Check out the new design

ಪವಿತ್ರ ಕುರ್‌ಆನ್ ಅರ್ಥಾನುವಾದ - ಕಜಕ್ ಅನುವಾದ - ಖಲೀಫ ಅತ್ತಾಈ * - ಅನುವಾದಗಳ ವಿಷಯಸೂಚಿ


ಅರ್ಥಗಳ ಅನುವಾದ ಅಧ್ಯಾಯ: ಅತ್ತಲಾಕ್   ಶ್ಲೋಕ:

Талақ

يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ إِذَا طَلَّقۡتُمُ ٱلنِّسَآءَ فَطَلِّقُوهُنَّ لِعِدَّتِهِنَّ وَأَحۡصُواْ ٱلۡعِدَّةَۖ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ رَبَّكُمۡۖ لَا تُخۡرِجُوهُنَّ مِنۢ بُيُوتِهِنَّ وَلَا يَخۡرُجۡنَ إِلَّآ أَن يَأۡتِينَ بِفَٰحِشَةٖ مُّبَيِّنَةٖۚ وَتِلۡكَ حُدُودُ ٱللَّهِۚ وَمَن يَتَعَدَّ حُدُودَ ٱللَّهِ فَقَدۡ ظَلَمَ نَفۡسَهُۥۚ لَا تَدۡرِي لَعَلَّ ٱللَّهَ يُحۡدِثُ بَعۡدَ ذَٰلِكَ أَمۡرٗا
Әй Пайғамбар! Қашан әйелдеріңді талақ қылсаңдар, сонда оларды белгілі мерзімінде ажыратыңдар және о мерзімді есептеңдер. Раббыларың Алладан қорқыңдар. Оларды үйлерінен шығармаңдар әрі олар да шықпасын. Бірақ олар ашық бір арсыздық істесе, ол басқа. Міне бұл Алланың шектері. Ал кім Алланың шектерінен шықса, расында ол, өзіне қастық қылған болады. Білмейсің, мүмкін Алла, бұл уақиғадан кейін бір жағдай пайда қылар. (2-С. 228-234-А.)
ಅರಬ್ಬಿ ವ್ಯಾಖ್ಯಾನಗಳು:
فَإِذَا بَلَغۡنَ أَجَلَهُنَّ فَأَمۡسِكُوهُنَّ بِمَعۡرُوفٍ أَوۡ فَارِقُوهُنَّ بِمَعۡرُوفٖ وَأَشۡهِدُواْ ذَوَيۡ عَدۡلٖ مِّنكُمۡ وَأَقِيمُواْ ٱلشَّهَٰدَةَ لِلَّهِۚ ذَٰلِكُمۡ يُوعَظُ بِهِۦ مَن كَانَ يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِۚ وَمَن يَتَّقِ ٱللَّهَ يَجۡعَل لَّهُۥ مَخۡرَجٗا
Ал қашан олардың мерзімдері жетсе, оларды дұрыстықпен ұстаңдар немесе туралықпен ажыратыңдар. Сондай-ақ өздеріңнен екі әділ кісіні айғақ қойыңдар. Куәлікті Алла үшін толық орындандар. Міне осылармен; Аллага, ахирет күніне иман келтіргендер үшін насихат етіледі. Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады.
ಅರಬ್ಬಿ ವ್ಯಾಖ್ಯಾನಗಳು:
وَيَرۡزُقۡهُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَحۡتَسِبُۚ وَمَن يَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِ فَهُوَ حَسۡبُهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ بَٰلِغُ أَمۡرِهِۦۚ قَدۡ جَعَلَ ٱللَّهُ لِكُلِّ شَيۡءٖ قَدۡرٗا
Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған.
ಅರಬ್ಬಿ ವ್ಯಾಖ್ಯಾನಗಳು:
وَٱلَّٰٓـِٔي يَئِسۡنَ مِنَ ٱلۡمَحِيضِ مِن نِّسَآئِكُمۡ إِنِ ٱرۡتَبۡتُمۡ فَعِدَّتُهُنَّ ثَلَٰثَةُ أَشۡهُرٖ وَٱلَّٰٓـِٔي لَمۡ يَحِضۡنَۚ وَأُوْلَٰتُ ٱلۡأَحۡمَالِ أَجَلُهُنَّ أَن يَضَعۡنَ حَمۡلَهُنَّۚ وَمَن يَتَّقِ ٱللَّهَ يَجۡعَل لَّهُۥ مِنۡ أَمۡرِهِۦ يُسۡرٗا
Етеккірден қалған әйелдеріңнен күмәндансаңдар, олардың "ғыддаты" мерзімі үш ай. Және әдет көрмеген әйелдердің мерзімдері де сондай. Ал және жүкті әйелдердің мерзімдері олар босанғанға дейін. Кім Алладан қорықса, оның ісіне оңайлық жасайды.
ಅರಬ್ಬಿ ವ್ಯಾಖ್ಯಾನಗಳು:
ذَٰلِكَ أَمۡرُ ٱللَّهِ أَنزَلَهُۥٓ إِلَيۡكُمۡۚ وَمَن يَتَّقِ ٱللَّهَ يُكَفِّرۡ عَنۡهُ سَيِّـَٔاتِهِۦ وَيُعۡظِمۡ لَهُۥٓ أَجۡرًا
Міне осы, Алланың сендерге түсірген бұйрықтары. Кім Алладан қорықса, оның жамандығын жояды да сауабын зорайтады.
ಅರಬ್ಬಿ ವ್ಯಾಖ್ಯಾನಗಳು:
 
ಅರ್ಥಗಳ ಅನುವಾದ ಅಧ್ಯಾಯ: ಅತ್ತಲಾಕ್
ಅಧ್ಯಾಯಗಳ ವಿಷಯಸೂಚಿ ಪುಟ ಸಂಖ್ಯೆ
 
ಪವಿತ್ರ ಕುರ್‌ಆನ್ ಅರ್ಥಾನುವಾದ - ಕಜಕ್ ಅನುವಾದ - ಖಲೀಫ ಅತ್ತಾಈ - ಅನುವಾದಗಳ ವಿಷಯಸೂಚಿ

ಅನುವಾದ - ಖಲೀಫ ಅತ್ತಾಈ. ರುವ್ವಾದ್ ಭಾಷಾಂತರ ಕೇಂದ್ರದ ಮೇಲ್ವಿಚಾರಣೆಯಲ್ಲಿ ಅಭಿವೃದ್ಧಿಪಡಿಸಲಾಗಿದೆ. ಅಭಿಪ್ರಾಯ, ಮೌಲ್ಯಮಾಪನ ಮತ್ತು ನಿರಂತರ ಅಭಿವೃದ್ಧಿಗಾಗಿ ಮೂಲ ಅನುವಾದವು ಪರಿಶೀಲನೆಗೆ ಲಭ್ಯವಿದೆ.

ಮುಚ್ಚಿ