ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي * - فهرس التراجم


ترجمة معاني سورة: البروج
آية:
 

سورة البروج - суратуль-Буруж

وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلۡبُرُوجِ
Шоқжұлдызды аспанмен ант етемін,
التفاسير العربية:
وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡمَوۡعُودِ
және уәде етілген Күнмен.
التفاسير العربية:
وَشَاهِدٖ وَمَشۡهُودٖ
Куәлік берушімен және куәлік берілгенмен ант етемін.
التفاسير العربية:
قُتِلَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡأُخۡدُودِ
Жойылып кетсін ордың иелері,
التفاسير العربية:
ٱلنَّارِ ذَاتِ ٱلۡوَقُودِ
ішінде отыны бар отты / ордың / .
التفاسير العربية:
إِذۡ هُمۡ عَلَيۡهَا قُعُودٞ
Сол кезде олар оның / ордың / маңында отырған еді,
التفاسير العربية:
وَهُمۡ عَلَىٰ مَا يَفۡعَلُونَ بِٱلۡمُؤۡمِنِينَ شُهُودٞ
имандыларға / мүміндерге / не істегендеріне өздері куә болып.
التفاسير العربية:
وَمَا نَقَمُواْ مِنۡهُمۡ إِلَّآ أَن يُؤۡمِنُواْ بِٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَمِيدِ
Ал, олар бұларға / мұсылмандарға / тек бәріненҮстем, аса Мақтаулы Аллаһқа сенгендіктері үшін ғана өшікті. @مصحح
Ал, олар бұларға / мұсылмандарға / тек әл-’Азиз / бәріненҮстем / , әл-Хамид / аса Мақтаулы / Аллаһқа сенгендіктері үшін ғана өшікті.
التفاسير العربية:
ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ شَهِيدٌ
Ол / Аллаһ / сондай, аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Әрі Аллаһ барлық нәрсенің үстінен Куә / Шаһид / .
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ فَتَنُواْ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ ثُمَّ لَمۡ يَتُوبُواْ فَلَهُمۡ عَذَابُ جَهَنَّمَ وَلَهُمۡ عَذَابُ ٱلۡحَرِيقِ
Ақиқатында, иманды / мүмін / ерлер мен иманды әйелдерді сынаққа салып / азаптап / , кейін істеген күнәларына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпағандарға / тәубе қылмағандарға / - міне, соларға Жаһаннамның азабы әрі Оларға өртеуші оттың азабы бар.
التفاسير العربية:
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَهُمۡ جَنَّـٰتٞ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۚ ذَٰلِكَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡكَبِيرُ
Анығында, иманға келген және ізгі амал істегендерге астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтар бар. Бұл - үлкен жетістік.
التفاسير العربية:
إِنَّ بَطۡشَ رَبِّكَ لَشَدِيدٌ
Шын мәнінде, Раббыңның қолға алуы - өте қатты.
التفاسير العربية:
إِنَّهُۥ هُوَ يُبۡدِئُ وَيُعِيدُ
Ақиқатында, Ол бастайды / бастапқыда жаратып / әрі қайталайды.
التفاسير العربية:
وَهُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلۡوَدُودُ
Әрі Ол - өте Кешірімді, аса жақсы көруші, @مصحح
Әрі Ол - әл-Ғафур / өте Кешірімді / , әл-Уәдуд / аса жақсы көруші / ,
التفاسير العربية:
ذُو ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡمَجِيدُ
Аршының Иесі, аса дәріптеліп Мақтаулы, @مصحح
Аршының Иесі, әл-Мажид / аса дәріптеліп Мақтаулы / ,
التفاسير العربية:
فَعَّالٞ لِّمَا يُرِيدُ
қалаған нәрсесін әрқашан Жасаушы.
التفاسير العربية:
هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ ٱلۡجُنُودِ
/ Ей, Мұхаммед! / саған әскерлердің хабары келді ме?
التفاسير العربية:
فِرۡعَوۡنَ وَثَمُودَ
Фиръаун және Сәмүдтықтардың?
التفاسير العربية:
بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فِي تَكۡذِيبٖ
Бірақ, кәпірлер өтірікке шығаруда.
التفاسير العربية:
وَٱللَّهُ مِن وَرَآئِهِم مُّحِيطُۢ
Ал, Аллаһ оларды сыртынан / алды-артынан / орап, қамтып тұрушы.
التفاسير العربية:
بَلۡ هُوَ قُرۡءَانٞ مَّجِيدٞ
Сөзсіз, ол - ұлы Құран,
التفاسير العربية:
فِي لَوۡحٖ مَّحۡفُوظِۭ
Ләухул-Махфузда.
التفاسير العربية:

 
ترجمة معاني سورة: البروج
فهرس السور رقم الصفحة
 
ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي - فهرس التراجم

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمة جمعية خليفة ألطاي الخيرية. تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

إغلاق