قرآن کریم کے معانی کا ترجمہ - قازق ترجمہ - خلیفہ الطای * - ترجمے کی لسٹ


معانی کا ترجمہ سورت: سورۂ قمر   آیت:

суратуль-Қамар

ٱقۡتَرَبَتِ ٱلسَّاعَةُ وَٱنشَقَّ ٱلۡقَمَرُ
Қиямет жақындады, ай жарылды.
عربی تفاسیر:
وَإِن يَرَوۡاْ ءَايَةٗ يُعۡرِضُواْ وَيَقُولُواْ سِحۡرٞ مُّسۡتَمِرّٞ
Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: "Жалғасты түрдегі бір сиқыр" дейді.
عربی تفاسیر:
وَكَذَّبُواْ وَٱتَّبَعُوٓاْ أَهۡوَآءَهُمۡۚ وَكُلُّ أَمۡرٖ مُّسۡتَقِرّٞ
Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар.
عربی تفاسیر:
وَلَقَدۡ جَآءَهُم مِّنَ ٱلۡأَنۢبَآءِ مَا فِيهِ مُزۡدَجَرٌ
Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды.
عربی تفاسیر:
حِكۡمَةُۢ بَٰلِغَةٞۖ فَمَا تُغۡنِ ٱلنُّذُرُ
Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес.
عربی تفاسیر:
فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡۘ يَوۡمَ يَدۡعُ ٱلدَّاعِ إِلَىٰ شَيۡءٖ نُّكُرٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше, олардан бет бұр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады.
عربی تفاسیر:
خُشَّعًا أَبۡصَٰرُهُمۡ يَخۡرُجُونَ مِنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ كَأَنَّهُمۡ جَرَادٞ مُّنتَشِرٞ
Олар, қабырларынан көздерін сүлмейтіп, таралған шекіртке құсап шығады.
عربی تفاسیر:
مُّهۡطِعِينَ إِلَى ٱلدَّاعِۖ يَقُولُ ٱلۡكَٰفِرُونَ هَٰذَا يَوۡمٌ عَسِرٞ
Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: "Бұл ауыр күн" дейді.
عربی تفاسیر:
۞ كَذَّبَتۡ قَبۡلَهُمۡ قَوۡمُ نُوحٖ فَكَذَّبُواْ عَبۡدَنَا وَقَالُواْ مَجۡنُونٞ وَٱزۡدُجِرَ
Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымы да өтірік деген. Құлымызды жасынға шығарып: "Жынды" деген, әрі жебірленген еді.
عربی تفاسیر:
فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنِّي مَغۡلُوبٞ فَٱنتَصِرۡ
Сонда ол, Раббына: "Күдіксіз мен жеңілдім, маған нұсрат бер" деп, жалбарынған.
عربی تفاسیر:
فَفَتَحۡنَآ أَبۡوَٰبَ ٱلسَّمَآءِ بِمَآءٖ مُّنۡهَمِرٖ
Сондықтан көктің есігін құйылған жаңбырмен аштық.
عربی تفاسیر:
وَفَجَّرۡنَا ٱلۡأَرۡضَ عُيُونٗا فَٱلۡتَقَى ٱلۡمَآءُ عَلَىٰٓ أَمۡرٖ قَدۡ قُدِرَ
Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі әмір бойынша қосылды.
عربی تفاسیر:
وَحَمَلۡنَٰهُ عَلَىٰ ذَاتِ أَلۡوَٰحٖ وَدُسُرٖ
Оны (Нұхты) шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық.
عربی تفاسیر:
تَجۡرِي بِأَعۡيُنِنَا جَزَآءٗ لِّمَن كَانَ كُفِرَ
Қарсы келгендерге жаза түрінде Нұх (Ғ.С.) тың кемесі көз алдымызда жүріп бара жатты.
عربی تفاسیر:
وَلَقَد تَّرَكۡنَٰهَآ ءَايَةٗ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Расында оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма?
عربی تفاسیر:
فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Азабым, ескертуім қалай екен?
عربی تفاسیر:
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?
عربی تفاسیر:
كَذَّبَتۡ عَادٞ فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Ғад елі де жасынға айналдырған. Азабым ескертуім қалай екен?
