《古兰经》译解 - 哈萨克语翻译 - 哈里法·艾勒塔伊。 * - 译解目录


含义的翻译 章: 隋法提   段:

суратус-Сафат

وَٱلصَّٰٓفَّٰتِ صَفّٗا
Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт,
阿拉伯语经注:
فَٱلزَّٰجِرَٰتِ زَجۡرٗا
Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт,
阿拉伯语经注:
فَٱلتَّٰلِيَٰتِ ذِكۡرًا
Үгіт оқушы (періштелерге) серт. (Алладан басқамен ант ету дүрыс емес. Бірақ, Алла тарапынан басқаға ант етілуі; ант еткен нәрселерде; ант етілген нәрселерге куәлік бар деген ұғымды береді. Т-Қ)
阿拉伯语经注:
إِنَّ إِلَٰهَكُمۡ لَوَٰحِدٞ
Тәңірлерің біреу.
阿拉伯语经注:
رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا وَرَبُّ ٱلۡمَشَٰرِقِ
Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы. (70-С. 40-А.)
阿拉伯语经注:
إِنَّا زَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنۡيَا بِزِينَةٍ ٱلۡكَوَاكِبِ
Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік.
阿拉伯语经注:
وَحِفۡظٗا مِّن كُلِّ شَيۡطَٰنٖ مَّارِدٖ
Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық.
阿拉伯语经注:
لَّا يَسَّمَّعُونَ إِلَى ٱلۡمَلَإِ ٱلۡأَعۡلَىٰ وَيُقۡذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبٖ
Олар, жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады.
阿拉伯语经注:
دُحُورٗاۖ وَلَهُمۡ عَذَابٞ وَاصِبٌ
Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар.
阿拉伯语经注:
إِلَّا مَنۡ خَطِفَ ٱلۡخَطۡفَةَ فَأَتۡبَعَهُۥ شِهَابٞ ثَاقِبٞ
Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды.
阿拉伯语经注:
فَٱسۡتَفۡتِهِمۡ أَهُمۡ أَشَدُّ خَلۡقًا أَم مَّنۡ خَلَقۡنَآۚ إِنَّا خَلَقۡنَٰهُم مِّن طِينٖ لَّازِبِۭ
Енді олардан сұра: "Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық.
阿拉伯语经注:
بَلۡ عَجِبۡتَ وَيَسۡخَرُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (Бұл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды.
阿拉伯语经注:
وَإِذَا ذُكِّرُواْ لَا يَذۡكُرُونَ
Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді.
阿拉伯语经注:
وَإِذَا رَأَوۡاْ ءَايَةٗ يَسۡتَسۡخِرُونَ
Бір мұгжиза көрсе, олар тәлкек қылады.
阿拉伯语经注:
وَقَالُوٓاْ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٞ مُّبِينٌ
"Бұл мүлде ашық жады" деседі.
阿拉伯语经注:
أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابٗا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ
"Біз өліп топырақ және сүйектер болган кезде, рас тірілтілеміз бе?"
阿拉伯语经注:
أَوَءَابَآؤُنَا ٱلۡأَوَّلُونَ
"Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер.
阿拉伯语经注:
قُلۡ نَعَمۡ وَأَنتُمۡ دَٰخِرُونَ
"Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер. (17) "Әрине сендер кор боп тірілесіңдер" де.
阿拉伯语经注:
فَإِنَّمَا هِيَ زَجۡرَةٞ وَٰحِدَةٞ فَإِذَا هُمۡ يَنظُرُونَ
Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады.
阿拉伯语经注:
وَقَالُواْ يَٰوَيۡلَنَا هَٰذَا يَوۡمُ ٱلدِّينِ
"Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!",- деседі.
阿拉伯语经注:
هَٰذَا يَوۡمُ ٱلۡفَصۡلِ ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ
"Бұл сендер жасынға шығарған билік күні!"
