કુરઆન મજીદના શબ્દોનું ભાષાંતર - કઝાખ ભાષાતર - ખલીફા અલતાવી * - ભાષાંતરોની અનુક્રમણિકા


શબ્દોનું ભાષાંતર સૂરહ: કૉફ   આયત:

сурату Қаф

قٓۚ وَٱلۡقُرۡءَانِ ٱلۡمَجِيدِ
Қаф және биік дәрежелі Құранға серт. @સુધારેલું
Қаф және биік дәрежелі Құранға серт.
અરબી તફસીરો:
بَلۡ عَجِبُوٓاْ أَن جَآءَهُم مُّنذِرٞ مِّنۡهُمۡ فَقَالَ ٱلۡكَٰفِرُونَ هَٰذَا شَيۡءٌ عَجِيبٌ
Керісінше кәпірлер өздеріне араларынан бір ескертуші келуін: "Бұл бір ғажайып нәрсе" десті.
અરબી તફસીરો:
أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابٗاۖ ذَٰلِكَ رَجۡعُۢ بَعِيدٞ
(Және былай десті): "Біз өліп топырақ болған кезде, (қайта тірілеміз бе?) Бұл қайту ақылдан ұзақ."
અરબી તફસીરો:
قَدۡ عَلِمۡنَا مَا تَنقُصُ ٱلۡأَرۡضُ مِنۡهُمۡۖ وَعِندَنَا كِتَٰبٌ حَفِيظُۢ
Расында жердің олардан нені кеміткенін білеміз. Жанымызда әр нәрсені сақтаушы бір Кітап бар. (Лаухы Махфүз Б.М.)
અરબી તફસીરો:
بَلۡ كَذَّبُواْ بِٱلۡحَقِّ لَمَّا جَآءَهُمۡ فَهُمۡ فِيٓ أَمۡرٖ مَّرِيجٍ
Әрине олар, хақиқат келген сәтте, жасынға шығарды. Сондықтан олар, бір дағдарыста.
અરબી તફસીરો:
أَفَلَمۡ يَنظُرُوٓاْ إِلَى ٱلسَّمَآءِ فَوۡقَهُمۡ كَيۡفَ بَنَيۡنَٰهَا وَزَيَّنَّٰهَا وَمَا لَهَا مِن فُرُوجٖ
Олар үстеріндегі аспанға қарамай ма? Оны қалай жасап, безедік. Оның ешбір сызаты жоқ.
અરબી તફસીરો:
وَٱلۡأَرۡضَ مَدَدۡنَٰهَا وَأَلۡقَيۡنَا فِيهَا رَوَٰسِيَ وَأَنۢبَتۡنَا فِيهَا مِن كُلِّ زَوۡجِۭ بَهِيجٖ
Жерді төсеп, онда әр түрлі көркем нәрселерді өсірдік.
અરબી તફસીરો:
تَبۡصِرَةٗ وَذِكۡرَىٰ لِكُلِّ عَبۡدٖ مُّنِيبٖ
Әрбір бейім құл үшін; бір белгі және үгіт.
અરબી તફસીરો:
وَنَزَّلۡنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ مُّبَٰرَكٗا فَأَنۢبَتۡنَا بِهِۦ جَنَّٰتٖ وَحَبَّ ٱلۡحَصِيدِ
Аспаннан берекетті жаңбыр жаудырып, сонда ол арқылы бақшалар және орылатын астық өсірдік.
અરબી તફસીરો:
وَٱلنَّخۡلَ بَاسِقَٰتٖ لَّهَا طَلۡعٞ نَّضِيدٞ
Қауашақтары шоғырланган ұзын құрма ағаштарын өсірдік;
અરબી તફસીરો:
رِّزۡقٗا لِّلۡعِبَادِۖ وَأَحۡيَيۡنَا بِهِۦ بَلۡدَةٗ مَّيۡتٗاۚ كَذَٰلِكَ ٱلۡخُرُوجُ
Құлдарға көрек үшін. Сондай-ақ жаңбырмен жансыз жерге жан бердік. (Қайта тіріліп,) шығуда сол тәрізді.
અરબી તફસીરો:
كَذَّبَتۡ قَبۡلَهُمۡ قَوۡمُ نُوحٖ وَأَصۡحَٰبُ ٱلرَّسِّ وَثَمُودُ
Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) қауымы, Рәс халқы және Сәмұд елі де жасынға айналдырған болатын.
અરબી તફસીરો:
وَعَادٞ وَفِرۡعَوۡنُ وَإِخۡوَٰنُ لُوطٖ
Ғад, Перғауын және Лұттың ағайындары да.
અરબી તફસીરો:
وَأَصۡحَٰبُ ٱلۡأَيۡكَةِ وَقَوۡمُ تُبَّعٖۚ كُلّٞ كَذَّبَ ٱلرُّسُلَ فَحَقَّ وَعِيدِ
Әйкеліктер және Тұббағ елі, барлығы пайғамбарларды жасынға айналдырған. Сондыктан уәде шынға айналған. (Азапқа ұшыраған.)
અરબી તફસીરો:
أَفَعَيِينَا بِٱلۡخَلۡقِ ٱلۡأَوَّلِۚ بَلۡ هُمۡ فِي لَبۡسٖ مِّنۡ خَلۡقٖ جَدِيدٖ
Алғашқы жарату Бізді шаршартты ма? Жоқ, олар жаңа жаратылыстан күмәндануда.
