《古兰经》译解 - 哈萨克语翻译 - 哈里法·艾勒塔伊。 * - 译解目录


含义的翻译 章: 奈智姆   段:

суратун-Нәжм

وَٱلنَّجۡمِ إِذَا هَوَىٰ
Батып бара жатқан жұлдыздарға серт.
阿拉伯语经注:
مَا ضَلَّ صَاحِبُكُمۡ وَمَا غَوَىٰ
Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С.) адаспады да ауытқымады.
阿拉伯语经注:
وَمَا يَنطِقُ عَنِ ٱلۡهَوَىٰٓ
Ол өз ойынан сөйлемейді.
阿拉伯语经注:
إِنۡ هُوَ إِلَّا وَحۡيٞ يُوحَىٰ
Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана.
阿拉伯语经注:
عَلَّمَهُۥ شَدِيدُ ٱلۡقُوَىٰ
Оған оны өте күшті (Жебрейіл Ғ.С.) үйретті.
阿拉伯语经注:
ذُو مِرَّةٖ فَٱسۡتَوَىٰ
Ол қуат иесі (Жебрейіл өз бейнесінде) тура түрды. (Бүл көрініс Хыра тауында болған. Ж.Р.)
阿拉伯语经注:
وَهُوَ بِٱلۡأُفُقِ ٱلۡأَعۡلَىٰ
Ол, жоғары көк жиекте еді.
阿拉伯语经注:
ثُمَّ دَنَا فَتَدَلَّىٰ
Ол, жақындап төмендеді.
阿拉伯语经注:
فَكَانَ قَابَ قَوۡسَيۡنِ أَوۡ أَدۡنَىٰ
Тіпті садақтың екі басындай әлде жақынырақ.
阿拉伯语经注:
فَأَوۡحَىٰٓ إِلَىٰ عَبۡدِهِۦ مَآ أَوۡحَىٰ
Сонда Алла, құлына уахи ететін нәрселерін көкейіне салды.
阿拉伯语经注:
مَا كَذَبَ ٱلۡفُؤَادُ مَا رَأَىٰٓ
Оның көзінің көргенін көңлі жалғанға шығармады.
阿拉伯语经注:
أَفَتُمَٰرُونَهُۥ عَلَىٰ مَا يَرَىٰ
Ал енді оның көрген нәрсесіне сендер таласасыңдар ма?
阿拉伯语经注:
وَلَقَدۡ رَءَاهُ نَزۡلَةً أُخۡرَىٰ
Расында ол, Жебрейілді екінші рет көрді.
阿拉伯语经注:
عِندَ سِدۡرَةِ ٱلۡمُنتَهَىٰ
Тұрақтау ағашының жанында.
阿拉伯语经注:
عِندَهَا جَنَّةُ ٱلۡمَأۡوَىٰٓ
Оның қасында Мәуа жаннаты бар.
阿拉伯语经注:
إِذۡ يَغۡشَى ٱلسِّدۡرَةَ مَا يَغۡشَىٰ
Сол уақытта ағашты қаптаған нәрсе қаптады.
阿拉伯语经注:
مَا زَاغَ ٱلۡبَصَرُ وَمَا طَغَىٰ
(Мұхаммед Ғ.С.ның) көзі таймады да үстірт қарамады.
阿拉伯语经注:
لَقَدۡ رَأَىٰ مِنۡ ءَايَٰتِ رَبِّهِ ٱلۡكُبۡرَىٰٓ
Расында ол, Раббының ірі белгілерін көрді.
阿拉伯语经注:
أَفَرَءَيۡتُمُ ٱللَّٰتَ وَٱلۡعُزَّىٰ
Лат пен Ғүззаны көрдіңдер ме?
阿拉伯语经注:
وَمَنَوٰةَ ٱلثَّالِثَةَ ٱلۡأُخۡرَىٰٓ
Үшінші басқа Менатты?
阿拉伯语经注:
أَلَكُمُ ٱلذَّكَرُ وَلَهُ ٱلۡأُنثَىٰ
Еркек сендердікі де ұрғашы Алланікі ме?
阿拉伯语经注:
تِلۡكَ إِذٗا قِسۡمَةٞ ضِيزَىٰٓ
Онда бұл, орынсыз бір бөліс.
阿拉伯语经注:
إِنۡ هِيَ إِلَّآ أَسۡمَآءٞ سَمَّيۡتُمُوهَآ أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُم مَّآ أَنزَلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلۡطَٰنٍۚ إِن يَتَّبِعُونَ إِلَّا ٱلظَّنَّ وَمَا تَهۡوَى ٱلۡأَنفُسُۖ وَلَقَدۡ جَآءَهُم مِّن رَّبِّهِمُ ٱلۡهُدَىٰٓ
Бұл, сендер және аталарың қойған құр аттар ғана. Алла оларға байланысты бір дәлел түсірген жоқ. Олар ойларына көңілдері қалағанына ғана ереді. Расында оларға Раббыларынан туралық (Пайғамбар) келді.
阿拉伯语经注:
أَمۡ لِلۡإِنسَٰنِ مَا تَمَنَّىٰ
Немесе адамзатқа көксегені бола бере ме?
阿拉伯语经注:
فَلِلَّهِ ٱلۡأٓخِرَةُ وَٱلۡأُولَىٰ
Негізінде ахирет, дүние Алланың иелігінде.
阿拉伯语经注:
۞ وَكَم مِّن مَّلَكٖ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ لَا تُغۡنِي شَفَٰعَتُهُمۡ شَيۡـًٔا إِلَّا مِنۢ بَعۡدِ أَن يَأۡذَنَ ٱللَّهُ لِمَن يَشَآءُ وَيَرۡضَىٰٓ
Көктерде қаншалаған періште бар. Алла қалап, разы болған кісісіне рұхсат бермейінше, олардың шапағаты еш нәрсеге жарамайды.
阿拉伯语经注:
إِنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ لَيُسَمُّونَ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ تَسۡمِيَةَ ٱلۡأُنثَىٰ
Шынында сондай ақиретке иман келтіргендер, періштелерді (Алланың қыздары деп) әйел атымен атайды.
阿拉伯语经注:
وَمَا لَهُم بِهِۦ مِنۡ عِلۡمٍۖ إِن يَتَّبِعُونَ إِلَّا ٱلظَّنَّۖ وَإِنَّ ٱلظَّنَّ لَا يُغۡنِي مِنَ ٱلۡحَقِّ شَيۡـٔٗا
Негізінде оған байланысты бір мәліметтері жоқ. Ойға ғана ереді. Шын мәнінде құр ой, шындық жағынан еш нәрсеге тұрмайды.
阿拉伯语经注:
فَأَعۡرِضۡ عَن مَّن تَوَلَّىٰ عَن ذِكۡرِنَا وَلَمۡ يُرِدۡ إِلَّا ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا
(Мұхаммед Ғ.С.) үгітімізден жалтарып, дүние тіршілігін ғана қалаған кісіден бет бұр.
阿拉伯语经注:
ذَٰلِكَ مَبۡلَغُهُم مِّنَ ٱلۡعِلۡمِۚ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعۡلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِۦ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِمَنِ ٱهۡتَدَىٰ
Міне олардың білімі осыған-ақ жетеді. Шынында Раббың жолынан адасқан кісіні де жақсы біледі. Және тура жолға түскенді де жақсы біледі.
阿拉伯语经注:
وَلِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ لِيَجۡزِيَ ٱلَّذِينَ أَسَٰٓـُٔواْ بِمَا عَمِلُواْ وَيَجۡزِيَ ٱلَّذِينَ أَحۡسَنُواْ بِٱلۡحُسۡنَى
Көктердегі әрі жердегі нәрселер Аллаға тән. Сондай жамандық істегендер, істегендерімен жазаланады да жақсылық істегендерді жақсылыққа бөлейді.
阿拉伯语经注:
ٱلَّذِينَ يَجۡتَنِبُونَ كَبَٰٓئِرَ ٱلۡإِثۡمِ وَٱلۡفَوَٰحِشَ إِلَّا ٱللَّمَمَۚ إِنَّ رَبَّكَ وَٰسِعُ ٱلۡمَغۡفِرَةِۚ هُوَ أَعۡلَمُ بِكُمۡ إِذۡ أَنشَأَكُم مِّنَ ٱلۡأَرۡضِ وَإِذۡ أَنتُمۡ أَجِنَّةٞ فِي بُطُونِ أُمَّهَٰتِكُمۡۖ فَلَا تُزَكُّوٓاْ أَنفُسَكُمۡۖ هُوَ أَعۡلَمُ بِمَنِ ٱتَّقَىٰٓ
Сондай күнәлардың үлкенінен және арсыздықтан сақтанғандардың аздаған кінәлары болса да шәксіз Раббыңның жарылқауы кең. Сендерді жерден жаратқанда және аналарыңның қарнында шикі өкпе кездеріңді де жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді өздерің ақтамаңдар. Ол, кім тақуа екенін жақсы біледі.
阿拉伯语经注:
أَفَرَءَيۡتَ ٱلَّذِي تَوَلَّىٰ
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай бет бұрғанды көрдің бе?
阿拉伯语经注:
وَأَعۡطَىٰ قَلِيلٗا وَأَكۡدَىٰٓ
Ол, аз берді, тоқтатты.
阿拉伯语经注:
أَعِندَهُۥ عِلۡمُ ٱلۡغَيۡبِ فَهُوَ يَرَىٰٓ
Оның жанында құпия білім болып, шындықты сол көре ме?
阿拉伯语经注:
أَمۡ لَمۡ يُنَبَّأۡ بِمَا فِي صُحُفِ مُوسَىٰ