阿拉伯语经注:
۞ ٱحۡشُرُواْ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ وَأَزۡوَٰجَهُمۡ وَمَا كَانُواْ يَعۡبُدُونَ
"Жинаңдар! Ол залымдардьі да сыбайластарын да олардың табынғандарын да:"
阿拉伯语经注:
مِن دُونِ ٱللَّهِ فَٱهۡدُوهُمۡ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلۡجَحِيمِ
"Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер;"
阿拉伯语经注:
وَقِفُوهُمۡۖ إِنَّهُم مَّسۡـُٔولُونَ
"Оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады" (делінеді.)
阿拉伯语经注:
مَا لَكُمۡ لَا تَنَاصَرُونَ
Оларға: "Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?",- (делінеді.)
阿拉伯语经注:
بَلۡ هُمُ ٱلۡيَوۡمَ مُسۡتَسۡلِمُونَ
Әрине бүгін олар еріксіз бой ұсынғандар.
阿拉伯语经注:
وَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ يَتَسَآءَلُونَ
Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады.
阿拉伯语经注:
قَالُوٓاْ إِنَّكُمۡ كُنتُمۡ تَأۡتُونَنَا عَنِ ٱلۡيَمِينِ
(Олар бастықтарына): "Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер" дейді.
阿拉伯语经注:
قَالُواْ بَل لَّمۡ تَكُونُواْ مُؤۡمِنِينَ
Олар: "Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер" дейді.
阿拉伯语经注:
وَمَا كَانَ لَنَا عَلَيۡكُم مِّن سُلۡطَٰنِۭۖ بَلۡ كُنتُمۡ قَوۡمٗا طَٰغِينَ
"Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер."
阿拉伯语经注:
فَحَقَّ عَلَيۡنَا قَوۡلُ رَبِّنَآۖ إِنَّا لَذَآئِقُونَ
"Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында дәмін татамыз."
阿拉伯语经注:
فَأَغۡوَيۡنَٰكُمۡ إِنَّا كُنَّا غَٰوِينَ
"Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азғын едік."
阿拉伯语经注:
فَإِنَّهُمۡ يَوۡمَئِذٖ فِي ٱلۡعَذَابِ مُشۡتَرِكُونَ
Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады.
阿拉伯语经注:
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَفۡعَلُ بِٱلۡمُجۡرِمِينَ
Сөз жоқ, Күнәкарларға солайша істейміз.
阿拉伯语经注:
إِنَّهُمۡ كَانُوٓاْ إِذَا قِيلَ لَهُمۡ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ يَسۡتَكۡبِرُونَ
Расында оларға: "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" делінген кезде, менменсіген еді.
阿拉伯语经注:
وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوٓاْ ءَالِهَتِنَا لِشَاعِرٖ مَّجۡنُونِۭ
Олар: "Жынды бір ақын үшін рас тәңірлерімізді тастайық па,- десті.
阿拉伯语经注:
بَلۡ جَآءَ بِٱلۡحَقِّ وَصَدَّقَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Әрине ол, шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді.
阿拉伯语经注:
إِنَّكُمۡ لَذَآئِقُواْ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡأَلِيمِ
Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар.
阿拉伯语经注:
وَمَا تُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Сендер істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар.
阿拉伯语经注:
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Бірақ Алланың ықыласты құлдары бір сәрі.
阿拉伯语经注:
أُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ رِزۡقٞ مَّعۡلُومٞ
Міне бұлар үшін белгілі бір несібе бар.
阿拉伯语经注:
فَوَٰكِهُ وَهُم مُّكۡرَمُونَ
(Түрлі) жемістер де. Олар құрметке бөленеді:
阿拉伯语经注:
فِي جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ
Нығымет бақшаларында,
阿拉伯语经注:
عَلَىٰ سُرُرٖ مُّتَقَٰبِلِينَ
Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады.
