Check out the new design

《古兰经》译解 - 哈萨克语翻译 - 哈里法·艾勒塔伊。 * - 译解目录


含义的翻译 章: 拜格勒   段:
وَلَمَّا جَآءَهُمۡ كِتَٰبٞ مِّنۡ عِندِ ٱللَّهِ مُصَدِّقٞ لِّمَا مَعَهُمۡ وَكَانُواْ مِن قَبۡلُ يَسۡتَفۡتِحُونَ عَلَى ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَلَمَّا جَآءَهُم مَّا عَرَفُواْ كَفَرُواْ بِهِۦۚ فَلَعۡنَةُ ٱللَّهِ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ
Олардың қасындағы Тәуратты, растаушы Құран келген шақта, олар бұрын (ақыр заман пайғамбары арқылы кәпірлерге) үстемдік тілеген бола тұра өздерінң Тәуратта таныған (Мұхаммед Ғ.С.) келген заманда, қарсы шықты. Қарсы болушыларға Алланың лағынеті болсын.(Мединелік, Яһудмлер, ақыр заман Пайғамбары келуден бұрын кәпірлерге: «Біздің дінімізді қостаушы Пайғамбардың келуі жақын» дейтін еді. Бірақ ақыр заман Пайғамбары Израил ұрпақтарынан болмағандықтан қарсы шықты.
阿拉伯语经注:
بِئۡسَمَا ٱشۡتَرَوۡاْ بِهِۦٓ أَنفُسَهُمۡ أَن يَكۡفُرُواْ بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ بَغۡيًا أَن يُنَزِّلَ ٱللَّهُ مِن فَضۡلِهِۦ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦۖ فَبَآءُو بِغَضَبٍ عَلَىٰ غَضَبٖۚ وَلِلۡكَٰفِرِينَ عَذَابٞ مُّهِينٞ
Олар, Алла (Т.) ның өз кеңшілігінен құлдарынан қалағанына түсіргенін (Құранды) қызғанып қарсы келумен өздерін нендей жаман нәрсеге айырбастайды да олар ашу үстіне ашуға ұшырады. Қарсы болушылар үшін қорлаушы азап бар.
阿拉伯语经注:
وَإِذَا قِيلَ لَهُمۡ ءَامِنُواْ بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ قَالُواْ نُؤۡمِنُ بِمَآ أُنزِلَ عَلَيۡنَا وَيَكۡفُرُونَ بِمَا وَرَآءَهُۥ وَهُوَ ٱلۡحَقُّ مُصَدِّقٗا لِّمَا مَعَهُمۡۗ قُلۡ فَلِمَ تَقۡتُلُونَ أَنۢبِيَآءَ ٱللَّهِ مِن قَبۡلُ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Әрқашан оларға: «Алла түсірген (Құран) ге иман келтіріңдер» делінсе: «Өзімізге түсірілгенге, иман келтіреміз» деп, олар оның тысындағы (Құран) ға қарсы болады. Олардың қасындағы Тәуратты растаушы Құран хақ. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер (Тәуратқа) иман келтірген болсаңдар, бұрын Алланың елшілерін неге өлтірдіңдер?», - де.
阿拉伯语经注:
۞ وَلَقَدۡ جَآءَكُم مُّوسَىٰ بِٱلۡبَيِّنَٰتِ ثُمَّ ٱتَّخَذۡتُمُ ٱلۡعِجۡلَ مِنۢ بَعۡدِهِۦ وَأَنتُمۡ ظَٰلِمُونَ
Сендерге Мұса (Ғ.С.) ашық дәлелдер екелгеннен кейін де бұзауды тәңір жасап алдыңдар. Сендер залымсыңдар.
阿拉伯语经注:
وَإِذۡ أَخَذۡنَا مِيثَٰقَكُمۡ وَرَفَعۡنَا فَوۡقَكُمُ ٱلطُّورَ خُذُواْ مَآ ءَاتَيۡنَٰكُم بِقُوَّةٖ وَٱسۡمَعُواْۖ قَالُواْ سَمِعۡنَا وَعَصَيۡنَا وَأُشۡرِبُواْ فِي قُلُوبِهِمُ ٱلۡعِجۡلَ بِكُفۡرِهِمۡۚ قُلۡ بِئۡسَمَا يَأۡمُرُكُم بِهِۦٓ إِيمَٰنُكُمۡ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Сол уақытты еске алыңдар. Бастарыңа Тұр тауын көтеріп тұрып: «Сендерге біз берген (Тәурат) ді мықты ұстаңдар да құлақ салыңдар» деп серт алған едік. Олар: «Құлақ салдық, қарсы болдық» деді. Өйткені қарсылықтарының салдарынан жүректеріне бұзау сіңіп алған. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер (Тәуратқа) иман келтірген болсаңдар, имандарың сендерге нендей жаман нәрсені (бұзауға табынуды) бұйырған» де. (Тәуратта бұзауға табыну жоқ еді.)
阿拉伯语经注:
 
含义的翻译 章: 拜格勒
章节目录 页码
 
《古兰经》译解 - 哈萨克语翻译 - 哈里法·艾勒塔伊。 - 译解目录

由哈利法·阿尔泰翻译。在立瓦德翻译中心的监督之下已完成开发,原始翻译可供阅读,以便获取建议、评估和持续发展。

关闭