《古兰经》译解 - 哈萨克语翻译 - 哈里法·艾勒塔伊。 * - 译解目录


含义的翻译 章: 图勒   段:

суратут-Тур

وَٱلطُّورِ
Тұр тауына,
阿拉伯语经注:
وَكِتَٰبٖ مَّسۡطُورٖ
Жазулы Кітапқа,
阿拉伯语经注:
فِي رَقّٖ مَّنشُورٖ
Теріге жазулыға,
阿拉伯语经注:
وَٱلۡبَيۡتِ ٱلۡمَعۡمُورِ
Толықсыған үйге, (Көктегі қыблаға,)
阿拉伯语经注:
وَٱلسَّقۡفِ ٱلۡمَرۡفُوعِ
Көтерілген төбеге, (көкке,)
阿拉伯语经注:
وَٱلۡبَحۡرِ ٱلۡمَسۡجُورِ
Және ыстық теңізге серт!
阿拉伯语经注:
إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ لَوَٰقِعٞ
Сөзсіз Раббыңның азабы болады.
阿拉伯语经注:
مَّا لَهُۥ مِن دَافِعٖ
Оны тойтарушы жоқ.
阿拉伯语经注:
يَوۡمَ تَمُورُ ٱلسَّمَآءُ مَوۡرٗا
Ол күні аспан қатты теңселеді.
阿拉伯语经注:
وَتَسِيرُ ٱلۡجِبَالُ سَيۡرٗا
Таулар үшіп жүреді.
阿拉伯语经注:
فَوَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Сол күні өтірік деушілерге нендей өкініш!
阿拉伯语经注:
ٱلَّذِينَ هُمۡ فِي خَوۡضٖ يَلۡعَبُونَ
Олар, сондай орынсыз сүңгіп ойнағандар.
阿拉伯语经注:
يَوۡمَ يُدَعُّونَ إِلَىٰ نَارِ جَهَنَّمَ دَعًّا
Олар сол күні, тозаққа итеріліп, тасталады.
阿拉伯语经注:
هَٰذِهِ ٱلنَّارُ ٱلَّتِي كُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ
"Міне! Сендер өтірік деген тозақ!"
阿拉伯语经注:
أَفَسِحۡرٌ هَٰذَآ أَمۡ أَنتُمۡ لَا تُبۡصِرُونَ
Ал осы бір сиқыр ма? Немесе сендер көрмейсіңдер ме?
阿拉伯语经注:
ٱصۡلَوۡهَا فَٱصۡبِرُوٓاْ أَوۡ لَا تَصۡبِرُواْ سَوَآءٌ عَلَيۡكُمۡۖ إِنَّمَا تُجۡزَوۡنَ مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
"Тозаққа кіріңдер. Шындасаңдар да шындамасаңдар да сендерге бәрі бірдей. Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар!
阿拉伯语经注:
إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّٰتٖ وَنَعِيمٖ
Әрине тақуалар ұжмақтарда ырысқа бөленеді.
阿拉伯语经注:
فَٰكِهِينَ بِمَآ ءَاتَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡ وَوَقَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡ عَذَابَ ٱلۡجَحِيمِ
Раббыларының өздеріне берген нәрселерінің қызығын көреді. Оларды Раббылары тозақтың азабынан қорғаған.
阿拉伯语经注:
كُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ هَنِيٓـَٔۢا بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
"Істеген ғамалдарың себепті жеңдер, ішіңдер. Сіңімді болсын."
阿拉伯语经注:
مُتَّكِـِٔينَ عَلَىٰ سُرُرٖ مَّصۡفُوفَةٖۖ وَزَوَّجۡنَٰهُم بِحُورٍ عِينٖ
"Тізілген дивандарға сүйенген түрде" (делінеді.) Оларды бота көз хүрлармен үйлендіреміз.
阿拉伯语经注:
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَٱتَّبَعَتۡهُمۡ ذُرِّيَّتُهُم بِإِيمَٰنٍ أَلۡحَقۡنَا بِهِمۡ ذُرِّيَّتَهُمۡ وَمَآ أَلَتۡنَٰهُم مِّنۡ عَمَلِهِم مِّن شَيۡءٖۚ كُلُّ ٱمۡرِيِٕۭ بِمَا كَسَبَ رَهِينٞ