阿拉伯语经注:
يُطَافُ عَلَيۡهِم بِكَأۡسٖ مِّن مَّعِينِۭ
Оларға қайнаған көзден кәселер айналдырыла ұсынылады.
阿拉伯语经注:
بَيۡضَآءَ لَذَّةٖ لِّلشَّٰرِبِينَ
Ішушілер үшін аппақ, тәтті.
阿拉伯语经注:
لَا فِيهَا غَوۡلٞ وَلَا هُمۡ عَنۡهَا يُنزَفُونَ
Ол бас ауыртпайды да әрі мас қылмайды.
阿拉伯语经注:
وَعِندَهُمۡ قَٰصِرَٰتُ ٱلطَّرۡفِ عِينٞ
Олардың қасында телмірген ботакөздер бар.
阿拉伯语经注:
كَأَنَّهُنَّ بَيۡضٞ مَّكۡنُونٞ
Рас олар жарылмаған жұмыртқадай.
阿拉伯语经注:
فَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ يَتَسَآءَلُونَ
Олар қарама-қарсы отырып, сұрасады.
阿拉伯语经注:
قَالَ قَآئِلٞ مِّنۡهُمۡ إِنِّي كَانَ لِي قَرِينٞ
Олардан бір айтушы: "Расында бір ағайыным бар еді" дейді.
阿拉伯语经注:
يَقُولُ أَءِنَّكَ لَمِنَ ٱلۡمُصَدِّقِينَ
(Ол, маған): "Шын-ақ растаушылардансың ба?',- дейді.
阿拉伯语经注:
أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابٗا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَدِينُونَ
"Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба?"
阿拉伯语经注:
قَالَ هَلۡ أَنتُم مُّطَّلِعُونَ
(деп қасындағыларға): "Оны көргілерің келе ме?",- дейді.
阿拉伯语经注:
فَٱطَّلَعَ فَرَءَاهُ فِي سَوَآءِ ٱلۡجَحِيمِ
Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де:
阿拉伯语经注:
قَالَ تَٱللَّهِ إِن كِدتَّ لَتُرۡدِينِ
"Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың" дейді.
阿拉伯语经注:
وَلَوۡلَا نِعۡمَةُ رَبِّي لَكُنتُ مِنَ ٱلۡمُحۡضَرِينَ
"Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине иен де тозаққа келтірілгендерден болар едім."
阿拉伯语经注:
أَفَمَا نَحۡنُ بِمَيِّتِينَ
"Біз өлмейміз бе?"
阿拉伯语经注:
إِلَّا مَوۡتَتَنَا ٱلۡأُولَىٰ وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ
"Алғашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмайыз."
阿拉伯语经注:
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ
Сөз жоқ, Бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (Бұл сөздерді жаннаттықтар айтады. Ж.Б.М.К.)
阿拉伯语经注:
لِمِثۡلِ هَٰذَا فَلۡيَعۡمَلِ ٱلۡعَٰمِلُونَ
Ғамал қылуға тиісті.
阿拉伯语经注:
أَذَٰلِكَ خَيۡرٞ نُّزُلًا أَمۡ شَجَرَةُ ٱلزَّقُّومِ
Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (Заққұм; тозақтықтарға берілетін улы, сасық бір ағаш түрі. Сөздік Әлмауарит.)
阿拉伯语经注:
إِنَّا جَعَلۡنَٰهَا فِتۡنَةٗ لِّلظَّٰلِمِينَ
Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық.
阿拉伯语经注:
إِنَّهَا شَجَرَةٞ تَخۡرُجُ فِيٓ أَصۡلِ ٱلۡجَحِيمِ
Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш.
阿拉伯语经注:
طَلۡعُهَا كَأَنَّهُۥ رُءُوسُ ٱلشَّيَٰطِينِ
Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (Өте жаман бейнеде деген ұғымда. Б.Ж.М.К.Р.)
