《古兰经》译解 - 哈萨克语翻译 - 哈里法·艾勒塔伊。 * - 译解目录


含义的翻译 章: 嘎推勒   段:

сурату Фатыр

ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ فَاطِرِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ جَاعِلِ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةِ رُسُلًا أُوْلِيٓ أَجۡنِحَةٖ مَّثۡنَىٰ وَثُلَٰثَ وَرُبَٰعَۚ يَزِيدُ فِي ٱلۡخَلۡقِ مَا يَشَآءُۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Көктерді және жерді жасаған сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Алла (Т.) ға барлық мақтау лайық. Ол, жаратуда қалағанын арттырады. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші.
阿拉伯语经注:
مَّا يَفۡتَحِ ٱللَّهُ لِلنَّاسِ مِن رَّحۡمَةٖ فَلَا مُمۡسِكَ لَهَاۖ وَمَا يُمۡسِكۡ فَلَا مُرۡسِلَ لَهُۥ مِنۢ بَعۡدِهِۦۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Алла (Т.) ның адам баласына берген мәрхаметін тосушы жоқ. Алланың тосқан нәрсесін артынан жіберуші жоқ. Ол аса үстем, тым хикмет иесі.
阿拉伯语经注:
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱذۡكُرُواْ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡۚ هَلۡ مِنۡ خَٰلِقٍ غَيۡرُ ٱللَّهِ يَرۡزُقُكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِۚ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ فَأَنَّىٰ تُؤۡفَكُونَ
Әй адам баласы! Алла сендерге берген ырысын еске алыңдар: Сендерге көктен, жерден несібе беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сонда қалай тентіреп, бара жатырсыңдар?.
阿拉伯语经注:
وَإِن يُكَذِّبُوكَ فَقَدۡ كُذِّبَتۡ رُسُلٞ مِّن قَبۡلِكَۚ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرۡجَعُ ٱلۡأُمُورُ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені жасынға шығарса, расында сенен бұрынғы елшілер де жасынға шығарылған еді. Барлық іс Аллаға қайтады.
阿拉伯语经注:
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞۖ فَلَا تَغُرَّنَّكُمُ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا وَلَا يَغُرَّنَّكُم بِٱللَّهِ ٱلۡغَرُورُ
Әй адам баласы! Сөз жоқ, Алланың уәдесі хақ. Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын. Сондай-ақ аса алдағыш та сендерді Алла туралы алдамасын.
阿拉伯语经注:
إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ لَكُمۡ عَدُوّٞ فَٱتَّخِذُوهُ عَدُوًّاۚ إِنَّمَا يَدۡعُواْ حِزۡبَهُۥ لِيَكُونُواْ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلسَّعِيرِ
Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан тұтыңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады.
阿拉伯语经注:
ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَهُمۡ عَذَابٞ شَدِيدٞۖ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُم مَّغۡفِرَةٞ وَأَجۡرٞ كَبِيرٌ
Сондай қарсы болғандар, оларға қатты азап бар. Ал иман келтіріп, оң іс істегендер, олар үшін жарылқау әрі ірі сыйлық бар.
阿拉伯语经注:
أَفَمَن زُيِّنَ لَهُۥ سُوٓءُ عَمَلِهِۦ فَرَءَاهُ حَسَنٗاۖ فَإِنَّ ٱللَّهَ يُضِلُّ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِي مَن يَشَآءُۖ فَلَا تَذۡهَبۡ نَفۡسُكَ عَلَيۡهِمۡ حَسَرَٰتٍۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِمَا يَصۡنَعُونَ
Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсы көрген біреу (жақсымен тең бе?) Алла қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады. Ендеше (Мүхаммед Ғ.С.) оларға қайғырып, өзіңді жойма. Әрине Алла, олардың қылған істерін толық біледі.
阿拉伯语经注:
وَٱللَّهُ ٱلَّذِيٓ أَرۡسَلَ ٱلرِّيَٰحَ فَتُثِيرُ سَحَابٗا فَسُقۡنَٰهُ إِلَىٰ بَلَدٖ مَّيِّتٖ فَأَحۡيَيۡنَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَاۚ كَذَٰلِكَ ٱلنُّشُورُ
Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол; Бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Және жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты.