Сондай иман келтіргендер, олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол ұрпақтарына қосамыз. Сондай-ақ олардың ғамалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркім істегенінің бодауына ұсталады. (74-С. 38-А.)
阿拉伯语经注:
وَأَمۡدَدۡنَٰهُم بِفَٰكِهَةٖ وَلَحۡمٖ مِّمَّا يَشۡتَهُونَ
Оларға бейіште қызығатын ет пен жемісті молайтамыз.
阿拉伯语经注:
يَتَنَٰزَعُونَ فِيهَا كَأۡسٗا لَّا لَغۡوٞ فِيهَا وَلَا تَأۡثِيمٞ
Олар бейіште тостағанға таласады. Онда бір орынсыз сөйлеу де күнәкарлықта болмайды. (37-С. 47-А. 56.С. 19-А)
阿拉伯语经注:
۞ وَيَطُوفُ عَلَيۡهِمۡ غِلۡمَانٞ لَّهُمۡ كَأَنَّهُمۡ لُؤۡلُؤٞ مَّكۡنُونٞ
Оларға сәдептегі інжу тәрізді жастар айналып, қызмет етеді.
阿拉伯语经注:
وَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ يَتَسَآءَلُونَ
Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады:
阿拉伯语经注:
قَالُوٓاْ إِنَّا كُنَّا قَبۡلُ فِيٓ أَهۡلِنَا مُشۡفِقِينَ
"Расында біз, бұрын (дүниеде) семьямызда да қорқушы едік" деседі.
阿拉伯语经注:
فَمَنَّ ٱللَّهُ عَلَيۡنَا وَوَقَىٰنَا عَذَابَ ٱلسَّمُومِ
"Сондықтан Алла бізге игілік етті де заһарлы азаптан қорғады."
阿拉伯语经注:
إِنَّا كُنَّا مِن قَبۡلُ نَدۡعُوهُۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡبَرُّ ٱلرَّحِيمُ
"Расында біз, бұрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол, игілік істеуші, ерекше мейірімді" (деседі.)
阿拉伯语经注:
فَذَكِّرۡ فَمَآ أَنتَ بِنِعۡمَتِ رَبِّكَ بِكَاهِنٖ وَلَا مَجۡنُونٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді үгіттей бер. Өйткені сен Раббыңның нығметі арқасында бақсы да жынды да емессің.
阿拉伯语经注:
أَمۡ يَقُولُونَ شَاعِرٞ نَّتَرَبَّصُ بِهِۦ رَيۡبَ ٱلۡمَنُونِ
Немесе олар сені: "Ол бір ақын. Сондықтан оған жаман заманның болуын тосамыз" дейді.
阿拉伯语经注:
قُلۡ تَرَبَّصُواْ فَإِنِّي مَعَكُم مِّنَ ٱلۡمُتَرَبِّصِينَ
Оларға: "Күтіңдер. Мен де сендермен бірге күтемін" де.
阿拉伯语经注:
أَمۡ تَأۡمُرُهُمۡ أَحۡلَٰمُهُم بِهَٰذَآۚ أَمۡ هُمۡ قَوۡمٞ طَاغُونَ
Немесе оларға бұны ақылдары әмір ете ме? Не олар азғын бір ел ме?
阿拉伯语经注:
أَمۡ يَقُولُونَ تَقَوَّلَهُۥۚ بَل لَّا يُؤۡمِنُونَ
Я, болмаса олар: "Кұранды өзі жасап алды" дей ме? Жоқ, олар иман келтірмейді.
阿拉伯语经注:
فَلۡيَأۡتُواْ بِحَدِيثٖ مِّثۡلِهِۦٓ إِن كَانُواْ صَٰدِقِينَ
Ендеше, егер олар шыншыл болса, Құран сияқты бір сөз келтірсін. (2-С.23-А., Ю.С. 38-А., 11-С. 13-А.)
阿拉伯语经注:
أَمۡ خُلِقُواْ مِنۡ غَيۡرِ شَيۡءٍ أَمۡ هُمُ ٱلۡخَٰلِقُونَ
Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме?
阿拉伯语经注:
أَمۡ خَلَقُواْ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَۚ بَل لَّا يُوقِنُونَ
Яки олар, көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды.
阿拉伯语经注:
أَمۡ عِندَهُمۡ خَزَآئِنُ رَبِّكَ أَمۡ هُمُ ٱلۡمُصَۜيۡطِرُونَ
Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Я, олар игеруші ме?
阿拉伯语经注:
أَمۡ لَهُمۡ سُلَّمٞ يَسۡتَمِعُونَ فِيهِۖ فَلۡيَأۡتِ مُسۡتَمِعُهُم بِسُلۡطَٰنٖ مُّبِينٍ
Немесе, олардың шығып тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың тыңдаушылары ашық бір дәлел келтірсінші!
阿拉伯语经注:
أَمۡ لَهُ ٱلۡبَنَٰتُ وَلَكُمُ ٱلۡبَنُونَ
Немесе қыздар Алланікі де ұлдар сендердікі ме?
阿拉伯语经注:
أَمۡ تَسۡـَٔلُهُمۡ أَجۡرٗا فَهُم مِّن مَّغۡرَمٖ مُّثۡقَلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) не сен олардан ақы тілеп сондықтан олар ауыр борышқа жығылды ма?
阿拉伯语经注:
أَمۡ عِندَهُمُ ٱلۡغَيۡبُ فَهُمۡ يَكۡتُبُونَ
Немесе олардың қасында ғайыптың мәліметі бар да олар соны жаза ма?
阿拉伯语经注:
أَمۡ يُرِيدُونَ كَيۡدٗاۖ فَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ هُمُ ٱلۡمَكِيدُونَ
Не болмаса, олардың бір әдіс қылғылары келе ме? Сонда қарсы болғандардың өздері тұзаққа түседі.
阿拉伯语经注:
أَمۡ لَهُمۡ إِلَٰهٌ غَيۡرُ ٱللَّهِۚ سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Әлде олардың Алладан басқа тәңірі бар ма? Алла олардың қосқан теңеулерінен пәк.
阿拉伯语经注:
وَإِن يَرَوۡاْ كِسۡفٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ سَاقِطٗا يَقُولُواْ سَحَابٞ مَّرۡكُومٞ
Олар аспаннан түсіп келе жатқан бір кесек көрсе де: "Шоғырланған бұлт" дейді.
阿拉伯语经注:
فَذَرۡهُمۡ حَتَّىٰ يُلَٰقُواْ يَوۡمَهُمُ ٱلَّذِي فِيهِ يُصۡعَقُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) енді оларды жоқ болатын күндеріне жолыққандарына дейін қойып қой.
阿拉伯语经注:
يَوۡمَ لَا يُغۡنِي عَنۡهُمۡ كَيۡدُهُمۡ شَيۡـٔٗا وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ
Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді әрі оларға көмек те етілмейді.
阿拉伯语经注:
وَإِنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُواْ عَذَابٗا دُونَ ذَٰلِكَ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Шүбәсыз ондай залымдарға одан өзге де азап бар. Бірақ олардың көбі түсінбейді.
阿拉伯语经注:
وَٱصۡبِرۡ لِحُكۡمِ رَبِّكَ فَإِنَّكَ بِأَعۡيُنِنَاۖ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ حِينَ تَقُومُ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның үкіміне сабыр ет. Өйткені сен көз алдымыздасың. Орныңнан тұрған шақта, Раббыңды мақтай дәріпте.
阿拉伯语经注:
وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَسَبِّحۡهُ وَإِدۡبَٰرَ ٱلنُّجُومِ
Түннің бір бөлімінде және жұлдыздар батар кезде де дәріпте. (Құптан және таң намазын оқы. М.Ж)
阿拉伯语经注:
 
含义的翻译 章: 图勒
章节目录 页码
 
《古兰经》译解 - 哈萨克语翻译 - 哈里法·艾勒塔伊。 - 译解目录

古兰经哈萨克文译解,哈利法·阿尔泰易翻译。由拉瓦德翻译中心负责校正,由附上翻译原文以便发表意见、评价和持续改进。

关闭