阿拉伯语经注:
فَإِنَّهُمۡ لَأٓكِلُونَ مِنۡهَا فَمَالِـُٔونَ مِنۡهَا ٱلۡبُطُونَ
Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады.
阿拉伯语经注:
ثُمَّ إِنَّ لَهُمۡ عَلَيۡهَا لَشَوۡبٗا مِّنۡ حَمِيمٖ
Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі.
阿拉伯语经注:
ثُمَّ إِنَّ مَرۡجِعَهُمۡ لَإِلَى ٱلۡجَحِيمِ
Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады.
阿拉伯语经注:
إِنَّهُمۡ أَلۡفَوۡاْ ءَابَآءَهُمۡ ضَآلِّينَ
Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын.
阿拉伯语经注:
فَهُمۡ عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِمۡ يُهۡرَعُونَ
Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді.
阿拉伯语经注:
وَلَقَدۡ ضَلَّ قَبۡلَهُمۡ أَكۡثَرُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Олардан бұрын, алғашқылардың көбі адасқан еді.
阿拉伯语经注:
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا فِيهِم مُّنذِرِينَ
Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік.
阿拉伯语经注:
فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُنذَرِينَ
Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр!
阿拉伯语经注:
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа.
阿拉伯语经注:
وَلَقَدۡ نَادَىٰنَا نُوحٞ فَلَنِعۡمَ ٱلۡمُجِيبُونَ
Расында Нұх (Ғ.С.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушымыз!
阿拉伯语经注:
وَنَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥ مِنَ ٱلۡكَرۡبِ ٱلۡعَظِيمِ
Оны да семьясын да зор қиыншылықтан құтқардық.
阿拉伯语经注:
وَجَعَلۡنَا ذُرِّيَّتَهُۥ هُمُ ٱلۡبَاقِينَ
Нұх (Ғ.С.) тың үрпақтарын қалдырдық. (Жалғасты түрде өрбіттік.)
阿拉伯语经注:
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Оны кейінгілерге дәріптеттік.
阿拉伯语经注:
سَلَٰمٌ عَلَىٰ نُوحٖ فِي ٱلۡعَٰلَمِينَ
Нұх (Ғ.С.) қа бүкіл әлемнен сәлем болсын.
阿拉伯语经注:
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.
阿拉伯语经注:
إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Өйткені ол, сенуші құлдарымыздан.
阿拉伯语经注:
ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ
Сосын басқаларын суға батырдық.
阿拉伯语经注:
۞ وَإِنَّ مِن شِيعَتِهِۦ لَإِبۡرَٰهِيمَ
Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында.
阿拉伯语经注:
إِذۡ جَآءَ رَبَّهُۥ بِقَلۡبٖ سَلِيمٍ
Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді.
阿拉伯语经注:
إِذۡ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوۡمِهِۦ مَاذَا تَعۡبُدُونَ
Сол уақытта әкесіне де еліне де: "Нелерге табынасыңдар?",- деді.
阿拉伯语经注:
أَئِفۡكًا ءَالِهَةٗ دُونَ ٱللَّهِ تُرِيدُونَ
"Алладан өзге етірік тәңірлер қалайсыңдар ма?"
阿拉伯语经注:
فَمَا ظَنُّكُم بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
"Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар?"
阿拉伯语经注:
فَنَظَرَ نَظۡرَةٗ فِي ٱلنُّجُومِ
Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) жұлдыз жаққа назар аударып:
阿拉伯语经注:
فَقَالَ إِنِّي سَقِيمٞ
"Мен науқаспын" деді.
阿拉伯语经注:
فَتَوَلَّوۡاْ عَنۡهُ مُدۡبِرِينَ
Сонда ел одан бтрұлған бойда кете берді.
阿拉伯语经注:
فَرَاغَ إِلَىٰٓ ءَالِهَتِهِمۡ فَقَالَ أَلَا تَأۡكُلُونَ
(Ыбырайым Ғ.С.) олардың тәңірлерінің жанына оңаша барып: "Жемейсіңдер ме?- деді.