Оған Мұса (Ғ.С.) ның нұсқаларындағы нәрселер білдірілмеді ме?
阿拉伯语经注:
وَإِبۡرَٰهِيمَ ٱلَّذِي وَفَّىٰٓ
Сондай-ақ әмірді орындаушы Ыбырайым (Ғ.С.) ның да.
阿拉伯语经注:
أَلَّا تَزِرُ وَازِرَةٞ وِزۡرَ أُخۡرَىٰ
Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді.
阿拉伯语经注:
وَأَن لَّيۡسَ لِلۡإِنسَٰنِ إِلَّا مَا سَعَىٰ
Адамзат; еңбегіне жарай ғана табысқа ие болады.
阿拉伯语经注:
وَأَنَّ سَعۡيَهُۥ سَوۡفَ يُرَىٰ
Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді.
阿拉伯语经注:
ثُمَّ يُجۡزَىٰهُ ٱلۡجَزَآءَ ٱلۡأَوۡفَىٰ
Сонсоң оған еңбегінің бодауы толық беріледі.
阿拉伯语经注:
وَأَنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ ٱلۡمُنتَهَىٰ
Күдіксіз Раббыңа тиянақтайды.
阿拉伯语经注:
وَأَنَّهُۥ هُوَ أَضۡحَكَ وَأَبۡكَىٰ
Шын мәнінде күлдірген де жылатқкан да Ол.
阿拉伯语经注:
وَأَنَّهُۥ هُوَ أَمَاتَ وَأَحۡيَا
Өйткені, өлтірген де тірілткен де Ол.
阿拉伯语经注:
وَأَنَّهُۥ خَلَقَ ٱلزَّوۡجَيۡنِ ٱلذَّكَرَ وَٱلۡأُنثَىٰ
Шүбәсыз Алла, ер, әйелді жүп жаратқан.
阿拉伯语经注:
مِن نُّطۡفَةٍ إِذَا تُمۡنَىٰ
Тамызылған бір тамшы "мәни" суынан.
阿拉伯语经注:
وَأَنَّ عَلَيۡهِ ٱلنَّشۡأَةَ ٱلۡأُخۡرَىٰ
Шәксіз екінші жасау да Оған тән.
阿拉伯语经注:
وَأَنَّهُۥ هُوَ أَغۡنَىٰ وَأَقۡنَىٰ
Сөз жоқ, байытқан да өркендеткен де Ол.
阿拉伯语经注:
وَأَنَّهُۥ هُوَ رَبُّ ٱلشِّعۡرَىٰ
Расында Ол, "Шығра" жүлдызының Раббы.
阿拉伯语经注:
وَأَنَّهُۥٓ أَهۡلَكَ عَادًا ٱلۡأُولَىٰ
Күдіксіз бұрынғы Ғад елін жоқ етті.
阿拉伯语经注:
وَثَمُودَاْ فَمَآ أَبۡقَىٰ
Сондай-ақ Сәмұд елін де қалдырмады.
阿拉伯语经注:
وَقَوۡمَ نُوحٖ مِّن قَبۡلُۖ إِنَّهُمۡ كَانُواْ هُمۡ أَظۡلَمَ وَأَطۡغَىٰ
Одан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымын да. Өйткені олар өте залым, тым жолдан шыққан еді.
阿拉伯语经注:
وَٱلۡمُؤۡتَفِكَةَ أَهۡوَىٰ
Төңкерілген кентті жермен-жексен етті. (Лұт Ғ.С. ның елі.)
阿拉伯语经注:
فَغَشَّىٰهَا مَا غَشَّىٰ
Сонда оларды апат қаптаған сайын қаптады.
阿拉伯语经注:
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكَ تَتَمَارَىٰ
Ал енді Раббыңның қай нығметтерінен күмәнданасыңдар.
阿拉伯语经注:
هَٰذَا نَذِيرٞ مِّنَ ٱلنُّذُرِ ٱلۡأُولَىٰٓ
Бұл Пайғамбар бұрынғы ескертушіден бір ескертуші.
阿拉伯语经注:
أَزِفَتِ ٱلۡأٓزِفَةُ
Қиямет жақындады.
阿拉伯语经注:
لَيۡسَ لَهَا مِن دُونِ ٱللَّهِ كَاشِفَةٌ
Оны Алладан өзге әшкерелеуші жоқ.
阿拉伯语经注:
أَفَمِنۡ هَٰذَا ٱلۡحَدِيثِ تَعۡجَبُونَ
Ал енді сендер осы сөзге таңырқайсыңдар ма?
阿拉伯语经注:
وَتَضۡحَكُونَ وَلَا تَبۡكُونَ
Күлесіңдер, жыламайсыңдар.
阿拉伯语经注:
وَأَنتُمۡ سَٰمِدُونَ
(Сәжде бар.) Сендер кәперсізсіңдер.
阿拉伯语经注:
فَٱسۡجُدُواْۤ لِلَّهِۤ وَٱعۡبُدُواْ۩
Ал енді Аллаға сәжде қылып, құлшылық істеңдер.
阿拉伯语经注:
 
含义的翻译 章: 奈智姆
章节目录 页码
 
《古兰经》译解 - 哈萨克语翻译 - 哈里法·艾勒塔伊。 - 译解目录

古兰经哈萨克文译解,哈利法·阿尔泰易翻译。由拉瓦德翻译中心负责校正,由附上翻译原文以便发表意见、评价和持续改进。

关闭