عربی تفاسیر:
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ رِيحٗا صَرۡصَرٗا فِي يَوۡمِ نَحۡسٖ مُّسۡتَمِرّٖ
Өйткені, оларға сәтсіз күнде; үздіксіз куілдеген боран жібердік.
عربی تفاسیر:
تَنزِعُ ٱلنَّاسَ كَأَنَّهُمۡ أَعۡجَازُ نَخۡلٖ مُّنقَعِرٖ
Адамдарды түбінен қопарылған құрманың ағашындай жұлып, әкететін еді.
عربی تفاسیر:
فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Азабым, ескертуім қалай екен?
عربی تفاسیر:
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сонда түсінуші бар ма?
عربی تفاسیر:
كَذَّبَتۡ ثَمُودُ بِٱلنُّذُرِ
Сәмұд елі ескертушіні жасынға айналдырды:
عربی تفاسیر:
فَقَالُوٓاْ أَبَشَرٗا مِّنَّا وَٰحِدٗا نَّتَّبِعُهُۥٓ إِنَّآ إِذٗا لَّفِي ضَلَٰلٖ وَسُعُرٍ
"Өзімізден бір адамға ерейік бе? Әрине ол уақытта біз адасуда әрі есі алаң боламыз" деді.
عربی تفاسیر:
أَءُلۡقِيَ ٱلذِّكۡرُ عَلَيۡهِ مِنۢ بَيۡنِنَا بَلۡ هُوَ كَذَّابٌ أَشِرٞ
"Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол, мүлде өтірікші, өзімшіл" деді.
عربی تفاسیر:
سَيَعۡلَمُونَ غَدٗا مَّنِ ٱلۡكَذَّابُ ٱلۡأَشِرُ
Олар ертең-ақ кімнің барып тұрған суайт, құж екенін біледі.
عربی تفاسیر:
إِنَّا مُرۡسِلُواْ ٱلنَّاقَةِ فِتۡنَةٗ لَّهُمۡ فَٱرۡتَقِبۡهُمۡ وَٱصۡطَبِرۡ
Расында аруананы оларға сын үшін жібердік. Сондықтан оларды байқа, сабыр ет. (Әй Салих, делінді.)
عربی تفاسیر:
وَنَبِّئۡهُمۡ أَنَّ ٱلۡمَآءَ قِسۡمَةُۢ بَيۡنَهُمۡۖ كُلُّ شِرۡبٖ مُّحۡتَضَرٞ
Оларға: "Су араларында кезекті; әркім ішу кезегінде әзір болсын" деп түсіндір. (Құдықтың суын бір күн түйе, бір күн ел ішеді. Б.Ж.М.Р.)
عربی تفاسیر:
فَنَادَوۡاْ صَاحِبَهُمۡ فَتَعَاطَىٰ فَعَقَرَ
Сонда олар жолдастарын шақырды да сонда ол, қылышын алып, түйені өлтірді.
عربی تفاسیر:
فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Сонда азабым, ескертуім қалай екен?
عربی تفاسیر:
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ فَكَانُواْ كَهَشِيمِ ٱلۡمُحۡتَظِرِ
Дұрысында оларға бір қатты дауыс жібердік те олар шарбақ қораның ұматылған қу жапырағындай болды.
عربی تفاسیر:
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Шүбәсыз Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане сонда түсінуші бар ма?
عربی تفاسیر:
كَذَّبَتۡ قَوۡمُ لُوطِۭ بِٱلنُّذُرِ
Лұт елі де ескертуді жасынға айналдырған.
عربی تفاسیر:
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ حَاصِبًا إِلَّآ ءَالَ لُوطٖۖ نَّجَّيۡنَٰهُم بِسَحَرٖ
Дұрысында оларға тас жаудырған боран жібердік. Бірақ Лұт (Ғ.С.) тың семьясын таңменен құтқардық. (29-С. 33-А.)
عربی تفاسیر:
نِّعۡمَةٗ مِّنۡ عِندِنَاۚ كَذَٰلِكَ نَجۡزِي مَن شَكَرَ
Бізден бір нығметке бөленеді. Осылайша кім шүкірлік етсе, сыйлық береміз.
عربی تفاسیر:
وَلَقَدۡ أَنذَرَهُم بَطۡشَتَنَا فَتَمَارَوۡاْ بِٱلنُّذُرِ
Расында (Лұт Ғ.С.) оларға, апатымызды ескертті. Дегенмен олар, ескертуге күмәнмен қарады.
عربی تفاسیر:
وَلَقَدۡ رَٰوَدُوهُ عَن ضَيۡفِهِۦ فَطَمَسۡنَآ أَعۡيُنَهُمۡ فَذُوقُواْ عَذَابِي وَنُذُرِ