阿拉伯语经注:
مَا لَكُمۡ لَا تَنطِقُونَ
"Неге сөйлемейсіңдер?"
阿拉伯语经注:
فَرَاغَ عَلَيۡهِمۡ ضَرۡبَۢا بِٱلۡيَمِينِ
Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды.
阿拉伯语经注:
فَأَقۡبَلُوٓاْ إِلَيۡهِ يَزِفُّونَ
Олар, оған жүгірісіп келді.
阿拉伯语经注:
قَالَ أَتَعۡبُدُونَ مَا تَنۡحِتُونَ
"(Қолмен) жонып, алғандарыңа шоқынасыңдар ма?",- деді.
阿拉伯语经注:
وَٱللَّهُ خَلَقَكُمۡ وَمَا تَعۡمَلُونَ
"Алла сендерді де жасаған нәрселеріңді де жаратты."
阿拉伯语经注:
قَالُواْ ٱبۡنُواْ لَهُۥ بُنۡيَٰنٗا فَأَلۡقُوهُ فِي ٱلۡجَحِيمِ
Олар: "Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер" десті.
阿拉伯语经注:
فَأَرَادُواْ بِهِۦ كَيۡدٗا فَجَعَلۡنَٰهُمُ ٱلۡأَسۡفَلِينَ
Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік.
阿拉伯语经注:
وَقَالَ إِنِّي ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّي سَيَهۡدِينِ
(Ыбырайш* Ғ.С.): "Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді" деді.
阿拉伯语经注:
رَبِّ هَبۡ لِي مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
"Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер!"
阿拉伯语经注:
فَبَشَّرۡنَٰهُ بِغُلَٰمٍ حَلِيمٖ
Оны өте мұлайым бір ұлмен қуанттық.
阿拉伯语经注:
فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ ٱلسَّعۡيَ قَالَ يَٰبُنَيَّ إِنِّيٓ أَرَىٰ فِي ٱلۡمَنَامِ أَنِّيٓ أَذۡبَحُكَ فَٱنظُرۡ مَاذَا تَرَىٰۚ قَالَ يَٰٓأَبَتِ ٱفۡعَلۡ مَا تُؤۡمَرُۖ سَتَجِدُنِيٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلصَّٰبِرِينَ
Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: "Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?",- деда. Ол: "Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың" деді.
阿拉伯语经注:
فَلَمَّآ أَسۡلَمَا وَتَلَّهُۥ لِلۡجَبِينِ
(Ыбырайым Ғ.С. құрбан айының 8-ші күні; баласын құрбан шалатын бір түс көріп, күдіктенгендіктен: "Таруя"; күдікгі күн деп, 9-шы күні; және қайта көріп, рас деп танығандықтан: Ғарифа"; тану күні деп, 10-шы күні және көріп, құрбан шалғандықтан: "Нахыр" деп аталады. Б.М.) Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған бышақ кеспеді. Ж.М.)
阿拉伯语经注:
وَنَٰدَيۡنَٰهُ أَن يَٰٓإِبۡرَٰهِيمُ
Біз, оған: "Әй Ыбырайым,- деп, дабыстадық:
阿拉伯语经注:
قَدۡ صَدَّقۡتَ ٱلرُّءۡيَآۚ إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
"Рас түсінді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз" (дедік.)
阿拉伯语经注:
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡبَلَٰٓؤُاْ ٱلۡمُبِينُ
Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді.
阿拉伯语经注:
وَفَدَيۡنَٰهُ بِذِبۡحٍ عَظِيمٖ
Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше бір құрбандық қошқар беріледі. Б.Ж.М.К.)
阿拉伯语经注:
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық.
阿拉伯语经注:
سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِبۡرَٰهِيمَ
Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем.
阿拉伯语经注:
كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.
