Check out the new design

Traducción de los significados del Sagrado Corán - Traducción Kazajo - Jalifa Altay * - Índice de traducciones


Traducción de significados Capítulo: Saba   Versículo:
قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ لِلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُوٓاْ أَنَحۡنُ صَدَدۡنَٰكُمۡ عَنِ ٱلۡهُدَىٰ بَعۡدَ إِذۡ جَآءَكُمۖ بَلۡ كُنتُم مُّجۡرِمِينَ
Өздерін ірі санағандар, езілгендерге: "Сендерге тура жол келгеннен кейін, сендерге біз бөгет болдық па? Керісінше өздерің күнәкар едіңдер" дер.
Las Exégesis Árabes:
وَقَالَ ٱلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُواْ لِلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ بَلۡ مَكۡرُ ٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ إِذۡ تَأۡمُرُونَنَآ أَن نَّكۡفُرَ بِٱللَّهِ وَنَجۡعَلَ لَهُۥٓ أَندَادٗاۚ وَأَسَرُّواْ ٱلنَّدَامَةَ لَمَّا رَأَوُاْ ٱلۡعَذَابَۚ وَجَعَلۡنَا ٱلۡأَغۡلَٰلَ فِيٓ أَعۡنَاقِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْۖ هَلۡ يُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Езілгендер, өздерін ірі санағандарға: "Күндіз-түні қулықпен, Аллаға қарсы келуімізді, Оған теңеулер жасауымызды әмір етуші едіңдер" дер. Сондай-ақ азапты көрген кезде, ішінен өкінеді; қарсы келгендердің мойындарына боғаулар жасадық. Оларға істегендерінің ғана жазасы беріледі.
Las Exégesis Árabes:
وَمَآ أَرۡسَلۡنَا فِي قَرۡيَةٖ مِّن نَّذِيرٍ إِلَّا قَالَ مُتۡرَفُوهَآ إِنَّا بِمَآ أُرۡسِلۡتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ
Бір кентке ескертуші жіберген болсақ, әсіресе олардың байлары: "Рас сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз" деді.
Las Exégesis Árabes:
وَقَالُواْ نَحۡنُ أَكۡثَرُ أَمۡوَٰلٗا وَأَوۡلَٰدٗا وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ
Сондай-ақ олар: "Біздер, көп малдар, балаларға иеміз. Сондықтан да азапқа душар болмаймыз" деді.
Las Exégesis Árabes:
قُلۡ إِنَّ رَبِّي يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقۡدِرُ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сөз жоқ, Раббым әлде кімге тілесе, несібесін кеңітіп, тарайтады; бірақ адамдардың көбі түсінбейді" де.
Las Exégesis Árabes:
وَمَآ أَمۡوَٰلُكُمۡ وَلَآ أَوۡلَٰدُكُم بِٱلَّتِي تُقَرِّبُكُمۡ عِندَنَا زُلۡفَىٰٓ إِلَّا مَنۡ ءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَأُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ جَزَآءُ ٱلضِّعۡفِ بِمَا عَمِلُواْ وَهُمۡ فِي ٱلۡغُرُفَٰتِ ءَامِنُونَ
Малдарың да балаларың да сендерді жанымызға жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғары орындарда болады.
Las Exégesis Árabes:
وَٱلَّذِينَ يَسۡعَوۡنَ فِيٓ ءَايَٰتِنَا مُعَٰجِزِينَ أُوْلَٰٓئِكَ فِي ٱلۡعَذَابِ مُحۡضَرُونَ
Сондай-ақ аяттарымызды күшінен қалдыруға тырысқандарға келсек, міне солар; азапқа душар болатындар.
Las Exégesis Árabes:
قُلۡ إِنَّ رَبِّي يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦ وَيَقۡدِرُ لَهُۥۚ وَمَآ أَنفَقۡتُم مِّن شَيۡءٖ فَهُوَ يُخۡلِفُهُۥۖ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلرَّٰزِقِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Рас Раббым, несібені құлдарынан кімге қаласа; кеңітеді де оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла, тағы есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы" де.
Las Exégesis Árabes:
 
Traducción de significados Capítulo: Saba
Índice de Capítulos Número de página
 
Traducción de los significados del Sagrado Corán - Traducción Kazajo - Jalifa Altay - Índice de traducciones

Traducida por Khalifa Altay. Desarrollada bajo la supervisión del Centro Rowad Al-Taryamah. Se permite acceder a la traducción original con el propósito de brindar opiniones, evaluación y desarrollo continuo.

Cerrar