阿拉伯语经注:
مَن كَانَ يُرِيدُ ٱلۡعِزَّةَ فَلِلَّهِ ٱلۡعِزَّةُ جَمِيعًاۚ إِلَيۡهِ يَصۡعَدُ ٱلۡكَلِمُ ٱلطَّيِّبُ وَٱلۡعَمَلُ ٱلصَّٰلِحُ يَرۡفَعُهُۥۚ وَٱلَّذِينَ يَمۡكُرُونَ ٱلسَّيِّـَٔاتِ لَهُمۡ عَذَابٞ شَدِيدٞۖ وَمَكۡرُ أُوْلَٰٓئِكَ هُوَ يَبُورُ
Кім кұрмет көксесе, негізінде бүкіл кәдір-құрмет Аллаға тән. Көркем сөз Алла жаққа шығады. Сондай-ақ жақсы ғамал оны көтереді. (Көркем сөз: Иман, сенім. Жақсы ғамал: Сенім бойынша істеген құлшылық. Екеуі бір-бірін көтереді. Бірінсіз-бірі қабылданбайды. Б.М.К.Р.Х.) Ал сондай жамандықтың тәсілін істегендер, олар үшін қатты азап бар. Олардың тәсілдері ол, өзінен-өзі жоқ болады.
阿拉伯语经注:
وَٱللَّهُ خَلَقَكُم مِّن تُرَابٖ ثُمَّ مِن نُّطۡفَةٖ ثُمَّ جَعَلَكُمۡ أَزۡوَٰجٗاۚ وَمَا تَحۡمِلُ مِنۡ أُنثَىٰ وَلَا تَضَعُ إِلَّا بِعِلۡمِهِۦۚ وَمَا يُعَمَّرُ مِن مُّعَمَّرٖ وَلَا يُنقَصُ مِنۡ عُمُرِهِۦٓ إِلَّا فِي كِتَٰبٍۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ
Алла (Т.) сендерді топырақтан сосын мәниден жаратып, кейін сендерді жүп-жүп қылды. Ешбір ұрғашы Алланың білімінен тыс жүкті болмайды да тумайды. Алланың Кітабында жазылган өмір ұзартылмайды да қысқартылмайды. Әрине бүл Аллаға оңай.
阿拉伯语经注:
وَمَا يَسۡتَوِي ٱلۡبَحۡرَانِ هَٰذَا عَذۡبٞ فُرَاتٞ سَآئِغٞ شَرَابُهُۥ وَهَٰذَا مِلۡحٌ أُجَاجٞۖ وَمِن كُلّٖ تَأۡكُلُونَ لَحۡمٗا طَرِيّٗا وَتَسۡتَخۡرِجُونَ حِلۡيَةٗ تَلۡبَسُونَهَاۖ وَتَرَى ٱلۡفُلۡكَ فِيهِ مَوَاخِرَ لِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Екі теңіз тең емес: Бұл тәтті шөл қандырады; ішілуі сүйкімді. Ол, тұзды ащы. Әрбірінен жас ет (балық) жейсіңдер әрі тағатын сәндік-бүйымдар (інжу-маржан) шығарасыңдар. Сондай-ақ Алланың кеңшілігінен несібе іздеу үшін; кеменің теңізде суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине шүкір етерсіңдер.
阿拉伯语经注:
يُولِجُ ٱلَّيۡلَ فِي ٱلنَّهَارِ وَيُولِجُ ٱلنَّهَارَ فِي ٱلَّيۡلِ وَسَخَّرَ ٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَۖ كُلّٞ يَجۡرِي لِأَجَلٖ مُّسَمّٗىۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمۡ لَهُ ٱلۡمُلۡكُۚ وَٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ مَا يَمۡلِكُونَ مِن قِطۡمِيرٍ
Ол Алла, түнді күндізге кигізіп, күндізді де түнге кигізеді. Сондай-ақ ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар, Раббыларың Алланікі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес.
阿拉伯语经注:
إِن تَدۡعُوهُمۡ لَا يَسۡمَعُواْ دُعَآءَكُمۡ وَلَوۡ سَمِعُواْ مَا ٱسۡتَجَابُواْ لَكُمۡۖ وَيَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ يَكۡفُرُونَ بِشِرۡكِكُمۡۚ وَلَا يُنَبِّئُكَ مِثۡلُ خَبِيرٖ
Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мүбада олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандықтарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді.