阿拉伯语经注:
إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді.
阿拉伯语经注:
وَبَشَّرۡنَٰهُ بِإِسۡحَٰقَ نَبِيّٗا مِّنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Оны пайғамбарлардың ізгілерінен; Ысхақпен шүйіншіледік.
阿拉伯语经注:
وَبَٰرَكۡنَا عَلَيۡهِ وَعَلَىٰٓ إِسۡحَٰقَۚ وَمِن ذُرِّيَّتِهِمَا مُحۡسِنٞ وَظَالِمٞ لِّنَفۡسِهِۦ مُبِينٞ
Өзіне де Ысхақ (Ғ.С) қа да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар.
阿拉伯语经注:
وَلَقَدۡ مَنَنَّا عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
Расында Мұса, Ћарұн (Ғ.С.) ға да игілік бердік.
阿拉伯语经注:
وَنَجَّيۡنَٰهُمَا وَقَوۡمَهُمَا مِنَ ٱلۡكَرۡبِ ٱلۡعَظِيمِ
Екеуін әрі елін зор апаттан құтқардық.
阿拉伯语经注:
وَنَصَرۡنَٰهُمۡ فَكَانُواْ هُمُ ٱلۡغَٰلِبِينَ
Оларға жәрдем еттік те сонда олар, жеңіске ие болды.
阿拉伯语经注:
وَءَاتَيۡنَٰهُمَا ٱلۡكِتَٰبَ ٱلۡمُسۡتَبِينَ
Екеуіне түсінікті кітап бердік.
阿拉伯语经注:
وَهَدَيۡنَٰهُمَا ٱلصِّرَٰطَ ٱلۡمُسۡتَقِيمَ
Екеуіне тура жол көрсеттік.
阿拉伯语经注:
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِمَا فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Екеуіне, кейінгі нәсілдерде (жақсы даңқ) қалдырдық.
阿拉伯语经注:
سَلَٰمٌ عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
Мұса және ћартн (Ғ.С.) ға сәлем.
阿拉伯语经注:
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Рас ізгі іс істегендерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.
阿拉伯语经注:
إِنَّهُمَا مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Өйткені, екеуі де сенген құлдарымыздан еді.
阿拉伯语经注:
وَإِنَّ إِلۡيَاسَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Әрине Іляс (Ғ.С.) елшілерімізден еді.
阿拉伯语经注:
إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦٓ أَلَا تَتَّقُونَ
Сол уақытта еліне: "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді.
阿拉伯语经注:
أَتَدۡعُونَ بَعۡلٗا وَتَذَرُونَ أَحۡسَنَ ٱلۡخَٰلِقِينَ
"Ерекше жаратушыны қойып, "Бағыл" атты бұтқа жалбарынасыңдар ма?"
阿拉伯语经注:
ٱللَّهَ رَبَّكُمۡ وَرَبَّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ
"Алла, сендердің де бұрынгы аталарыңның да Раббы!"
阿拉伯语经注:
فَكَذَّبُوهُ فَإِنَّهُمۡ لَمُحۡضَرُونَ
Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі.
阿拉伯语经注:
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа.
阿拉伯语经注:
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық:
阿拉伯语经注:
سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِلۡ يَاسِينَ
"Іляс (Ғ.С.) қа сәлем."
阿拉伯语经注:
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.
阿拉伯语经注:
إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді.
阿拉伯语经注:
وَإِنَّ لُوطٗا لَّمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Күдіксіз Лұт (Ғ.С.) елшілерден еді.
阿拉伯语经注:
إِذۡ نَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ
Сол уақытта оны да семьясын да түгел құтқардық:
阿拉伯语经注:
إِلَّا عَجُوزٗا فِي ٱلۡغَٰبِرِينَ
Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа.
阿拉伯语经注:
ثُمَّ دَمَّرۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ
Сосын өзгелерін жоқ еттік.
