Traduction des sens du Noble Coran - Traduction en kazakh - Khalîfah Altaï * - Lexique des traductions


Traduction des sens Sourate: AL-INSÂN   Verset:

суратуль-Инсән

هَلۡ أَتَىٰ عَلَى ٱلۡإِنسَٰنِ حِينٞ مِّنَ ٱلدَّهۡرِ لَمۡ يَكُن شَيۡـٔٗا مَّذۡكُورًا
Адамзат еске аларлық бір нәрсе болғанға дейін дәуірден бірталай мерзім өтпеді ме?
Les exégèses en arabe:
إِنَّا خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ مِن نُّطۡفَةٍ أَمۡشَاجٖ نَّبۡتَلِيهِ فَجَعَلۡنَٰهُ سَمِيعَۢا بَصِيرًا
Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық.
Les exégèses en arabe:
إِنَّا هَدَيۡنَٰهُ ٱلسَّبِيلَ إِمَّا شَاكِرٗا وَإِمَّا كَفُورًا
Расында оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын, мейлі қарсы келсін.
Les exégèses en arabe:
إِنَّآ أَعۡتَدۡنَا لِلۡكَٰفِرِينَ سَلَٰسِلَاْ وَأَغۡلَٰلٗا وَسَعِيرًا
Әрине, қарсы келушілер үшін шынжырлар, боғаулар және жалындаган тозақ әзірледік.
Les exégèses en arabe:
إِنَّ ٱلۡأَبۡرَارَ يَشۡرَبُونَ مِن كَأۡسٖ كَانَ مِزَاجُهَا كَافُورًا
Әрине жақсылар, жаннатта: "Кәфүр" қосылған кеседен ішеді.
Les exégèses en arabe:
عَيۡنٗا يَشۡرَبُ بِهَا عِبَادُ ٱللَّهِ يُفَجِّرُونَهَا تَفۡجِيرٗا
Ол, Алланың құлдары ішетін, қалаған жағына ағызатын бастау.
Les exégèses en arabe:
يُوفُونَ بِٱلنَّذۡرِ وَيَخَافُونَ يَوۡمٗا كَانَ شَرُّهُۥ مُسۡتَطِيرٗا
Ол Алланың құлдары "нәзірін" орындайды әрі апаты етек алатын бір күннен қорқады.
Les exégèses en arabe:
وَيُطۡعِمُونَ ٱلطَّعَامَ عَلَىٰ حُبِّهِۦ مِسۡكِينٗا وَيَتِيمٗا وَأَسِيرًا
Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді.
Les exégèses en arabe:
إِنَّمَا نُطۡعِمُكُمۡ لِوَجۡهِ ٱللَّهِ لَا نُرِيدُ مِنكُمۡ جَزَآءٗ وَلَا شُكُورًا
Олар: "Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз."
Les exégèses en arabe:
إِنَّا نَخَافُ مِن رَّبِّنَا يَوۡمًا عَبُوسٗا قَمۡطَرِيرٗا
"Расында біз түксиіп қатты томсарған күннен Раббымыздан қорқамыз." (дейді)
Les exégèses en arabe:
فَوَقَىٰهُمُ ٱللَّهُ شَرَّ ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمِ وَلَقَّىٰهُمۡ نَضۡرَةٗ وَسُرُورٗا
Сондықтан Алла, оларды сол күннің апатынан сақтап, жарық жүз әрі қуанышқа бөлейді.
Les exégèses en arabe:
وَجَزَىٰهُم بِمَا صَبَرُواْ جَنَّةٗ وَحَرِيرٗا
Оларды сабыр еткендіктері үшін ұжмақ және жібекпен сыйлайды.
Les exégèses en arabe:
مُّتَّكِـِٔينَ فِيهَا عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِۖ لَا يَرَوۡنَ فِيهَا شَمۡسٗا وَلَا زَمۡهَرِيرٗا
Олар, ол арада дивандарға жастанған түрде отырады. Олар онда ыстық та суық та көрмейді.
Les exégèses en arabe:
وَدَانِيَةً عَلَيۡهِمۡ ظِلَٰلُهَا وَذُلِّلَتۡ قُطُوفُهَا تَذۡلِيلٗا
Оларға бейіштің көлеңкелері иіліп, жемістері мүлде еріктерінде болады.
Les exégèses en arabe:
وَيُطَافُ عَلَيۡهِم بِـَٔانِيَةٖ مِّن فِضَّةٖ وَأَكۡوَابٖ كَانَتۡ قَوَارِيرَا۠
Оларға күмістен ыдыстар, шыныдан құмыралар ұсынылады.
Les exégèses en arabe:
قَوَارِيرَاْ مِن فِضَّةٖ قَدَّرُوهَا تَقۡدِيرٗا
Күмістен шынылары өлшеумен толтырылған болады.
Les exégèses en arabe:
وَيُسۡقَوۡنَ فِيهَا كَأۡسٗا كَانَ مِزَاجُهَا زَنجَبِيلًا
Бейіште оларға "Зәнжәбил" араластырылған ішімдік кәсемен ішкізіледі.
Les exégèses en arabe:
عَيۡنٗا فِيهَا تُسَمَّىٰ سَلۡسَبِيلٗا
