Check out the new design

Traduction des sens du Noble Coran - La traduction khazake - Khalîfah Altaï * - Lexique des traductions


Traduction des sens Sourate: Muhammad   Verset:
وَلَوۡ نَشَآءُ لَأَرَيۡنَٰكَهُمۡ فَلَعَرَفۡتَهُم بِسِيمَٰهُمۡۚ وَلَتَعۡرِفَنَّهُمۡ فِي لَحۡنِ ٱلۡقَوۡلِۚ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ أَعۡمَٰلَكُمۡ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер қаласақ, мұнафықтарды саған көрсетер едік те оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңғарынан таныйсың. Алла істегендеріңді біледі.
Les exégèses en arabe:
وَلَنَبۡلُوَنَّكُمۡ حَتَّىٰ نَعۡلَمَ ٱلۡمُجَٰهِدِينَ مِنكُمۡ وَٱلصَّٰبِرِينَ وَنَبۡلُوَاْ أَخۡبَارَكُمۡ
Әлбетте сендерден жауынгерлермен сабырлыларды анықтағанымызға дейін сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз.
Les exégèses en arabe:
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَشَآقُّواْ ٱلرَّسُولَ مِنۢ بَعۡدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ ٱلۡهُدَىٰ لَن يَضُرُّواْ ٱللَّهَ شَيۡـٔٗا وَسَيُحۡبِطُ أَعۡمَٰلَهُمۡ
Шынында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар әрі өздеріне туралық әшкереленгеннен кейін Пайғамбармен таласқандар, Аллаға ешбір зиян келтіре алмайды. Алла олардың ғамалдарын жояды.
Les exégèses en arabe:
۞ يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَطِيعُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُواْ ٱلرَّسُولَ وَلَا تُبۡطِلُوٓاْ أَعۡمَٰلَكُمۡ
Әй иман келтіргендер! Аллаға бой ұсыныңдар әрі Пайғамбарға бағыныңдар. Сондай-ақ ғамалдарыңды бұзбаңдар.
Les exégèses en arabe:
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ ثُمَّ مَاتُواْ وَهُمۡ كُفَّارٞ فَلَن يَغۡفِرَ ٱللَّهُ لَهُمۡ
Расында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар, сосын кәпір күйінде өлгендер, оларды Алла, әсте жарылқамайды.
Les exégèses en arabe:
فَلَا تَهِنُواْ وَتَدۡعُوٓاْ إِلَى ٱلسَّلۡمِ وَأَنتُمُ ٱلۡأَعۡلَوۡنَ وَٱللَّهُ مَعَكُمۡ وَلَن يَتِرَكُمۡ أَعۡمَٰلَكُمۡ
Сондықтан босамаңдар, келісімге шақырмандар, сендер үстемсіңдер. Алла сендермен бірге. Әсте ғамалдарыңды зая қылмайды. (Бұл аяттағы мақсат, күшке ие бола тұрып, келісім жасау.8-С. 61-А)
Les exégèses en arabe:
إِنَّمَا ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا لَعِبٞ وَلَهۡوٞۚ وَإِن تُؤۡمِنُواْ وَتَتَّقُواْ يُؤۡتِكُمۡ أُجُورَكُمۡ وَلَا يَسۡـَٔلۡكُمۡ أَمۡوَٰلَكُمۡ
Дүние тіршілігі бір ойын, ермек қана. Егер иман келтіріп, сақсынсаңдар, Алла сыйлықтарыңды береді. Сендердің малдарықды сұрамайды. (17-С. 29-А.)
Les exégèses en arabe:
إِن يَسۡـَٔلۡكُمُوهَا فَيُحۡفِكُمۡ تَبۡخَلُواْ وَيُخۡرِجۡ أَضۡغَٰنَكُمۡ
Егер сендерден оны (тұтас жұмсауларыңды) сұраса еді, онда сендерге ауыр тиіп, сараңдық қыларсыңдар да өштіктерің ортаға шығар еді.
Les exégèses en arabe:
هَٰٓأَنتُمۡ هَٰٓؤُلَآءِ تُدۡعَوۡنَ لِتُنفِقُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ فَمِنكُم مَّن يَبۡخَلُۖ وَمَن يَبۡخَلۡ فَإِنَّمَا يَبۡخَلُ عَن نَّفۡسِهِۦۚ وَٱللَّهُ ٱلۡغَنِيُّ وَأَنتُمُ ٱلۡفُقَرَآءُۚ وَإِن تَتَوَلَّوۡاْ يَسۡتَبۡدِلۡ قَوۡمًا غَيۡرَكُمۡ ثُمَّ لَا يَكُونُوٓاْ أَمۡثَٰلَكُم
Негізінде сендер сол Алла жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса, өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты ауыстырады. Сосын олар сендер сияқты болмайды.
Les exégèses en arabe:
 
Traduction des sens Sourate: Muhammad
Lexique des sourates Numéro de la page
 
Traduction des sens du Noble Coran - La traduction khazake - Khalîfah Altaï - Lexique des traductions

Traduite par Khalifa Altay. Développement achevé sous la supervision du Centre Rawwâd At-Tarjamah (Les Pionniers de la Traduction). La traduction originale peut-être consultée en vue de donner une opinion, une évaluation et dans le cadre du développement continu.

Fermeture