阿拉伯语经注:
وَإِنَّكُمۡ لَتَمُرُّونَ عَلَيۡهِم مُّصۡبِحِينَ
Әрине тәңертең, олардан өтіп жүресіңдер.
阿拉伯语经注:
وَبِٱلَّيۡلِۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме?
阿拉伯语经注:
وَإِنَّ يُونُسَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді.
阿拉伯语经注:
إِذۡ أَبَقَ إِلَى ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ
Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді. (139) Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. (Еліне кейіп, кемеге барып түскенде; кеме ауырлап, жүре алмай, шар салғанда соған шығады. Б.Ж.М.)
阿拉伯语经注:
فَسَاهَمَ فَكَانَ مِنَ ٱلۡمُدۡحَضِينَ
Шар салғанда ол, жеңіліске ұшырады. (Қарғып теңізге түсті.)
阿拉伯语经注:
فَٱلۡتَقَمَهُ ٱلۡحُوتُ وَهُوَ مُلِيمٞ
Сонда оны балық жұтты. Ол, айыпталған еді.
阿拉伯语经注:
فَلَوۡلَآ أَنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلۡمُسَبِّحِينَ
Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді:
阿拉伯语经注:
لَلَبِثَ فِي بَطۡنِهِۦٓ إِلَىٰ يَوۡمِ يُبۡعَثُونَ
Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді.
阿拉伯语经注:
۞ فَنَبَذۡنَٰهُ بِٱلۡعَرَآءِ وَهُوَ سَقِيمٞ
Сонда оны қырға шығарып, тастадық. Ол науқас еді.
阿拉伯语经注:
وَأَنۢبَتۡنَا عَلَيۡهِ شَجَرَةٗ مِّن يَقۡطِينٖ
Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік.
阿拉伯语经注:
وَأَرۡسَلۡنَٰهُ إِلَىٰ مِاْئَةِ أَلۡفٍ أَوۡ يَزِيدُونَ
Оны жүз мың не тағы артығырақ елге жіберген едік.
阿拉伯语经注:
فَـَٔامَنُواْ فَمَتَّعۡنَٰهُمۡ إِلَىٰ حِينٖ
Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық.
阿拉伯语经注:
فَٱسۡتَفۡتِهِمۡ أَلِرَبِّكَ ٱلۡبَنَاتُ وَلَهُمُ ٱلۡبَنُونَ
Енді олардан сұра: "Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме?
阿拉伯语经注:
أَمۡ خَلَقۡنَا ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ إِنَٰثٗا وَهُمۡ شَٰهِدُونَ
Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме?
阿拉伯语经注:
أَلَآ إِنَّهُم مِّنۡ إِفۡكِهِمۡ لَيَقُولُونَ
Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді:
阿拉伯语经注:
وَلَدَ ٱللَّهُ وَإِنَّهُمۡ لَكَٰذِبُونَ
"Алланың баласы бар" деп, олар мүлде өтірік айтады.
阿拉伯语经注:
أَصۡطَفَى ٱلۡبَنَاتِ عَلَى ٱلۡبَنِينَ
Алла ұлдардан көрі қыздарды артық көре ме?
阿拉伯语经注:
مَا لَكُمۡ كَيۡفَ تَحۡكُمُونَ
Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер?
阿拉伯语经注:
أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Түсінбейсіқдер ме?
阿拉伯语经注:
أَمۡ لَكُمۡ سُلۡطَٰنٞ مُّبِينٞ
Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма?
阿拉伯语经注:
فَأۡتُواْ بِكِتَٰبِكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер.
阿拉伯语经注:
وَجَعَلُواْ بَيۡنَهُۥ وَبَيۡنَ ٱلۡجِنَّةِ نَسَبٗاۚ وَلَقَدۡ عَلِمَتِ ٱلۡجِنَّةُ إِنَّهُمۡ لَمُحۡضَرُونَ
Олар Алла мен періштелер (Б.Ж.М.К.Р.) арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (Немесе Алла мен жын арасында жег-жаттық ұйгарды.)
