية:
يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ لَا يَفۡتِنَنَّكُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ كَمَآ أَخۡرَجَ أَبَوَيۡكُم مِّنَ ٱلۡجَنَّةِ يَنزِعُ عَنۡهُمَا لِبَاسَهُمَا لِيُرِيَهُمَا سَوۡءَٰتِهِمَآۚ إِنَّهُۥ يَرَىٰكُمۡ هُوَ وَقَبِيلُهُۥ مِنۡ حَيۡثُ لَا تَرَوۡنَهُمۡۗ إِنَّا جَعَلۡنَا ٱلشَّيَٰطِينَ أَوۡلِيَآءَ لِلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ
Ей, Адам ұрпақтары! Шайтан ата-аналарыңды Жәннат тан шығарғаны секілді, сендерді де бүлікке салып азғырмасын. Ол олардың ұятты жерлерін өздеріне көрсету үшін киімдерін шешкен еді. Негізінде ол және оның тектестері / жын тайпасы / сендерді, сендер оларды көре алмайтын жерден көреді. Біз шайтандарды имансыздарға дос, жақтаушылар еттік.
التفاسير العربية:
وَإِذَا فَعَلُواْ فَٰحِشَةٗ قَالُواْ وَجَدۡنَا عَلَيۡهَآ ءَابَآءَنَا وَٱللَّهُ أَمَرَنَا بِهَاۗ قُلۡ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَأۡمُرُ بِٱلۡفَحۡشَآءِۖ أَتَقُولُونَ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
Олар / имансыздар / жиіркенішті іс жасаған кезде: «Аталарымыздың осы­лай жасайтынын көрдік әрі бізге мұны Аллаһ бұйырды», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында, Аллаһ жиіркенішті іске бұйырмайды. Өздерің білмейтін нәрсені Аллаһқа жала етіп таңасыңдар ма?» - деп.
التفاسير العربية:
قُلۡ أَمَرَ رَبِّي بِٱلۡقِسۡطِۖ وَأَقِيمُواْ وُجُوهَكُمۡ عِندَ كُلِّ مَسۡجِدٖ وَٱدۡعُوهُ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَۚ كَمَا بَدَأَكُمۡ تَعُودُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым әділдікті бұйырды. Әрбір сәжде жасайтын орында жүздеріңді / қыбылаға / бұрыңдар әрі Одан - дінді тек Ол үшін ықыласпен ұстаған / ширктен тазартқан / халде - тілеңдер. Ол сендерді о баста жаратқаны секілді қайтасыңдар.
التفاسير العربية:
فَرِيقًا هَدَىٰ وَفَرِيقًا حَقَّ عَلَيۡهِمُ ٱلضَّلَٰلَةُۚ إِنَّهُمُ ٱتَّخَذُواْ ٱلشَّيَٰطِينَ أَوۡلِيَآءَ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَيَحۡسَبُونَ أَنَّهُم مُّهۡتَدُونَ
Ол бір топты тура жолға салды, ал, бір топқа, / лайықты түрде / адасуды жазды. Ақиқатында, олар / адасқандар / Аллаһты қойып, шайтандарды жолдас етіп алды және өздерін тура жолдамыз деп есептейді.
التفاسير العربية:

۞يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ خُذُواْ زِينَتَكُمۡ عِندَ كُلِّ مَسۡجِدٖ وَكُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ وَلَا تُسۡرِفُوٓاْۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُسۡرِفِينَ
Ей, Адам ұрпақтары! Әрбір сәжде жасайтын орында көрікті / киімдеріңді / киіңдер. Жендер, ішіңдер әрі ысырап етпеңдер. Ақиқатында, Ол ысырап етушілерді жақсы көрмейді.
التفاسير العربية:
قُلۡ مَنۡ حَرَّمَ زِينَةَ ٱللَّهِ ٱلَّتِيٓ أَخۡرَجَ لِعِبَادِهِۦ وَٱلطَّيِّبَٰتِ مِنَ ٱلرِّزۡقِۚ قُلۡ هِيَ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا خَالِصَةٗ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۗ كَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ ٱلۡأٓيَٰتِ لِقَوۡمٖ يَعۡلَمُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтың құлдарына шығарған көрікті нәрселеріне және берген жақсы несібелеріне кім тыйым салды?» - деп. / Әрі / : «Бұл / несібе / осы өмірде иманға келгендер үшін, ал Қайта тірілу күні тек иманға келгендер үшін ғана», - деп айт. Біз аяттарды білетін адамдарға осылай анықтап түсіндіреміз.
التفاسير العربية:
قُلۡ إِنَّمَا حَرَّمَ رَبِّيَ ٱلۡفَوَٰحِشَ مَا ظَهَرَ مِنۡهَا وَمَا بَطَنَ وَٱلۡإِثۡمَ وَٱلۡبَغۡيَ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَأَن تُشۡرِكُواْ بِٱللَّهِ مَا لَمۡ يُنَزِّلۡ بِهِۦ سُلۡطَٰنٗا وَأَن تَقُولُواْ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
Айт: «Шын мәнінде, Раббым жиіркенішті істерге, оның әшкере істелгеніне және жасырын істелгеніне де тыйым салды. Әрі күнәға, құқығы болмаса да өзгелердікін қалап, шектен шығуға және Аллаһ ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Оған серік етіп қосуларыңа әрі Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрселерді айтуларыңа тыйым салды», - деп.
التفاسير العربية:
وَلِكُلِّ أُمَّةٍ أَجَلٞۖ فَإِذَا جَآءَ أَجَلُهُمۡ لَا يَسۡتَأۡخِرُونَ سَاعَةٗ وَلَا يَسۡتَقۡدِمُونَ
Әрбір халықтың бір мерзімі бар. Мерзімдері келген кезде, олар оны бір сәт артқа да кешеуілдетіп, не алға да ілгерілете алмайды.
التفاسير العربية:
يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ إِمَّا يَأۡتِيَنَّكُمۡ رُسُلٞ مِّنكُمۡ يَقُصُّونَ عَلَيۡكُمۡ ءَايَٰتِي فَمَنِ ٱتَّقَىٰ وَأَصۡلَحَ فَلَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ
Ей, Адам ұрпақтары! Сендерге іштеріңнен аяттарымды баян ететін елшілер келсе, сонда кім тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / және / өзін / түзетсе, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды.
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَٱسۡتَكۡبَرُواْ عَنۡهَآ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Ал, аяттарымызды өтірікке шығарған және өздерін одан жоғары санағандар, олар Отта болатындар. Олар - онда мәңгі қалушылар.
التفاسير العربية:
فَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّنِ ٱفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَوۡ كَذَّبَ بِـَٔايَٰتِهِۦٓۚ أُوْلَـٰٓئِكَ يَنَالُهُمۡ نَصِيبُهُم مِّنَ ٱلۡكِتَٰبِۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءَتۡهُمۡ رُسُلُنَا يَتَوَفَّوۡنَهُمۡ قَالُوٓاْ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِۖ قَالُواْ ضَلُّواْ عَنَّا وَشَهِدُواْ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمۡ أَنَّهُمۡ كَانُواْ كَٰفِرِينَ
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан / жала жапқаннан / немесе Оның аяттарын өтірік санағаннан өткен әділетсіз бар ма? Міне, соларға Кітаптан үлестері тиеді. Ал, оларға елшілеріміз / жан алушы періштелер! жандарын алу үшін келген кезде: «Аллаһты қойып, табынғандарың қайда?» - дейді. олар / : «Олар бізден жоқ болып кетті» - деп, өздерінің кәпірліктеріне өздері айғақ болады.
التفاسير العربية:

قَالَ ٱدۡخُلُواْ فِيٓ أُمَمٖ قَدۡ خَلَتۡ مِن قَبۡلِكُم مِّنَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِ فِي ٱلنَّارِۖ كُلَّمَا دَخَلَتۡ أُمَّةٞ لَّعَنَتۡ أُخۡتَهَاۖ حَتَّىٰٓ إِذَا ٱدَّارَكُواْ فِيهَا جَمِيعٗا قَالَتۡ أُخۡرَىٰهُمۡ لِأُولَىٰهُمۡ رَبَّنَا هَـٰٓؤُلَآءِ أَضَلُّونَا فَـَٔاتِهِمۡ عَذَابٗا ضِعۡفٗا مِّنَ ٱلنَّارِۖ قَالَ لِكُلّٖ ضِعۡفٞ وَلَٰكِن لَّا تَعۡلَمُونَ
Аллаһ: «Өздеріңнен бұрын өткен жын мен адамдар қауымдары қатарында Отқа кіріңдер», - дейді. Бір ел оған кірген сайын, алдыңғы өткендерді қарғайды. Қашан олар, оның ішінде түгелімен жиналған кезде, кейінгілері алдыңғылары жайлы: «Раббымыз, бізді мыналар адастырды, оларға Оттан еселенген азап бер», - дейді. / Аллаһ / : «Әркімге еселі / азап / бар. Бірақ сендер білмейсіңдер», дейді.
التفاسير العربية:
وَقَالَتۡ أُولَىٰهُمۡ لِأُخۡرَىٰهُمۡ فَمَا كَانَ لَكُمۡ عَلَيۡنَا مِن فَضۡلٖ فَذُوقُواْ ٱلۡعَذَابَ بِمَا كُنتُمۡ تَكۡسِبُونَ
Олардың алдыңғылары кейінгілеріне: «Сендердің бізден ешқандай артықшылықтарың болған жоқ. Енді істегендерің үшін азапты сендер де татыңдар», - дейді.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَٱسۡتَكۡبَرُواْ عَنۡهَا لَا تُفَتَّحُ لَهُمۡ أَبۡوَٰبُ ٱلسَّمَآءِ وَلَا يَدۡخُلُونَ ٱلۡجَنَّةَ حَتَّىٰ يَلِجَ ٱلۡجَمَلُ فِي سَمِّ ٱلۡخِيَاطِۚ وَكَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُجۡرِمِينَ
Ақиқатында, аяттарымызды өтірікке шығарған және өздерін одан жоғары санағандар үшін аспан есіктері ашылмайды. Әрі олар түйе иненің көзінен өтпейінше, жәннатқа кірмейді. Қылмыскерлердің / күнәһарлардың / қайтарым жазасын осылай береміз.
التفاسير العربية:
لَهُم مِّن جَهَنَّمَ مِهَادٞ وَمِن فَوۡقِهِمۡ غَوَاشٖۚ وَكَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلظَّـٰلِمِينَ
Оларға Жаһаннамда / оттан / төсек әрі үстерінде жамылғы болады. Әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз.
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَا نُكَلِّفُ نَفۡسًا إِلَّا وُسۡعَهَآ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَنَّةِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Ал, иманға келген әрі ізгі амал жасағандар болса, міне, солар - жәннаттықтар. Олар - онда мәңгі қалушы. Анығында, Біз ешбір жанға шамасы келмейтін нәрсені жүктемейміз.
التفاسير العربية:
وَنَزَعۡنَا مَا فِي صُدُورِهِم مِّنۡ غِلّٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهِمُ ٱلۡأَنۡهَٰرُۖ وَقَالُواْ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي هَدَىٰنَا لِهَٰذَا وَمَا كُنَّا لِنَهۡتَدِيَ لَوۡلَآ أَنۡ هَدَىٰنَا ٱللَّهُۖ لَقَدۡ جَآءَتۡ رُسُلُ رَبِّنَا بِٱلۡحَقِّۖ وَنُودُوٓاْ أَن تِلۡكُمُ ٱلۡجَنَّةُ أُورِثۡتُمُوهَا بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Біз олардың кеуделеріндегі реніш, қарсылықты шығардық. Олардың асты­нан өзендер ағып жатады, олар: «Барлық мақтау - бізді осыған алып келген Аллаһқа. Егер Аллаһ бізді тура жолмен жүргізбегенде, біз тура жолды таба алмас едік. Анығында, Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді», - дейді. / Оларға / : «Міне, осы істеген амалдарың үшін сендерге мирас етіп берілген жәннат», - деп үнделеді.
التفاسير العربية:

وَنَادَىٰٓ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَنَّةِ أَصۡحَٰبَ ٱلنَّارِ أَن قَدۡ وَجَدۡنَا مَا وَعَدَنَا رَبُّنَا حَقّٗا فَهَلۡ وَجَدتُّم مَّا وَعَدَ رَبُّكُمۡ حَقّٗاۖ قَالُواْ نَعَمۡۚ فَأَذَّنَ مُؤَذِّنُۢ بَيۡنَهُمۡ أَن لَّعۡنَةُ ٱللَّهِ عَلَى ٱلظَّـٰلِمِينَ
жәннаттықтар оттағыларға / тозақтағыларға / дауыстап: «Негізінде, біз Раббымыздың уәде еткенін ақиқат түрінде таптық. Ал, сендер өздеріңнің Раббың уәде еткенін ақиқат түрінде таптыңдар ма?» - дейді. олар. «Иә», - дейді. Сонда олардың екі арасында бір жаршы жар салады: «Аллаһтың лағнеті әділетсіздерге.
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ يَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَيَبۡغُونَهَا عِوَجٗا وَهُم بِٱلۡأٓخِرَةِ كَٰفِرُونَ
Солар Аллаһтың жолынан тосатын, оны бұрмалауды қалайтын әрі соңғымәңгілік өмірге Ақиретке сенбейтіндер», - деп.
التفاسير العربية:
وَبَيۡنَهُمَا حِجَابٞۚ وَعَلَى ٱلۡأَعۡرَافِ رِجَالٞ يَعۡرِفُونَ كُلَّۢا بِسِيمَىٰهُمۡۚ وَنَادَوۡاْ أَصۡحَٰبَ ٱلۡجَنَّةِ أَن سَلَٰمٌ عَلَيۡكُمۡۚ لَمۡ يَدۡخُلُوهَا وَهُمۡ يَطۡمَعُونَ
Ол екі топтың арасында бөгет бар. Ағрафтың үстінде әрқайсысын / жәннаттың пентозақтықтарды / белгісінен танитын адамдар бар. Олар жәннаттықтарға: «Сендерге амандық болсын!» - деп үн қатады. Олар оған кірмеген, / оны / үміт етеді.
التفاسير العربية:
۞وَإِذَا صُرِفَتۡ أَبۡصَٰرُهُمۡ تِلۡقَآءَ أَصۡحَٰبِ ٱلنَّارِ قَالُواْ رَبَّنَا لَا تَجۡعَلۡنَا مَعَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Қашан олардың көздері оттағылар / тозақтағылар / жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді әділетсіз адамдармен бірге ете көрме!»- дейді.
التفاسير العربية:
وَنَادَىٰٓ أَصۡحَٰبُ ٱلۡأَعۡرَافِ رِجَالٗا يَعۡرِفُونَهُم بِسِيمَىٰهُمۡ قَالُواْ مَآ أَغۡنَىٰ عَنكُمۡ جَمۡعُكُمۡ وَمَا كُنتُمۡ تَسۡتَكۡبِرُونَ
Ағрафтағылар (жәннат пен тозақтың арасындағы бөгет. Ол жерде әлі не Жәннатқа, не тозаққа кіретіні белгісіз адамдар тұрады. Олардың ізгі амалдарымен жаман істері тең) өздері белгілерінен та­нитын / тозақтағы / адамдарға дауыстап: «Сендерге өздеріңнің көптіктерің және менменсіп, өздеріңді жоғары санауларың пайда бермеді! @مصحح
Ағрафтағылар өздері белгілерінен та­нитын / тозақтағы / адамдарға дауыстап: «Сендерге өздеріңнің көптіктерің және менменсіп, өздеріңді жоғары санауларың пайда бермеді!
التفاسير العربية:
أَهَـٰٓؤُلَآءِ ٱلَّذِينَ أَقۡسَمۡتُمۡ لَا يَنَالُهُمُ ٱللَّهُ بِرَحۡمَةٍۚ ٱدۡخُلُواْ ٱلۡجَنَّةَ لَا خَوۡفٌ عَلَيۡكُمۡ وَلَآ أَنتُمۡ تَحۡزَنُونَ
Сендердің Аллаһтың мейірімі тимейді деп, ант ішкендерің осылар ма?» - дейді./ Ағрафтықтарға / : «жәннатқа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар!» - делінеді.
التفاسير العربية:
وَنَادَىٰٓ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِ أَصۡحَٰبَ ٱلۡجَنَّةِ أَنۡ أَفِيضُواْ عَلَيۡنَا مِنَ ٱلۡمَآءِ أَوۡ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُۚ قَالُوٓاْ إِنَّ ٱللَّهَ حَرَّمَهُمَا عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ
Оттағылар / тозақтағылар / Жәннаттықтарға: «Бізге судан төгіп немесе Аллаһ өздеріңе ризық етіп берген нәрселерден / беріңдерші / », - деп дауыстайды. Олар / жәннаттағылар / : «Ақиқатында, Аллаһ бұл екеуін кәпірлер үшін тыйым салған.
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُواْ دِينَهُمۡ لَهۡوٗا وَلَعِبٗا وَغَرَّتۡهُمُ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَاۚ فَٱلۡيَوۡمَ نَنسَىٰهُمۡ كَمَا نَسُواْ لِقَآءَ يَوۡمِهِمۡ هَٰذَا وَمَا كَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا يَجۡحَدُونَ
Олар діндерін ермек етті және ойынға айналдырды әрі оларды осы өмір алдады», - дейді. Бүгін олар осы Күнге жолығудыұмытқандықтары секілді және аяттарымызды мойындамағандары үшін, Біз оларды үміт қалдырамыз / тастаймыз / .
التفاسير العربية:

وَلَقَدۡ جِئۡنَٰهُم بِكِتَٰبٖ فَصَّلۡنَٰهُ عَلَىٰ عِلۡمٍ هُدٗى وَرَحۡمَةٗ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
Әрі Біз оларға - иманға келген адамдар үшін / тура жолға / басшылық әрі мейірім ретінде Кітап келтіріп, оны біліммен анықтап түсіндірдік.
التفاسير العربية:
هَلۡ يَنظُرُونَ إِلَّا تَأۡوِيلَهُۥۚ يَوۡمَ يَأۡتِي تَأۡوِيلُهُۥ يَقُولُ ٱلَّذِينَ نَسُوهُ مِن قَبۡلُ قَدۡ جَآءَتۡ رُسُلُ رَبِّنَا بِٱلۡحَقِّ فَهَل لَّنَا مِن شُفَعَآءَ فَيَشۡفَعُواْ لَنَآ أَوۡ نُرَدُّ فَنَعۡمَلَ غَيۡرَ ٱلَّذِي كُنَّا نَعۡمَلُۚ قَدۡ خَسِرُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ وَضَلَّ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ
Олар оның орындалуын ғана күте ме? Ол орындалған күні, оны бұрын ұмытқандар: «Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді. Біз үшін бір ара түсуші / шапағат етуші / бар ма екен, бізге ара түссе / шапағат етсе! еді, не Дүниеге кері қайтарылсақ еді, сонда істеп өткенімізден басқа амал істейтін едік», - дейді. Олар өздеріне зиян келтірді және ойдан шығарғандары олардан ұшты-күйлі жоқ болды.
التفاسير العربية:
إِنَّ رَبَّكُمُ ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ يُغۡشِي ٱلَّيۡلَ ٱلنَّهَارَ يَطۡلُبُهُۥ حَثِيثٗا وَٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَ وَٱلنُّجُومَ مُسَخَّرَٰتِۭ بِأَمۡرِهِۦٓۗ أَلَا لَهُ ٱلۡخَلۡقُ وَٱلۡأَمۡرُۗ تَبَارَكَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Ақиқатында, сендердің Раббың - Аллаһ. Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға көтерілді. Ол түнмен, оны жылдам түрде өкшелеп қалмайтын күндізді жабады. Күн, ай және жұлдыздар Оның әміріне бағынышты. Біліңдер, жарату және Әмір ету - Оның билігінде. Әлемдердің Раббысы Аллаһ - аса Берекелі. @مصحح
Ақиқатында, сендердің Раббың - Аллаһ. Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға истиуа етті. Ол түнмен, оны жылдам түрде өкшелеп қалмайтын күндізді жабады. Күн, ай және жұлдыздар Оның әміріне бағынышты. Біліңдер, жарату және Әмір ету - Оның билігінде. Әлемдердің Раббысы Аллаһ - аса Берекелі.
التفاسير العربية:
ٱدۡعُواْ رَبَّكُمۡ تَضَرُّعٗا وَخُفۡيَةًۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُعۡتَدِينَ
Өздеріңнің Раббыңа бойсұна, берілген күйде, құпия түрде / іштеріңнен / тілетілеңдер. Ақиқатында, Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді.
التفاسير العربية:
وَلَا تُفۡسِدُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ بَعۡدَ إِصۡلَٰحِهَا وَٱدۡعُوهُ خَوۡفٗا وَطَمَعًاۚ إِنَّ رَحۡمَتَ ٱللَّهِ قَرِيبٞ مِّنَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Әрі жер беті түзетілгеннен кейін, онда бұзу-бүлдірушілік істемеңдер. Одан / Аллаһтан / - қорыққан күйде әрі үмітпенен тілеңдер. Негізінде, Аллаһтың мейірімі жақсылықты ықыласпен істеушілерге жақын.
التفاسير العربية:
وَهُوَ ٱلَّذِي يُرۡسِلُ ٱلرِّيَٰحَ بُشۡرَۢا بَيۡنَ يَدَيۡ رَحۡمَتِهِۦۖ حَتَّىٰٓ إِذَآ أَقَلَّتۡ سَحَابٗا ثِقَالٗا سُقۡنَٰهُ لِبَلَدٖ مَّيِّتٖ فَأَنزَلۡنَا بِهِ ٱلۡمَآءَ فَأَخۡرَجۡنَا بِهِۦ مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِۚ كَذَٰلِكَ نُخۡرِجُ ٱلۡمَوۡتَىٰ لَعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ
Әрі Ол - мейірімінің / жаңбырдың / алдында желдерді қуанышты хабар етіп жібереді. Ал қашан, ол / желдер / ауыр бұлттарды көтерсе, оны өлі өлкеге айдап барып, оған су түсіреміз де осы арқылы жемістердің әрбір түрінен шығарамыз. Біз өлілерді де осылай шығарамыз. Бұл еске алуларың / ғибраттануларың / үшін.
التفاسير العربية:

وَٱلۡبَلَدُ ٱلطَّيِّبُ يَخۡرُجُ نَبَاتُهُۥ بِإِذۡنِ رَبِّهِۦۖ وَٱلَّذِي خَبُثَ لَا يَخۡرُجُ إِلَّا نَكِدٗاۚ كَذَٰلِكَ نُصَرِّفُ ٱلۡأٓيَٰتِ لِقَوۡمٖ يَشۡكُرُونَ
жақсы жердің өсімдігі Раббысының рұқсатымен / жақсы / шығады. Ал, нашар болғандікі жұтаң болып шығады. Біз аяттарды Аллаһтың игіліктеріне алғыс білдіретін / шүкір ететін / адамдар үшін, осылай етіп түсіндіреміз.
التفاسير العربية:
لَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوۡمِهِۦ فَقَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥٓ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٖ
Ақиқатында, Біз Нұхты өз еліне Елші етіп жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Мен сендерге ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ ٱلۡمَلَأُ مِن قَوۡمِهِۦٓ إِنَّا لَنَرَىٰكَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
Оның елінің уәзірлері мен бектері: «Анығында, біз сені анық адасуда көреміз», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ يَٰقَوۡمِ لَيۡسَ بِي ضَلَٰلَةٞ وَلَٰكِنِّي رَسُولٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
/ Нұх / : айтты «Әй, елім! Менде ешқандай адасушылық жоқ. Анығында, мен әлемдердің Раббысынан / жіберілген / Елшімін.
التفاسير العربية:
أُبَلِّغُكُمۡ رِسَٰلَٰتِ رَبِّي وَأَنصَحُ لَكُمۡ وَأَعۡلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін әрі өздеріңе ізгі кеңес беремін және мен Аллаһ тарапынан сендер білмеген нәрсені білемін.
التفاسير العربية:
أَوَعَجِبۡتُمۡ أَن جَآءَكُمۡ ذِكۡرٞ مِّن رَّبِّكُمۡ عَلَىٰ رَجُلٖ مِّنكُمۡ لِيُنذِرَكُمۡ وَلِتَتَّقُواْ وَلَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ
Сендерге Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / тақуалық етулерің / әрі мейірімге жетулерің үшін, араларыңнан шыққан бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, / ескерту / келгеніне таң қаласыңдар ма?» - деп.
التفاسير العربية:
فَكَذَّبُوهُ فَأَنجَيۡنَٰهُ وَٱلَّذِينَ مَعَهُۥ فِي ٱلۡفُلۡكِ وَأَغۡرَقۡنَا ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَآۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَوۡمًا عَمِينَ
Олар оны өтірікші санады. Сонда оны және онымен бірге болғандарды кемеде құтқардық та, белгілерімізді өтірікке шығарғандарды суға батырдық. Анығында, олар соқыр ел еді.
التفاسير العربية:
۞وَإِلَىٰ عَادٍ أَخَاهُمۡ هُودٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥٓۚ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Сондай-ақ, Ад еліне бауырлары Һудты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қорықпайсыңдар ма?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ ٱلۡمَلَأُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن قَوۡمِهِۦٓ إِنَّا لَنَرَىٰكَ فِي سَفَاهَةٖ وَإِنَّا لَنَظُنُّكَ مِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Оның еліндегі күпірлік етуші / қарсы болған / уәзірлері мен бектері: «Негізінде, біз сені бір жетесіз көріп тұрмыз әрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ يَٰقَوۡمِ لَيۡسَ بِي سَفَاهَةٞ وَلَٰكِنِّي رَسُولٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
/ Һуд / : «Әй, елім! Мен - жетесіз емеспін. Анығында, мен - әлемдердің Раббысынан / жіберілген / Елшімін.
التفاسير العربية:

أُبَلِّغُكُمۡ رِسَٰلَٰتِ رَبِّي وَأَنَا۠ لَكُمۡ نَاصِحٌ أَمِينٌ
Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін. Әрі сендерге сенімді кеңес берушімін.
التفاسير العربية:
أَوَعَجِبۡتُمۡ أَن جَآءَكُمۡ ذِكۡرٞ مِّن رَّبِّكُمۡ عَلَىٰ رَجُلٖ مِّنكُمۡ لِيُنذِرَكُمۡۚ وَٱذۡكُرُوٓاْ إِذۡ جَعَلَكُمۡ خُلَفَآءَ مِنۢ بَعۡدِ قَوۡمِ نُوحٖ وَزَادَكُمۡ فِي ٱلۡخَلۡقِ بَصۜۡطَةٗۖ فَٱذۡكُرُوٓاْ ءَالَآءَ ٱللَّهِ لَعَلَّكُمۡ تُفۡلِحُونَ
Сендерге ескертуі үшін араларыңнан болған бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, / ескерту / келгеніне таң қаласыңдар ма? Оның сендерді Нұх елінен кейін, халифа / олардың орнын басушылар / еткенін әрі жаратылыста үлкен еткенін естеріңе алыңдар. Жетістікке жету үшін, Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар», - деді.
التفاسير العربية:
قَالُوٓاْ أَجِئۡتَنَا لِنَعۡبُدَ ٱللَّهَ وَحۡدَهُۥ وَنَذَرَ مَا كَانَ يَعۡبُدُ ءَابَآؤُنَا فَأۡتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
/ Олар / : «Сен бізге, біздің Аллаһтың жалғыз Өзіне құлшылық жасап, ата-бабаларымыз табынып келгендерін тастауымыз үшін келдің бе? Егер шын сөзділерден болсаң, бізге уәде етіп отырғандарыңды келтір», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ قَدۡ وَقَعَ عَلَيۡكُم مِّن رَّبِّكُمۡ رِجۡسٞ وَغَضَبٌۖ أَتُجَٰدِلُونَنِي فِيٓ أَسۡمَآءٖ سَمَّيۡتُمُوهَآ أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُم مَّا نَزَّلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلۡطَٰنٖۚ فَٱنتَظِرُوٓاْ إِنِّي مَعَكُم مِّنَ ٱلۡمُنتَظِرِينَ
/ Һуд / : «Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан азап және ашу келді. Сендер өздерің және ата-бабаларың / пұт құдайларды! атаған есімдер жайында менімен тартысасыңдар ма? Аллаһ олар жөнінде ешбір дәлел түсірмеген. Ендеше күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерден боламын», - деді.
التفاسير العربية:
فَأَنجَيۡنَٰهُ وَٱلَّذِينَ مَعَهُۥ بِرَحۡمَةٖ مِّنَّا وَقَطَعۡنَا دَابِرَ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَاۖ وَمَا كَانُواْ مُؤۡمِنِينَ
Сонда Біз оны және онымен бірге болғандарды Өзімізден болған мейіріммен құтқарып, аяттарымызды өтірікке шығарғандардың артын үздік / толық жойдық / . Олар иманға келмеген еді.
التفاسير العربية:
وَإِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمۡ صَٰلِحٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥۖ قَدۡ جَآءَتۡكُم بَيِّنَةٞ مِّن رَّبِّكُمۡۖ هَٰذِهِۦ نَاقَةُ ٱللَّهِ لَكُمۡ ءَايَةٗۖ فَذَرُوهَا تَأۡكُلۡ فِيٓ أَرۡضِ ٱللَّهِۖ وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءٖ فَيَأۡخُذَكُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ
Сондай-ақ Сәмүд еліне бауырлары Салихты / жібердік / . / Ол / \ «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Ақиқатында сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел келді. Міне, мынау - Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір белгі. Сендер оны жайына қалдырыңдар, Аллаһтың жерінде жайылсын. Оған ешбір жамандық тигізбеңдер. Онда сендерді күйзелтуші азап тұтады.
التفاسير العربية:

وَٱذۡكُرُوٓاْ إِذۡ جَعَلَكُمۡ خُلَفَآءَ مِنۢ بَعۡدِ عَادٖ وَبَوَّأَكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ تَتَّخِذُونَ مِن سُهُولِهَا قُصُورٗا وَتَنۡحِتُونَ ٱلۡجِبَالَ بُيُوتٗاۖ فَٱذۡكُرُوٓاْ ءَالَآءَ ٱللَّهِ وَلَا تَعۡثَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُفۡسِدِينَ
Оның сендерді Ад елінен кейін ха­лифа / орнын басушылар / еткенін және жерде орналастырып, оның жазықтарында сарайлар тұрғызып, ал тауларынан қашап үй жасағандарыңды естеріңе алыңдар. Аллаһтың игіліктерін еске алыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ ٱلۡمَلَأُ ٱلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ مِن قَوۡمِهِۦ لِلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُواْ لِمَنۡ ءَامَنَ مِنۡهُمۡ أَتَعۡلَمُونَ أَنَّ صَٰلِحٗا مُّرۡسَلٞ مِّن رَّبِّهِۦۚ قَالُوٓاْ إِنَّا بِمَآ أُرۡسِلَ بِهِۦ مُؤۡمِنُونَ
Оның қауымынан өздерін жоғары санап тәкәппарланған уәзірлері мен бектері әлсіз саналғандардың ішіндегі иманға келгендерге: «Сендер Салихты өзінің Раббысынан жіберілген деп білесіңдер ме?» - деді. Олар: «Ақиқатында, біз онымен жіберілгенге сенеміз», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُوٓاْ إِنَّا بِٱلَّذِيٓ ءَامَنتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ
Өздерін жоғары санағандар: «Ал, біз сендер сенген нәрсеге сенбейміз», - деді.
التفاسير العربية:
فَعَقَرُواْ ٱلنَّاقَةَ وَعَتَوۡاْ عَنۡ أَمۡرِ رَبِّهِمۡ وَقَالُواْ يَٰصَٰلِحُ ٱئۡتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Сөйтіп олар түйенің тірсегін қиып, өздерінің Раббысының әміріне бағынбай, шектен шықты. Кейін: «Ей, Салих! Егер елшілерден болсаң, бізге уәде етіп жүргеніңді / азапты / келтір!» - деді.
التفاسير العربية:
فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلرَّجۡفَةُ فَأَصۡبَحُواْ فِي دَارِهِمۡ جَٰثِمِينَ
Сонда, Оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпетімен жатқан күйі қалды.
التفاسير العربية:
فَتَوَلَّىٰ عَنۡهُمۡ وَقَالَ يَٰقَوۡمِ لَقَدۡ أَبۡلَغۡتُكُمۡ رِسَالَةَ رَبِّي وَنَصَحۡتُ لَكُمۡ وَلَٰكِن لَّا تُحِبُّونَ ٱلنَّـٰصِحِينَ
/ Салих / олардан жүзін бұрып: «Әй, елім! Сендерге Раббымның жолдағанын жеткіздім әрі сендерге адал кеңес бердім. Бірақ сендер кеңес берушілерді / жақсылыққалаушыларды / ұнатпадыңдар», - деді.
التفاسير العربية:
وَلُوطًا إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦٓ أَتَأۡتُونَ ٱلۡفَٰحِشَةَ مَا سَبَقَكُم بِهَا مِنۡ أَحَدٖ مِّنَ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Сондай-ақ Лұтты да / жібердік / . Сол кезде ол еліне: «Сендер бұрын әлемдерден ешкім істемеген жиіркенішті істі істейсіңдер ме?
التفاسير العربية:
إِنَّكُمۡ لَتَأۡتُونَ ٱلرِّجَالَ شَهۡوَةٗ مِّن دُونِ ٱلنِّسَآءِۚ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمٞ مُّسۡرِفُونَ
Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қатысты тәнқұмарлықтарына / шәһуәттарына / ересіңдер. Шын мәнінде, сендер - шектен шыққан елсіңдер», - деді.
التفاسير العربية:

وَمَا كَانَ جَوَابَ قَوۡمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓاْ أَخۡرِجُوهُم مِّن قَرۡيَتِكُمۡۖ إِنَّهُمۡ أُنَاسٞ يَتَطَهَّرُونَ
Ал, оның елінің: «Бұларды жұрттарыңнан шығарыңдар, бұлар тазасынған адамдар екен», - деп айтқаннан басқа жауабы болмады.
التفاسير العربية:
فَأَنجَيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ إِلَّا ٱمۡرَأَتَهُۥ كَانَتۡ مِنَ ٱلۡغَٰبِرِينَ
Сонда Біз оны және әйелінен өзге үй ішіндегілерін құтқардық. Әйелі қалушылардан болды.
التفاسير العربية:
وَأَمۡطَرۡنَا عَلَيۡهِم مَّطَرٗاۖ فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُجۡرِمِينَ
Әрі Біз оларға / тастан / жаңбыр жаудырдық. Қылмыскерлердің соңы немен біткеніне назар сал!
التفاسير العربية:
وَإِلَىٰ مَدۡيَنَ أَخَاهُمۡ شُعَيۡبٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥۖ قَدۡ جَآءَتۡكُم بَيِّنَةٞ مِّن رَّبِّكُمۡۖ فَأَوۡفُواْ ٱلۡكَيۡلَ وَٱلۡمِيزَانَ وَلَا تَبۡخَسُواْ ٱلنَّاسَ أَشۡيَآءَهُمۡ وَلَا تُفۡسِدُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ بَعۡدَ إِصۡلَٰحِهَاۚ ذَٰلِكُمۡ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Сондай-ақ Мәдиян еліне бауырлары Шұғайыпты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық бір дәлел келді. Өлшеуді және таразыда туралықты ұстаңдар әрі адамдардың заттарын кемітпеңдер. Жер беті түзетілгеннен кейін онда бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар. Егер иманды болсаңдар, осылай етулерің өздерің үшін қайырлы.
التفاسير العربية:
وَلَا تَقۡعُدُواْ بِكُلِّ صِرَٰطٖ تُوعِدُونَ وَتَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ مَنۡ ءَامَنَ بِهِۦ وَتَبۡغُونَهَا عِوَجٗاۚ وَٱذۡكُرُوٓاْ إِذۡ كُنتُمۡ قَلِيلٗا فَكَثَّرَكُمۡۖ وَٱنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Әрі адамдарды қорқыту үшін әрбір жолда отырмаңдар. Сондай-ақ Аллам жолын қисайтуды қалап, одан иманға келгендерді қайтармаңдар. Өздерің аз болған кезде Ол сендерді көбейткенін естеріңе алыңдар. Бұзушы-бүлдірушілердің соңының немен біткеніне назар салыңдар!
التفاسير العربية:
وَإِن كَانَ طَآئِفَةٞ مِّنكُمۡ ءَامَنُواْ بِٱلَّذِيٓ أُرۡسِلۡتُ بِهِۦ وَطَآئِفَةٞ لَّمۡ يُؤۡمِنُواْ فَٱصۡبِرُواْ حَتَّىٰ يَحۡكُمَ ٱللَّهُ بَيۡنَنَاۚ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلۡحَٰكِمِينَ
Әрі сендерден бір топ мен арқылы жіберілгенге сеніп, ал бір тобы сенбесе, Аллаһ арамызға үкім шығарғанға дейін сабыр етіңдер. Ол - үкім шығарушылардың ең қайырлысы», - деді.
التفاسير العربية:

۞قَالَ ٱلۡمَلَأُ ٱلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ مِن قَوۡمِهِۦ لَنُخۡرِجَنَّكَ يَٰشُعَيۡبُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَكَ مِن قَرۡيَتِنَآ أَوۡ لَتَعُودُنَّ فِي مِلَّتِنَاۚ قَالَ أَوَلَوۡ كُنَّا كَٰرِهِينَ
Оның еліндегі өздерін жоғары санаған уәзірлері мен бектері: «Әй, Шұғайып! Біз сені және сенімен бірге иманға келгендерді елімізден міндетті түрде шығарамыз немесе біздің дінімізге қайтасыңдар», - деді. Шұғайып айтты: «Жек көріп, қаламасақ та ма?
التفاسير العربية:
قَدِ ٱفۡتَرَيۡنَا عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا إِنۡ عُدۡنَا فِي مِلَّتِكُم بَعۡدَ إِذۡ نَجَّىٰنَا ٱللَّهُ مِنۡهَاۚ وَمَا يَكُونُ لَنَآ أَن نَّعُودَ فِيهَآ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ رَبُّنَاۚ وَسِعَ رَبُّنَا كُلَّ شَيۡءٍ عِلۡمًاۚ عَلَى ٱللَّهِ تَوَكَّلۡنَاۚ رَبَّنَا ٱفۡتَحۡ بَيۡنَنَا وَبَيۡنَ قَوۡمِنَا بِٱلۡحَقِّ وَأَنتَ خَيۡرُ ٱلۡفَٰتِحِينَ
Аллаһ бізді / ұстанған / діндеріңнен құтқарғаннан кейін оған қайтсақ, онда Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырған / жала жапқан / боламыз. Бізге оған / діндеріңе / қайтуға мүлде болмайды, егер тек Раббымыз Аллаһтың қалауы болмаса. Раббымыз барлық нәрсені білімімен қамтыған. Біз Аллаһқа жүгініп, Оған өзімізді тапсырдық / тәуекел еттік / . Раббымыз! Біз бен еліміздің арасын ақиқатпен шешіп бер. Сен - шешім шығарушылардың ең қайырлысысың», - деді.
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلۡمَلَأُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن قَوۡمِهِۦ لَئِنِ ٱتَّبَعۡتُمۡ شُعَيۡبًا إِنَّكُمۡ إِذٗا لَّخَٰسِرُونَ
Әрі оның елінің күпір келтірген / қарсыкелген, имансыз / уәзірлері мен бектері / халқына! / «Егер Шұғайыпқа ерсеңдер, міндетті түрде зиянға ұшыраушы боласыңдар», - деді.
التفاسير العربية:
فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلرَّجۡفَةُ فَأَصۡبَحُواْ فِي دَارِهِمۡ جَٰثِمِينَ
Сонда оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпетімен жатқан күйі қалды.
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ شُعَيۡبٗا كَأَن لَّمۡ يَغۡنَوۡاْ فِيهَاۚ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ شُعَيۡبٗا كَانُواْ هُمُ ٱلۡخَٰسِرِينَ
Шұғайыпты өтірікші деп санағандар, ол жерде тіптен тұрмағандай болды. Шұғайыпты өтірікші санағандар - өздері зиянға ұшырады.
التفاسير العربية:
فَتَوَلَّىٰ عَنۡهُمۡ وَقَالَ يَٰقَوۡمِ لَقَدۡ أَبۡلَغۡتُكُمۡ رِسَٰلَٰتِ رَبِّي وَنَصَحۡتُ لَكُمۡۖ فَكَيۡفَ ءَاسَىٰ عَلَىٰ قَوۡمٖ كَٰفِرِينَ
Шұғайып олардан бетін бұрып: «Әй, елім! Ақиқатында, мен Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіздім әрі ізгі кеңес бердім. Енді кәпір адамдар үшін қалай қайғырамын?!» - деді.
التفاسير العربية:
وَمَآ أَرۡسَلۡنَا فِي قَرۡيَةٖ مِّن نَّبِيٍّ إِلَّآ أَخَذۡنَآ أَهۡلَهَا بِٱلۡبَأۡسَآءِ وَٱلضَّرَّآءِ لَعَلَّهُمۡ يَضَّرَّعُونَ
Қайсы бір елді мекенге Пайғамбар жібергенімізде, оның тұрғындарын бойсұнулары үшін таршылыққа және қиындыққа ұшыраттық.
التفاسير العربية:
ثُمَّ بَدَّلۡنَا مَكَانَ ٱلسَّيِّئَةِ ٱلۡحَسَنَةَ حَتَّىٰ عَفَواْ وَّقَالُواْ قَدۡ مَسَّ ءَابَآءَنَا ٱلضَّرَّآءُ وَٱلسَّرَّآءُ فَأَخَذۡنَٰهُم بَغۡتَةٗ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
Кейін жамандықтың орнына жақсылық әкелдік. Тіпті асып-тасығандары сонша: «Қиындық пен қуаныш әкелерімізге де келген еді», - деді. Сонда оларды өздері сезбеген хәлдерінде күтпеген жерден қолға алдық.
التفاسير العربية:

وَلَوۡ أَنَّ أَهۡلَ ٱلۡقُرَىٰٓ ءَامَنُواْ وَٱتَّقَوۡاْ لَفَتَحۡنَا عَلَيۡهِم بَرَكَٰتٖ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَٰكِن كَذَّبُواْ فَأَخَذۡنَٰهُم بِمَا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
Егер де ол мекендердің тұрғындары иманға келіп, тақуалық еткендерінде / Аллаһтың / жазасынан қорқып, сақтанғандарында / , онда Біз Оларға аспаннан да, жерден де берекелер ашып қоятын едік. Алайда олар өтірікке шығарғандықтан, істеп тапқандары / күнәлары / үшін оларды ұстадық.
التفاسير العربية:
أَفَأَمِنَ أَهۡلُ ٱلۡقُرَىٰٓ أَن يَأۡتِيَهُم بَأۡسُنَا بَيَٰتٗا وَهُمۡ نَآئِمُونَ
Елді мекендердің тұрғындары, азабымыз оларға түн ішінде, ұйқыда жатқандарында келуінен қауіпсіз болды ма?
التفاسير العربية:
أَوَأَمِنَ أَهۡلُ ٱلۡقُرَىٰٓ أَن يَأۡتِيَهُم بَأۡسُنَا ضُحٗى وَهُمۡ يَلۡعَبُونَ
Әлде, елді мекендердің тұрғындары азабымыз оларға сәскеде, ойнап жүрген кездерінде келуінен қауіпсіз болды ма?
التفاسير العربية:
أَفَأَمِنُواْ مَكۡرَ ٱللَّهِۚ فَلَا يَأۡمَنُ مَكۡرَ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡقَوۡمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Олар Аллаһтың амал-тәсілінен қауіптенбеді ме? Аллаһтың амал-тәсілінен зиянға ұшырайтын ел ғана қауіптенбейді.
التفاسير العربية:
أَوَلَمۡ يَهۡدِ لِلَّذِينَ يَرِثُونَ ٱلۡأَرۡضَ مِنۢ بَعۡدِ أَهۡلِهَآ أَن لَّوۡ نَشَآءُ أَصَبۡنَٰهُم بِذُنُوبِهِمۡۚ وَنَطۡبَعُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ فَهُمۡ لَا يَسۡمَعُونَ
Өздерінен алдыңғы тұрғындардан кейін жерге мирасқор болғандарға, егер қаласақ, оларды күнәлары үшін қиыншылыққа ұшырататынымызды көрсетпедік пе? Біз олардың жүректерін мөрлейміз де олар / ақиқатты / ести алмайтын болады.
التفاسير العربية:
تِلۡكَ ٱلۡقُرَىٰ نَقُصُّ عَلَيۡكَ مِنۡ أَنۢبَآئِهَاۚ وَلَقَدۡ جَآءَتۡهُمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَمَا كَانُواْ لِيُؤۡمِنُواْ بِمَا كَذَّبُواْ مِن قَبۡلُۚ كَذَٰلِكَ يَطۡبَعُ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِ ٱلۡكَٰفِرِينَ
!Ей, Мұхаммед! / Сол елді мекендердің кейбірінің хабарларын саған баян етеміз. Оларға елшілер анық дәлелдермен келген еді. Бірақ өздері бұрын өтірікке шығарғандарына олар сенбеді. Аллаһ кәпірлердің жүректерін осылай мөрлейді.
التفاسير العربية:
وَمَا وَجَدۡنَا لِأَكۡثَرِهِم مِّنۡ عَهۡدٖۖ وَإِن وَجَدۡنَآ أَكۡثَرَهُمۡ لَفَٰسِقِينَ
Олардың көпшілігінің сертін / сақтағанын / таппадық. Әрі олардың көбінің бұзық / бойсұнбаушы / екенін көрдік.
التفاسير العربية:
ثُمَّ بَعَثۡنَا مِنۢ بَعۡدِهِم مُّوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ وَمَلَإِيْهِۦ فَظَلَمُواْ بِهَاۖ فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Кейін, олардан соң Мұсаны белгі-дәлелдерімізбен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жібердік. Сонда олар ол белгілерге әділетсіздік істеді. Бұзу-бүлдірушілік істеушілердің соңы немен біткеніне назар сал!
التفاسير العربية:
وَقَالَ مُوسَىٰ يَٰفِرۡعَوۡنُ إِنِّي رَسُولٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Мұса: «Ей, Фиръаун! Ақиқатында, мен - әлемдердің Раббысынан / жіберілген / Елшімін!
التفاسير العربية:

حَقِيقٌ عَلَىٰٓ أَن لَّآ أَقُولَ عَلَى ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡحَقَّۚ قَدۡ جِئۡتُكُم بِبَيِّنَةٖ مِّن رَّبِّكُمۡ فَأَرۡسِلۡ مَعِيَ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ
Аллаһ жайлы ақиқатты ғана айтуға міндеттімін. Сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел әкелдім. Исраил ұрпақтарын менімен бірге жібер», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ إِن كُنتَ جِئۡتَ بِـَٔايَةٖ فَأۡتِ بِهَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
Фиръаун: «Егер сен бір белгімен келсең, бізге оны келтір, егер шын сөзділерден болсаң», - деді.
التفاسير العربية:
فَأَلۡقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعۡبَانٞ مُّبِينٞ
Сонда ол таяғын тастады. Сол бойда ол анық жыланға айналды.
التفاسير العربية:
وَنَزَعَ يَدَهُۥ فَإِذَا هِيَ بَيۡضَآءُ لِلنَّـٰظِرِينَ
Әрі қолын шығарды, ол қарап тұрғандарға аппақ болып көрінді.
التفاسير العربية:
قَالَ ٱلۡمَلَأُ مِن قَوۡمِ فِرۡعَوۡنَ إِنَّ هَٰذَا لَسَٰحِرٌ عَلِيمٞ
Фиръаун қауымының билері мен бектері: «Шынында да бұл білгір сиқыршы екен.
التفاسير العربية:
يُرِيدُ أَن يُخۡرِجَكُم مِّنۡ أَرۡضِكُمۡۖ فَمَاذَا تَأۡمُرُونَ
Ол сендерді жерлеріңнен шығарып жіберуді қалайды» / ,- деді / . / Фиръаун / : «Енді не дейсіңдер?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالُوٓاْ أَرۡجِهۡ وَأَخَاهُ وَأَرۡسِلۡ فِي ٱلۡمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ
Олар: «Сен оны және бауырын тоқтатып, қалаларға жинаушыларды жібер.
التفاسير العربية:
يَأۡتُوكَ بِكُلِّ سَٰحِرٍ عَلِيمٖ
Олар саған бүкіл білгір сиқыршыларды келтірсін», - деді.
التفاسير العربية:
وَجَآءَ ٱلسَّحَرَةُ فِرۡعَوۡنَ قَالُوٓاْ إِنَّ لَنَا لَأَجۡرًا إِن كُنَّا نَحۡنُ ٱلۡغَٰلِبِينَ
Сонда сиқыршылар Фиръаунға келіп: «Егер жеңіп шықсақ, бізге сыйақы бола ма?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ نَعَمۡ وَإِنَّكُمۡ لَمِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ
/ Фиръаун / : «Иә, әрине, сендер / маған / жақындатылғандардан боласыңдар», деді.
التفاسير العربية:
قَالُواْ يَٰمُوسَىٰٓ إِمَّآ أَن تُلۡقِيَ وَإِمَّآ أَن نَّكُونَ نَحۡنُ ٱلۡمُلۡقِينَ
/ сиқыршылар / : «Ей, Мұса! Сен тастайсың ба, әлде біз тастайық па?» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ أَلۡقُواْۖ فَلَمَّآ أَلۡقَوۡاْ سَحَرُوٓاْ أَعۡيُنَ ٱلنَّاسِ وَٱسۡتَرۡهَبُوهُمۡ وَجَآءُو بِسِحۡرٍ عَظِيمٖ
/ Мұса / : «Сендер тастаңдар», - деді. Олар / қолдарындағыны / тастаған кезде, адамдардың көздерін сиқырлап, оларда үрей тудырды әрі үлкен сиқыр келтірді / көрсетті / .
التفاسير العربية:
۞وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنۡ أَلۡقِ عَصَاكَۖ فَإِذَا هِيَ تَلۡقَفُ مَا يَأۡفِكُونَ
/ Сонда / Біз Мұсаға: «Таяғыңды таста», - деп уахи еттік. Сол кезде ол / таяғы / , олардың / көзді алдап / көрінген, жасанды нәрселерін жалмай бастады.
التفاسير العربية:
فَوَقَعَ ٱلۡحَقُّ وَبَطَلَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Ақиқат орнап, олардың істегендерінің өтірігі ашылды.
التفاسير العربية:
فَغُلِبُواْ هُنَالِكَ وَٱنقَلَبُواْ صَٰغِرِينَ
Олар сол жерде жеңіліп, қор болғандарға айналды.
التفاسير العربية:
وَأُلۡقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سَٰجِدِينَ
Сонда сиқыршылар сәждеге жығылып:
التفاسير العربية:

قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
«Әлемдердің Раббысына сендік,
التفاسير العربية:
رَبِّ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
Мұса және Һарунның Раббысына!» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ فِرۡعَوۡنُ ءَامَنتُم بِهِۦ قَبۡلَ أَنۡ ءَاذَنَ لَكُمۡۖ إِنَّ هَٰذَا لَمَكۡرٞ مَّكَرۡتُمُوهُ فِي ٱلۡمَدِينَةِ لِتُخۡرِجُواْ مِنۡهَآ أَهۡلَهَاۖ فَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَ
Фиръаун: «Сендер оған менің рұқсатымсыз сендіңдер ме? Негізінде, бұл - осы қаладан оның тұрғындарын шығару үшін ойластырған, - сендердің бір құлықтарың. Жақында білесіңдер!
التفاسير العربية:
لَأُقَطِّعَنَّ أَيۡدِيَكُمۡ وَأَرۡجُلَكُم مِّنۡ خِلَٰفٖ ثُمَّ لَأُصَلِّبَنَّكُمۡ أَجۡمَعِينَ
«Мен сендердің қолдарың мен аяқтарыңды айқыштап / оң қол сол аяқ,сол қол оң аяқ / кесемін, содан кейін бәріңді керіп тастаймын», - деді.
التفاسير العربية:
قَالُوٓاْ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا مُنقَلِبُونَ
/ Сиқыршылар / : «Ақиқатында, біз - Раббымызға қайтушымыз.
التفاسير العربية:
وَمَا تَنقِمُ مِنَّآ إِلَّآ أَنۡ ءَامَنَّا بِـَٔايَٰتِ رَبِّنَا لَمَّا جَآءَتۡنَاۚ رَبَّنَآ أَفۡرِغۡ عَلَيۡنَا صَبۡرٗا وَتَوَفَّنَا مُسۡلِمِينَ
Сен бізден Раббымыздың белгілері келген кезде, оған сенгеніміз үшін ғана өш алып отырсың. Раббымыз! Бізге сабыр түсір әрі бізді / жанымызды / Мұсылман / бойсұнушы / күйімізде ал», - деді.
التفاسير العربية:
وَقَالَ ٱلۡمَلَأُ مِن قَوۡمِ فِرۡعَوۡنَ أَتَذَرُ مُوسَىٰ وَقَوۡمَهُۥ لِيُفۡسِدُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَيَذَرَكَ وَءَالِهَتَكَۚ قَالَ سَنُقَتِّلُ أَبۡنَآءَهُمۡ وَنَسۡتَحۡيِۦ نِسَآءَهُمۡ وَإِنَّا فَوۡقَهُمۡ قَٰهِرُونَ
Фиръаун елінің бектері: «СенМұсаны және оның елін жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істеулері үшін, әрі сені және сенің құдайларыңды тастауы үшін қоя бересің бе?» - деді. / Фиръаун / : «Біз олардың ұл балаларын өлтіріп отырамыз да әйелдерін тірі қалдырамыз. Әрі, ақиқатында, біз олардан үстембіз», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ مُوسَىٰ لِقَوۡمِهِ ٱسۡتَعِينُواْ بِٱللَّهِ وَٱصۡبِرُوٓاْۖ إِنَّ ٱلۡأَرۡضَ لِلَّهِ يُورِثُهَا مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦۖ وَٱلۡعَٰقِبَةُ لِلۡمُتَّقِينَ
Мұса еліне: «Аллаһтан жәрдем тілеңдер және сабыр етіңдер. Шын мәнінде, жер - Аллаһтікі. Ол оны құлдарынан Өзі қалағанға мұраға береді. Соңғы нәтиже тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін», - деді.
التفاسير العربية:
قَالُوٓاْ أُوذِينَا مِن قَبۡلِ أَن تَأۡتِيَنَا وَمِنۢ بَعۡدِ مَا جِئۡتَنَاۚ قَالَ عَسَىٰ رَبُّكُمۡ أَن يُهۡلِكَ عَدُوَّكُمۡ وَيَسۡتَخۡلِفَكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرَ كَيۡفَ تَعۡمَلُونَ
/ Исраилдіктер / : «Бізге сен келместен бұрын да және сен келгеннен кейін де зәбір көрсетілуде!» - деді. / Мұса / : «Мүмкін, сендердің Раббың дұшпандарыңды құртып, қалай амал жасайтындарыңды бақылауы үшін сендерді / бұл / жерде / олардың / орнын басушы етеді», - деді.
التفاسير العربية:
وَلَقَدۡ أَخَذۡنَآ ءَالَ فِرۡعَوۡنَ بِٱلسِّنِينَ وَنَقۡصٖ مِّنَ ٱلثَّمَرَٰتِ لَعَلَّهُمۡ يَذَّكَّرُونَ
Біз Фиръаунның әулетін, олар ескерту алуы үшін құрғақшылық жылдармен және өнімдерді кемітумен қолға алдық.
التفاسير العربية:

فَإِذَا جَآءَتۡهُمُ ٱلۡحَسَنَةُ قَالُواْ لَنَا هَٰذِهِۦۖ وَإِن تُصِبۡهُمۡ سَيِّئَةٞ يَطَّيَّرُواْ بِمُوسَىٰ وَمَن مَّعَهُۥٓۗ أَلَآ إِنَّمَا طَـٰٓئِرُهُمۡ عِندَ ٱللَّهِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Қашан оларға бір жақсылық келсе: «бұл - біздің хақымыз», - деді. Егер оларға! бір жамандық жетсе, оны Мұса және онымен | бірге болғандардан деп санайды. Шын мәнінде оларға келген нәрсе - Аллаһта. Алайда олардың көпшілігі білмейді.
التفاسير العربية:
وَقَالُواْ مَهۡمَا تَأۡتِنَا بِهِۦ مِنۡ ءَايَةٖ لِّتَسۡحَرَنَا بِهَا فَمَا نَحۡنُ لَكَ بِمُؤۡمِنِينَ
Олар: «Сен бізге, бізді сиқырлау үшін1 қандайда бір белгі-мұғжиза әкелсең де біз [ саған сенбейміз», - деді.
التفاسير العربية:
فَأَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمُ ٱلطُّوفَانَ وَٱلۡجَرَادَ وَٱلۡقُمَّلَ وَٱلضَّفَادِعَ وَٱلدَّمَ ءَايَٰتٖ مُّفَصَّلَٰتٖ فَٱسۡتَكۡبَرُواْ وَكَانُواْ قَوۡمٗا مُّجۡرِمِينَ
Біз оларға анық көрсетілген белгі-мұғжизаларды: шегіртке, бит, құрбақа және қан жібердік. Бірақ олар менменсіп, өздерін жоғары санады әрі олар қылмыскер ел еді.
التفاسير العربية:
وَلَمَّا وَقَعَ عَلَيۡهِمُ ٱلرِّجۡزُ قَالُواْ يَٰمُوسَى ٱدۡعُ لَنَا رَبَّكَ بِمَا عَهِدَ عِندَكَۖ لَئِن كَشَفۡتَ عَنَّا ٱلرِّجۡزَ لَنُؤۡمِنَنَّ لَكَ وَلَنُرۡسِلَنَّ مَعَكَ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ
Олар өздеріне азап түскен кезде: «Ей,' Мұса! Өзіңе берген уәдесі бойынша, Раббыңнан біз үшін тіле. Егер бізден азапты кетірсең, саған сенеміз және Исраил ұрпақтарын сенімен бірге жібереміз», - деді.
التفاسير العربية:
فَلَمَّا كَشَفۡنَا عَنۡهُمُ ٱلرِّجۡزَ إِلَىٰٓ أَجَلٍ هُم بَٰلِغُوهُ إِذَا هُمۡ يَنكُثُونَ
Ал сонда олардан азапты олар жететін бір мерзімге дейін кетірген кезімізде, олар уәдені бұзып отырды.
التفاسير العربية:
فَٱنتَقَمۡنَا مِنۡهُمۡ فَأَغۡرَقۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡيَمِّ بِأَنَّهُمۡ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَكَانُواْ عَنۡهَا غَٰفِلِينَ
Міне, сонда белгілерімізді өтірік санағандары және оған немқұрайлы болғандары үшін олардан кек алып теңізге батырдық.
التفاسير العربية:
وَأَوۡرَثۡنَا ٱلۡقَوۡمَ ٱلَّذِينَ كَانُواْ يُسۡتَضۡعَفُونَ مَشَٰرِقَ ٱلۡأَرۡضِ وَمَغَٰرِبَهَا ٱلَّتِي بَٰرَكۡنَا فِيهَاۖ وَتَمَّتۡ كَلِمَتُ رَبِّكَ ٱلۡحُسۡنَىٰ عَلَىٰ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ بِمَا صَبَرُواْۖ وَدَمَّرۡنَا مَا كَانَ يَصۡنَعُ فِرۡعَوۡنُ وَقَوۡمُهُۥ وَمَا كَانُواْ يَعۡرِشُونَ
Әлсіз саналған / езілген / елді Өзіміз берекелі еткен жердің шығыс жақтары мен батыс жақтарына мұрагер еттік. Исраил ұрпақтарына, сабырлық қылғандары үшін Раббыңның берген игі сөзі орындалды. Сөйтіп, Біз Фиръаун және оның елінің жасағандарын және олардың тұрғызғандарын қираттық.
التفاسير العربية:

وَجَٰوَزۡنَا بِبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱلۡبَحۡرَ فَأَتَوۡاْ عَلَىٰ قَوۡمٖ يَعۡكُفُونَ عَلَىٰٓ أَصۡنَامٖ لَّهُمۡۚ قَالُواْ يَٰمُوسَى ٱجۡعَل لَّنَآ إِلَٰهٗا كَمَا لَهُمۡ ءَالِهَةٞۚ قَالَ إِنَّكُمۡ قَوۡمٞ تَجۡهَلُونَ
Біз Исраил ұрпақтарын теңізден алып өттік. Сонда олар пұттарына табынып жатқан бір елге келді. / Исраилдықтар / : «Ей, Мұса! Мыналардың құдайлары сияқты, бізге де бір құдай жасап бер», - деді. / Мұса / : «Негізінде, сендер білмейтін / надан / ел екенсіңдер.
التفاسير العربية:
إِنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ مُتَبَّرٞ مَّا هُمۡ فِيهِ وَبَٰطِلٞ مَّا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Бұлардың табынып, ұстанғаны жойылады, олардың жасаған амалдарының бәрі өтірік», - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ أَغَيۡرَ ٱللَّهِ أَبۡغِيكُمۡ إِلَٰهٗا وَهُوَ فَضَّلَكُمۡ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ
/ Мұса / : «Аллаһ сендерді әлемдерден артық еткен бола тұрып, сендер үшін Одан басқа құдай іздейін бе?» - деді.
التفاسير العربية:
وَإِذۡ أَنجَيۡنَٰكُم مِّنۡ ءَالِ فِرۡعَوۡنَ يَسُومُونَكُمۡ سُوٓءَ ٱلۡعَذَابِ يُقَتِّلُونَ أَبۡنَآءَكُمۡ وَيَسۡتَحۡيُونَ نِسَآءَكُمۡۚ وَفِي ذَٰلِكُم بَلَآءٞ مِّن رَّبِّكُمۡ عَظِيمٞ
Кезінде, Біз сендерді ұл балаларыңды өлтіріп, әйелдеріңді тірі қалдырып, азаптың ең жаманына салып отырған Фиръаун әулетінен құтқарғанымызды естеріңе алыңдар / Ей, Исраил ұрпақтары / . Міне, осыларда өздеріңнің Раббыңнан үлкен сынақ бар.
التفاسير العربية:
۞وَوَٰعَدۡنَا مُوسَىٰ ثَلَٰثِينَ لَيۡلَةٗ وَأَتۡمَمۡنَٰهَا بِعَشۡرٖ فَتَمَّ مِيقَٰتُ رَبِّهِۦٓ أَرۡبَعِينَ لَيۡلَةٗۚ وَقَالَ مُوسَىٰ لِأَخِيهِ هَٰرُونَ ٱخۡلُفۡنِي فِي قَوۡمِي وَأَصۡلِحۡ وَلَا تَتَّبِعۡ سَبِيلَ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Әрі Біз Мұсаға отыз түн / белгілеп / , уәде еттік. Кейін оны онмен толықтырдық. Оның Раббысы белгілеген уақыт қырық түнге толды. Мұса бауыры Һарунға: «Елде менің орныма қалып түзуле / туралыққа шақыр / және бұзушы-бүлдірушілердің жолына ерме», деді.
التفاسير العربية:
وَلَمَّا جَآءَ مُوسَىٰ لِمِيقَٰتِنَا وَكَلَّمَهُۥ رَبُّهُۥ قَالَ رَبِّ أَرِنِيٓ أَنظُرۡ إِلَيۡكَۚ قَالَ لَن تَرَىٰنِي وَلَٰكِنِ ٱنظُرۡ إِلَى ٱلۡجَبَلِ فَإِنِ ٱسۡتَقَرَّ مَكَانَهُۥ فَسَوۡفَ تَرَىٰنِيۚ فَلَمَّا تَجَلَّىٰ رَبُّهُۥ لِلۡجَبَلِ جَعَلَهُۥ دَكّٗا وَخَرَّ مُوسَىٰ صَعِقٗاۚ فَلَمَّآ أَفَاقَ قَالَ سُبۡحَٰنَكَ تُبۡتُ إِلَيۡكَ وَأَنَا۠ أَوَّلُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Әрі Мұса Біз белгілеген уақытқа келгенде, Раббысы онымен сөйлесті. Сон­да ол: «Раббым! Маған Өзіңді көрсетші, Саған қарайын», - деді. / Аллаһ / : «Сен Мені көре алмайсың, бірақ тауға қара, егер ол өз орнында қалса, сонда Мені көре аласың»,-деді. Раббысы тауға тәжәлли болған / Өзіне ғана мәлім сипатта көрінген / сәтте, оны күл-талқан етті, ал Мұса есінен танып құлады. Ол есін жиған соң: «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің, тәубе келтірдім / істеген күнәма шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайттым / , әрі мен иманға келгендердің алғашқысымын», - деді.
التفاسير العربية:

قَالَ يَٰمُوسَىٰٓ إِنِّي ٱصۡطَفَيۡتُكَ عَلَى ٱلنَّاسِ بِرِسَٰلَٰتِي وَبِكَلَٰمِي فَخُذۡ مَآ ءَاتَيۡتُكَ وَكُن مِّنَ ٱلشَّـٰكِرِينَ
/ Аллаһ / : «Ей, Мұса! Мен сені адамдардың үстіне елшілікке әрі сөз айтуыма таңдадым. Ендеше өзіңе бергенімді ал және шүкір етушілерден / берген игіліктерім үшін алғыс білдірушілерден / бол», - деді.
التفاسير العربية:
وَكَتَبۡنَا لَهُۥ فِي ٱلۡأَلۡوَاحِ مِن كُلِّ شَيۡءٖ مَّوۡعِظَةٗ وَتَفۡصِيلٗا لِّكُلِّ شَيۡءٖ فَخُذۡهَا بِقُوَّةٖ وَأۡمُرۡ قَوۡمَكَ يَأۡخُذُواْ بِأَحۡسَنِهَاۚ سَأُوْرِيكُمۡ دَارَ ٱلۡفَٰسِقِينَ
Біз оған әрбір нәрсені насихат етіп және әрбір нәрсенің анық түсіндірмесін тақтайшаларға жазып бердік. Мұсаға. «Оны мықты ұста және еліңе оның ең жақсысын ұстануларын бұйыр», - деді. Жақында сендер­ге бұзықтардың / бойсұнбаушылардың / мекенін көрсетемін.
التفاسير العربية:
سَأَصۡرِفُ عَنۡ ءَايَٰتِيَ ٱلَّذِينَ يَتَكَبَّرُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَإِن يَرَوۡاْ كُلَّ ءَايَةٖ لَّا يُؤۡمِنُواْ بِهَا وَإِن يَرَوۡاْ سَبِيلَ ٱلرُّشۡدِ لَا يَتَّخِذُوهُ سَبِيلٗا وَإِن يَرَوۡاْ سَبِيلَ ٱلۡغَيِّ يَتَّخِذُوهُ سَبِيلٗاۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَكَانُواْ عَنۡهَا غَٰفِلِينَ
Жер бетінде өздерін, құқығы болмаса да жоғары санағандарды белгілерімнен теріс бұрамын. Олар қандай да бір белгіні көрсе, оған сенбейді. Егер түзу жолды көрсе, оны жол етіп ұстанбайды. Ал, адасу жолын көрсе, соны өздеріне жол етіп алады. бұл олардың белгілерімізді өтірікке шығарғандары әрі одан қаперсіз, немқұрайлы болғандары себепті.
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَلِقَآءِ ٱلۡأٓخِرَةِ حَبِطَتۡ أَعۡمَٰلُهُمۡۚ هَلۡ يُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Белгілерімізді және соңғы, мәңгілік өмірдегі Ақиреттегі кездесуді өтірік санағандардың амалдары зая кетті. Оларға істеп өткендерінен басқа қайтарымы беріле ме?
التفاسير العربية:
وَٱتَّخَذَ قَوۡمُ مُوسَىٰ مِنۢ بَعۡدِهِۦ مِنۡ حُلِيِّهِمۡ عِجۡلٗا جَسَدٗا لَّهُۥ خُوَارٌۚ أَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّهُۥ لَا يُكَلِّمُهُمۡ وَلَا يَهۡدِيهِمۡ سَبِيلًاۘ ٱتَّخَذُوهُ وَكَانُواْ ظَٰلِمِينَ
Мұсаның елі - ол кеткеннен кейін әшекей заттарынан ыңыранған үн шығаратын бұзаудың мүсінін жасап алды. Олар оның / мүсіннің / өздеріне сөйлемейтінін әрі тура жол көрсетпейтінін көрмеді ме? Олар оны / құдай / тұтып әділетсіздерден болды.
التفاسير العربية:
وَلَمَّا سُقِطَ فِيٓ أَيۡدِيهِمۡ وَرَأَوۡاْ أَنَّهُمۡ قَدۡ ضَلُّواْ قَالُواْ لَئِن لَّمۡ يَرۡحَمۡنَا رَبُّنَا وَيَغۡفِرۡ لَنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
Олар қолдары төмен түскен / қатты өкінген және өздерінің анық адасқандарын көрген кезде: «Егер Раббымыз бізге мейірім етпесе және кешірмесе, әлбетте, зиян көрушілерден боламыз», - деді.
التفاسير العربية:

وَلَمَّا رَجَعَ مُوسَىٰٓ إِلَىٰ قَوۡمِهِۦ غَضۡبَٰنَ أَسِفٗا قَالَ بِئۡسَمَا خَلَفۡتُمُونِي مِنۢ بَعۡدِيٓۖ أَعَجِلۡتُمۡ أَمۡرَ رَبِّكُمۡۖ وَأَلۡقَى ٱلۡأَلۡوَاحَ وَأَخَذَ بِرَأۡسِ أَخِيهِ يَجُرُّهُۥٓ إِلَيۡهِۚ قَالَ ٱبۡنَ أُمَّ إِنَّ ٱلۡقَوۡمَ ٱسۡتَضۡعَفُونِي وَكَادُواْ يَقۡتُلُونَنِي فَلَا تُشۡمِتۡ بِيَ ٱلۡأَعۡدَآءَ وَلَا تَجۡعَلۡنِي مَعَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Мұса еліне ашуланған әрі күйінген халде оралып: «Менен кейін істегендерің неткен жаман еді. Раббыңыздың әмірін тездеткілерің келді ме?» - деді. Сөйтіп, / қолындағы / тақтайларды тастап жіберді де, бауырының басынан ұстап, оны өзіне қарай тартты. / Һарун / : «Әй, анамның ұлы! Негізінде, бұл ел мені басынып, өлтіре жаздады. Сондықтан мені дұшпандарға таба қылма әрі әділетсіз адамдармен бір деп есептеме!» - деді.
التفاسير العربية:
قَالَ رَبِّ ٱغۡفِرۡ لِي وَلِأَخِي وَأَدۡخِلۡنَا فِي رَحۡمَتِكَۖ وَأَنتَ أَرۡحَمُ ٱلرَّـٰحِمِينَ
/ Мұса / : «Раббым! Мені және бауырымды кешір әрі бізді Өз мейіріміңе кіргізе гөр! Сен мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің», - деді.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُواْ ٱلۡعِجۡلَ سَيَنَالُهُمۡ غَضَبٞ مِّن رَّبِّهِمۡ وَذِلَّةٞ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۚ وَكَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُفۡتَرِينَ
Күдіксіз, бұзауды / құдай етіп / алғандар, жақында Раббысының ашуына және осы өмірде қорлыққа ұшырайды. Өтірікті құрастырушылардың қайтарым жазасын Біз осылай береміз.
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِينَ عَمِلُواْ ٱلسَّيِّـَٔاتِ ثُمَّ تَابُواْ مِنۢ بَعۡدِهَا وَءَامَنُوٓاْ إِنَّ رَبَّكَ مِنۢ بَعۡدِهَا لَغَفُورٞ رَّحِيمٞ
Ал, жаман істер жасап, одан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубе етіп әрі иманға келген болса, ақиқатында, Раббың - содан кейін де өте Кешірімді , ерекше Мейірімді. @مصحح
Ал, жаман істер жасап, одан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубе етіп әрі иманға келген болса, ақиқатында, Раббың - содан кейін де өте Кешірімді / Ғафур / , ерекше Мейірімді / Рахим / .
التفاسير العربية:
وَلَمَّا سَكَتَ عَن مُّوسَى ٱلۡغَضَبُ أَخَذَ ٱلۡأَلۡوَاحَۖ وَفِي نُسۡخَتِهَا هُدٗى وَرَحۡمَةٞ لِّلَّذِينَ هُمۡ لِرَبِّهِمۡ يَرۡهَبُونَ
Мұсаның ашуы басылған кезде, ол тақтайларды қолына алды. Онда тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін / тура жолға / басшылық және мейірім бар еді.
التفاسير العربية:
وَٱخۡتَارَ مُوسَىٰ قَوۡمَهُۥ سَبۡعِينَ رَجُلٗا لِّمِيقَٰتِنَاۖ فَلَمَّآ أَخَذَتۡهُمُ ٱلرَّجۡفَةُ قَالَ رَبِّ لَوۡ شِئۡتَ أَهۡلَكۡتَهُم مِّن قَبۡلُ وَإِيَّـٰيَۖ أَتُهۡلِكُنَا بِمَا فَعَلَ ٱلسُّفَهَآءُ مِنَّآۖ إِنۡ هِيَ إِلَّا فِتۡنَتُكَ تُضِلُّ بِهَا مَن تَشَآءُ وَتَهۡدِي مَن تَشَآءُۖ أَنتَ وَلِيُّنَا فَٱغۡفِرۡ لَنَا وَٱرۡحَمۡنَاۖ وَأَنتَ خَيۡرُ ٱلۡغَٰفِرِينَ
Әрі Мұса Біз белгілеген уақытқа қауымынан жетпіс кісіні таңдап алды. Оларға бір сілкініс тұтқан кезде, / Мұса / : «Раббым! Егер де қаласаң оларды және мені бұрын жоқ етер едің. Сен бізді жетесіздеріміздің істегені үшін жоясың ба? Негізінде бұл - Сенің сынағың ғана. Ол арқылы Сен қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға түсіресің. Сен - біздің Қамқоршымызсың! Бізді кешір әрі бізге рақым ет! Кешірушілердің ең қайырлысы - Сенсің.
التفاسير العربية:

۞وَٱكۡتُبۡ لَنَا فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٗ وَفِي ٱلۡأٓخِرَةِ إِنَّا هُدۡنَآ إِلَيۡكَۚ قَالَ عَذَابِيٓ أُصِيبُ بِهِۦ مَنۡ أَشَآءُۖ وَرَحۡمَتِي وَسِعَتۡ كُلَّ شَيۡءٖۚ فَسَأَكۡتُبُهَا لِلَّذِينَ يَتَّقُونَ وَيُؤۡتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَٱلَّذِينَ هُم بِـَٔايَٰتِنَا يُؤۡمِنُونَ
Бізге осы өмірде жақсылық жаза гөр және соңғы, мәңгілік өмірде де Ақиретте де / Біз істеген күнәмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайттық / тәубеге келдік / »,-деді. / Аллаһ / : «Мен кімді қаласам азабыма ұшыратамын. Ал мейірімім барлық нәрсені қамтиды. Мен оны тақуалық ететіндерге / жазамнан қорқып, сақтанатындарға / , зекетті беретіндерге және аяттарымызға сенетіндерге жазамын,
التفاسير العربية:
ٱلَّذِينَ يَتَّبِعُونَ ٱلرَّسُولَ ٱلنَّبِيَّ ٱلۡأُمِّيَّ ٱلَّذِي يَجِدُونَهُۥ مَكۡتُوبًا عِندَهُمۡ فِي ٱلتَّوۡرَىٰةِ وَٱلۡإِنجِيلِ يَأۡمُرُهُم بِٱلۡمَعۡرُوفِ وَيَنۡهَىٰهُمۡ عَنِ ٱلۡمُنكَرِ وَيُحِلُّ لَهُمُ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَيُحَرِّمُ عَلَيۡهِمُ ٱلۡخَبَـٰٓئِثَ وَيَضَعُ عَنۡهُمۡ إِصۡرَهُمۡ وَٱلۡأَغۡلَٰلَ ٱلَّتِي كَانَتۡ عَلَيۡهِمۡۚ فَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِهِۦ وَعَزَّرُوهُ وَنَصَرُوهُ وَٱتَّبَعُواْ ٱلنُّورَ ٱلَّذِيٓ أُنزِلَ مَعَهُۥٓ أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُفۡلِحُونَ
солар, оқу-жазу білмеген Пайғамбарға / Нәбиге / - өздеріндегі Тәурат пен Інжілде ол туралы жазылғанын табатын - Елшіге / Расулға / ереді. Ол / Елші / оларды құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Оларға жақсы нәрселерге рұқсат беріп, жаман нәрселерге тыйым салады. Оларды үстеріндегі жүктен және бұғауларынан арылтады. Оған сенген, құрмет көрсеткен, жәрдем берген және онымен бірге түсірілген нұрға / Құранға / ергендер, міне солар - жетістікке жетушілер», - деді.
التفاسير العربية:
قُلۡ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنِّي رَسُولُ ٱللَّهِ إِلَيۡكُمۡ جَمِيعًا ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ فَـَٔامِنُواْ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِ ٱلنَّبِيِّ ٱلۡأُمِّيِّ ٱلَّذِي يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ وَكَلِمَٰتِهِۦ وَٱتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمۡ تَهۡتَدُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, адамдар! Ақиқатында мен - сендердің барлығыңа / жіберілген / Аллаһтың Елшісімін. Аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Тура жол табу үшін Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісіне, - Аллаһқа әрі Оның сөздеріне сенуші, оқу жазуды білмейтін, Пайғамбарға - сеніңдер және оған еріндер», - деп.
التفاسير العربية:
وَمِن قَوۡمِ مُوسَىٰٓ أُمَّةٞ يَهۡدُونَ بِٱلۡحَقِّ وَبِهِۦ يَعۡدِلُونَ
Мұсаның елінің ішінде де ақиқатпен тура жолға бастайтын әрі онымен әділдік ететін бір топ бар.
التفاسير العربية:

وَقَطَّعۡنَٰهُمُ ٱثۡنَتَيۡ عَشۡرَةَ أَسۡبَاطًا أُمَمٗاۚ وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ إِذِ ٱسۡتَسۡقَىٰهُ قَوۡمُهُۥٓ أَنِ ٱضۡرِب بِّعَصَاكَ ٱلۡحَجَرَۖ فَٱنۢبَجَسَتۡ مِنۡهُ ٱثۡنَتَا عَشۡرَةَ عَيۡنٗاۖ قَدۡ عَلِمَ كُلُّ أُنَاسٖ مَّشۡرَبَهُمۡۚ وَظَلَّلۡنَا عَلَيۡهِمُ ٱلۡغَمَٰمَ وَأَنزَلۡنَا عَلَيۡهِمُ ٱلۡمَنَّ وَٱلسَّلۡوَىٰۖ كُلُواْ مِن طَيِّبَٰتِ مَا رَزَقۡنَٰكُمۡۚ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ
Біз оларды он екі ру елге бөлдік. Мұсадан халқы су сұраған кезде, оған: «Таяғыңмен тасты ұр» - деп уахи еттік. Сонда одан / тастан / он екі бұлақ жарып шығып, адамдардың әрбірі өз суатын білетін болды. Оларға бұлтты көлеңке етіп, мәнн және сәлуәні / көктен түсірілген тәтті тағам / түсірдік те: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», - дедік. Олар бізге әділетсіздік етпеді, алайда олар өздеріне әділетсіздік еткен еді.
التفاسير العربية:
وَإِذۡ قِيلَ لَهُمُ ٱسۡكُنُواْ هَٰذِهِ ٱلۡقَرۡيَةَ وَكُلُواْ مِنۡهَا حَيۡثُ شِئۡتُمۡ وَقُولُواْ حِطَّةٞ وَٱدۡخُلُواْ ٱلۡبَابَ سُجَّدٗا نَّغۡفِرۡ لَكُمۡ خَطِيٓـَٰٔتِكُمۡۚ سَنَزِيدُ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Кезінде Оларға: «Осы кентте тұрыңдар, оның кез келген жерінен ұнатқандарыңды жеңдер, «Хытта» / күнәмізді кешір / - деп, қақпадан сәжде жасаған күйде кіріңдер. Біз қателіктеріңді кешіреміз және жақсылықты ықыласпен істеушілерге арттырып береміз», деп айтылды.
التفاسير العربية:
فَبَدَّلَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ مِنۡهُمۡ قَوۡلًا غَيۡرَ ٱلَّذِي قِيلَ لَهُمۡ فَأَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ رِجۡزٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ بِمَا كَانُواْ يَظۡلِمُونَ
Олардың арасындағы әділетсіздік еткендер, өздеріне айтылған сөзді басқаға ауыстырды. Сонда Біз Оларға әділетсіздік еткендіктері үшін аспаннан азап жібердік.
التفاسير العربية:
وَسۡـَٔلۡهُمۡ عَنِ ٱلۡقَرۡيَةِ ٱلَّتِي كَانَتۡ حَاضِرَةَ ٱلۡبَحۡرِ إِذۡ يَعۡدُونَ فِي ٱلسَّبۡتِ إِذۡ تَأۡتِيهِمۡ حِيتَانُهُمۡ يَوۡمَ سَبۡتِهِمۡ شُرَّعٗا وَيَوۡمَ لَا يَسۡبِتُونَ لَا تَأۡتِيهِمۡۚ كَذَٰلِكَ نَبۡلُوهُم بِمَا كَانُواْ يَفۡسُقُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Олардан теңіз маңында болған ауыл туралы сұра. Сол кезде олар сенбі күнгі тыйымға катысты шектен шығушы еді. Оларға сенбі күні балықтар ашық келіп, ал сенбі күнгі тыйымды ұстанбайтын өзге күндері келмейтін еді. Біз оларды бұзық болғандықтары / бойсұнбағандықтары / үшін осылай сынаймыз.
التفاسير العربية:

وَإِذۡ قَالَتۡ أُمَّةٞ مِّنۡهُمۡ لِمَ تَعِظُونَ قَوۡمًا ٱللَّهُ مُهۡلِكُهُمۡ أَوۡ مُعَذِّبُهُمۡ عَذَابٗا شَدِيدٗاۖ قَالُواْ مَعۡذِرَةً إِلَىٰ رَبِّكُمۡ وَلَعَلَّهُمۡ يَتَّقُونَ
Сол кезде олардың бір бөлігі: «Аллаһ құртатын немесе қатты азаппен азаптайтын адамдарды сендер не үшін үгіттейсіңдер?» - деді. Олар. «Раббыңыздың алдында ақталуымыз үшін / насихат етеміз!.Мүмкін олар Аллаһтан қорқып сақтанар», - деді.
التفاسير العربية:
فَلَمَّا نَسُواْ مَا ذُكِّرُواْ بِهِۦٓ أَنجَيۡنَا ٱلَّذِينَ يَنۡهَوۡنَ عَنِ ٱلسُّوٓءِ وَأَخَذۡنَا ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ بِعَذَابِۭ بَـِٔيسِۭ بِمَا كَانُواْ يَفۡسُقُونَ
Олар өздеріне жасалған ескертуді ұмытқан кезде, жамандықтан қайтарушыларды құтқардық және әділетсіздік істегендерді бұзық істері үшін қатты азаппен жазаладық.
التفاسير العربية:
فَلَمَّا عَتَوۡاْ عَن مَّا نُهُواْ عَنۡهُ قُلۡنَا لَهُمۡ كُونُواْ قِرَدَةً خَٰسِـِٔينَ
Олар өздеріне салынған тыйымнан шыққан кезде, оларға: «Жеккөрінішті маймыл болыңдар!» - дедік.
التفاسير العربية:
وَإِذۡ تَأَذَّنَ رَبُّكَ لَيَبۡعَثَنَّ عَلَيۡهِمۡ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ مَن يَسُومُهُمۡ سُوٓءَ ٱلۡعَذَابِۗ إِنَّ رَبَّكَ لَسَرِيعُ ٱلۡعِقَابِ وَإِنَّهُۥ لَغَفُورٞ رَّحِيمٞ
/ Ей, Мұхаммед! / Сол кезде Раббың Қайта тірілу күніне дейін оларға міндетті түрде азап тигізетіндерді жіберетінін жариялады. Ақиқатында, Раббың жаза беруде жылдам. Сонымен бірге Ол - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді. @مصحح
/ Ей, Мұхаммед! / Сол кезде Раббың Қайта тірілу күніне дейін оларға міндетті түрде азап тигізетіндерді жіберетінін жариялады. Ақиқатында, Раббың жаза беруде жылдам. Сонымен бірге Ол - өте Кешірімді / Ғафур / , ерекше Мейірімді / Рахим / .
التفاسير العربية:
وَقَطَّعۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ أُمَمٗاۖ مِّنۡهُمُ ٱلصَّـٰلِحُونَ وَمِنۡهُمۡ دُونَ ذَٰلِكَۖ وَبَلَوۡنَٰهُم بِٱلۡحَسَنَٰتِ وَٱلسَّيِّـَٔاتِ لَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ
Біз оларды / исраилдықтарды / топтарға бөліп, жер жүзіне таратып тастадық.Олардың ішінде ізгілері де бар және ондай еместері де бар. Біз оларды / бойсұнуға / қайтулары үшін игіліктермен және қиыншылықтармен сынадық.
التفاسير العربية:
فَخَلَفَ مِنۢ بَعۡدِهِمۡ خَلۡفٞ وَرِثُواْ ٱلۡكِتَٰبَ يَأۡخُذُونَ عَرَضَ هَٰذَا ٱلۡأَدۡنَىٰ وَيَقُولُونَ سَيُغۡفَرُ لَنَا وَإِن يَأۡتِهِمۡ عَرَضٞ مِّثۡلُهُۥ يَأۡخُذُوهُۚ أَلَمۡ يُؤۡخَذۡ عَلَيۡهِم مِّيثَٰقُ ٱلۡكِتَٰبِ أَن لَّا يَقُولُواْ عَلَى ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡحَقَّ وَدَرَسُواْ مَا فِيهِۗ وَٱلدَّارُ ٱلۡأٓخِرَةُ خَيۡرٞ لِّلَّذِينَ يَتَّقُونَۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
Олардан кейін, орындарына Кітапқа мұрагер болған бір ұрпақ келді. Олар ең жақынның / осы өмірдің / көрінген нәрсесін алады да: «Бізге кешірім етіледі», - дейді. Егер оларға осы секілді кездессе, олар оны тағы да алады. Олардан Аллаһқа қатысты шындықтан басқаны айтпаулары үшін әрі ондағыны оқып үйрену жайлы Кітапта айтылған серт алынбады ма? Соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жұрты - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِينَ يُمَسِّكُونَ بِٱلۡكِتَٰبِ وَأَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجۡرَ ٱلۡمُصۡلِحِينَ
Ал, Кітапты ұстанып, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар болса - ақиқатында, Біз түзетушілердің / игілік істеушілердің / сыйларын босқа жібермейміз.
التفاسير العربية:

۞وَإِذۡ نَتَقۡنَا ٱلۡجَبَلَ فَوۡقَهُمۡ كَأَنَّهُۥ ظُلَّةٞ وَظَنُّوٓاْ أَنَّهُۥ وَاقِعُۢ بِهِمۡ خُذُواْ مَآ ءَاتَيۡنَٰكُم بِقُوَّةٖ وَٱذۡكُرُواْ مَا فِيهِ لَعَلَّكُمۡ تَتَّقُونَ
Кезінде тауды қалқа тәрізді етіп, олардың үстерінен көтердік. Олар оны үстеріне түседі деп ойлады. «Сендерге бергенімізді / Тәуратты / мықтап ұстаңдар және тақуалық етулерің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / үшін оның ішіндегіні еске алыңдар», - дедік.
التفاسير العربية:
وَإِذۡ أَخَذَ رَبُّكَ مِنۢ بَنِيٓ ءَادَمَ مِن ظُهُورِهِمۡ ذُرِّيَّتَهُمۡ وَأَشۡهَدَهُمۡ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمۡ أَلَسۡتُ بِرَبِّكُمۡۖ قَالُواْ بَلَىٰ شَهِدۡنَآۚ أَن تَقُولُواْ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ إِنَّا كُنَّا عَنۡ هَٰذَا غَٰفِلِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Сенің Раббың Адам ұрпақтарының арқаларынан нәсілдерін алып: «Мен Сендердің Раббың емеспін бе?» деп, олардың өздерін-өздеріне куә етті. Олар: «Әлбетте, біз куә болдық», - деді. / Бұл / - Қайта тірілу күні: «Біз бұдан хабарсыз болдық», - деп айтпауларың үшін.
التفاسير العربية:
أَوۡ تَقُولُوٓاْ إِنَّمَآ أَشۡرَكَ ءَابَآؤُنَا مِن قَبۡلُ وَكُنَّا ذُرِّيَّةٗ مِّنۢ بَعۡدِهِمۡۖ أَفَتُهۡلِكُنَا بِمَا فَعَلَ ٱلۡمُبۡطِلُونَ
Немесе: «Шын мәнінде, бұрында да әкелеріміз серік қосқан еді, біз де солардың ұрпағымыз. Өтірікшілердің істегені үшін бізді жоясың ба? - / демеулерің үшін / .
التفاسير العربية:
وَكَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ ٱلۡأٓيَٰتِ وَلَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ
Олардың / серік қосушыларың / ақиқатқа / қайтуы үшін Біз аяттарымызды осы­лай анықтап түсіндіреміз.
التفاسير العربية:
وَٱتۡلُ عَلَيۡهِمۡ نَبَأَ ٱلَّذِيٓ ءَاتَيۡنَٰهُ ءَايَٰتِنَا فَٱنسَلَخَ مِنۡهَا فَأَتۡبَعَهُ ٱلشَّيۡطَٰنُ فَكَانَ مِنَ ٱلۡغَاوِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Біз аяттарымызды бергенде, ол оны ысырып тастап кеткен біреудің хабарын оқып бер. Сонда шайтан оны өзіне ерушілерден етті. Әрі ол адасушылардан болды.
التفاسير العربية:
وَلَوۡ شِئۡنَا لَرَفَعۡنَٰهُ بِهَا وَلَٰكِنَّهُۥٓ أَخۡلَدَ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ وَٱتَّبَعَ هَوَىٰهُۚ فَمَثَلُهُۥ كَمَثَلِ ٱلۡكَلۡبِ إِن تَحۡمِلۡ عَلَيۡهِ يَلۡهَثۡ أَوۡ تَتۡرُكۡهُ يَلۡهَثۚ ذَّـٰلِكَ مَثَلُ ٱلۡقَوۡمِ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَاۚ فَٱقۡصُصِ ٱلۡقَصَصَ لَعَلَّهُمۡ يَتَفَكَّرُونَ
Егер қаласақ, оны сол / аяттар, иман / арқылы жоғары көтерер едік. Алайда, ол жерге / дүние қызықтарына / жабысып, өзінің көңіл құмарлығына ерді. Оның сиқы - оған тиіссең де тілін салақтататын, тиіспесең де тілін салақтатып тұратын бір ит секілді. Аяттарымызды өтірік санаған адамдардың мысалы - осы. Оларға ойланулары / ғибрат алулары / үшін хабарларды айтып жеткіз.
التفاسير العربية:
سَآءَ مَثَلًا ٱلۡقَوۡمُ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَأَنفُسَهُمۡ كَانُواْ يَظۡلِمُونَ
Аят-белгілерімізді өтірік санаған және өздеріне-өздері әділетсіздік еткен адамдардың мысалы қандай жаман!
التفاسير العربية:
مَن يَهۡدِ ٱللَّهُ فَهُوَ ٱلۡمُهۡتَدِيۖ وَمَن يُضۡلِلۡ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Аллаһ кімді тура жолға салып жүргізсе, сол - тура жолмен жүруші. Ал, кімді адастырса, міне, солар - нағыз жеңіліске ұшыраушылар.
التفاسير العربية:

وَلَقَدۡ ذَرَأۡنَا لِجَهَنَّمَ كَثِيرٗا مِّنَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِۖ لَهُمۡ قُلُوبٞ لَّا يَفۡقَهُونَ بِهَا وَلَهُمۡ أَعۡيُنٞ لَّا يُبۡصِرُونَ بِهَا وَلَهُمۡ ءَاذَانٞ لَّا يَسۡمَعُونَ بِهَآۚ أُوْلَـٰٓئِكَ كَٱلۡأَنۡعَٰمِ بَلۡ هُمۡ أَضَلُّۚ أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡغَٰفِلُونَ
Ақиқатында, Біз Жаһаннам (Тозақ) үшін көп жын мен адамдарды жараттық. Олардың жүректері бар, олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар мал тәрізді, жоқ одан да әрі. Міне, солар - нағыз қаперсіздер. @مصحح
Ақиқатында, Біз Жаһаннам үшін көп жын мен адамдарды жараттық. Олардың жүректері бар, олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар мал тәрізді, жоқ одан да әрі. Міне, солар - нағыз қаперсіздер.
التفاسير العربية:
وَلِلَّهِ ٱلۡأَسۡمَآءُ ٱلۡحُسۡنَىٰ فَٱدۡعُوهُ بِهَاۖ وَذَرُواْ ٱلَّذِينَ يُلۡحِدُونَ فِيٓ أَسۡمَـٰٓئِهِۦۚ سَيُجۡزَوۡنَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Ең көркем есімдер - Аллаһтікі. Сол есімдері арқылы Одан тілеңдер. Оның есімдеріне қатысты ауытқығандарды қалдырып, тәрк етіңдер. Жақында оларға істеп өткен амалдарының қайтарымы беріледі.
التفاسير العربية:
وَمِمَّنۡ خَلَقۡنَآ أُمَّةٞ يَهۡدُونَ بِٱلۡحَقِّ وَبِهِۦ يَعۡدِلُونَ
Жаратқандарымыздың ішінде ақиқат бойынша тура жолға бағыттайтын әрі онымен әділдік істейтін бір үммет бар.
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا سَنَسۡتَدۡرِجُهُم مِّنۡ حَيۡثُ لَا يَعۡلَمُونَ
Әрі аяттарымызды өтірік санағандарды, өздері білмейтін жақтан, бірте-бірте тартып түсіреміз.
التفاسير العربية:
وَأُمۡلِي لَهُمۡۚ إِنَّ كَيۡدِي مَتِينٌ
Әрі оларға уақыт беремін. Негізінде, Менің амал-тәсілім өте мықты.
التفاسير العربية:
أَوَلَمۡ يَتَفَكَّرُواْۗ مَا بِصَاحِبِهِم مِّن جِنَّةٍۚ إِنۡ هُوَ إِلَّا نَذِيرٞ مُّبِينٌ
Олар ойланып қарамады ма? Жолдастарың / Мұхаммед / жынды емес. Ол - тек, анық ескертуші ғана.
التفاسير العربية:
أَوَلَمۡ يَنظُرُواْ فِي مَلَكُوتِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا خَلَقَ ٱللَّهُ مِن شَيۡءٖ وَأَنۡ عَسَىٰٓ أَن يَكُونَ قَدِ ٱقۡتَرَبَ أَجَلُهُمۡۖ فَبِأَيِّ حَدِيثِۭ بَعۡدَهُۥ يُؤۡمِنُونَ
Олар аспандардың және жердің мүліктеріне әрі Аллаһ жаратқан әрбір нәрсеге назар салмады ма? Сондай-ақ, мүмкін олардың мерзімдері / ажалдары / жақындаған шығар? Осыдан кейін олар қай сөзге сенер екен?
التفاسير العربية:
مَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَلَا هَادِيَ لَهُۥۚ وَيَذَرُهُمۡ فِي طُغۡيَٰنِهِمۡ يَعۡمَهُونَ
Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ту­ра жолға салушы жоқ. Ол / Аллаһ / оларды өздерінің шектен шығуларында қаңғыртып қояды.
التفاسير العربية:
يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلسَّاعَةِ أَيَّانَ مُرۡسَىٰهَاۖ قُلۡ إِنَّمَا عِلۡمُهَا عِندَ رَبِّيۖ لَا يُجَلِّيهَا لِوَقۡتِهَآ إِلَّا هُوَۚ ثَقُلَتۡ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ لَا تَأۡتِيكُمۡ إِلَّا بَغۡتَةٗۗ يَسۡـَٔلُونَكَ كَأَنَّكَ حَفِيٌّ عَنۡهَاۖ قُلۡ إِنَّمَا عِلۡمُهَا عِندَ ٱللَّهِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағаттың / Қияметтің / қашан орнайтындығын сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - менің Раббымда. Оны мезгілі келгенде, Ол ғана ашады. Ол аспандарға және жерге ауыр. Ол сендерге тосыннан келеді», - деп. Олар сенен, бейне бір сен ол жайлы жақсы білетін секілді сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - Аллаһта. Алайда, адамдардың көбі білмейді», - деп.
التفاسير العربية:

قُل لَّآ أَمۡلِكُ لِنَفۡسِي نَفۡعٗا وَلَا ضَرًّا إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُۚ وَلَوۡ كُنتُ أَعۡلَمُ ٱلۡغَيۡبَ لَٱسۡتَكۡثَرۡتُ مِنَ ٱلۡخَيۡرِ وَمَا مَسَّنِيَ ٱلسُّوٓءُۚ إِنۡ أَنَا۠ إِلَّا نَذِيرٞ وَبَشِيرٞ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
Айт: «Аллаһ қаламайынша, мен өзім үшін пайда, зиян / келтіру / билігіне ие емеспін. Егер де ғайыпты / жасырын нәрселерді / білетін болғанымда, жақсылықты көбейтіп алар едім және маған ешбір жамандық тимес еді. Мен бар болғаны иманға келген адамдар үшін ескертуші және қуанышты хабар жеткізушімін», - деп.
التفاسير العربية:
۞هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَكُم مِّن نَّفۡسٖ وَٰحِدَةٖ وَجَعَلَ مِنۡهَا زَوۡجَهَا لِيَسۡكُنَ إِلَيۡهَاۖ فَلَمَّا تَغَشَّىٰهَا حَمَلَتۡ حَمۡلًا خَفِيفٗا فَمَرَّتۡ بِهِۦۖ فَلَمَّآ أَثۡقَلَت دَّعَوَا ٱللَّهَ رَبَّهُمَا لَئِنۡ ءَاتَيۡتَنَا صَٰلِحٗا لَّنَكُونَنَّ مِنَ ٱلشَّـٰكِرِينَ
Ол / Аллаһ / сендерді бір жаннан / Адам атадан / жаратты және одан жұбайын жасады, / сөйтіп / оның онымен тыныштық табуы үшін. Ол оны жапқанда / жақындасқанда / жұбайы жеңіл жүкті болып, сонымен жүрді. Сонда / жұбайының / аяғы ауырлаған кезде, екеуі өздерінің Раббысы Аллаһтан: «Егер бізге ізгі / перзент / берсең, біз, шүкір етушілерден / берген игіліктеріңе алғыс білдірушілерден / боламыз», - деп тіледі.
التفاسير العربية:
فَلَمَّآ ءَاتَىٰهُمَا صَٰلِحٗا جَعَلَا لَهُۥ شُرَكَآءَ فِيمَآ ءَاتَىٰهُمَاۚ فَتَعَٰلَى ٱللَّهُ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
/ Аллаһ / екеуіне түзу перзент берген кезде, екеуі Оның өздеріне бергенінде Оған серіктер қосты. Аллаһ олардың серік етіп қосатындарынан жоғары!
التفاسير العربية:
أَيُشۡرِكُونَ مَا لَا يَخۡلُقُ شَيۡـٔٗا وَهُمۡ يُخۡلَقُونَ
Олар еш нәрсені жарата алмайтын, керісінше, өздері жаратылатын нәрселерді / Аллаһқа / серік етеді ме?
التفاسير العربية:
وَلَا يَسۡتَطِيعُونَ لَهُمۡ نَصۡرٗا وَلَآ أَنفُسَهُمۡ يَنصُرُونَ
Әрі олардың / серік етіп қосқандары / оларға көмектесуге күштері жетпейді және өздеріне де көмектесе алмайды.
التفاسير العربية:
وَإِن تَدۡعُوهُمۡ إِلَى ٱلۡهُدَىٰ لَا يَتَّبِعُوكُمۡۚ سَوَآءٌ عَلَيۡكُمۡ أَدَعَوۡتُمُوهُمۡ أَمۡ أَنتُمۡ صَٰمِتُونَ
Егер оларды / қосқан серіктерді / тура жолға шақырсаңдар, олар сендерге ермейді. Оларды шақыруларың да, не үндемей қалуларың да сендер үшін бірдей.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ عِبَادٌ أَمۡثَالُكُمۡۖ فَٱدۡعُوهُمۡ فَلۡيَسۡتَجِيبُواْ لَكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Сендердің Аллаһтан басқа шақыратындарың / табынатындарың / - өздерің сияқты құлдар. Шын сөзді болсаңдар, оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін.
التفاسير العربية:
أَلَهُمۡ أَرۡجُلٞ يَمۡشُونَ بِهَآۖ أَمۡ لَهُمۡ أَيۡدٖ يَبۡطِشُونَ بِهَآۖ أَمۡ لَهُمۡ أَعۡيُنٞ يُبۡصِرُونَ بِهَآۖ أَمۡ لَهُمۡ ءَاذَانٞ يَسۡمَعُونَ بِهَاۗ قُلِ ٱدۡعُواْ شُرَكَآءَكُمۡ ثُمَّ كِيدُونِ فَلَا تُنظِرُونِ
Олардың жүретін аяқтары бар ма, әлде олардың ұстайтын қолдары бар ма, не олардың көретін көздері бар ма немесе олардың еститін құлақтары бар ма? Айт: «Серік етіп қосқандарыңды шақырыңдар, содан кейін маған мұрсат бермей, айла-шарғы істеңдер.
التفاسير العربية:

إِنَّ وَلِـِّۧيَ ٱللَّهُ ٱلَّذِي نَزَّلَ ٱلۡكِتَٰبَۖ وَهُوَ يَتَوَلَّى ٱلصَّـٰلِحِينَ
Ақиқатында менің қамқоршым - Кітапты түсірген Аллаһ. Ол ізгілерге қамқорлық етеді.
التفاسير العربية:
وَٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ لَا يَسۡتَطِيعُونَ نَصۡرَكُمۡ وَلَآ أَنفُسَهُمۡ يَنصُرُونَ
Ал, Одан өзге шақыратындарыңның / табынатындарың / сендерге көмек беруге күші жетпейді. Әрі олар өздеріне де көмектесе алмайды», - деп.
التفاسير العربية:
وَإِن تَدۡعُوهُمۡ إِلَى ٱلۡهُدَىٰ لَا يَسۡمَعُواْۖ وَتَرَىٰهُمۡ يَنظُرُونَ إِلَيۡكَ وَهُمۡ لَا يُبۡصِرُونَ
Егер оларды тура жолға шақырсаңдар, олар естімейді. Сен оларды өзіңе қарап тұрғандай көресің. Бірақ, олар көрмейді.
التفاسير العربية:
خُذِ ٱلۡعَفۡوَ وَأۡمُرۡ بِٱلۡعُرۡفِ وَأَعۡرِضۡ عَنِ ٱلۡجَٰهِلِينَ
/ Ей, Мұхаммед, / кешірімділікті ұстан, құпталғанға бұйыр және надандардан теріс бұрыл!
التفاسير العربية:
وَإِمَّا يَنزَغَنَّكَ مِنَ ٱلشَّيۡطَٰنِ نَزۡغٞ فَٱسۡتَعِذۡ بِٱللَّهِۚ إِنَّهُۥ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Ал, қашан саған шайтаннан наз'г / азғыру, жамандыққа итермелеу / болса, Аллаһқа жүгініп, өзіңді қорғауын тіле. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші . @مصحح
Ал, қашан саған шайтаннан наз'г / азғыру, жамандыққа итермелеу / болса, Аллаһқа жүгініп, өзіңді қорғауын тіле. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Естуші / Самиъ / , бәрін Білуші / ’Алим / .
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْ إِذَا مَسَّهُمۡ طَـٰٓئِفٞ مِّنَ ٱلشَّيۡطَٰنِ تَذَكَّرُواْ فَإِذَا هُم مُّبۡصِرُونَ
Тақуалық етушілер / Аллаһтың бұйырғандарын орындап, жазасынан қорқып, сақтанушылар / өздеріне шайтаннан бір азғыру тисе, / Аллаһты / еске алады да, сөйтіп көзі ашылады / түсінеді / .
التفاسير العربية:
وَإِخۡوَٰنُهُمۡ يَمُدُّونَهُمۡ فِي ٱلۡغَيِّ ثُمَّ لَا يُقۡصِرُونَ
Олар / шайтандар / серіктеріне адастыруда көмектеседі, сөйтіп олар / азғыруларын / тоқтатпайды.
التفاسير العربية:
وَإِذَا لَمۡ تَأۡتِهِم بِـَٔايَةٖ قَالُواْ لَوۡلَا ٱجۡتَبَيۡتَهَاۚ قُلۡ إِنَّمَآ أَتَّبِعُ مَا يُوحَىٰٓ إِلَيَّ مِن رَّبِّيۚ هَٰذَا بَصَآئِرُ مِن رَّبِّكُمۡ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٞ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Қашан оларға бір аят келтірмей қалсаң, олар: «Оны ойыңнан құрастыра салмайсың ба?» - дейді. Оларға: «Шын мәнінде, мен өзіме Раббымнан уахи етілетінге ғана еремін», - де. Міне, осы / Құран / - сендердің Раббыңнан ашық дәлел және иманға келген адамдар үшін тура жол әрі мейірім.
التفاسير العربية:
وَإِذَا قُرِئَ ٱلۡقُرۡءَانُ فَٱسۡتَمِعُواْ لَهُۥ وَأَنصِتُواْ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ
Құран оқылған кезде, мейірімге бө­лену үшін оны ден қойып тыңдап, тыныштық сақтаңдар.
التفاسير العربية:
وَٱذۡكُر رَّبَّكَ فِي نَفۡسِكَ تَضَرُّعٗا وَخِيفَةٗ وَدُونَ ٱلۡجَهۡرِ مِنَ ٱلۡقَوۡلِ بِٱلۡغُدُوِّ وَٱلۡأٓصَالِ وَلَا تَكُن مِّنَ ٱلۡغَٰفِلِينَ
/ Ей, Мұхаммед! / Әрі Раббыңды таңертең және күн батардан алдын бойсұна жалбарынып, қорыққан түрде әрі бәсең үнмен іштей есіңе ал және қаперсіздерден болма.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ عِندَ رَبِّكَ لَا يَسۡتَكۡبِرُونَ عَنۡ عِبَادَتِهِۦ وَيُسَبِّحُونَهُۥ وَلَهُۥ يَسۡجُدُونَۤ۩
Ақиқатында, Раббыңның алдындағылар / періштелер / , Оған Құлшылық қылудан өздерін жоғары қоймайды, Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді әрі Оған сәжде жасайды.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: الأعراف
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.