Check out the new design

Fassarar Ma'anonin Alqura'ni - Fassara a yaren Khazakiyaci - Khalifa al-Ɗay * - Teburin Bayani kan wasu Fassarori


Fassarar Ma'anoni Sura: Al'a'raf   Aya:
وَٱلۡبَلَدُ ٱلطَّيِّبُ يَخۡرُجُ نَبَاتُهُۥ بِإِذۡنِ رَبِّهِۦۖ وَٱلَّذِي خَبُثَ لَا يَخۡرُجُ إِلَّا نَكِدٗاۚ كَذَٰلِكَ نُصَرِّفُ ٱلۡأٓيَٰتِ لِقَوۡمٖ يَشۡكُرُونَ
Жақсы жердің өсімдігі Раббының қалауы бойынша шығады. Сондай құнарсыз жерге аз нәрсе ғана шығады. ( Бұл ықылас пен ықылассыздың мысалы) Осылайша аяттарымызды шүкірлік қылатын елге айырып баян етеміз.
Tafsiran larabci:
لَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوۡمِهِۦ فَقَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥٓ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٖ
Расында Нұх (Ғ.С.) ты еліне пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Шәксіз мен сендерге келетін ұлы күннің азабынан қорқамын” деді.
Tafsiran larabci:
قَالَ ٱلۡمَلَأُ مِن قَوۡمِهِۦٓ إِنَّا لَنَرَىٰكَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
Елінің бастықтары: “Әрине біз сені ашық адасуда көреміз” деді.
Tafsiran larabci:
قَالَ يَٰقَوۡمِ لَيۡسَ بِي ضَلَٰلَةٞ وَلَٰكِنِّي رَسُولٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
“Әй елім! Мен де ешбір адасқандық жоқ. Бірак мен әлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін” деді.
Tafsiran larabci:
أُبَلِّغُكُمۡ رِسَٰلَٰتِ رَبِّي وَأَنصَحُ لَكُمۡ وَأَعۡلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
“Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырып, сендерді үгіттеймін. Және Алладан сендер білмегенді білемін”
Tafsiran larabci:
أَوَعَجِبۡتُمۡ أَن جَآءَكُمۡ ذِكۡرٞ مِّن رَّبِّكُمۡ عَلَىٰ رَجُلٖ مِّنكُمۡ لِيُنذِرَكُمۡ وَلِتَتَّقُواْ وَلَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ
Сақсынып, мәрхаметке бөленулерің үшін Раббыларың тарапынан, өздеріңнен сендерге ескертетін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма?
Tafsiran larabci:
فَكَذَّبُوهُ فَأَنجَيۡنَٰهُ وَٱلَّذِينَ مَعَهُۥ فِي ٱلۡفُلۡكِ وَأَغۡرَقۡنَا ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَآۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَوۡمًا عَمِينَ
Сонда олар оны жасынға шығарды. Сондықтан оны және онымен бірге кемеде болғандарды құтқарып, аяттарымызды өтірік дегендерді суға батырдық.Өйткені олар анық көзсіз ел ді.
Tafsiran larabci:
۞ وَإِلَىٰ عَادٍ أَخَاهُمۡ هُودٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥٓۚ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Және Ғад еліне туыстары Һұд (Ғ.С.) ты жібердік: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар! Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ. Қорықпайсыңдар ма?”,- деді.
Tafsiran larabci:
قَالَ ٱلۡمَلَأُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن قَوۡمِهِۦٓ إِنَّا لَنَرَىٰكَ فِي سَفَاهَةٖ وَإِنَّا لَنَظُنُّكَ مِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Елінің қарсы болған тобы: “Әрине біз сені есуас көреміз. Және сені анық өтірікшілерден деп ойлаймыз” деді.
Tafsiran larabci:
قَالَ يَٰقَوۡمِ لَيۡسَ بِي سَفَاهَةٞ وَلَٰكِنِّي رَسُولٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
“Әй елім! Мен бір ақымақ емеспін. Бірақ әлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін” деді.
Tafsiran larabci:
 
Fassarar Ma'anoni Sura: Al'a'raf
Teburin Jerin Sunayen Surori Lambar shafi
 
Fassarar Ma'anonin Alqura'ni - Fassara a yaren Khazakiyaci - Khalifa al-Ɗay - Teburin Bayani kan wasu Fassarori

Ya fassara ta Khalifa Altay. An sabunta ta ƙarƙashin kulawar Cibiyar Ruwad Tarjamah, an bada damar karanta fassarar ta asali dan manufar bayyanar da ra'ayi da daidaitata da kuma ci gaba mai dorewa.

Rufewa