阿拉伯语经注:
۞ يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ أَنتُمُ ٱلۡفُقَرَآءُ إِلَى ٱللَّهِۖ وَٱللَّهُ هُوَ ٱلۡغَنِيُّ ٱلۡحَمِيدُ
Әй адам баласы! Аллаға мұхтажсыңдар. Алла (Т.) Ол, әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы.
阿拉伯语经注:
إِن يَشَأۡ يُذۡهِبۡكُمۡ وَيَأۡتِ بِخَلۡقٖ جَدِيدٖ
Қаласа сендерді жоқ етеді де жаңа ел акеле алады.
阿拉伯语经注:
وَمَا ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ بِعَزِيزٖ
Я, бұл Аллаға қиын емес.
阿拉伯语经注:
وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٞ وِزۡرَ أُخۡرَىٰۚ وَإِن تَدۡعُ مُثۡقَلَةٌ إِلَىٰ حِمۡلِهَا لَا يُحۡمَلۡ مِنۡهُ شَيۡءٞ وَلَوۡ كَانَ ذَا قُرۡبَىٰٓۗ إِنَّمَا تُنذِرُ ٱلَّذِينَ يَخۡشَوۡنَ رَبَّهُم بِٱلۡغَيۡبِ وَأَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَۚ وَمَن تَزَكَّىٰ فَإِنَّمَا يَتَزَكَّىٰ لِنَفۡسِهِۦۚ وَإِلَى ٱللَّهِ ٱلۡمَصِيرُ
Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді. Күнәсы ауыр болған біреу көтеруге шақырса, егер жақыны болса да олан еш нәрсе жүктелмейді. (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандарды, намазды орындағандарды ғана үгіттей аласың. Ал кім күнадан тазарса, өзі үшін тазарады. Және барар жері Алла жақ.
阿拉伯语经注:
وَمَا يَسۡتَوِي ٱلۡأَعۡمَىٰ وَٱلۡبَصِيرُ
Соқыр мен көруші тең емес. (Кәпір мен Мұсылман, надан мен ғалым. Ж.М)
阿拉伯语经注:
وَلَا ٱلظُّلُمَٰتُ وَلَا ٱلنُّورُ
Қараңғылық пен жарық тең емес. (Шындық пен өтірік. Б.)
阿拉伯语经注:
وَلَا ٱلظِّلُّ وَلَا ٱلۡحَرُورُ
Көлеңке мен ыстық тең емес. (Жаннатпен тозақ. Ж.М.)
阿拉伯语经注:
وَمَا يَسۡتَوِي ٱلۡأَحۡيَآءُ وَلَا ٱلۡأَمۡوَٰتُۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُسۡمِعُ مَن يَشَآءُۖ وَمَآ أَنتَ بِمُسۡمِعٖ مَّن فِي ٱلۡقُبُورِ
Тірілер мен өліктер тең емес. Рас Алла (Т.) әлде кімді қаласа, естіртеді. (Мұхаммед Ғ.С.) сен, қабырлардағы біреулерге естірте алмайсың. (Қарсылықта қасарысқандар, қабырлардағы өліктерге теңеліп отыр. Б.Ж.М.Р.)
阿拉伯语经注:
إِنۡ أَنتَ إِلَّا نَذِيرٌ
Сен, бір ескертуші ғанасың.
阿拉伯语经注:
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَٰكَ بِٱلۡحَقِّ بَشِيرٗا وَنَذِيرٗاۚ وَإِن مِّنۡ أُمَّةٍ إِلَّا خَلَا فِيهَا نَذِيرٞ
Сөз жоқ, сені шындықпен қуантушы, қорқытушы етіп жібердік. Негізінде бір ескертуші болмаған бір үммет жоқ.
阿拉伯语经注:
وَإِن يُكَذِّبُوكَ فَقَدۡ كَذَّبَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ جَآءَتۡهُمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ وَبِٱلزُّبُرِ وَبِٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُنِيرِ
Егер сені жасынға шығарса, расында бұлардан бұрын мұғжизалар, нүсқаулар және нүрландырушы Кітап келтірген пайғамбарларды да жасынға шығарған.