阿拉伯语经注:
سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ
Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк.
阿拉伯语经注:
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Бірақ Алланың нағыз құлдары өйтіп сипаттамайды.
阿拉伯语经注:
فَإِنَّكُمۡ وَمَا تَعۡبُدُونَ
Сонда сендер де табынған нәрселерің де, (бірлесіп;)
阿拉伯语经注:
مَآ أَنتُمۡ عَلَيۡهِ بِفَٰتِنِينَ
Сендер Аллаға қарсы бұзақылық шығара алмайсыңдар.
阿拉伯语经注:
إِلَّا مَنۡ هُوَ صَالِ ٱلۡجَحِيمِ
Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа.
阿拉伯语经注:
وَمَا مِنَّآ إِلَّا لَهُۥ مَقَامٞ مَّعۡلُومٞ
"Бізден орны белгіленбеген ешкім жоқ."
阿拉伯语经注:
وَإِنَّا لَنَحۡنُ ٱلصَّآفُّونَ
"Шын мәнінде біздер қатарланып тұрушыларданбыз."
阿拉伯语经注:
وَإِنَّا لَنَحۡنُ ٱلۡمُسَبِّحُونَ
"Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз."
阿拉伯语经注:
وَإِن كَانُواْ لَيَقُولُونَ
Олар былай дейтін еді:
阿拉伯语经注:
لَوۡ أَنَّ عِندَنَا ذِكۡرٗا مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ
"Егер бізде бұрынғыларға түсірілген үгіт болса еді,"
阿拉伯语经注:
لَكُنَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
"Әлбетте Алланың ықыласты құлдарынан болар едік."
阿拉伯语经注:
فَكَفَرُواْ بِهِۦۖ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ
Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі.
阿拉伯语经注:
وَلَقَدۡ سَبَقَتۡ كَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Расында елші құлдарымызға сөзіміз бұрын бекіген болатын:
阿拉伯语经注:
إِنَّهُمۡ لَهُمُ ٱلۡمَنصُورُونَ
"Сөз жоқ, оларға жәрдем болады."
阿拉伯语经注:
وَإِنَّ جُندَنَا لَهُمُ ٱلۡغَٰلِبُونَ
"Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер."
阿拉伯语经注:
فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ حَتَّىٰ حِينٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бұра тұр.
阿拉伯语经注:
وَأَبۡصِرۡهُمۡ فَسَوۡفَ يُبۡصِرُونَ
Оларды көре тұр, олар да жақында көреді.
阿拉伯语经注:
أَفَبِعَذَابِنَا يَسۡتَعۡجِلُونَ
Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма?
阿拉伯语经注:
فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمۡ فَسَآءَ صَبَاحُ ٱلۡمُنذَرِينَ
Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман.
阿拉伯语经注:
وَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ حَتَّىٰ حِينٖ
Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол.
阿拉伯语经注:
وَأَبۡصِرۡ فَسَوۡفَ يُبۡصِرُونَ
Тағы оларды байқай тұр. Жақында олар көреді.
阿拉伯语经注:
سُبۡحَٰنَ رَبِّكَ رَبِّ ٱلۡعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ
Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк.
阿拉伯语经注:
وَسَلَٰمٌ عَلَى ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Елшілерге сәлем!
阿拉伯语经注:
وَٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Барлық мақтау бұкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық.
阿拉伯语经注:
 
含义的翻译 章: 隋法提
章节目录 页码
 
《古兰经》译解 - 哈萨克语翻译 - 哈里法·艾勒塔伊。 - 译解目录

古兰经哈萨克文译解,哈利法·阿尔泰易翻译。由拉瓦德翻译中心负责校正,由附上翻译原文以便发表意见、评价和持续改进。

关闭