Translation of the meaning of the noble Quran - Kazakh translation * - Translations


Translation of the meaning of Sura: Al-Ankaboot
Aya:
 

суратуль-Ъанкәбут

الٓمٓ
Әлиф. Ләм. Мим.
Arabic short Tafasir:
أَحَسِبَ ٱلنَّاسُ أَن يُتۡرَكُوٓاْ أَن يَقُولُوٓاْ ءَامَنَّا وَهُمۡ لَا يُفۡتَنُونَ
Адамдар: «Иманға келдік», - деп айтумен ғана сынаққа алынбай қалдырыламыз деп ойлай ма?
Arabic short Tafasir:
وَلَقَدۡ فَتَنَّا ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۖ فَلَيَعۡلَمَنَّ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ صَدَقُواْ وَلَيَعۡلَمَنَّ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Біз оларға дейінгілерді де сынағанбыз. Күмәнсіз, Аллаһ шын сөзділерді біледі әрі Ол өтірікшілерді де біледі.
Arabic short Tafasir:
أَمۡ حَسِبَ ٱلَّذِينَ يَعۡمَلُونَ ٱلسَّيِّـَٔاتِ أَن يَسۡبِقُونَاۚ سَآءَ مَا يَحۡكُمُونَ
Әлде жамандық істейтіндер Бізден озып / құтылып / кетеміз деп ойлады ма? Олардың шешімдері қандай жаман!
Arabic short Tafasir:
مَن كَانَ يَرۡجُواْ لِقَآءَ ٱللَّهِ فَإِنَّ أَجَلَ ٱللَّهِ لَأٓتٖۚ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Кім Аллаһпен жолығуды үміт етсе, сөзсіз, Аллаһтың белгілеген мерзімі келеді Ол барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші. @Corrected
Кім Аллаһпен жолығуды үміт етсе, сөзсіз, Аллаһтың белгілеген мерзімі келеді Ол әс-Самиъ / барлық нәрсені Естуші / , әл-’Алим / бәрін Білуші / .
Arabic short Tafasir:
وَمَن جَٰهَدَ فَإِنَّمَا يُجَٰهِدُ لِنَفۡسِهِۦٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَغَنِيٌّ عَنِ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Ал, кім ынта-жігерімен әрекет етсе, өзі үшін ынталанған болады. Ақиқатында, Аллаһ- әлемдерден Бай, мұқтажсыз / Ғани / .
Arabic short Tafasir:

وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَنُكَفِّرَنَّ عَنۡهُمۡ سَيِّـَٔاتِهِمۡ وَلَنَجۡزِيَنَّهُمۡ أَحۡسَنَ ٱلَّذِي كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Иманға келген әрі ізгі амал істегендердің жамандықтарын әлбетте, кетіреміз және оларға істеген жақсы амалдарының қайтарым сыйын береміз.
Arabic short Tafasir:
وَوَصَّيۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ بِوَٰلِدَيۡهِ حُسۡنٗاۖ وَإِن جَٰهَدَاكَ لِتُشۡرِكَ بِي مَا لَيۡسَ لَكَ بِهِۦ عِلۡمٞ فَلَا تُطِعۡهُمَآۚ إِلَيَّ مَرۡجِعُكُمۡ فَأُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Әрі Біз адамға ата-анасына жақсылық істеуді өсиет етіп тапсырдық. Ал, егер ол екеуі өзің білмеген нәрсені Маған серік етіп қосуға күштесе, онда оларға бағынба. Қайтуларың Маған / Маған қайтасыңдар / . Сонда Мен сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін.
Arabic short Tafasir:
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَنُدۡخِلَنَّهُمۡ فِي ٱلصَّـٰلِحِينَ
Ал, иманға келген әрі ізгі амал істегендерді Біз ізгілердің қатарына кіргіземіз.
Arabic short Tafasir:
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَقُولُ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ فَإِذَآ أُوذِيَ فِي ٱللَّهِ جَعَلَ فِتۡنَةَ ٱلنَّاسِ كَعَذَابِ ٱللَّهِۖ وَلَئِن جَآءَ نَصۡرٞ مِّن رَّبِّكَ لَيَقُولُنَّ إِنَّا كُنَّا مَعَكُمۡۚ أَوَلَيۡسَ ٱللَّهُ بِأَعۡلَمَ بِمَا فِي صُدُورِ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Адамдардың ішінде: «Аллаһқа сендік» -деп айтатындар бар. Бірақ, қашан ол Аллаһ жолында зиян көрсе, адамдардың бүлігін / жамандығын / Аллаһтың азабындай көреді. Ал, егер Раббыңнан бір жеңіс келсе, олар міндетті түрде: «Шын мәнінде, біз сендермен бірге болдық»,- дейді. Аллаһ әлемдердің көкіректеріндегіні жақсы біледі емес пе?
Arabic short Tafasir:
وَلَيَعۡلَمَنَّ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَلَيَعۡلَمَنَّ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ
Әрі әлбетте, Аллаһ иманға келгендерді де біледі әрі күмәнсіз, мұнафиқтарды да біледі.
Arabic short Tafasir:
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱتَّبِعُواْ سَبِيلَنَا وَلۡنَحۡمِلۡ خَطَٰيَٰكُمۡ وَمَا هُم بِحَٰمِلِينَ مِنۡ خَطَٰيَٰهُم مِّن شَيۡءٍۖ إِنَّهُمۡ لَكَٰذِبُونَ
Әрі күпірлік етушілер / имансыздар / имандыларға: «Біздің жолымызға еріқцер, сендердің күнәларыңды біз көтереміз», - деді. Бірақ олар бұлардың күнәларынан ешнәрсені де көтермейді. Шын мәнінде, олар - өтірікшілер.
Arabic short Tafasir:
وَلَيَحۡمِلُنَّ أَثۡقَالَهُمۡ وَأَثۡقَالٗا مَّعَ أَثۡقَالِهِمۡۖ وَلَيُسۡـَٔلُنَّ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ عَمَّا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ
Олар өз жүктерін / күнәларын / әрі өз жүктерімен бірге басқа жүктерді де міндетті түрде көтереді. Әрі Қайта тірілу күні ойдан шығарғандары / өтіріктері / туралы олар міндетті түрде сұраққа тартылады.
Arabic short Tafasir:
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوۡمِهِۦ فَلَبِثَ فِيهِمۡ أَلۡفَ سَنَةٍ إِلَّا خَمۡسِينَ عَامٗا فَأَخَذَهُمُ ٱلطُّوفَانُ وَهُمۡ ظَٰلِمُونَ
Әрі Біз Нұхты өзінің еліне жіберген едік. Ол олардың арасында елу жылы кем мың жыл болды. Кейін оларды әділетсіз болған халдерінде топан су алды.
Arabic short Tafasir:

فَأَنجَيۡنَٰهُ وَأَصۡحَٰبَ ٱلسَّفِينَةِ وَجَعَلۡنَٰهَآ ءَايَةٗ لِّلۡعَٰلَمِينَ
Сонда Біз оны әрі кемедегілерді құтқардық және мұны әлемдерге белгі-ғибрат еттік.
Arabic short Tafasir:
وَإِبۡرَٰهِيمَ إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱتَّقُوهُۖ ذَٰلِكُمۡ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Әрі Ибраһимды да / жібердік / . Ол еліне: «Аллаһқа құлшылық етіңдер және тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / . Егер білсеңдер, бұл - / құлшылық пен тақуалық / сендер үшін қайырлы.
Arabic short Tafasir:
إِنَّمَا تَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَوۡثَٰنٗا وَتَخۡلُقُونَ إِفۡكًاۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ تَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَا يَمۡلِكُونَ لَكُمۡ رِزۡقٗا فَٱبۡتَغُواْ عِندَ ٱللَّهِ ٱلرِّزۡقَ وَٱعۡبُدُوهُ وَٱشۡكُرُواْ لَهُۥٓۖ إِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Анығында, сендер Аллаһтың орнына, пұттарға табынасыңдар әрі / оларды құдай деп ойдан І өтірікті құрастырасыңдар. Негізінде, сендердің Аллаһтың орнына табынғандарың сендерге ризық беруге шамасыз. Ризықты Аллаһтан іздеңдер, Оған ғана құлшылық етіңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / . Сендер Оған қайтарыласыңдар»,- деді.
Arabic short Tafasir:
وَإِن تُكَذِّبُواْ فَقَدۡ كَذَّبَ أُمَمٞ مِّن قَبۡلِكُمۡۖ وَمَا عَلَى ٱلرَّسُولِ إِلَّا ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ
Егер сендер / мұны / өтірікке шығарсаңдар, сендерден бұрынғы үмметтер де өтірікке шығарған. Ал, Елшіге - анық түрде жеткізу ғана / жүктелген / .
Arabic short Tafasir:
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ كَيۡفَ يُبۡدِئُ ٱللَّهُ ٱلۡخَلۡقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥٓۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ
Олар Аллаһтың / жоқтан бар етіп! жаратуын, кейін оны / жаратуды / қайталайтынын көрмеді ме? Анығында, бұл - Аллаһ үшін өте жеңіл.
Arabic short Tafasir:
قُلۡ سِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَٱنظُرُواْ كَيۡفَ بَدَأَ ٱلۡخَلۡقَۚ ثُمَّ ٱللَّهُ يُنشِئُ ٱلنَّشۡأَةَ ٱلۡأٓخِرَةَۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жер бетін аралап, Оның жаратылысты қалай бастағанына назар салыңдар. Ал кейін, Аллаһ соңғы жаратуды жасайды / Қияметте қайта тірілтеді / . Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы .
Arabic short Tafasir:
يُعَذِّبُ مَن يَشَآءُ وَيَرۡحَمُ مَن يَشَآءُۖ وَإِلَيۡهِ تُقۡلَبُونَ
Ол қалағанын азаптайды және қалағанына рахым етеді. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.
Arabic short Tafasir:
وَمَآ أَنتُم بِمُعۡجِزِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا فِي ٱلسَّمَآءِۖ وَمَا لَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِن وَلِيّٖ وَلَا نَصِيرٖ
Әрі сендер жерде де, аспанда да / Аллаһтың жазасын / әлсірете алмайсыңдар және сендерге Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де жоқ»,- деп.
Arabic short Tafasir:
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَلِقَآئِهِۦٓ أُوْلَـٰٓئِكَ يَئِسُواْ مِن رَّحۡمَتِي وَأُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ
Аллаһтың белгілеріне және Онымен жолығуға / ақиретке / күпірлік етушілер / сенбеушілер, теріске шығарушылар / , міне, солар - Менің мейірімімнен үмітсіз болады. Әрі соларға күйзелтуші азап бар.
Arabic short Tafasir:

فَمَا كَانَ جَوَابَ قَوۡمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُواْ ٱقۡتُلُوهُ أَوۡ حَرِّقُوهُ فَأَنجَىٰهُ ٱللَّهُ مِنَ ٱلنَّارِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
/ Ибраһимнің шақыруына / оның елінің жауабы: «Оны өлтіріңдер немесе өртеңдер», - деу ғана болды. Ал, Аллаһ оны оттан құтқарды. Ақиқатында, мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.
Arabic short Tafasir:
وَقَالَ إِنَّمَا ٱتَّخَذۡتُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ أَوۡثَٰنٗا مَّوَدَّةَ بَيۡنِكُمۡ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ ثُمَّ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ يَكۡفُرُ بَعۡضُكُم بِبَعۡضٖ وَيَلۡعَنُ بَعۡضُكُم بَعۡضٗا وَمَأۡوَىٰكُمُ ٱلنَّارُ وَمَا لَكُم مِّن نَّـٰصِرِينَ
/ Ибраһим / : «Негізінде, сендер осы өмірдегі өзара жақсы көрулеріңнен Аллаһтан өзгелерді табынатын нәрсе етіп алдыңдар. Кейін Қайта тірілу күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар. Сендердің баратын орындарың - От әрі сендерге көмекшілер болмайды.
Arabic short Tafasir:
۞فَـَٔامَنَ لَهُۥ لُوطٞۘ وَقَالَ إِنِّي مُهَاجِرٌ إِلَىٰ رَبِّيٓۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Сонда оған / Ибраһимге / Лұт сенді. / Ибраһим / : «Мен Раббыма / Оның жолында / қоныс аударамын. Ақиқатында, Ол - бәрінен Үстем , өте Дана »,- деді. @Corrected
Сонда оған / Ибраһимге / Лұт сенді. / Ибраһим / : «Мен Раббыма / Оның жолында / қоныс аударамын. Ақиқатында, Ол - әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хаким / өте Дана / »,- деді.
Arabic short Tafasir:
وَوَهَبۡنَا لَهُۥٓ إِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَ وَجَعَلۡنَا فِي ذُرِّيَّتِهِ ٱلنُّبُوَّةَ وَٱلۡكِتَٰبَ وَءَاتَيۡنَٰهُ أَجۡرَهُۥ فِي ٱلدُّنۡيَاۖ وَإِنَّهُۥ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ لَمِنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ
Әрі Біз оған Исхақты және Йаъқубты тарту еттік, ал оның ұрпақтарына пайғамбарлық пен Кітапты / бердік / . Біз оның сыйын осы дүниеде бердік, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ол әлбетте ізгілерден болады.
Arabic short Tafasir:
وَلُوطًا إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦٓ إِنَّكُمۡ لَتَأۡتُونَ ٱلۡفَٰحِشَةَ مَا سَبَقَكُم بِهَا مِنۡ أَحَدٖ مِّنَ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Әрі Лұтты да / жібердік / . Сонда ол еліне: «Негізінде, сендер әлемдердің ішінде өздеріңнен бұрын ешкім істемеген жиіркенішті нәрсені істеудесіңдер.
Arabic short Tafasir:
أَئِنَّكُمۡ لَتَأۡتُونَ ٱلرِّجَالَ وَتَقۡطَعُونَ ٱلسَّبِيلَ وَتَأۡتُونَ فِي نَادِيكُمُ ٱلۡمُنكَرَۖ فَمَا كَانَ جَوَابَ قَوۡمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُواْ ٱئۡتِنَا بِعَذَابِ ٱللَّهِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
Анығында, еркектерге келетін / жақындасатын / және жол кесетін / жолаушыларды тонайтын / әрі отырыстарыңда айыпталған іс жасайтындар сендер емессіңдер ме?» - деді. Сонда оның елінің жауабы тек: «Егер шын сөзділерден болсаң, бізге Аллаһтың азабын келтір», - деу ғана болды.
Arabic short Tafasir:
قَالَ رَبِّ ٱنصُرۡنِي عَلَى ٱلۡقَوۡمِ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Ол / Лұт / : «Раббым! Маған бүлдіруші / бұзылған / елге қарсы көмек бер», - деді.
Arabic short Tafasir:

وَلَمَّا جَآءَتۡ رُسُلُنَآ إِبۡرَٰهِيمَ بِٱلۡبُشۡرَىٰ قَالُوٓاْ إِنَّا مُهۡلِكُوٓاْ أَهۡلِ هَٰذِهِ ٱلۡقَرۡيَةِۖ إِنَّ أَهۡلَهَا كَانُواْ ظَٰلِمِينَ
Біздің елшілеріміз Ибраһимге қуанышты хабар әкелген кезде олар: «Шын мәнінде, біз мына кент тұрғындарын жоямыз. Ақиқатында, оның тұрғындары әділетсіздер», -деді.
Arabic short Tafasir:
قَالَ إِنَّ فِيهَا لُوطٗاۚ قَالُواْ نَحۡنُ أَعۡلَمُ بِمَن فِيهَاۖ لَنُنَجِّيَنَّهُۥ وَأَهۡلَهُۥٓ إِلَّا ٱمۡرَأَتَهُۥ كَانَتۡ مِنَ ٱلۡغَٰبِرِينَ
Ол / Ибраһим / : «Онда Лұт бар ғой!» деді. Олар: «Ол жерде кімнің бар екенін жақсы білеміз. Біз оны және үй ішін міндетті түрде құтқарамыз, тек қалушылардан болған әйелінен басқа»,- деді.
Arabic short Tafasir:
وَلَمَّآ أَن جَآءَتۡ رُسُلُنَا لُوطٗا سِيٓءَ بِهِمۡ وَضَاقَ بِهِمۡ ذَرۡعٗاۖ وَقَالُواْ لَا تَخَفۡ وَلَا تَحۡزَنۡ إِنَّا مُنَجُّوكَ وَأَهۡلَكَ إِلَّا ٱمۡرَأَتَكَ كَانَتۡ مِنَ ٱلۡغَٰبِرِينَ
Әрі Елшілеріміз Лұтқа келгенде, ол олар үшін қамығып, өзінің әлсіздігіне қысылды. Сонда олар: «Қорықпа және қайғырма! Анығында Біз сені және қалушылардан болған әйеліңнен басқа үй ішіңді құтқарамыз».
Arabic short Tafasir:
إِنَّا مُنزِلُونَ عَلَىٰٓ أَهۡلِ هَٰذِهِ ٱلۡقَرۡيَةِ رِجۡزٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ بِمَا كَانُواْ يَفۡسُقُونَ
Әлбетте, Біз бұл кенттің тұрғындарына бұзықтықтары / бойсұнбағандықтары / үшін аспаннан азап түсіреміз»,- деді.
Arabic short Tafasir:
وَلَقَد تَّرَكۡنَا مِنۡهَآ ءَايَةَۢ بَيِّنَةٗ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ
Біз одан / ол мекеннен / ақылын істетіп ұғынатын адамдар үшін анық белгі-ғибрат қалдырдық.
Arabic short Tafasir:
وَإِلَىٰ مَدۡيَنَ أَخَاهُمۡ شُعَيۡبٗا فَقَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱرۡجُواْ ٱلۡيَوۡمَ ٱلۡأٓخِرَ وَلَا تَعۡثَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُفۡسِدِينَ
Әрі Мәдиян еліне ағайындары Шұғайыпты / жібердік / . Ол: «Әй, халқым! Аллаһқа Құлшылық етіңдер әрі Ақирет күніне үміт артыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер», - деді.
Arabic short Tafasir:
فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلرَّجۡفَةُ فَأَصۡبَحُواْ فِي دَارِهِمۡ جَٰثِمِينَ
Олар оны өтірікшіге шығарды. Сонда оларды бір сілкініс ұстады да олар үйлерінде етпеттеп жатқан күйлерінде қалды.
Arabic short Tafasir:
وَعَادٗا وَثَمُودَاْ وَقَد تَّبَيَّنَ لَكُم مِّن مَّسَٰكِنِهِمۡۖ وَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ أَعۡمَٰلَهُمۡ فَصَدَّهُمۡ عَنِ ٱلسَّبِيلِ وَكَانُواْ مُسۡتَبۡصِرِينَ
Сондай-ақ Ад елі мен Сәмұд елін де / жазаладың / , Сендерге олардың мекен еткен тұрақтары белгілі. Шайтан оларға амалдарын әдемі етіп көрсетіп, олардың зеректігіне қарамастан жолдан бұрды.
Arabic short Tafasir:

وَقَٰرُونَ وَفِرۡعَوۡنَ وَهَٰمَٰنَۖ وَلَقَدۡ جَآءَهُم مُّوسَىٰ بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَٱسۡتَكۡبَرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا كَانُواْ سَٰبِقِينَ
Әрі Қарун, Фиръаун және Һаманды да. Мұса оларға анық дәлелдермен келген еді. Бірақ олар жерде / елдерінде / менменсіп, өздерін жоғары санады әрі / жазадан / озып кете алмады.
Arabic short Tafasir:
فَكُلًّا أَخَذۡنَا بِذَنۢبِهِۦۖ فَمِنۡهُم مَّنۡ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِ حَاصِبٗا وَمِنۡهُم مَّنۡ أَخَذَتۡهُ ٱلصَّيۡحَةُ وَمِنۡهُم مَّنۡ خَسَفۡنَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ وَمِنۡهُم مَّنۡ أَغۡرَقۡنَاۚ وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيَظۡلِمَهُمۡ وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ
Әрқайсысын күнәларына сай ұстадық / жазаладық / . Олардың біріне Біз тасты құйын жібердік, бірін сайха алды, ал бірін жерге жұтқыздық және бірін суға батырдық. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, бірақ олар өздеріне-өздеріәділетсіздік жасады.
Arabic short Tafasir:
مَثَلُ ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَوۡلِيَآءَ كَمَثَلِ ٱلۡعَنكَبُوتِ ٱتَّخَذَتۡ بَيۡتٗاۖ وَإِنَّ أَوۡهَنَ ٱلۡبُيُوتِ لَبَيۡتُ ٱلۡعَنكَبُوتِۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ
Аллаһтан өзге біреулерді қамқоршы етіп алғандардың мысалы - өзіне тұратын жай жасап алған өрмекшінің мысалына ұқсайды. Шын мәнінде, үйлердің ең осалы - өрмекшінің үйі. Егер де олар білетін болса.
Arabic short Tafasir:
إِنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا يَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ مِن شَيۡءٖۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Ақиқатында, Аллаһ олардың Оның Өзінен басқа шақыратындарын / табынатындарын / біледі, олар ешнәрсе емес. Ал, Ол бәрінен Үстем, аса Дана . @Corrected
Ақиқатында, Аллаһ олардың Оның Өзінен басқа шақыратындарын / табынатындарын / біледі, олар ешнәрсе емес. Ал, Ол әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хаким / аса Дана / .
Arabic short Tafasir:
وَتِلۡكَ ٱلۡأَمۡثَٰلُ نَضۡرِبُهَا لِلنَّاسِۖ وَمَا يَعۡقِلُهَآ إِلَّا ٱلۡعَٰلِمُونَ
Біз бұл мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ мұны білетіндер ғана ұғынады.
Arabic short Tafasir:
خَلَقَ ٱللَّهُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِٱلۡحَقِّۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّلۡمُؤۡمِنِينَ
Аллаһ аспандар мен жерді ақиқатпен жаратты. Ақиқатында, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-дәлелдер бар.
Arabic short Tafasir:
ٱتۡلُ مَآ أُوحِيَ إِلَيۡكَ مِنَ ٱلۡكِتَٰبِ وَأَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَۖ إِنَّ ٱلصَّلَوٰةَ تَنۡهَىٰ عَنِ ٱلۡفَحۡشَآءِ وَٱلۡمُنكَرِۗ وَلَذِكۡرُ ٱللَّهِ أَكۡبَرُۗ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ مَا تَصۡنَعُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Өзіңе Кітаптан уахи етілгенді оқы әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында. Анығында, намаз жеккөрінішті / бұзық / істерден және қайтарылған нәрселерден тыяды. Ал, Аллаһтың еске алуы өте үлкен, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды біледі.
Arabic short Tafasir:

۞وَلَا تُجَٰدِلُوٓاْ أَهۡلَ ٱلۡكِتَٰبِ إِلَّا بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُ إِلَّا ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ مِنۡهُمۡۖ وَقُولُوٓاْ ءَامَنَّا بِٱلَّذِيٓ أُنزِلَ إِلَيۡنَا وَأُنزِلَ إِلَيۡكُمۡ وَإِلَٰهُنَا وَإِلَٰهُكُمۡ وَٰحِدٞ وَنَحۡنُ لَهُۥ مُسۡلِمُونَ
Кітап берілген қауымның әділетсіздік жасағандарынан басқасымен тек жақсы нәрсемен болмаса пікір таластырмаңдар. Әрі айтыңдар: «Біз өзімізге түсірілгенге және сендерге түсірілгенге сендік. Біздің құдайымыз бен сендердің құдайың- біреу әрі біз - Оған бойсұнушымыз», - деп.
Arabic short Tafasir:
وَكَذَٰلِكَ أَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَۚ فَٱلَّذِينَ ءَاتَيۡنَٰهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ يُؤۡمِنُونَ بِهِۦۖ وَمِنۡ هَـٰٓؤُلَآءِ مَن يُؤۡمِنُ بِهِۦۚ وَمَا يَجۡحَدُ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَّا ٱلۡكَٰفِرُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Міне, осылай саған Кітап түсірдік. Ал, өздеріне Кітап бергендеріміз оған / Құранға / сенеді. Әрі бұлардан да оған сенетіндер бар. Біздің аяттарымызды тек кәпірлер ғана теріске шығарады.
Arabic short Tafasir:
وَمَا كُنتَ تَتۡلُواْ مِن قَبۡلِهِۦ مِن كِتَٰبٖ وَلَا تَخُطُّهُۥ بِيَمِينِكَۖ إِذٗا لَّٱرۡتَابَ ٱلۡمُبۡطِلُونَ
Сен бұған дейін ешқандай жазбаны оқыған жоқсың және оны қолыңмен жазған жоқсың. Олай болғанда өтірік санаушылар күмәнданған болар еді.
Arabic short Tafasir:
بَلۡ هُوَ ءَايَٰتُۢ بَيِّنَٰتٞ فِي صُدُورِ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَۚ وَمَا يَجۡحَدُ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَّا ٱلظَّـٰلِمُونَ
Жоқ! Олай емес, бұл / Құран / - өздеріне білім берілгендердің кеуделеріндегі анық аяттар. Біздің аяттарымызды әділетсіздер ғана теріске шығарады.
Arabic short Tafasir:
وَقَالُواْ لَوۡلَآ أُنزِلَ عَلَيۡهِ ءَايَٰتٞ مِّن رَّبِّهِۦۚ قُلۡ إِنَّمَا ٱلۡأٓيَٰتُ عِندَ ٱللَّهِ وَإِنَّمَآ أَنَا۠ نَذِيرٞ مُّبِينٌ
Олар: «Оған Раббысынан белгі-мұғжизалар неге түсірілмейді?» - деді. Айт: «Мұғжизалар - тек Аллаһта, ал мен - анық ескертуші ғанамын», - деп.
Arabic short Tafasir:
أَوَلَمۡ يَكۡفِهِمۡ أَنَّآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ يُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَرَحۡمَةٗ وَذِكۡرَىٰ لِقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
/ Ей, Мұхаммед! / Оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз, олар үшін жеткілікті емес пе? Ақиқатында онда / Құранда / сенетін ел үшін мейірім әрі еске салу бар.
Arabic short Tafasir:
قُلۡ كَفَىٰ بِٱللَّهِ بَيۡنِي وَبَيۡنَكُمۡ شَهِيدٗاۖ يَعۡلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۗ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱلۡبَٰطِلِ وَكَفَرُواْ بِٱللَّهِ أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Айт: «Мені мен сендердің араларыңа куәлік етуде Аллаһтың Өзі жеткілікті. Ол аспандардағы және жердегіні біледі. Ал жалғанға сеніп, Аллаһқа күпірлік етушілер / сенбейтіндер / - нағыз зиян көрушілер», - деп.
Arabic short Tafasir:

وَيَسۡتَعۡجِلُونَكَ بِٱلۡعَذَابِ وَلَوۡلَآ أَجَلٞ مُّسَمّٗى لَّجَآءَهُمُ ٱلۡعَذَابُۚ وَلَيَأۡتِيَنَّهُم بَغۡتَةٗ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
Олар сенен азапты тездетуді талап етеді. Егер белгіленген мерзім болмағанда, оларға азап міндетті түрде келген болар еді. Негізінде ол оларға күмәнсіз, кенеттен келіп, олар оны сезбей де қалады.
Arabic short Tafasir:
يَسۡتَعۡجِلُونَكَ بِٱلۡعَذَابِ وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمُحِيطَةُۢ بِٱلۡكَٰفِرِينَ
Олар сенен азапты тездетуді талап етеді. Күдіксіз, Жаһаннам кәпірлерді міндетті түрде қоршап алушы.
Arabic short Tafasir:
يَوۡمَ يَغۡشَىٰهُمُ ٱلۡعَذَابُ مِن فَوۡقِهِمۡ وَمِن تَحۡتِ أَرۡجُلِهِمۡ وَيَقُولُ ذُوقُواْ مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Сол Қайта тірілу күні азап оларды үстерінен және аяқтарының астынан орап алады. / Аллаһ Оларға / : «Істеген амалдарыңның / дәмін / татыңдар», - дейді.
Arabic short Tafasir:
يَٰعِبَادِيَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِنَّ أَرۡضِي وَٰسِعَةٞ فَإِيَّـٰيَ فَٱعۡبُدُونِ
Ей, иманға келген құлдарым! Ақиқатында Менің жерім кең, Маған ғана құлшылық етіңдер.
Arabic short Tafasir:
كُلُّ نَفۡسٖ ذَآئِقَةُ ٱلۡمَوۡتِۖ ثُمَّ إِلَيۡنَا تُرۡجَعُونَ
Әрбір жан өлімді татады. Содан кейін сендер Бізге қайтарыласыңдар.
Arabic short Tafasir:
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَنُبَوِّئَنَّهُم مِّنَ ٱلۡجَنَّةِ غُرَفٗا تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ نِعۡمَ أَجۡرُ ٱلۡعَٰمِلِينَ
Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы биік орындарға орналастырамыз. Олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің сыйы қандай жақсы,
Arabic short Tafasir:
ٱلَّذِينَ صَبَرُواْ وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ
Солар - сабыр етушілер және өздерінің Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсырушылар / тәуекел етушілер / .
Arabic short Tafasir:
وَكَأَيِّن مِّن دَآبَّةٖ لَّا تَحۡمِلُ رِزۡقَهَا ٱللَّهُ يَرۡزُقُهَا وَإِيَّاكُمۡۚ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Өз қорегін көтеріп жүрмейтін қаншамажан-жануар бар. Оларға және сендерге ризықты Аллаһ береді. Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші . @Corrected
Өз қорегін көтеріп жүрмейтін қаншамажан-жануар бар. Оларға және сендерге ризықты Аллаһ береді. Ол әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-’Алим / барлық нәрсені Білуші / .
Arabic short Tafasir:
وَلَئِن سَأَلۡتَهُم مَّنۡ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَسَخَّرَ ٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَ لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۖ فَأَنَّىٰ يُؤۡفَكُونَ
Егер олардан / серік қосушылардан / : «Аспандарды және жерді жаратқан әрі күн мен айды бағынышты етіп қойған кім?» деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», - дейді. Олар қаншалықты теріс кеткендер?!
Arabic short Tafasir:
ٱللَّهُ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦ وَيَقۡدِرُ لَهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٞ
Аллаһ құлдарының ішінен қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының ризығын шектеп қояды. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Білуші
Arabic short Tafasir:
وَلَئِن سَأَلۡتَهُم مَّن نَّزَّلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَحۡيَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ مِنۢ بَعۡدِ مَوۡتِهَا لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۚ قُلِ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡقِلُونَ
Егер олардан: «Аспаннан су түсіріп, ол арқылы тіршіліксіз қалған / өлген / жерді тірілткен кім?» - деп сұрасаң: «Аллаһ»,- дейді. Сен: «Барлық мақтау Аллаһқа», - де. Алайда олардың көпшілігі ақылдарын істетіп ұғынбайды.
Arabic short Tafasir:

وَمَا هَٰذِهِ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَآ إِلَّا لَهۡوٞ وَلَعِبٞۚ وَإِنَّ ٱلدَّارَ ٱلۡأٓخِرَةَ لَهِيَ ٱلۡحَيَوَانُۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ
Әрі бұл өмір - тек бос ермек және ойыннан басқа ешнәрсе емес. Егер де олар білетін болса, анығында, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы - шын, нағыз өмір.
Arabic short Tafasir:
فَإِذَا رَكِبُواْ فِي ٱلۡفُلۡكِ دَعَوُاْ ٱللَّهَ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ فَلَمَّا نَجَّىٰهُمۡ إِلَى ٱلۡبَرِّ إِذَا هُمۡ يُشۡرِكُونَ
Ал, қашан олар кемеге мінгендерінде дінін / құлшылықтарын / шын ықыласпен / серік қосу, риядан тазартып / тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады / . Ал, оларды құрлыққа / шығарып / құтқарған соң, олар Оғанөзгелерді серік етіп қосады.
Arabic short Tafasir:
لِيَكۡفُرُواْ بِمَآ ءَاتَيۡنَٰهُمۡ وَلِيَتَمَتَّعُواْۚ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ
Олар өздеріне бергендерімізге күпірлік ете / игіліктерімізді теріске шығара / тұрсын әрі пайдалансын. Жақында олар біледі.
Arabic short Tafasir:
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّا جَعَلۡنَا حَرَمًا ءَامِنٗا وَيُتَخَطَّفُ ٱلنَّاسُ مِنۡ حَوۡلِهِمۡۚ أَفَبِٱلۡبَٰطِلِ يُؤۡمِنُونَ وَبِنِعۡمَةِ ٱللَّهِ يَكۡفُرُونَ
Олар / Мекке мүшріктері / маңайларындағы адамдардың ұсталып, таланып жатқанында, Біз / Меккені/ қасиетті әрі қауіпсіз еткенімізді көрмеді ме? Сонда олар жалғанға сеніп, Аллаһтың игілігін теріске шығара ма?
Arabic short Tafasir:
وَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّنِ ٱفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَوۡ كَذَّبَ بِٱلۡحَقِّ لَمَّا جَآءَهُۥٓۚ أَلَيۡسَ فِي جَهَنَّمَ مَثۡوٗى لِّلۡكَٰفِرِينَ
Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарғаннан немесе өзіне ақиқат келген кезде оны жалған санағаннан өткен әділетсіз бар ма? Кәпірлердің орны Жаһаннам емес пе?
Arabic short Tafasir:
وَٱلَّذِينَ جَٰهَدُواْ فِينَا لَنَهۡدِيَنَّهُمۡ سُبُلَنَاۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَمَعَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Ал Біз үшін ынта-жігер мен әрекет еткендерді - Өз жолдарымызбен жүргіземіз. Ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілермен бірге.
Arabic short Tafasir:

 
Translation of the meaning of Sura: Al-Ankaboot
Sura list Page number
 
Translation of the meaning of the noble Quran - Kazakh translation - Translations

Khalifah Altai charity foundation translation of the meanings of the noble Qur'an into Kazakh. NB. The translation of some verses (which are indicated) are corrected by the Rowwad Translation Center. Original translations are available for comments, assessment, and development.

Close