阿拉伯语经注:
ثُمَّ أَخَذۡتُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْۖ فَكَيۡفَ كَانَ نَكِيرِ
Сосын қарсы келгендерді қолға алдым. Сонда соққым қалай екен!
阿拉伯语经注:
أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَخۡرَجۡنَا بِهِۦ ثَمَرَٰتٖ مُّخۡتَلِفًا أَلۡوَٰنُهَاۚ وَمِنَ ٱلۡجِبَالِ جُدَدُۢ بِيضٞ وَحُمۡرٞ مُّخۡتَلِفٌ أَلۡوَٰنُهَا وَغَرَابِيبُ سُودٞ
Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе?
阿拉伯语经注:
وَمِنَ ٱلنَّاسِ وَٱلدَّوَآبِّ وَٱلۡأَنۡعَٰمِ مُخۡتَلِفٌ أَلۡوَٰنُهُۥ كَذَٰلِكَۗ إِنَّمَا يَخۡشَى ٱللَّهَ مِنۡ عِبَادِهِ ٱلۡعُلَمَٰٓؤُاْۗ إِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ غَفُورٌ
Адамдардан, құрт-құмырсқа және ірі жәндіктерден түрлі-түстегілер осындай. Шын мәнінде құлдарынан ғалымдары; Алладан қорқады. Рас Алла өте үстем, аса жарылқаушы.
阿拉伯语经注:
إِنَّ ٱلَّذِينَ يَتۡلُونَ كِتَٰبَ ٱللَّهِ وَأَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَأَنفَقُواْ مِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ سِرّٗا وَعَلَانِيَةٗ يَرۡجُونَ تِجَٰرَةٗ لَّن تَبُورَ
Әрине Алланың Кітабын оқып, намазды толық орындағандар және өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес түрде тиісті орынға жұмсағандар, еш түгемейтін бір сауда (сауап) үміт ете алады.
阿拉伯语经注:
لِيُوَفِّيَهُمۡ أُجُورَهُمۡ وَيَزِيدَهُم مِّن فَضۡلِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ غَفُورٞ شَكُورٞ
Өйткені Алла, олардың сыйлықтарын толық беріп, әрі өз кеңшілігінен артылтып береді. Әрине Ол, өте жарылқаушы, аса қадыр білуші.
阿拉伯语经注:
وَٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ مِنَ ٱلۡكِتَٰبِ هُوَ ٱلۡحَقُّ مُصَدِّقٗا لِّمَا بَيۡنَ يَدَيۡهِۗ إِنَّ ٱللَّهَ بِعِبَادِهِۦ لَخَبِيرُۢ بَصِيرٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай саған біз уахи еткен Құран, ол хақ. Алдынғыны растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы.
阿拉伯语经注:
ثُمَّ أَوۡرَثۡنَا ٱلۡكِتَٰبَ ٱلَّذِينَ ٱصۡطَفَيۡنَا مِنۡ عِبَادِنَاۖ فَمِنۡهُمۡ ظَالِمٞ لِّنَفۡسِهِۦ وَمِنۡهُم مُّقۡتَصِدٞ وَمِنۡهُمۡ سَابِقُۢ بِٱلۡخَيۡرَٰتِ بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَضۡلُ ٱلۡكَبِيرُ
Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. (Бүлар; сахабалар, оған ергендер, тіпті қияметке дейінгі ғалымдар. Б.М.К.Р.) Және олардан әлде кім өзіне кесір тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйырығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет.
阿拉伯语经注:
جَنَّٰتُ عَدۡنٖ يَدۡخُلُونَهَا يُحَلَّوۡنَ فِيهَا مِنۡ أَسَاوِرَ مِن ذَهَبٖ وَلُؤۡلُؤٗاۖ وَلِبَاسُهُمۡ فِيهَا حَرِيرٞ
Олар, ғадын жаннаттарына кіреді. Онда алтын және інжу білезіктермен безенеді де олардың онда киімдері жібектен болады.