Ол, бейіште "Сәлсәбил" деп аталатын бір бастау бар.
Les exégèses en arabe:
۞ وَيَطُوفُ عَلَيۡهِمۡ وِلۡدَٰنٞ مُّخَلَّدُونَ إِذَا رَأَيۡتَهُمۡ حَسِبۡتَهُمۡ لُؤۡلُؤٗا مَّنثُورٗا
Олардың айналасында мәңгілік қызметші жастар болады. Оларды көрсең шашылған інжу деп ойлайсың.
Les exégèses en arabe:
وَإِذَا رَأَيۡتَ ثَمَّ رَأَيۡتَ نَعِيمٗا وَمُلۡكٗا كَبِيرًا
Сол жерге қараған сәтте; нығымет, зор салтанат көресің.
Les exégèses en arabe:
عَٰلِيَهُمۡ ثِيَابُ سُندُسٍ خُضۡرٞ وَإِسۡتَبۡرَقٞۖ وَحُلُّوٓاْ أَسَاوِرَ مِن فِضَّةٖ وَسَقَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡ شَرَابٗا طَهُورًا
Олардың киімдері жұқа, қалың жасыл жібек, күміс білезіктермен безенген болады. Сондай-ақ Раббылары, тап-таза ішімдік ішкізеді. (37-С. 45-47-А., 47-С. 15-А., 56-С. 17-19-А.)
Les exégèses en arabe:
إِنَّ هَٰذَا كَانَ لَكُمۡ جَزَآءٗ وَكَانَ سَعۡيُكُم مَّشۡكُورًا
"Расында бұл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғары бағалануға лайық болды."
Les exégèses en arabe:
إِنَّا نَحۡنُ نَزَّلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡقُرۡءَانَ تَنزِيلٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) расында Біз саған Құранды аз-аздап түсірдік.
Les exégèses en arabe:
فَٱصۡبِرۡ لِحُكۡمِ رَبِّكَ وَلَا تُطِعۡ مِنۡهُمۡ ءَاثِمًا أَوۡ كَفُورٗا
Ендеше, Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардан күнәкарлар немесе қарсыларға бағынба.
Les exégèses en arabe:
وَٱذۡكُرِ ٱسۡمَ رَبِّكَ بُكۡرَةٗ وَأَصِيلٗا
Ертелі-кеш Раббыңның атын зікір ет.
Les exégèses en arabe:
وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَٱسۡجُدۡ لَهُۥ وَسَبِّحۡهُ لَيۡلٗا طَوِيلًا
Кештің бір бөлімінде Оған сәжде қыл. Әрі Оны түн бойы дәріпте.
Les exégèses en arabe:
إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ يُحِبُّونَ ٱلۡعَاجِلَةَ وَيَذَرُونَ وَرَآءَهُمۡ يَوۡمٗا ثَقِيلٗا
Расында олар, тез өтетін дүниені жақсы көріп, ауыр күнді арттарына тастайды.
Les exégèses en arabe:
نَّحۡنُ خَلَقۡنَٰهُمۡ وَشَدَدۡنَآ أَسۡرَهُمۡۖ وَإِذَا شِئۡنَا بَدَّلۡنَآ أَمۡثَٰلَهُمۡ تَبۡدِيلًا
Оларды Біз жаратып, буындарын бекіттік. (Өмір бердік.) Егер қаласақ оларды ұқсастарына ауыстырамыз. (Оларды жоқ етіп, басқа сондай ел жарата аламыз.) (56-С. 60-А.)
Les exégèses en arabe:
إِنَّ هَٰذِهِۦ تَذۡكِرَةٞۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ سَبِيلٗا
Шын мәнінде бұл бір насихат. Енді кім қаласа, Раббына бір жол ұстар.
Les exégèses en arabe:
وَمَا تَشَآءُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلِيمًا حَكِيمٗا
Сендердің қалауларың болмайды. Алла қаласа ғана болады. Расында Алла, өте білуші, хикмет иесі.
Les exégèses en arabe:
يُدۡخِلُ مَن يَشَآءُ فِي رَحۡمَتِهِۦۚ وَٱلظَّٰلِمِينَ أَعَدَّ لَهُمۡ عَذَابًا أَلِيمَۢا
Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарға күйзелтуші азап даярлады.
Les exégèses en arabe:
 
Traduction des sens Sourate: AL-INSÂN
Lexique des sourates Numéro de la page
 
Traduction des sens du Noble Coran - Traduction en kazakh - Khalîfah Altaï - Lexique des traductions

ترجمة معاني القرآن الكريم إلى اللغة الكازاخية، ترجمها خليفة ألطاي. تم تصويبها بإشراف مركز رواد الترجمة، ويتاح الإطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

Fermeture