Check out the new design

وه‌رگێڕانی ماناكانی قورئانی پیرۆز - وەرگێڕاوی کازاخی - خەليفە ئەلتای * - پێڕستی وه‌رگێڕاوه‌كان


وه‌رگێڕانی ماناكان سوره‌تی: الأعراف   ئایه‌تی:
قَالَ يَٰمُوسَىٰٓ إِنِّي ٱصۡطَفَيۡتُكَ عَلَى ٱلنَّاسِ بِرِسَٰلَٰتِي وَبِكَلَٰمِي فَخُذۡ مَآ ءَاتَيۡتُكَ وَكُن مِّنَ ٱلشَّٰكِرِينَ
(Алла Т.): « Әй Мұса! Шынында сені адамдардан елшілікке және сөйлесуге таңдап алдым. Ендеше, саған бергендерімді ал да, шүкірлік етушілерден бол» деді.
تەفسیرە عەرەبیەکان:
وَكَتَبۡنَا لَهُۥ فِي ٱلۡأَلۡوَاحِ مِن كُلِّ شَيۡءٖ مَّوۡعِظَةٗ وَتَفۡصِيلٗا لِّكُلِّ شَيۡءٖ فَخُذۡهَا بِقُوَّةٖ وَأۡمُرۡ قَوۡمَكَ يَأۡخُذُواْ بِأَحۡسَنِهَاۚ سَأُوْرِيكُمۡ دَارَ ٱلۡفَٰسِقِينَ
Мұса (Ғ.С.) ға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын. Саған, бұзақылардың жұртын көрсетемін?»
تەفسیرە عەرەبیەکان:
سَأَصۡرِفُ عَنۡ ءَايَٰتِيَ ٱلَّذِينَ يَتَكَبَّرُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَإِن يَرَوۡاْ كُلَّ ءَايَةٖ لَّا يُؤۡمِنُواْ بِهَا وَإِن يَرَوۡاْ سَبِيلَ ٱلرُّشۡدِ لَا يَتَّخِذُوهُ سَبِيلٗا وَإِن يَرَوۡاْ سَبِيلَ ٱلۡغَيِّ يَتَّخِذُوهُ سَبِيلٗاۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَكَانُواْ عَنۡهَا غَٰفِلِينَ
Жер жүзінде орынсыз түрде дандайсығандарды ұзақтастырамын. Егер олар барлық белгілерді көрсе де оған сенбейді. Сондай-ақ олар тура жолды көрсе; оны жол қып ұстамайды. Ал егер қисық жолды көрсе, оны жол қып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары.
تەفسیرە عەرەبیەکان:
وَٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَلِقَآءِ ٱلۡأٓخِرَةِ حَبِطَتۡ أَعۡمَٰلُهُمۡۚ هَلۡ يُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Аяттарымызды, ақиретке кездесуді өтірік дегендердің ғамалдары жойылып, істеріне қарай ғана жазаланады.
تەفسیرە عەرەبیەکان:
وَٱتَّخَذَ قَوۡمُ مُوسَىٰ مِنۢ بَعۡدِهِۦ مِنۡ حُلِيِّهِمۡ عِجۡلٗا جَسَدٗا لَّهُۥ خُوَارٌۚ أَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّهُۥ لَا يُكَلِّمُهُمۡ وَلَا يَهۡدِيهِمۡ سَبِيلًاۘ ٱتَّخَذُوهُ وَكَانُواْ ظَٰلِمِينَ
Мұса (Ғ.С.) дан кйін елі; сәндік- бұйымдардан дабысы бар бұзаудың мүсінін жасап алды. Олар, ол бұзаудың өздерімен сөйлеспейтінін және оларды тура жолға салмайтынынн көрмей ме? Олар оны тәңір тұтып, залымдардан болды.
تەفسیرە عەرەبیەکان:
وَلَمَّا سُقِطَ فِيٓ أَيۡدِيهِمۡ وَرَأَوۡاْ أَنَّهُمۡ قَدۡ ضَلُّواْ قَالُواْ لَئِن لَّمۡ يَرۡحَمۡنَا رَبُّنَا وَيَغۡفِرۡ لَنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
(Мұса Ғ.С. Тұр тауына Аллаға жалбарыну үшін қырық күн тұрғанда, Самри, елдің алтын білезіктерінен бұзаудың мүсінін жасайды. Рауаят бойынша Жебрейіл Ғ.С. ның атының ізінен алынған топырақты ішіне қойғандықтан немесе ішіне кірген жел арқылы бұзаудың дауысы шығатын болған.) Олардың қолдары түскен заманда (қатты өкініп иықтары түскен түрде) анық адасқандықтарын көріп: «Егер Раббымыз бізге мәрхамет етпесе, бізді жарылқамаса, әрине зиян тартушылардан боламыз» десті.
تەفسیرە عەرەبیەکان:
 
وه‌رگێڕانی ماناكان سوره‌تی: الأعراف
پێڕستی سوره‌ته‌كان ژمارەی پەڕە
 
وه‌رگێڕانی ماناكانی قورئانی پیرۆز - وەرگێڕاوی کازاخی - خەليفە ئەلتای - پێڕستی وه‌رگێڕاوه‌كان

وەرگێڕان: خەلیفە ئەلتای. پەرەیپێدراوە بە سەرپەرشتیاری ناوەندی ڕوواد بۆ وەرگێڕان، پیشاندانی وەرگێڕاوە سەرەکیەکە لەبەردەستە بۆ ڕا دەربڕین لەسەری وهەڵسەنگاندنی وپێشنیارکردنی پەرەپێدانی بەردەوام.

داخستن