阿拉伯语经注:
وَقَالُواْ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِيٓ أَذۡهَبَ عَنَّا ٱلۡحَزَنَۖ إِنَّ رَبَّنَا لَغَفُورٞ شَكُورٌ
Олар: "Барлық мақтау бізден қайғыны жойған Алла (Т.) ға лайық. Әрине Раббымыз аса жарылқаушы, қадыр білуші" дейді.
阿拉伯语经注:
ٱلَّذِيٓ أَحَلَّنَا دَارَ ٱلۡمُقَامَةِ مِن فَضۡلِهِۦ لَا يَمَسُّنَا فِيهَا نَصَبٞ وَلَا يَمَسُّنَا فِيهَا لُغُوبٞ
"Ол өз кеңшілігінен бізді тұрақты орынға орналастырды. Бізге бұл жерде шаршау да жалығу да болмайды" (деп бата қылады.)
阿拉伯语经注:
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَهُمۡ نَارُ جَهَنَّمَ لَا يُقۡضَىٰ عَلَيۡهِمۡ فَيَمُوتُواْ وَلَا يُخَفَّفُ عَنۡهُم مِّنۡ عَذَابِهَاۚ كَذَٰلِكَ نَجۡزِي كُلَّ كَفُورٖ
Ал енді қарсы келушілер үшін тозақ оты бар. Оларға өлім үкімі берілмейді. Олардан азап жеңітіпмейді. Әрбір қарсы келушілерді өстіп жазалаймыз.
阿拉伯语经注:
وَهُمۡ يَصۡطَرِخُونَ فِيهَا رَبَّنَآ أَخۡرِجۡنَا نَعۡمَلۡ صَٰلِحًا غَيۡرَ ٱلَّذِي كُنَّا نَعۡمَلُۚ أَوَلَمۡ نُعَمِّرۡكُم مَّا يَتَذَكَّرُ فِيهِ مَن تَذَكَّرَ وَجَآءَكُمُ ٱلنَّذِيرُۖ فَذُوقُواْ فَمَا لِلظَّٰلِمِينَ مِن نَّصِيرٍ
Олар тозақта: "Бізді тозақтан шығар! Істеген ғамалдарымыздан басқа жақсы ғамал істейік" деп шыңғырады. "Сендерге; үгіт алғысы көлген кісі, үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ" (делінеді.)
阿拉伯语经注:
إِنَّ ٱللَّهَ عَٰلِمُ غَيۡبِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ إِنَّهُۥ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ
Әрине Алла (Т.) көктер мен жердің көмесін біледі. Шәксіз Ол, көңілдердегіні де біледі.
阿拉伯语经注:
هُوَ ٱلَّذِي جَعَلَكُمۡ خَلَٰٓئِفَ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ فَمَن كَفَرَ فَعَلَيۡهِ كُفۡرُهُۥۖ وَلَا يَزِيدُ ٱلۡكَٰفِرِينَ كُفۡرُهُمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ إِلَّا مَقۡتٗاۖ وَلَا يَزِيدُ ٱلۡكَٰفِرِينَ كُفۡرُهُمۡ إِلَّا خَسَارٗا
Ол сондай Алла сендерді жер жүзінде орынбасар қылды. Сонда кім қарсы келсе, қарсылығының обалы өзіне. Қарсы болушылардың қарсылығы Раббыларының ызасынан басқаны арттырмайды әрі қарсы болушылардың қарсылы зиянды ғана арттырады.
阿拉伯语经注:
قُلۡ أَرَءَيۡتُمۡ شُرَكَآءَكُمُ ٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَرُونِي مَاذَا خَلَقُواْ مِنَ ٱلۡأَرۡضِ أَمۡ لَهُمۡ شِرۡكٞ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ أَمۡ ءَاتَيۡنَٰهُمۡ كِتَٰبٗا فَهُمۡ عَلَىٰ بَيِّنَتٖ مِّنۡهُۚ بَلۡ إِن يَعِدُ ٱلظَّٰلِمُونَ بَعۡضُهُم بَعۡضًا إِلَّا غُرُورًا
(Мұхаммед Ғ.С.): "Алладан басқа табынған ортақтарыңды көрдіңдер ме? Маған көрсетіңдерші. Олар, жер жүзінде не жаратты? Немесе олардың көктерде бір одақтығы бар ма? Не Біз оларға кітап беріп, олар бір дәлел үстінде ме? Жоқ олай емес. Залымдар бірін-бірі алдауды ғана уәде етеді" де.