અરબી તફસીરો:
وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ وَنَعۡلَمُ مَا تُوَسۡوِسُ بِهِۦ نَفۡسُهُۥۖ وَنَحۡنُ أَقۡرَبُ إِلَيۡهِ مِنۡ حَبۡلِ ٱلۡوَرِيدِ
Расында адамзатты жараттық.Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз.
અરબી તફસીરો:
إِذۡ يَتَلَقَّى ٱلۡمُتَلَقِّيَانِ عَنِ ٱلۡيَمِينِ وَعَنِ ٱلشِّمَالِ قَعِيدٞ
Оның, оңынан да солынан да екі байқаушы отырады. (82-С. 10-13-А.)
અરબી તફસીરો:
مَّا يَلۡفِظُ مِن قَوۡلٍ إِلَّا لَدَيۡهِ رَقِيبٌ عَتِيدٞ
Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын.
અરબી તફસીરો:
وَجَآءَتۡ سَكۡرَةُ ٱلۡمَوۡتِ بِٱلۡحَقِّۖ ذَٰلِكَ مَا كُنتَ مِنۡهُ تَحِيدُ
Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің.
અરબી તફસીરો:
وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِۚ ذَٰلِكَ يَوۡمُ ٱلۡوَعِيدِ
Сұр үріледі. Осы уәделі күн.
અરબી તફસીરો:
وَجَآءَتۡ كُلُّ نَفۡسٖ مَّعَهَا سَآئِقٞ وَشَهِيدٞ
Әркіммен айдаушы және куә бірге келеді.
અરબી તફસીરો:
لَّقَدۡ كُنتَ فِي غَفۡلَةٖ مِّنۡ هَٰذَا فَكَشَفۡنَا عَنكَ غِطَآءَكَ فَبَصَرُكَ ٱلۡيَوۡمَ حَدِيدٞ
"Расында осыдан кәперсіз едің. Ал енді сенен шымылдықты аштық. Сондықтан бұгін көзің өткірлесті" (делінеді.)
અરબી તફસીરો:
وَقَالَ قَرِينُهُۥ هَٰذَا مَا لَدَيَّ عَتِيدٌ
Жанындағы (періште): "Міне мендегі дайын" дейді.
અરબી તફસીરો:
أَلۡقِيَا فِي جَهَنَّمَ كُلَّ كَفَّارٍ عَنِيدٖ
"Бүкіл қарсы болған қиқарды, тозаққа салыңдар" (делінеді.)
અરબી તફસીરો:
مَّنَّاعٖ لِّلۡخَيۡرِ مُعۡتَدٖ مُّرِيبٍ
"Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы және күмәнданушы;"
અરબી તફસીરો:
ٱلَّذِي جَعَلَ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَأَلۡقِيَاهُ فِي ٱلۡعَذَابِ ٱلشَّدِيدِ
"Бұлар сондай Алламен бірге тәңір жасап алған. Енді оны қатты азапқа салыңдар!"
અરબી તફસીરો:
۞ قَالَ قَرِينُهُۥ رَبَّنَا مَآ أَطۡغَيۡتُهُۥ وَلَٰكِن كَانَ فِي ضَلَٰلِۭ بَعِيدٖ
Оның сыбайласы (шайтан): "Раббым! Оны, мен аздырмадым. Дегенмен өзі де ұзақ адасуда еді" дейді.
અરબી તફસીરો:
قَالَ لَا تَخۡتَصِمُواْ لَدَيَّ وَقَدۡ قَدَّمۡتُ إِلَيۡكُم بِٱلۡوَعِيدِ
(Алла): "Менің алдымда тартыспаңдар. Сендерге алдын ала уәдені білдірген едім" дейді.
અરબી તફસીરો:
مَا يُبَدَّلُ ٱلۡقَوۡلُ لَدَيَّ وَمَآ أَنَا۠ بِظَلَّٰمٖ لِّلۡعَبِيدِ
"Менің алдымда сөз ауыстырылмайды. Сондай-ақ құлдарыма әділетсіздік істемеймін."
અરબી તફસીરો:
يَوۡمَ نَقُولُ لِجَهَنَّمَ هَلِ ٱمۡتَلَأۡتِ وَتَقُولُ هَلۡ مِن مَّزِيدٖ
Ол күні, тозаққа: "Толдың ба?",-дейміз. Ол: "Тағы да бар ма?",-дейді.
અરબી તફસીરો:
وَأُزۡلِفَتِ ٱلۡجَنَّةُ لِلۡمُتَّقِينَ غَيۡرَ بَعِيدٍ
Бейіш, тақуаларға жақындатылады, алыс болмайды.
અરબી તફસીરો:
هَٰذَا مَا تُوعَدُونَ لِكُلِّ أَوَّابٍ حَفِيظٖ
"Міне, уәде етілген нәрселерің; бүкіл тәубешіл, сақтанушылар үшін."
અરબી તફસીરો:
مَّنۡ خَشِيَ ٱلرَّحۡمَٰنَ بِٱلۡغَيۡبِ وَجَآءَ بِقَلۡبٖ مُّنِيبٍ
