Check out the new design

Qurani Kərimin mənaca tərcüməsi - Qazax dilinə tərcümə - Xəlifə Altay. * - Tərcumənin mündəricatı


Mənaların tərcüməsi Surə: Ali-İmran   Ayə:
قُلۡ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَمَآ أُنزِلَ عَلَيۡنَا وَمَآ أُنزِلَ عَلَىٰٓ إِبۡرَٰهِيمَ وَإِسۡمَٰعِيلَ وَإِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَ وَٱلۡأَسۡبَاطِ وَمَآ أُوتِيَ مُوسَىٰ وَعِيسَىٰ وَٱلنَّبِيُّونَ مِن رَّبِّهِمۡ لَا نُفَرِّقُ بَيۡنَ أَحَدٖ مِّنۡهُمۡ وَنَحۡنُ لَهُۥ مُسۡلِمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): «біз Аллаға, өзімізге түсірілген Құранға, Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ларға сондай-ақ пайғамбарларға Раббыларынан түсірілгенге де иман келтірдік; ешбіреуінің араларында айырмашылық жасамаймыз. Сондай-ақ біздер Ол Аллаға бой ұсынушылармыз» де.
Ərəbcə təfsirlər:
وَمَن يَبۡتَغِ غَيۡرَ ٱلۡإِسۡلَٰمِ دِينٗا فَلَن يُقۡبَلَ مِنۡهُ وَهُوَ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ахиретте зиянға ұшыраушылардан болады.
Ərəbcə təfsirlər:
كَيۡفَ يَهۡدِي ٱللَّهُ قَوۡمٗا كَفَرُواْ بَعۡدَ إِيمَٰنِهِمۡ وَشَهِدُوٓاْ أَنَّ ٱلرَّسُولَ حَقّٞ وَجَآءَهُمُ ٱلۡبَيِّنَٰتُۚ وَٱللَّهُ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّٰلِمِينَ
Аллаға иман келтіріп, шын мәнінде Пайғамбардың хақтығына куә болғаннан әрі оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін қарсы шыққан қауымды Алла қалайша тура жолға салады? Алла залым елді тура жолға салмайды.
Ərəbcə təfsirlər:
أُوْلَٰٓئِكَ جَزَآؤُهُمۡ أَنَّ عَلَيۡهِمۡ لَعۡنَةَ ٱللَّهِ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةِ وَٱلنَّاسِ أَجۡمَعِينَ
Міне солардың жазалары: Шәксіз оларға Алланың, періштелердің әрі біртұтас адамдардың қарғысы болады.
Ərəbcə təfsirlər:
خَٰلِدِينَ فِيهَا لَا يُخَفَّفُ عَنۡهُمُ ٱلۡعَذَابُ وَلَا هُمۡ يُنظَرُونَ
Олар қарғыста мүлде қалады да олардан азап жеңілтілмейді және оларға назар аударылмайды.
Ərəbcə təfsirlər:
إِلَّا ٱلَّذِينَ تَابُواْ مِنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ وَأَصۡلَحُواْ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٌ
Бірақ сондай иман келтіріп, сонсоң тәубе еткендер және де ғамалдарын түзелткендер басқа. Расында Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Ərəbcə təfsirlər:
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بَعۡدَ إِيمَٰنِهِمۡ ثُمَّ ٱزۡدَادُواْ كُفۡرٗا لَّن تُقۡبَلَ تَوۡبَتُهُمۡ وَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلضَّآلُّونَ
Ал сондай иман келтіргеннен кейін қарсы болғандар және қарсылықтарын арттырғандар, олардың тәубесі әсте қабыл болмайды. Міне солар, жолдан адасқандар.
Ərəbcə təfsirlər:
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَمَاتُواْ وَهُمۡ كُفَّارٞ فَلَن يُقۡبَلَ مِنۡ أَحَدِهِم مِّلۡءُ ٱلۡأَرۡضِ ذَهَبٗا وَلَوِ ٱفۡتَدَىٰ بِهِۦٓۗ أُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ وَمَا لَهُم مِّن نَّٰصِرِينَ
Негізінен қарсы келіп, кәпір күйінде өлгендер, олардың әрбіреуі жер жүзі толы алтын төлесе де әсте қабыл етілмейді. Міне солар үшін күйзелтуші азап бар. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ
Ərəbcə təfsirlər:
 
Mənaların tərcüməsi Surə: Ali-İmran
Surələrin mündəricatı Səhifənin rəqəmi
 
Qurani Kərimin mənaca tərcüməsi - Qazax dilinə tərcümə - Xəlifə Altay. - Tərcumənin mündəricatı

Tərcümə edən: Xəlifə Altay. Tərcümənin inkişafı "Ruvvad" tərcümə mərkəzi tərəfindən edilmişdir. Orijinal tərcüməyə: rəy bildirmək, qiymətləndirmək və davamlı inkişaf məqsədi ilə baxmaq mümkündür.

Bağlamaq