阿拉伯语经注:
۞ إِنَّ ٱللَّهَ يُمۡسِكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ أَن تَزُولَاۚ وَلَئِن زَالَتَآ إِنۡ أَمۡسَكَهُمَا مِنۡ أَحَدٖ مِّنۢ بَعۡدِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ كَانَ حَلِيمًا غَفُورٗا
Рас Алла (Т.) көктер мен жерді бұүлжытпай ұстайды. Мүбада екеуіне бір зауал болса, Одан кейін оны ешкім ұстап түра алмайды. Шәксіз Ол, тым жүмсақ, аса жарылқаушы.
阿拉伯语经注:
وَأَقۡسَمُواْ بِٱللَّهِ جَهۡدَ أَيۡمَٰنِهِمۡ لَئِن جَآءَهُمۡ نَذِيرٞ لَّيَكُونُنَّ أَهۡدَىٰ مِنۡ إِحۡدَى ٱلۡأُمَمِۖ فَلَمَّا جَآءَهُمۡ نَذِيرٞ مَّا زَادَهُمۡ إِلَّا نُفُورًا
Олар, өздеріне ескертуші келсе, әлде бір үмметтен көрі тағы туралықта болатындықтарына Аллаға шынымен ант қылған. Бірақ, оларға ескертуші келген заман, олардың жиренулерін ғана қоздырды. (6-С. 26-А.)
阿拉伯语经注:
ٱسۡتِكۡبَارٗا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَكۡرَ ٱلسَّيِّيِٕۚ وَلَا يَحِيقُ ٱلۡمَكۡرُ ٱلسَّيِّئُ إِلَّا بِأَهۡلِهِۦۚ فَهَلۡ يَنظُرُونَ إِلَّا سُنَّتَ ٱلۡأَوَّلِينَۚ فَلَن تَجِدَ لِسُنَّتِ ٱللَّهِ تَبۡدِيلٗاۖ وَلَن تَجِدَ لِسُنَّتِ ٱللَّهِ تَحۡوِيلًا
Олар жер жүзінде паңсып жаман тәсіл жасады. Негізінде айлакерліктің кесірі иесіне ғана болады. Олар, бұрынғылардың жолынан басқаны күте ме? (Олардың басына келгенді ғана күтеді.) Алланың жолынан әсте бір өзгеріс таба алмайсың да Алланың жолынан бір бұрылыс көре алмайсың.
阿拉伯语经注:
أَوَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ وَكَانُوٓاْ أَشَدَّ مِنۡهُمۡ قُوَّةٗۚ وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيُعۡجِزَهُۥ مِن شَيۡءٖ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَلَا فِي ٱلۡأَرۡضِۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَلِيمٗا قَدِيرٗا
Олар, жер жүзінде кезбей ме? Сонда олар, өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын көрер еді. Тіпті олардың күші, бұлардан артық еді. Көктердегі және жердегі нәрселер Алланы осалдата алмайды. Шексіз Ол, толық білуші, аса күшті.
阿拉伯语经注:
وَلَوۡ يُؤَاخِذُ ٱللَّهُ ٱلنَّاسَ بِمَا كَسَبُواْ مَا تَرَكَ عَلَىٰ ظَهۡرِهَا مِن دَآبَّةٖ وَلَٰكِن يُؤَخِّرُهُمۡ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗىۖ فَإِذَا جَآءَ أَجَلُهُمۡ فَإِنَّ ٱللَّهَ كَانَ بِعِبَادِهِۦ بَصِيرَۢا
Егер Алла (Т.) адам баласын қылықтары себепті қолға алатын болса, жер жүзінде ешбір жәндік қалдьірмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктірді. Қашан олардың мезгілі жетсе, сонда Алла құлдарын толық көреді.
阿拉伯语经注:
 
含义的翻译 章: 嘎推勒
章节目录 页码
 
《古兰经》译解 - 哈萨克语翻译 - 哈里法·艾勒塔伊。 - 译解目录

古兰经哈萨克文译解,哈利法·阿尔泰易翻译。由拉瓦德翻译中心负责校正,由附上翻译原文以便发表意见、评价和持续改进。

关闭