Кім көрместен Рахманнан корықса, бейім жүрекпен келсе;
અરબી તફસીરો:
ٱدۡخُلُوهَا بِسَلَٰمٖۖ ذَٰلِكَ يَوۡمُ ٱلۡخُلُودِ
"Ұжмаққа аман-есен кіріңдер. Бұл мәңгілік күні" (делінеді.)
અરબી તફસીરો:
لَهُم مَّا يَشَآءُونَ فِيهَا وَلَدَيۡنَا مَزِيدٞ
Бейіште олар не тілесе бар. Сондай-ақ жанымызда артығы да бар.
અરબી તફસીરો:
وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا قَبۡلَهُم مِّن قَرۡنٍ هُمۡ أَشَدُّ مِنۡهُم بَطۡشٗا فَنَقَّبُواْ فِي ٱلۡبِلَٰدِ هَلۡ مِن مَّحِيصٍ
Олардан бұрын -өздерінен орасан мықты, мемлекеттерді кезген, нәсілді жоқ еткен едік. Құтылар жер бар ма?
અરબી તફસીરો:
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَذِكۡرَىٰ لِمَن كَانَ لَهُۥ قَلۡبٌ أَوۡ أَلۡقَى ٱلسَّمۡعَ وَهُوَ شَهِيدٞ
Шүбәсыз бұнда (сезімтал) жүрегі барға немесе құлақ салып, әзір болғанга бір үгіт бар.
અરબી તફસીરો:
وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ وَمَا مَسَّنَا مِن لُّغُوبٖ
Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселерді алты күнде жараттық, шаршамадық.
અરબી તફસીરો:
فَٱصۡبِرۡ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ قَبۡلَ طُلُوعِ ٱلشَّمۡسِ وَقَبۡلَ ٱلۡغُرُوبِ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Раббыңды күн шығудан бұрын әрі батудан бұрын мақтай дәріпте. (Таң намазы, бесін, екінті. Б.Ж.М.)
અરબી તફસીરો:
وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَسَبِّحۡهُ وَأَدۡبَٰرَ ٱلسُّجُودِ
Түннің бір бөлімінде және намаздардан кейін Оны дәріпте. (Намаздардың артындағы нәпілдер. Б.Ж.М.)
અરબી તફસીરો:
وَٱسۡتَمِعۡ يَوۡمَ يُنَادِ ٱلۡمُنَادِ مِن مَّكَانٖ قَرِيبٖ
Жақын жерден бір айғайшының шақыратын (Сұр үрілетін) күніне құлақ сал.
અરબી તફસીરો:
يَوۡمَ يَسۡمَعُونَ ٱلصَّيۡحَةَ بِٱلۡحَقِّۚ ذَٰلِكَ يَوۡمُ ٱلۡخُرُوجِ
Олар ол күні ащы дауысты анық естиді. Ол, (қабырдан) шығатын күн.
અરબી તફસીરો:
إِنَّا نَحۡنُ نُحۡيِۦ وَنُمِيتُ وَإِلَيۡنَا ٱلۡمَصِيرُ
Расында тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ қайтар орын Біз жақ.
અરબી તફસીરો:
يَوۡمَ تَشَقَّقُ ٱلۡأَرۡضُ عَنۡهُمۡ سِرَاعٗاۚ ذَٰلِكَ حَشۡرٌ عَلَيۡنَا يَسِيرٞ
Сол күні жер жарылып, олар тезінен шығады. Осы жинау Бізге оңай.
અરબી તફસીરો:
نَّحۡنُ أَعۡلَمُ بِمَا يَقُولُونَۖ وَمَآ أَنتَ عَلَيۡهِم بِجَبَّارٖۖ فَذَكِّرۡ بِٱلۡقُرۡءَانِ مَن يَخَافُ وَعِيدِ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың не дегендерін жақсы білеміз. Сен оларға зорлаушы емессің. Кім азаптан қорықса, Құранмен үгіт бер.
અરબી તફસીરો:
 
શબ્દોનું ભાષાંતર સૂરહ: કૉફ
સૂરહ માટે અનુક્રમણિકા પેજ નંબર
 
કુરઆન મજીદના શબ્દોનું ભાષાંતર - કઝાખ ભાષાતર - ખલીફા અલતાવી - ભાષાંતરોની અનુક્રમણિકા

કઝાફ ભાષામાં કુરઆન મજીદનું ભાષાતર, તેનું ભાષાતર ખલીફા અલતાવી દ્વારા કરવામાં આવ્યું, આયતોમાં સુધારો મરકઝ રવાદ અત્ તરજમા દ્વારા કરવામાં આવ્યો છે, મૂળ અનુવાદ, આપના અભિપ્રાય તેમજ મુકલ્યાંકન અને સતત સુધારા કરવા માટે ઉપલબ્ધ છે.

બંધ કરો