Check out the new design

Prijevod značenja časnog Kur'ana - Kazaški prijevod - Halifa Altaj * - Sadržaj prijevodā


Prijevod značenja Sura: El-Feth   Ajet:
وَهُوَ ٱلَّذِي كَفَّ أَيۡدِيَهُمۡ عَنكُمۡ وَأَيۡدِيَكُمۡ عَنۡهُم بِبَطۡنِ مَكَّةَ مِنۢ بَعۡدِ أَنۡ أَظۡفَرَكُمۡ عَلَيۡهِمۡۚ وَكَانَ ٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرًا
Ол сондай Алла, сендерді оларға өктем еткеннен кейін Мекке ойпатында олардың қолдарын сендерден тыйып, сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші.
Tefsiri na arapskom jeziku:
هُمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّوكُمۡ عَنِ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِ وَٱلۡهَدۡيَ مَعۡكُوفًا أَن يَبۡلُغَ مَحِلَّهُۥۚ وَلَوۡلَا رِجَالٞ مُّؤۡمِنُونَ وَنِسَآءٞ مُّؤۡمِنَٰتٞ لَّمۡ تَعۡلَمُوهُمۡ أَن تَطَـُٔوهُمۡ فَتُصِيبَكُم مِّنۡهُم مَّعَرَّةُۢ بِغَيۡرِ عِلۡمٖۖ لِّيُدۡخِلَ ٱللَّهُ فِي رَحۡمَتِهِۦ مَن يَشَآءُۚ لَوۡ تَزَيَّلُواْ لَعَذَّبۡنَا ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِنۡهُمۡ عَذَابًا أَلِيمًا
Олар сондай кәпірлер, сендерді Месжіт Харамнан және тостырылған құрбандықты орнына барудан тыйды. Бірақ егер Меккедегі сендер білмеген, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді сендер жаныштап, білместіктен обалына қалмайтын болсаңдар еді. (Соғысқа жол қойылар еді.) Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлеу тшін (осылай істеді.) Мүбада мүміндер бөлінген болса еді, олардан қарсы келгендерді күйзелтуші азаппен қинар едік.
Tefsiri na arapskom jeziku:
إِذۡ جَعَلَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فِي قُلُوبِهِمُ ٱلۡحَمِيَّةَ حَمِيَّةَ ٱلۡجَٰهِلِيَّةِ فَأَنزَلَ ٱللَّهُ سَكِينَتَهُۥ عَلَىٰ رَسُولِهِۦ وَعَلَى ٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَأَلۡزَمَهُمۡ كَلِمَةَ ٱلتَّقۡوَىٰ وَكَانُوٓاْ أَحَقَّ بِهَا وَأَهۡلَهَاۚ وَكَانَ ٱللَّهُ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٗا
Кәпірлер, жүректеріндегі надандық қасарысуымен сірескен кезде, Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды да оларға тақуа сөзін жүктеді. Олар бұған лайығырақ және қабілетті еді. Алла әр нәрсені толық білуші.
Tefsiri na arapskom jeziku:
لَّقَدۡ صَدَقَ ٱللَّهُ رَسُولَهُ ٱلرُّءۡيَا بِٱلۡحَقِّۖ لَتَدۡخُلُنَّ ٱلۡمَسۡجِدَ ٱلۡحَرَامَ إِن شَآءَ ٱللَّهُ ءَامِنِينَ مُحَلِّقِينَ رُءُوسَكُمۡ وَمُقَصِّرِينَ لَا تَخَافُونَۖ فَعَلِمَ مَا لَمۡ تَعۡلَمُواْ فَجَعَلَ مِن دُونِ ذَٰلِكَ فَتۡحٗا قَرِيبًا
Расында Алла, Пайғамбарының түсін хақиқат бойынша тура шығарды. Алла қаласа, аман-есен әлбетте Месжіт Харамға шаштарыңды алдырып, не қысқартып бейбіт кіресіңдер. Алла сендердің білмеген нәрселеріңді білген еді. Сондықтан бұдан өзге бір жақын жеңіс нәсіп етті.
Tefsiri na arapskom jeziku:
هُوَ ٱلَّذِيٓ أَرۡسَلَ رَسُولَهُۥ بِٱلۡهُدَىٰ وَدِينِ ٱلۡحَقِّ لِيُظۡهِرَهُۥ عَلَى ٱلدِّينِ كُلِّهِۦۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدٗا
Ол сондай Алла, дінін бүкіл діндерден үстем қылу үшін Пайғамбарын туралық әрі хақ дінмен жіберді. Куәлік тұрғысынан Алла жетіп асады.
Tefsiri na arapskom jeziku:
 
Prijevod značenja Sura: El-Feth
Indeks sura Broj stranice
 
Prijevod značenja časnog Kur'ana - Kazaški prijevod - Halifa Altaj - Sadržaj prijevodā

Preveo ju je Halifa Altaj. Pregledano od strane Prevodilačkog centra Ruvvad. Dopušta se uvid u originalni prijevod radi sugestije, ocjene i stalnog unapređivanja.

Zatvaranje