Check out the new design

Qurani Kərimin mənaca tərcüməsi - Qazax dilinə tərcümə - Xəlifə Altay. * - Tərcumənin mündəricatı


Mənaların tərcüməsi Surə: Muhəmməd   Ayə:
إِنَّ ٱللَّهَ يُدۡخِلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ جَنَّٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ يَتَمَتَّعُونَ وَيَأۡكُلُونَ كَمَا تَأۡكُلُ ٱلۡأَنۡعَٰمُ وَٱلنَّارُ مَثۡوٗى لَّهُمۡ
Шәксіз Алла иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер ағатын жаннатқа кіргізеді. Ал қарсы болғандар, (дүние тіршілігінен аз ғана) пайдаланып, хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны тозақ оты.
Ərəbcə təfsirlər:
وَكَأَيِّن مِّن قَرۡيَةٍ هِيَ أَشَدُّ قُوَّةٗ مِّن قَرۡيَتِكَ ٱلَّتِيٓ أَخۡرَجَتۡكَ أَهۡلَكۡنَٰهُمۡ فَلَا نَاصِرَ لَهُمۡ
(Мұхаммед Ғ.С.) сені шығарған кентіңнен тағы күшті қаншалаған кентті жоқ еттіқ. Сонда оларға болысушы болмады.
Ərəbcə təfsirlər:
أَفَمَن كَانَ عَلَىٰ بَيِّنَةٖ مِّن رَّبِّهِۦ كَمَن زُيِّنَ لَهُۥ سُوٓءُ عَمَلِهِۦ وَٱتَّبَعُوٓاْ أَهۡوَآءَهُم
Ал сонда Раббы тарапынан ашық дәлелде болған біреу, өзіне жаман ғамалы әдемі көрсетіліп, әуестеріне ерген біреумен тең бе?
Ərəbcə təfsirlər:
مَّثَلُ ٱلۡجَنَّةِ ٱلَّتِي وُعِدَ ٱلۡمُتَّقُونَۖ فِيهَآ أَنۡهَٰرٞ مِّن مَّآءٍ غَيۡرِ ءَاسِنٖ وَأَنۡهَٰرٞ مِّن لَّبَنٖ لَّمۡ يَتَغَيَّرۡ طَعۡمُهُۥ وَأَنۡهَٰرٞ مِّنۡ خَمۡرٖ لَّذَّةٖ لِّلشَّٰرِبِينَ وَأَنۡهَٰرٞ مِّنۡ عَسَلٖ مُّصَفّٗىۖ وَلَهُمۡ فِيهَا مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ وَمَغۡفِرَةٞ مِّن رَّبِّهِمۡۖ كَمَنۡ هُوَ خَٰلِدٞ فِي ٱلنَّارِ وَسُقُواْ مَآءً حَمِيمٗا فَقَطَّعَ أَمۡعَآءَهُمۡ
Сондай тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы: Онда еш бұзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге дәмді арақтан өзендер (37-С. 45-47-А., 56-С. 19-А.) және балдан өзендер, сондай-ақ онда оларға әр түрлі жеміс әрі Раббыларынан жарылқау бар; (бұлар,) тозақта мәңгі қалып, қайнар су ішкізіліп, ішектері туралған біреумен тең бе?
Ərəbcə təfsirlər:
وَمِنۡهُم مَّن يَسۡتَمِعُ إِلَيۡكَ حَتَّىٰٓ إِذَا خَرَجُواْ مِنۡ عِندِكَ قَالُواْ لِلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ مَاذَا قَالَ ءَانِفًاۚ أُوْلَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ طَبَعَ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ وَٱتَّبَعُوٓاْ أَهۡوَآءَهُمۡ
Олардың ішінен саған құлақ асқандар да жоқ емес. Ақыр қасыңнан шыққан кезде, өздеріне ғылым берілгендерден: "Әзір не айтты?",- деп сұрайды. Міне бұлар, Алла, жүректерін бітеп қойған, әуестеріне ергендер.
Ərəbcə təfsirlər:
وَٱلَّذِينَ ٱهۡتَدَوۡاْ زَادَهُمۡ هُدٗى وَءَاتَىٰهُمۡ تَقۡوَىٰهُمۡ
Ал сондай тура жол тапқандар, Алла, олардың туралықтарын арттыра түсіп, оларға тақуалық береді.
Ərəbcə təfsirlər:
فَهَلۡ يَنظُرُونَ إِلَّا ٱلسَّاعَةَ أَن تَأۡتِيَهُم بَغۡتَةٗۖ فَقَدۡ جَآءَ أَشۡرَاطُهَاۚ فَأَنَّىٰ لَهُمۡ إِذَا جَآءَتۡهُمۡ ذِكۡرَىٰهُمۡ
Олар қиямет мезгілінің өздеріне кенеттен келуін ғана күте ме? Расында оның белгілері келді ғой. Қиямет келіп болғанда, үгіт алулары неге жарайды?
Ərəbcə təfsirlər:
فَٱعۡلَمۡ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ وَٱسۡتَغۡفِرۡ لِذَنۢبِكَ وَلِلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِۗ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ مُتَقَلَّبَكُمۡ وَمَثۡوَىٰكُمۡ
(Мұхаммед Ғ.С.) енді біл! Шын мәнінде Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Өзіңнің әрі мүмін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле! Алла, айналған әрі тұрақтаған жерлеріңді біледі.
Ərəbcə təfsirlər:
 
Mənaların tərcüməsi Surə: Muhəmməd
Surələrin mündəricatı Səhifənin rəqəmi
 
Qurani Kərimin mənaca tərcüməsi - Qazax dilinə tərcümə - Xəlifə Altay. - Tərcumənin mündəricatı

Tərcümə edən: Xəlifə Altay. Tərcümənin inkişafı "Ruvvad" tərcümə mərkəzi tərəfindən edilmişdir. Orijinal tərcüməyə: rəy bildirmək, qiymətləndirmək və davamlı inkişaf məqsədi ilə baxmaq mümkündür.

Bağlamaq