Расында олар Лұт (Ғ.С.) тың қонақтарынан дәме қылды. Сондықтан олардың көздерін соқыр қылдық: "Ал азабымды, ескертуімді татыңдар."
عربی تفاسیر:
وَلَقَدۡ صَبَّحَهُم بُكۡرَةً عَذَابٞ مُّسۡتَقِرّٞ
Расында оларға тәңертең ерте бір азап келді.
عربی تفاسیر:
فَذُوقُواْ عَذَابِي وَنُذُرِ
"Ал азабым, ескертуім қалай екен?"
عربی تفاسیر:
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Әрине Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане түсінуші бар ма?
عربی تفاسیر:
وَلَقَدۡ جَآءَ ءَالَ فِرۡعَوۡنَ ٱلنُّذُرُ
Расында Перғауындықтарға да ескертуші келген еді.
عربی تفاسیر:
كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا كُلِّهَا فَأَخَذۡنَٰهُمۡ أَخۡذَ عَزِيزٖ مُّقۡتَدِرٍ
Олар мұғжизаларымыздың бәрін жасынға айналдырды. Сондыктан оларды өте күшті қолға алумен қолға алдық.
عربی تفاسیر:
أَكُفَّارُكُمۡ خَيۡرٞ مِّنۡ أُوْلَٰٓئِكُمۡ أَمۡ لَكُم بَرَآءَةٞ فِي ٱلزُّبُرِ
Сендердің қасарысуларың олардан артық па? Немесе сендер үшін кітаптарда бір ақтама бар ма?
عربی تفاسیر:
أَمۡ يَقُولُونَ نَحۡنُ جَمِيعٞ مُّنتَصِرٞ
Не олар: "Біз өш алушы бір топпыз" дей ме?
عربی تفاسیر:
سَيُهۡزَمُ ٱلۡجَمۡعُ وَيُوَلُّونَ ٱلدُّبُرَ
Ол топ, таяуда жеңіліске ұшырап, арттарына бұрылып қашады.
عربی تفاسیر:
بَلِ ٱلسَّاعَةُ مَوۡعِدُهُمۡ وَٱلسَّاعَةُ أَدۡهَىٰ وَأَمَرُّ
Әлбетте оларға уәде етілген қиямет, ол; үрейлі, тым ащы бір мезгіл.
عربی تفاسیر:
إِنَّ ٱلۡمُجۡرِمِينَ فِي ضَلَٰلٖ وَسُعُرٖ
Шәксіз күнәкарлар, адасуда және құтыруда.
عربی تفاسیر:
يَوۡمَ يُسۡحَبُونَ فِي ٱلنَّارِ عَلَىٰ وُجُوهِهِمۡ ذُوقُواْ مَسَّ سَقَرَ
Ол күні, олар, тозақта етпетінен сұйреледі: "Тозақтың азабын татыңдар" (делінеді.)
عربی تفاسیر:
إِنَّا كُلَّ شَيۡءٍ خَلَقۡنَٰهُ بِقَدَرٖ
Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық.
عربی تفاسیر:
وَمَآ أَمۡرُنَآ إِلَّا وَٰحِدَةٞ كَلَمۡحِۭ بِٱلۡبَصَرِ
Әміріміз бір-ақ қас қаққандай.
عربی تفاسیر:
وَلَقَدۡ أَهۡلَكۡنَآ أَشۡيَاعَكُمۡ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Расында сендер сияқтыларды жоқ еткен едік. Ал сонда түсінуші бар ма?
عربی تفاسیر:
وَكُلُّ شَيۡءٖ فَعَلُوهُ فِي ٱلزُّبُرِ
Олар істеген әр нәрсе дәптерде бекітілген.
عربی تفاسیر:
وَكُلُّ صَغِيرٖ وَكَبِيرٖ مُّسۡتَطَرٌ
Үлкен-кіші әр нәрсе жазулы.
عربی تفاسیر:
إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّٰتٖ وَنَهَرٖ
Күдіксіз тақуалар, бейіштердегі өзен жағасында.
عربی تفاسیر:
فِي مَقۡعَدِ صِدۡقٍ عِندَ مَلِيكٖ مُّقۡتَدِرِۭ
Ықпалды үкім иесінің хұзырындағы қалаған орнында.
عربی تفاسیر:
 
معانی کا ترجمہ سورت: سورۂ قمر
سورتوں کی لسٹ صفحہ نمبر
 
قرآن کریم کے معانی کا ترجمہ - قازق ترجمہ - خلیفہ الطای - ترجمے کی لسٹ

قرآن کریم کے معانی کا قازق زبان میں ترجمہ : خلیفہ اَلطائی نے کیا ہے۔ اس ترجمہ کی تصحیح مرکز رُواد الترجمہ کی جانب سے کی گئی ہے، ساتھ ہی اظہارِ رائے، تقییم اور مسلسل بہتری کے لیے اصل ترجمہ بھی باقی رکھا گیا ہے ۔

بند کریں